Кокенова Мохидил



бет21/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Рефлексивті-бағалаушылық компонент:

Студенттер диагностикалық үдерісті бағалау

критерилерін жеткілікті меңгермейді, олар бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына сай келмей, жалпылама түрде қалыптастырылады.

Диагностика нәтижелерін өңдеу белгіленеді, нәтижелерді талдау және диагностикалық іс-әрекетті түзетуді жобалау толығымен жүзеге асырылдмайды. Психологиялық-педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс-әрекеттерін дамыту толық болжанбайды. Жеке тұлғаның даму динамикасы әлсіз жоспарлануы мүмкін. Рефлексия да әдсіз дамиды, өз білімінің жеткілікті екендігін бағалау, психологиялық-педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын дәлелдеу мен қорғау қиынырақ болады. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамти алу, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау және оларды толықтыру дәлелдерін ұсыну әлсіз.


Студенттер диагностикалық үдерісті

бағалау критерилерін жеткілікті меңгереді, олар жалпылама түрде қалыптастырылады, бірақ бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына үнемі сай келе бермейді.

Диагностика нәтижелерін өңдеу белгіленеді, нәтижелерді талдау және диагностикалық іс- әрекетті түзету жеткілікті жобаланбайды.

Психологиялық-педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс-әрекеттерін дамыту сенімсіз түрде болжанады. Жеке тұлғаның даму динамикасы жоспарлануы мүмкін. Рефлексия дамыған, бірақ өз білімін бағалауда қиындықтар туындайды, психологиялық- педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын үнемі дәлелдеп және қорғай алмайды. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамту орташа деңгейде дамыған, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау және оларды толықтыру дәлелдерін ұсыну жеткіліксіз. Болжамды шешім жасау негізделген және дәлелді, бірақ оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескермейді.



Студенттер диагностикалық үдерісті

бағалау критерилерін жақсы меңгереді, олар бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына сай қалыптастырады.

Диагностика нәтижелерін өңдеу сапалы және сандық блағалаумен көрсетіледі, диагностикалық іс-әрекетті түзетуді жобалау нәтижелері жақсы талданады. Психологиялық- педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс- әрекеттерін дамыту сенімді түрде болжанады. Жеке тұлғаның даму динамикасын жоспарлауға болады. Рефлексия жақсы дамыған, өз білімін бағалауда қиындықтар жоқ, психологиялық-педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын үнемі дәлелдеп және қорғай алады. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамту жақсы деңгейде дамыған, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды мен оларды толықтыруға қажетті дәлелдерді ұсынуды бағалай алады. Болжамды шешім жасау негізделген және дәлелді, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері ескеріледі.


Ынталандырушы-когнитивті компонент:

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыруына, оқу- тәрбие үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын арттыруды қамтиды. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық іс-әрекетін ұйымдастыру қажеттіліктерін қарастырады. Диагностика, құралдар мен әдістердің маңызын, диагностиканың ұйымдастырушылық түрлерін, олардың мүмкіндіктерін білу: психиологиялық- педагогикалық диагностикадағы оқу материалының мазмұны, білім алушылардың жас ерекшелік және жеке ерекшеліктері, диагностикалық үдерісті ұйымдастыру ережелері мен дидактикалық диагностикалық материалдарға қойылатын талаптар, қолданылу аймағының объективтілігі.

Білім беру жүйесінде болашақ педагог - психологтардың диагностикалыққұзыреттілігінін компоненттері мен деңгейлері

Когнитивті құзыреттіліктер:

Білу:


  • диагностикалық процедуралардың мақсаттарын, олардың өзін-өзі дамыту мақсатында қолдану мүмкіндіктерін;

  • «тест», «сауалнама», «сұрақнама» ұғымдарын, тест және сауалнаманың негізгі түрлерін; тест және сауалнаманы жүргізу ережелерін т.с.с. білу;

  • психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін сипаттау;

  • психодиагностикалық әдістер мен оларды қолданудың жіктемесін құру;

  • диагностикалық зерттеулер мен сараптаманы жобалау мен жүргізудің этикалық принциптерін атау;

  • диагностикалық іс-әрекетті құрудың құрылымы мен үлгісін, ерекшелігін көрсете білу;

  • психологиялық-педагогикалық диагностиканың заманауи технологияларын білу;

  • психологиялық-педагогикалық диагностиканы ұйымдастырудың технологиялары мен әдістерін, негізгі ұйымдастыру түрлерін білу;

  • педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетін жоспарлау кезеңдерін білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет