Кокенова Мохидил



бет23/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Бағалау:

  • психологиялық-педагогикалық диагностиканың шынайы мәселелерін бағалау;

  • психологиялық-педагогикалық диагностика тұрғысынан білім алушылардың жеке және танымдық әрекеттерін дамытуды болжау;

  • оқыту мен дамытудың психологиялық-педагогикалық заңдарын білу негізінде білім беру мекемелеріндегі оқытуды бағалау;

  • тұлғаның жеке даму динамикасын болжау;

  • өз білімінің жеткілікті екендігін өздігінен бағалай алу, психологиялық- педагогикалық диагностика аймағындағы өз көзқарасын дәлелдеу және қорғау;

  • диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау және оларды толықтыру қажеттілігін дәлелдеу.

Студенттерді кәсіби іс-әрекетті орындауға дайындаудың негізгі тиімді критериі болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру. Сапалы көрсеткіші диагностикалық құзыреттіліктің қалыптасу деңгейі болып табылады.

Интуитивті деңгей:



Ынталандырушылық-когнитивті компонент:

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетінің жүзеге асуына, оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіне деген қызығушылығы төмен немесе мүлде болмайды. Сондай-ақ, болашақ педагог-психологтың өзіндік диагностикалық іс-әрекеті жеткіліксіз немесе мүлде жоқ болады. Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын, білім беру үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды үстіртін білу; диагностикалық әдістер, әдістерді жүйелеу туралы білу, оқу үдерісінде психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін онша түсіне бермейді.



Функционалды-аналитикалық:

Студенттер диагностикалық дағдылардың жиынтығын меңгереді. Диагностикалық тапсырманы шешу кезінде іс-әрекеттер, кәсіби түрде іске асырылмай немесе жартылай іске асырылады, интуитивті түрде, сынақ және қателіктер арқылы орындалады.

Диагностиканың құралдары мен түрлерін, әдістерін таңдау олардың мүмкіндіктерін ескермей, ішкі түйсікпен жүзеге асырылады. Дидактикалық диагностикалық құралдарды өздігінен жасау қиындық соқтырады, негізінен дидактикалық материалдардың үлгісі қолданылады. Диагностикаға қатысу немқұрайлық көрсетеді. Диагностика нәтижелерін өңдеу белгіленеді, нәтижелерді талдау және оқу үдерісін түзету жобалау жүзеге асырылдмайды. Диагностикалық үдеріс пен бағалау оқушының жеке тұлғасына бағытталмаған (оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері ескерілмейді). Диагностика нәтижелері дәлелсіз жеткізіледі.

Рефлексивті-бағалаушылық:

Студенттер диагностикалық үдерісті бағалау критерилерін жеткілікті меңгермейді, олар бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына сай келмей, жалпылама түрде қалыптастырылады. Диагностика нәтижелерін өңдеу белгіленеді, нәтижелерді талдау және диагностикалық іс-әрекетті түзетуді жобалау толығымен жүзеге асырылдмайды.

Психологиялық-педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс-әрекеттерін дамыту толық болжанбайды. Жеке тұлғаның даму динамикасы әлсіз жоспарлануы мүмкін. Рефлексия да әлсіз дамиды, өз білімінің жеткілікті екендігін бағалау, психологиялық-педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын дәлелдеу мен қорғау қиынырақ болады. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамти алу, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау және оларды толықтыру дәлелдерін ұсыну әлсіз.

Репродуктивті деңгей



Ынталандырушылық-когнитивті компонент:

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетінің жүзеге асуына, оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіне деген жағдайлық қызығушылығы бақыланады. Болашақ педагог-психологтардың өзінің диагностикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы қанағаттанарлық деңгейде болады. Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастырушылық түрлерін, оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды біледі; диагностикалық әдістер, тәсілдер туралы жүйеленбеген білімге ие болады, білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін жақсы түсінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет