салық төлеушінің (салық агентінің) өнім берушімен мәмілелер (операциялар) жасау кезінде тиісті сақтықты сақтауын растайтын түсіндірмелер, құжаттар, ақпарат
салық төлеушінің (салық агентінің) өнім берушімен мәмілелер (операциялар) жасау кезінде тиісті сақтықты сақтауын растайтын түсіндірмелер, құжаттар, ақпарат; тауарларды беру( өндіру), жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарту фактілерінің болуы не болмауы туралы мәліметтер; заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, тауарларды жеткізуге (өндіруге), жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге тартылған адамдардың лауазымды адамдарының (жұмыскерлерінің) түсіндірмелері; 4-2) салықтық тексеру және (немесе) камералдық бақылау жүргізу кезінде фото – және бейнетүсірілімді жүзеге асыру; …
01.07.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі Кәсіпкер көрсеткен тиісті сақтықты тексеру мүмкіндігі үшін тексерушілердің жаңа құқықтары көзделген.
24-бап
24-бап. Екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi
Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:
…
15) корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алуға арналған банктік шоттарды, сондай-ақ "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды қоспағанда, мыналарға:
осы Кодекстің 91-бабында айқындалған тәртіппен әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушіге;
осы екінші деңгейдегі банкте ашылған, салық органдары инкассалық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге;
салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шоттар ашудан бас тартуға міндетті.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері бас банк Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына банктік шоттарды және оларды қайта ұйымдастыру шеңберінде оны біріктірген жағдайда екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына құқық мирасқоры – банк ашатын банктік шоттарды ашқан кезде;