Кері байланыс ережелері: 1. Адамның нақты қандай жүріс-түрысы сізге жагымды, не жағымсыз эмоция тудыратыны туралы айту керек;
ер адамға оның кейбір қылықтарының ұнамайтыны туралыіі айтқыңыз келсе, онда оның нені өзгертуі қажет екенін айту керек:|
Ең бастысы, баға бермеу керек. Кері байланыс басқа адамі туралы ақпарат емес, бұл - сіздің сол адаммен қарым-қатынаоі барысындағы оны қабылдауыңыз, сізге ненің ұнамайтыны, неніңі ұнайтыны туралы ақпарат. 1
Кері байланыс дегеніміз - коммуникатордың әрекетін<М
реципиенттің реакциясы туралы берілетін ақпарат. Керщ
байланыстың мақсаты - ортақтасу серігіне оның мінез-құлықтарьі|
өзгелер жағынан қалай қабылданып, сезіліп тұрғанын түсінугш
көмектесу болып табылады. ' |
Кері байланыс түрлері: тікелей жэне жанама. Тікелей керіі
байланыс кезінде реципиенттің сөйлесушінің құлқына реакциясыі
ашық түрде көрініс алады. Мысалы, тікелей сөйлемдер «Сені
айтып тұрған нэрсе маған ұнамайды», «Не деп тұрсың, түк те|
түсінбей жатырмын». Не болмаса, тікелей қуаныш, ашу, ыза, мұң|
сезімдерін айқын көрсететін ым-ишаралар. Тікелей кері байланысі
реципиентті коммуникатор түсінуі үшін қолайлы жағдай жасап,|
ортақтасуды тиімді және нәтижелі етеді. ||
Кері байланыстың жанама түрі - психологиялық ақпаратты'
ортақтасу серігіне жасырын, астыртын жеткізу жолы. Ол үшіні
неше түрлі риторикалық сұрақтар, кекетулер, қатынас серігіі
күтпеген эмоциялық реакциялар пайдаланылады. Коммуникатор:
реципиенттің өзіне қарасты эсері, қатынасының шынайы сипаты;
туралы өзі ойлап жетуі керек. Сөйлесушінің ойлаған сезімдеріі
мен пікірлері үнемі дұрыс бола бермегендіктен ортақтасу барысы |
да, ақпарат алысу да белгілі дэрежеде күрделене түседі. |
Сонымен психологиялық кері байланыс - тұлғааралық ! коммуникацияның алғашқы ерекшелігі.
§6.2 Қарым-қатынас тәсілдері, түрлері . Қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес тәсілдері: кинесика, проксемика, такесика, паралингвистика
Қарым-қатынас негізгі екі канал арқылы жүзеге асады: тілдік
(вербалды) жэне тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас ;
каналдары. Сөйлесу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол - I
ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға эсер етудің тэсілі.
Тілдік (вербалды) қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады:
1. сөздердің мэні мен мағынасы - сөздерді нақты дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру;
тілдегі дыбыстық құбылыстар - сөйлеудің темпі, ритмі, интонациясы, дикциясы, дауыстың жоғары - төмендігі, эуезділігі, ырғағы;
дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар. Мысалы, күлу, жылау, сыбырлау, күрсіну, «хм-хм», «эх», «ах», т.б. сөздердегі дыбыстар.
Кептеген зерттеулердің көрсетуі бойынша күнделікті қарым-қатынастың 7 пайызын - сөздер, 40 пайызын - дыбыстар, 53 пайызын тілдік емес өзара эрекеттесулер құрайды.
Тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар:
Достарыңызбен бөлісу: |