Кокенова Мохидил



бет19/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Кесте - 7 білім беру жүйесінде болашақ педагогөпсихологтардың диагностикалық құзыреттілігінін компоненттері мен деңгейлері





Интуитивті деңгей

Репродуктивті деңгей

Репродуктивті-шығармашылық



1

2

3

Ынталандырушы-когнитивті компонент:

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетінің жүзеге асуына, оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіне деген қызығушылығы төмен немесе мүлде болмайды. Сондай-ақ, болашақ педагог-психологтың өзіндік диагностикалық іс-әрекеті жеткіліксіз немесе мүлде жоқ болады. Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын, білім беру үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды үстіртін білу; диагностикалық әдістер, әдістерді жүйелеу туралы білу, оқу үдерісінде психологиялық- педагогикалық диагностиканың рөлін онша түсіне бермейді.

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетінің жүзеге асуына, оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіне деген жағдайлық қызығушылығы бақыланады.

Болашақ педагог-психологтардың өзінің диагностикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы қанағаттанарлық деңгейде болады.

Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастырушылық түрлерін, оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды біледі; диагностикалық әдістер, тәсілдер туралы жүйеленбеген білімге ие болады, білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін жақсы түсінеді.


Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыру, оқушыларға оқу-тәрбие үдерісіне деген қызығушылығын арттыру бақыланады.

Болашақ педагог-психологтардың өзінің диагностикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы жоғары деңгейде болады. Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастырушылық түрлерін, оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды жақсы біледі; диагностикалық әдістер, тәсілдер туралы жүйеленген білімге ие болады, білім беру үдерісіндегі психологиялық- педагогикалық диагностиканың рөлін жеткілікті түсінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет