Кокенова Мохидил



бет24/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Функционалды-аналитикалық:

Диагностикалық міндеттерді шешу үлгі бойынша, жартылай саналы түрде орындалады. Диагностиканың құралдары мен түрлерін, әдістерін таңдау көмек көрсету арқылы реттелетін нұсқаулықтар шеңберінде жүзеге асырылады. Дидактикалық диагностикалық материалдар қолда бар бағдармен өңделеді. Диагностика барысында бағдар көрсетіледі, ары қарайғы жолы бақыланбайды. Диагностика нәтижелері бағалау үдерісін қалыптастыру мақсатында талданады, бірақ түзету әрекеттерін жоспарлау жүргізілмейді. Диагностикалық процедура кезіндегі қарым-қатынас мейірімді және сыпайы, бірақ адамға бағытталмаған. Диагностикалық нәтижелер туралы есеп ішінара дәлелдермен жүзеге асырылады.


Рефлексивті-бағалаушылық:

Студенттер диагностикалық үдерісті бағалау критерилерін жеткілікті меңгереді, олар жалпылама түрде қалыптастырылады, бірақ бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына үнемі сай келе бермейді. Диагностика нәтижелерін өңдеу белгіленеді, нәтижелерді талдау және диагностикалық іс-әрекетті түзету жеткілікті жобаланбайды.

Психологиялық-педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс-әрекеттерін дамыту сенімсіз түрде болжанады. Жеке тұлғаның даму динамикасы жоспарлануы мүмкін. Рефлексия дамыған, бірақ өз білімін бағалауда қиындықтар туындайды, психологиялық-педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын үнемі дәлелдеп және қорғай алмайды. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамту орташа деңгейде дамыған, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау және оларды толықтыру дәлелдерін ұсыну жеткіліксіз. Болжамды шешім жасау негізделген және дәлелді, бірақ оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескермейді.

Репродуктивті-шығармашылық деңгей



Ынталандырушылық-когнитивті компонент:

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыру, оқушыларға оқу-тәрбие үдерісіне деген қызығушылығын арттыру бақыланады. Болашақ педагог- психологтардың өзінің диагностикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы жоғары деңгейде болады. Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастырушылық түрлерін, оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды жақсы біледі; диагностикалық әдістер, тәсілдер туралы жүйеленген білімге ие болады, білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін жеткілікті түсінеді.



Функционалды-аналитикалық:

Студенттер типтік міндеттерді нақты тәсілдерді қолдана отырып, сенімді шеше алады.

Диагностиканың құралдары мен түрлерін, әдістерін өздігінен таңдауды жүзеге асырады. Стандартты дидактикалық диагностикалық материалдарды өз бетінше өңдейді.

Диагностика процедурасына белсенді қатысады, үдерістің басталуына дейін бағдарлы негіз беріледі, оның барысында қиындықтар бақыланады, сұрақтар анықталады. Диагностика нәтижелерін талдау бағалау туралы пікірлерге де, үрдістер мен заңдылықтарды анықтауға да бағытталған. Диагностикалық процедура кезіндегі қарым-қатынас мейірімді және сыпайы, оқушы тұлғасына бағытталған. Диагностика нәтижелері дәлелдермен жүзеге асырылады.



Рефлексивті-бағалаушылық:

Студенттер диагностикалық үдерісті бағалау критерилерін жақсы меңгереді, олар бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына сай қалыптастырады. Диагностика нәтижелерін өңдеу сапалы және сандық блағалаумен көрсетіледі, диагностикалық іс- әрекетті түзетуді жобалау нәтижелері жақсы талданады. Психологиялық-педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс-әрекеттерін дамыту сенімді түрде болжанады. Жеке тұлғаның даму динамикасын жоспарлауға болады.

Рефлексия жақсы дамыған, өз білімін бағалауда қиындықтар жоқ, психологиялық- педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын үнемі дәлелдеп және қорғай алады. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамту жақсы деңгейде дамыған, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды мен оларды толықтыруға қажетті дәлелдерді ұсынуды бағалай алады. Болжамды шешім жасау негізделген және дәлелді, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері ескеріледі.

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерінің компоненттері мен критерилерін (көрсеткіштер) қарастырайық.


Кесте 8 Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерінің компоненттері мен критерилері (көрсеткіштері)


Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі

Компоненттері

Критерийлері (көрсеткіштері)

1

2

Ынталандыру

ш ылық-когнтивті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет