Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


Талдау - бұл заттар мен құбылыстарды ойша беліктерге ажырату, ондағы жеке бөліктерді, белгілерді және қасиеттердібөліп көрсету. Жинақтау



бет37/134
Дата29.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#121191
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134
Байланысты:
Ê?áåêîâà Æ. Ñ. Ïñèõîëîãèÿ íåã³çäåð³ Î?ó ?óðàëû

Талдау - бұл заттар мен құбылыстарды ойша беліктерге ажырату, ондағы жеке бөліктерді, белгілерді және қасиеттердібөліп көрсету.
Жинақтау - бұл жекелеген элементтерді, бөліктерді және белгілерді біртұтас объектіге біріктіру, жинақтау талдауға қарама-қарсы, кері үрдіс. Жинақтау үрдісінде жеке заттар мен құбылыстардың тұтас заттар мен құбылыстарға қатынасы анықталады.
Абстракция - бұл заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттері мен белгілерінің ойша бөлініп берілуі. Абстракциялауүрдісінде заттың бөлініп алынған белгісі басқа белгілерден тәуелсіз ойланады және ойлаудың дербес объектісі болып табылады. Мысалы, әртүрлі анық объектілерді бақылауда: ауа, шөлмек, су және т.б., олардың ішіндегі жалпы, ортақ белгі-анықтықты алып, жалпы сол туралы ойлаймыз.
Жалпылау мен нақтылау. Жалпылау - бұл ойлау арқылы бейнеленетін көптеген ұқсас заттардың мәнді белгілерінің осы заттар туралы бір ұғымда ойша бірігуі. Мысалы, алмада, алмүртта, апельсинде және т.б. ұқсастық белгілері бір «жеміс-жидек» деген ұғым арқылы беріледі, жалпылама ойлау абстракциялық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Кейбір заттар мен құбылыстардың ұқсас белгілері жалпыланады, ол абстракциялау үрдісінде бөлініп көрсетіледі.
Нақтылау - бұл ойша жалпыға сәйкес келетін жалпыдан жалқыға көшу.


Ойлаудың түрлері


Уғым - бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі.
Пікір - мұндағы қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстар мен қатынастар және олардың қасиеттері мен белгілері бейнеленеді. Пікір - бұл қандай да болсын ережені бекіту немесе жоққа шығару түрінде іске асатын ойлаудың түрі. Бір затқа немесе оқиғаға қатысты пікірлерді жеке пікірлердеп атайды. Заттардың біртұтас тобына арналған пікірлерді жалпы пікірлер деп атайды. Ақиқат пікірлер дегеніміз шындыққа сәйкес келетін, шындықты дұрыс бейнелейтін пікірлер. Жаңсақ немесе қате пікірлер дегеніміз шындыққа сәйкес келмейтін, шындықты қате бейнелейтін пікірлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет