Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



бет38/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   134
Ой қорытындысы - бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. Индукция дегеніміз - бірнеше жалпы немесе жеке пікірлерден жалпы бір пікір жасау. Дедукция– бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге, деректерге көшудің, жалпы заңдылықтары мен ережелерін білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі.
Ойлау ерекшеліктері
Ойдың мазмұндылығы заттар мен құбылыстар, шындықтың салалары туралы сананың пікірлермен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оның ойлауы мазмұнды және бай келеді. Бірақ ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалық жағымен ғана сипатталып қоймайды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлығы емес, сонымен қатар оныңтереңдігі жатады.
Ойлаудын тереңдігі ойлауда ерекше маңызды қасиеттер мен салалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастарбейнеленеді. Ойлаудың тереңдігі мен мазмұндылығы ойдыңкеңдігімен де өлшенеді.
Ойлаудың дербестігі дегеніміз – адамның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, басқа адамдардың көмегінсіз бұл міндеттерді өзінің айрықша әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ойдың белсенділігінде, икемділігінде, жеке сын тұрғысынан қарауында.
Ойдың белсенділігі өзінің жаңа сұрақтары мен міндеттерін қоябілуінде және іздену мен міндеттерді шешу үшін жолдар мен тәсілдерді табуға талпынуында аңғарылады.
Ойдың икемділігі міндеттерді шешуде алынған біржақты, ескірген тәсілдерден еркін болу ептілігінде, міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе таңдауында байқалады.
Сын тұргысынан ойлау ақиқат пен жалған ретінде басқаны немесе өзінің ойларын тексеру мен бағалау қабілеттілігінде аңғарылады. Сын тұрғысынан ойлауды айтылған ойларды тәжірибелік өмірлік құндылығын тексеру ептілігінде аңғарамыз.
Ойдың ұшқырлыгы қойылған сұраққа түпкілікті жауаптың каншалықты уақыттың ішінде алынғандығымен анықталады.Яғни, бұл уақыт қарапайым ойлау үрдістерінде ұзақтау болады.Кейбір адамдарда күрделі ой тәсілдері өте тез іске асады. Бұл адамдар тапқыр, ойдың ұшқырлығымен ерекшеленеді. Басқаларында ойлау әрекеті жай іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет