Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


Көрнекілік - бейнелік ойлау



бет39/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Көрнекілік - бейнелік ойлау. Ойлау міндеттерінің мазмүны бейнелік материалдарға негізделеді. Ойлаудың бұл түрінде баламіндетті шеше отырып, заттардың, құбылыстардың, оқиғалардыңәртүрлі бейнесін талдайды, салыстырады, жинақтауға ұмтылады. Көрнекілік- бейнелік ойлау негізінен қабылдау мен елестетулерге негізделуі қажет. Бұл ойлаудың түрі негізінен өнер адамдарына шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандықтың өкілдеріне тән.
Дерексіз ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарда негізделеді. Бұл ойлау екінші сигнал жүйесінің қызметімен байланысті Дерексіз ойлау нақтылы ойлаудан жан-жақтылығымен ерекшеленіп қоймайды, сонымен қатар шындықты терең пайымдау арқылы іске асады. Бір ғана пікірде біз барлық заттар мен құбылыстарға қатысты байланыстар мен заңдар туралы ойлауымыз мүмкін. Кейбір дерексіз пікірлерде қабылдаулар, елестетулер арқылы болмайтын заңдылықтары қамти аламыз. Дерексіз табиғат туралы, заң туралы, сан және сапа туралы ойлай аламыз.


Тіл, сөйлеудің сипаттамалары, қызметтері
Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқару, оның негізгі қызметі. Сондай-ақ тіл адам сана- сезімнің, психологиясының көрсеткіші. Тіл адамды қимыл әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі.
Тіл ғылым мен психология пәнінің сабақтасқан буыны - психолингвистика ғылымының зерттейтін мәселелері - тіл мен ойдын байланысқан және өзіндік ерекшеліктерін тіл білімі, психология, логика, социология, тарих т.б. ғылымдар тұрғысынан қарастыру, тіл мен сөйлеу әрекетінің жеке психикалық процесстері мен өзектестігі сияқты жайттар. «Тіл» ұғымының да ауқымы ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық қүбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақталған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырылады.
Адамның саналы құрылған күрделі саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған шарт - бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін рәміздер (символ, код) жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла тілдесудің негізгі құралына айналды, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесін үйреніп, игереді. Тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.
Тіл алғашқыда адамдардың еңбек процесінде қарым-қатынас жасау қажеттігіне байланысты қалыптасты. Біріккен тұрмыстықіс-әрекетке қатысты екінші біреуге көңіл-күй ғана емес, еңбек байланысты заттар жөнінде де ақпарат білдіру қажеттігі туды. Ақпараттардың осы алғашқы белгілері: интонация, ишаралар және қарапайым дыбыстар болды. Тек мыңдаған жылдардың өтуімен дыбысты тіл жалпы әрекеттен бөлініп, дербестігіне жетті. Тіл - заттарды, олардың қозғалысын, сапасын және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былай өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де еңбекпенқатар сана қалыптасуының негізгі себептерінің біріне айналды.
Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:
- қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді;
- тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерін абстракты арқылы танып, қабылданушы заттытиісті категорияларға (мәндес топтарға) жатқызуға көмек берді;
- тіл адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы.
Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімніңкөп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибе және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады, білімді беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет