«Кодекс Куманикустың», «Қорқыт Ата кітабының» Дрезден мен


Зерттеу жұмысының мазмұнын жариялау немесе насихаттау қандай жолдармен іске асырылатынын сипаттап, баға беріңіз



бет23/39
Дата25.05.2023
өлшемі372,5 Kb.
#96900
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
«Кодекс Куманикусты », « ор ыт Ата кітабыны » Дрезден мен

Зерттеу жұмысының мазмұнын жариялау немесе насихаттау қандай жолдармен іске асырылатынын сипаттап, баға беріңіз.

2

2

3

Ғылыми-зерттеу нәтижелерін апробациялау жолдарын тұжырымдаңыз.


Апробация туындаған сұрақтарды, оң және теріс бағаларды, қарсы пікір мен кеңестерді ескеруді білдіреді. Апробация жұмыстың зерттеу әдістерін қайта қарастыруға, толықтыруға, дәйекті негіздемені ұсынуға ынталандырады, қорғап отырған жұмыстың ақиқаттылығына көз жеткізуге не болмаса оны өзгертуге көмектеседі. Жағымды пікірлер мен сыни ескертулерді, берілген кеңестер мен ұсыныстарды бірдей қабылдау аса маңызды. Осы орайда туындаған сұрақтарды терең қарастыру да пайдалы. Сұрақтар нақтылау, толықтыру, дұрыстау сипатында болуы мүмкін. Демек, аталған бағалардың, кеңестердің барлығын, оның ішінде оппоненттердің сыни бағалады да ескерген жөн. Алайда, олардың ішінен тек зерттеу дәйектілігін, дұрыстылығын тереңдететін және таңдалған концепцияға қарсы пікір білдірмейтін ұсыныстарды ғана жүзеге асыру керек.
Зерттеу үшін оның әдіби түрде рәсімделуі мен жарияланымдарды дайындау маңызды ролді атқарады. Бұл зерттеу процесінің соңғы кезеңі. Ол зерттеу жұмысы аяқталған кезде, койылған міндеттердің барлығы шешілген кезде, гипотиза тексеріліп, әдістемелік ұсыныстар апробациядан өткен кезде басталады.
Нәтижелерді әдеби түрде рәсімдеу – зерттеудің маңызды бөлігі. Ол қисындылықты, негіздемені бекітумен, түсініксіз жерлерді анықтаумен байланысты. Осыған қоса, бұл кезең зерттеу ұсыныстарын дәлелді түрде ашуға ынталандырады және негізгі идеяларды, әдістерді, қорытындылар мен ұсыныстарды нақты түрде беруді талап етеді.
И.В. Загвязинскийдің пікірінше зерттеу нәтижелерін ұсынған кезде келесідей мәселелер туындауы мүмкін: а) жұмыстың мазмұнына қатысты (не туралы айтқан жөн) б) әдістемелік (оны қалайша істеген жөн).
Жұмыстың мазмұнына қатысты негізгі келесідей талаптар анықталған:
Концептуалдық бағыттылығы. Ол берілген ұсыныстар жүйесі арқылы және басты идеялар арқылы анықталады.
Жалпылау мен сараптаманы жүргізу. Яғни, берілген дәйектемелерді терең зерттеу, жалпылау, түсіндіру, анализдеуді жүзеге асыру, құбылыстар мен процестерді атап айту ғана емес, сонымен қатар ішкі факторларды, себептерді, даму перспективаларды да қарастыруды білдіреді.
Аспектті анықтылық. Бұл дегеніміз мәселені қарастыру, белгілі бір көзқарас тұрғысынан тәжірибені немесе зерттеу жұмысын баяндау. Көпаспектті анализ зерттеу жұмысының мәнін тереңдетеді, оның объективтілігін күшейеді.
Кең ауқымды әлеуметтік әдістемені жеке-дара қарастырған әдістемемен үйлестіру. Бұл дегеніміз әлеуметтендіру процестері мен жекелендіру процестерін бірлесе етіп тәрбиелеу
Қолданылған ұғымдар мен терминдердің бір ғана мағынаны беруі. Бұл зерттеу жұмысында ұсынылған ұғымдар мен ерминдер зерттеудің міндеттеріне сәйкес болуы тиіс.
Зерттеу кезінде анықталған жаңашылдықты нақты түрде белгілеу. Аторлық позицияны белгілеудің екі әдісі бар: а) пайдаланған әдебиет көздеріне сілтеме жасау б) пайдаланған әдебиеттер тізімін беру;
- Зерттеуші дұрыс деп санап отырған басты концептуалды ұстанымдар мен тәрбеулеуші ортаның шарттары мен мүмкіндіктеріне, тәрбиелеу мен дамудың жағдайларына байланысты өзгерістерге ұшырайтын ұстанымдардың өзара үйлестірілуі.
Ұсыныстардың құрылымдығы. Бұл дегеніміз тәжірибе негізінде алынған мәліметтер бар институттарды, байланыстарды, педагогика жүйесіндегі қарым-қатынастарды жаңартуы тиіс.
Зерттеу нәтижелерін ұсынудың негізгі үш әдістемелік нұсқасы бар:
- Жүргізілген зерттеудің негізгі кезеңдерін және қисындылығын атау;
- Объектінің туындау (генезис) тарихын көрсету;
- Зерттеу объектісі мен пәнін теориялық тұрғыдан құру.
Жоғарыда аталған әдістердің бірін таңдаған кезде автор ашық не жабық нысандағы мазмұндамасын ұсынады.
Мазмұндаманың қисындылығы, толықтылығы, тілі көп жағдайда рәсімделіп отырған жұмыстың түріне байланысты болады.

2

2

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет