Фонематикалық түйсігін жетілдіру



Дата11.05.2023
өлшемі18,48 Kb.
#91916
Байланысты:
Кура эссе лфф


ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ББ
Эссе
Тақырып: Оқуы мен жазуындағы бұзылыстарды анықтау

Қабылдаған: Г. И. Акилбаева


Орындаған :Джалғас Қ. Б.
Оқу тобы:1901-21

Шымкент 2023ж


Қазіргі уақытта балалардың ауызекі сөйлеу тілінің толық дамымауы мен оқуындағы және жазуындағы бұзылыстардың арасында тығыз байланыс бар екені көпшіліке мәлім. Сондықтан бұзылыстарды жою үшін түзету ықпалының біріңғай жүйесі қажет. Дисграфия мен дислекция екеуі бір –бірімен тығыз байланысты ақаулық.Н.А Никишина,Л.Ф.Спирова, Р.И Шуйфер балалардың жазу патологиясын түзету мәселесіне арналған жұмыстарында ауызекі сөйлеу тілінің және оқуы мен жазуындағы кемістіктерін жұмылдырып жою керек екендігіне ерекше көңіл аударды.Бұндай бұзылыстарды жою мақсатында логопед сабақтан бос уақытында аптасына 3 – 4 рет логопедиялық жұмыс жүргізеді.
Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары:
1.Фонематикалық түйсігін жетілдіру. Қарама-қарсы дыбыстарды және буындарды ажырату жұмысын тек айтумен естіртіп қана жүргізіп қоймайды, сондай-ақ оны жазу тілінде бекітіп машықтандырады. Фонематикалық түйсігін қалыптастыруды, сондай – ақ міндетті түрде тілдің қимылдау анализаторының қатысуымен жүргізіледі. Сондықтан фонематикалық есту қабілетін жетілдірумен дыбыстарды айтқызу жұмыстары бір мезгілде жүзеге асырылады.
2.Дыбыстарды айтқызу жұмыстары. Ең алдымен бұрмалану ,алмастыру, түсіріліп қалдыру сияқты дыбыстардың айтылуындағы барлық бұзылыстарды жою қажет. Кейде сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы сақталған балаларда кездеседі. Бұндай жағдайда тіл қимылының анализаторларын іске қосу үшін сөйлеу тілі мүшелерінің анығырақ істейтіндей ету керек. Одан басқа фонематикалық есту қабілеті бұзылған кезде ,тіпті сақталған дыбыстардың өздерінің артикуляциясы мүлде анық болмайтынын есте сақтау қажет.
3.Дыбыстарды талдауға және жинақтауға дағдылануын жетілдіру.Фонематикалық түйсігін жетілдіру жұмысы дыбыстарды талдауға дағдылануын жетілдіру жұмысына өтеді. Соңғы жұмыс әр уақытта балалардың дыбыстарды дұрыс айту құралдарымен жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі түрлері мынандай болады:
А) сөйлемнен сөзді,сөзді буынды ,буынна дыбыстарды бөлу.Бұндай талдау ұзын сөйлемді ,қысқа сөздерді,ең қысқа буындардан тұратын сөйлем құрастыру беріледі.
Ә) жетпейтін дыбыстарды,буындарды жазып бітіру;
Б) бір бағанаға бір буынды сөздерді,екінші бағанаға екі буынды сөздерді жазып, буындардың сандық мөлшері бойынша сөздерді іріктеу;
Г) берілген дыбысқа сөздер ойлап табу және оларды жазу,әр сөзге қарама-қарсы дыбыстары бар басқа сөздерді іріктеп алу.
4.Сөздік қорын байыту және оларды іс жүзінде пайдалана білуге жетілдіру.Әдетте бұл кезеңде балаларға жаңа сөздердің әр түрлі жасалу жолдарын таныстырады.Әр түрлі жұрнақтардың көмегімен бірнше жаңа сөздер жасайды.Мысалы: кел – ін, кел – те, кел – сап, бір жұрнақтың көмегімен бірнеше жаңа етістік сөздер жасайды, мысалы:қолтық – тас, пысық – тас.Сөзді құрастыру жұмысының басқа бір түрі біріккен сөздерді іріктеу болып табылады.Мысалы, аққу, белбеу, тасбақа, Боранбай, Әсемгүл. Бұндай жұмыс дұрыс жазу ережесін жақсартып, баланың ой-өрісін кеңейтеді. Өткізілген барлық оқу жұмысында балалардың сөздік қоры молаяды,бекітіліп тұрақталады. Назар аударатын басты мәселе дыбыстарын талдау бойынша әрбір сөздің маңызын анықтау,жазу мен оқуын жаттығумен байланыстыру. Сөздік қорының белсенділігін арттыру үшін үлкен жұмыс жүргізіледі.
5.Грамматикалық дағдыларын жетілдіру. Бұл кезеңнің ең негізгі мақсаты жалғаулықтарды түсіндіру және қолдану, жалғаспалы көп бейнелі суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру,сөйлемдердің көлемін кеңейту және қысқарту болып табылады.
6.Ауызша қалай айтылса жазбаша да солай болатын сөйлеу тілінің байланысын жетілдіру. Жазуы мен оқуындағы кемістіктерді жою жұмысы жыл бойына жүргізілуі қажет. Бұл жұмыстың мақсаты сөйлеу тілі мен жазуын жетілдіру болып саналады. Оқу мен жазуындағы кемістіктерді жою жұмысы үздіксіз жүргізілуі тиіс. Бірақ,ол балаларды шаршатып ,оқу үлгерімін төмендетіп те жіберуі мүмкін. Сондықтан бұндай жұмыстарды жүргізгеннен көрі кемістікті болдырмаудың жолын іздеп, алдын-ала сақтандыру жұмыстарын жүргізу керек.Ауызекі сөйлеу тілінің тұтас алғандағы жағдайы, демек тілдің фонетико-фонематикалық және лексико-грамматикалық жағының даму деңгейі.
Жазуының даму шарттарының бірі онсыз оқу мен жазуының барысы мүмкін болмайтын сөзді құратын дыбыстарды саналы түрде талдауға және құрастыруға дағдылану болып табылады. Қорыта келгенде ең алдымен баладан сөздің дыбыстық құрамы ауызша талдауға дайындығын анықтау керек.


Пайданылған әдебиеттер:
https://melimde.com/1-kirispe-logopediyani-peni-masati-principteri-men-edisteri-lo.html?page=42

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет