Кокенова Мохидил


Функционалды-аналитикалық



бет20/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Функционалды-аналитикалық компонент:

Студенттер диагностикалық дағдылардың жиынтығын меңгереді. Диагностикалық тапсырманы шешу кезінде іс-әрекеттер, кәсіби түрде іске асырылмай немесе жартылай іске асырылады, интуитивті түрде, сынақ және қателіктер арқылы орындалады. Диагностиканың құралдары мен түрлерін,әдістерін таңдау олардың мүмкіндіктерін ескермей, ішкі түйсікпен жүзеге асырылады.

Дидактикалық диагностикалық құралдарды өздігінен жасау қиындық соқтырады, негізінен дидактикалық материалдардың үлгісі қолданылады. Диагностикаға қатысу немқұрайлық көрсетеді. Диагностика нәтижелерін өңдеу белгіленеді, нәтижелерді талдау және оқу үдерісін түзету жобалау жүзеге асырылдмайды. Диагностикалық үдеріс пен бағалау оқушының жеке тұлғасына бағытталмаған (оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері ескерілмейді). Диагностика нәтижелері дәлелсіз жеткізіледі.



Диагностикалық міндеттерді шешу үлгі бойынша, жартылай саналы түрде орындалады. Диагностиканың құралдары мен түрлерін, әдістерін таңдау көмек көрсету арқылы реттелетін нұсқаулықтар шеңберінде жүзеге асырылады. Дидактикалық диагностикалық материалдар қолда бар бағдармен өңделеді. Диагностика барысында бағдар көрсетіледі, ары қарайғы жолы бақыланбайды. Диагностика нәтижелері бағалау үдерісін қалыптастыру мақсатында талданады, бірақ түзету әрекеттерін жоспарлау жүргізілмейді. Диагностикалық процедура кезіндегі қарым-қатынас мейірімді және сыпайы, бірақ адамға бағытталмаған.

Диагностикалық нәтижелер туралы есеп ішінара дәлелдермен жүзеге асырылады.



Студенттер типтік міндеттерді нақты тәсілдерді қолдана отырып, сенімді шеше алады. Диагностиканың құралдары мен түрлерін, әдістерін өздігінен таңдауды жүзеге асырады. Стандартты дидактикалық диагностикалық материалдарды өз бетінше өңдейді.Диагностика процедурасына белсенді қатысады, үдерістің басталуына дейін бағдарлы негіз беріледі, оның барысында қиындықтар бақыланады, сұрақтар анықталады.Диагностика нәтижелерін талдау бағалау туралы пікірлерге де, үрдістер мен заңдылықтарды анықтауға да бағытталған.

Диагностикалық процедура кезіндегі қарым- қатынас мейірімді және сыпайы, оқушы тұлғасына бағытталған. Диагностика нәтижелері дәлелдермен жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет