Шала түрленіп дамитын ағзалар: дәуіт, инелік, шегіртке, бұзаубас,
қандала, тарақан
102.
Толық түрленіп даму: жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек дара
103.
Толық түрленіп дамитын ағзалар: көбелек, шыбын, ара, қоңыз, құмырсқа
104.
Жануарлардың дамуының кезеңі аяқталады: қартаю, өлу
105.
Көбею – түрдің тіршілігін сақтап қалуды қамтамасыз ететін физиологиялық
процестердің жиынтығы
106.
Аталық жыныс мүшелері: Сыртқы, ішкі мүшелер.
107.
Сыртқы аталық мүшелері – ұма, жыныстық мүше жатады.
108.
Ішкі аталық мүшелері – аталық бездер мен қосалқы бөлімдері: (шәует
шығаратын түтік, ұрықтық көпіршіктер, қуықасты безі)
109.
Аталық без (ен) – 2, мөлшері 4 – 6 см, салмағы 15 – 30 гр.
110.
Аталық без орналасқан: терілі қалтада ұманың ішінде.
111.
Ұманың ішкі қуысы – құрсақ қуысының бір бөлігі.
112.
Аталық бездер қызметі: Олардан аталық жыныс жасушалары –
сперматозоидтар түзіледі, бұл – сыртқы секрециялық қызметі. Аталық бездерден
жыныс гормондары – тестостерон бөлінеді, бұл – ішкі секрецияллық қызметі
113.
Ер адамның жыныстық жетілуі: мұрт шығады, дене пішіні өзгереді, дауысы
жуандайды.
114.
Аталық безде жетілген сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен
ұрықтық көпіршіктерге жиналады.
115.
Ұрықтық көпіршіктеріндегі ж/е қуықасты безінен бөлінген сұйықтық – шәует
(сперма) деп аталады.
116.
Шәуетпен араласқан сперматозоидтар зәр шығару өзегі арқылы сыртқа шығады.
117.
Шәуеттің құрамындағы сперматозоидтар саны: 1 см3 60 млн сперматозоид бар.
118.
Сперматозоид: өте қозғалғыш, жасушасы – цитоплазма мен ядродан тұрады)
119.
Сперматозоид құрылысы: бас, мойын, құйрық (талшық). Талшықтың көмегімен
Достарыңызбен бөлісу: |