Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстың кезеңдері ерекшеліген сипаттап беріңіз. Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше сатылық – эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды – теориялық немесе теориялық, прогностикалық – жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын – ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
3
1
2
Педагогикалық зерттеу нысаны мен пəніне талдау жасаңыз. Зерттеу нысаны - іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс жатады.
Зерттеу пәні - объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастардың жиынтығы.
1. Ғылыми ізденіс нәтижесінде алынған дидактикалық
зерттеу нысанының аспектісі мен буыны туралы алынған
жаңа ғылыми білім;
2. Зерттеу пәні құрамына дидактикалық зерттеудің
осы белгілі бір жағы туралы жаңа ғылыми білімді алудың
құралдары енуі де мүмкін.
Зерттеу нысаны – іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады. Зерттеу пәні – зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастардың жиынтығы. Нысан мен пәнді анықтауда педагогикалық-психологиялық зерттеулерде қиындықтар жиі туады. Зерттеу объектісін анықтау дегеніміз – зерттеуде ненің қарастырылып жатқанын білу. Дегенмен, объекті туралы жаңа білімді барлық қырлары және көріністері тұрғысынан алу мүмкін емес, сондықтан, зерттеудің пәнін анықтау қажет, яғни объектінің қалай қарастырылып, ондағы қандай қатынастардың болатынын оның қандай қасиеттер, қырлар, қызметтерді ашып көрсететінін белгілеу болып есептеледі.
Пән – нысаннан кесіп алынған бөлік емес, ол қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, «оқулық», «ғылыми негіздеме», «тұлғалық тәжірибе қалыптастыру» және т. б. Нысанды барлығы иемденеді, ал пән зерттеушінің жеке иелігінде, оның нысанды өзіндік көре білуі маңызды. Ол мақсатты түрде зерттеу пәнін қарастырады, объектінің жаңа білім алуға қажетті бөлігін бөліп қарастырады. Зерттеушінің, оның балаларының, немерелері мен шөберелерінің бүкіл өмірі, мысалы, мектеп оқулығы туралы жаңа білім алуға жетпеген болар еді. Өйткені оқулық туралы толық жаңа білім, яғни оқулықтың мүмкін болатын қызметтері оның әдістемелік, дидактикалық, тәрбиелік, эстетикалық, психологиялық, полиграфиялық, экономикалық, гигиеналық, және т. б. барлық қырларынан қарастырылуы мүмкін емес. Тағы бұны барлық пәндерге және оқудың барлық жолдарына қатысты қарастыру қажет. Мұндай жұмысқа бір адамның күші жетпейді. Тіпті оған үлкен ғылыми ұжым да үлгермейді, себебі ол шексіз. Пәнді анықтай отырып, біз соңғы нәтижеге (осы кезеңдегі) жетуге мүмкіндік аламыз.