Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»



бет11/136
Дата07.01.2023
өлшемі305,85 Kb.
#60581
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   136
Байланысты:
!

24-бап. Екінші деңгейдегі банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мiндеттерi

Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар:



15) корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алуға арналған банктік шоттарды, сондай-ақ "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды қоспағанда, мыналарға:
осы Кодекстің 91-бабында айқындалған тәртіппен әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушіге;
осы екінші деңгейдегі банкте ашылған, салық органдары инкассалық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған банк шоты бар салық төлеушіге;
салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге. Бұл ретте салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеуші келіскен жағдайда, салық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі толық өтелгеннен кейін, оның ішінде салық төлеушінің берешектің осы түрлерін көрсетілген банктік шоттан аударуы жолымен осындай банктік шот бойынша шығыс операцияларын жүзеге асырған жағдайда банк шотын ашуға құқылы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережелері:
бас банк Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына банктік шоттарды және оларды қайта ұйымдастыру шеңберінде оны біріктірген жағдайда екінші деңгейдегі банк берген банктік шоттардың орнына құқық мирасқоры – банк ашатын банктік шоттарды ашқан кезде;
салық төлеуші банктік шотты ашу үшін екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасаған күні осы тармақшаның бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген берешек сомасын төлеген кезде қолданылмайды.

Бұл шара сондай-ақ банк процестерін оңайлату және банктердің қашықтан жұмыс істеуіне біртіндеп көшу, шот ашу рәсімін автоматтандыруды жетілдіруде оң ықпал ету және рейтингтегі банктің позициясын жақсарту жөніндегі жоспарды іске асыру үшін ұсынылады


26-бап

26-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен уәкілетті тұлғалардың салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі мiндеттерi



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет