Модуль коды: ОЖТ-7
Модуль атауы: Оқытудың жаңа технологиялары
Пән атауы: Биологиялық есептер шығару
Пререквизиттері: Биологияны оқыту әдістемесі
Постреквизиттері:Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтихан тапсыру
Мақсаты: Болашақ биология пәні мұғалімдерін биологиялық есептерді шешу әдістерімен таныстыру және оны өз тәжірибесінде тиімді қолдану біліктілігін қалыптастыру.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Курстың блоктарын қарастырады: тұқым қуалайтын Ақпарат және оны жасушада жүзеге асыру , генетика негіздері , Селекция , жасушаның биохимиясы , жасушаның молекулалық биологиясы , Жасушаның бөлінуі , Организмдердің көбеюі және дамуы . Тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, ағзадағы тұқым қуалаушылық ақпаратты жүзеге асыру заңдылықтарын зерттеу.
Оқыту нәтижелері:
Организм қызметтеріндегі негізгі биологиялық механизмдері, тұқым қуалайтын материалдың молекулалық деңгейдегі (ДНҚ) құрылымдық-функциялық ұйымдасуы туралы;
Тірі жүйелердегі тұқым қуалайтын ақпараттардың берілу бағыттары мен механизмдері, олардың қалыпты және патологиялық жағдайлардағы қызметтеріндегі ролі мен маңыздары туралы;
Тұқым қуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейлердегі құрылымдық-функциялық ұйымдасуы туралы;
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болуының себептері мен механизмдері және адамның тұқым қуалайтын аурулары мен дамудағы туа біткен ақаулықтардың қалыптасуындағы олардың ролі туралы есептер шығаруға арналған теориялық білім қалыптасады;
Биологиядан, молекулалық генетикадан, биохимиядан, физиологиядан есептер шығара білу және алынған қорытынды деректер бойынша тұжырым жасай білу;
Ғылыми негізде тәжірибелік және іздену, басқару жұмыстарын ұйымдастыра білуі тиіс;
Алған білімдерін зертханалық, өндіріс жағдайында қолдана білулері қажет.