Көкшетау. 2023 мазмұНЫ


-ТАРАУ.ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ МЕН ДАМУЫ



бет2/12
Дата13.03.2023
өлшемі91,76 Kb.
#73876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
АРУНА ПЕДАГОГИКА

1-ТАРАУ.ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ МЕН ДАМУЫ


1.1.Ақыл-ой тәрбиесінің мақсат,міндеттері мен құралдары

Ақыл-ой тәрбиесі — адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау — сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырьш жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ақыл-ой қызметінің тәсілі — ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған қисынды операция немесе операциялар жиынтығы.


А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім - тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, ақыл-ой тәрбиесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.
К.Д.Ушинский айтқандай. ”Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі” екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, сан- алуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан музыка пәні мұғалімі тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірімеген, баланың өзінің тікелей өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты есептерін дәл анықтауға кедергі жасайды да нәтижесінде жалған түсініктерінің тууына негіз болады. Ақыл- ой тәрбиесі тек ойдың ғана емес, оның дамуы ойлау процесінің құбыслытарымен сипатталады. Даму- баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі,психиканың , ой- сананың өсуі.
И.П.Павлов адамның сөзі барлық нақты тітіркендіргіштің орнына жүреді де, ол ми қабығында сан алуан тежеулер мен қозу тудырады. Сөз жеке зат туралы, толып жатқан біртектес заттар туралы мәліметтер беріп, сол арқылы ойлауға, ой қорытындысын жасауға, түрлі ұғымдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөз адамды тәрбиелеу, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені сақтау, білімді ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу құралы болып табылатындығын айтқан болатын. Сөз өнерін дәріптеген халқымыз жастардың ақыл- ойын дамытуда ауыз әдебиетінің айтыс жанрын, музыкасының өнер жарысын (өлең жырмен айтысу, өнер сайыстыру, ән айту, би билеу, күй тарту,) пайдаланылған. Айтысарда ақындар қарсыласына – өнер, білім, өнер, еңбек, кәсіпкерлік туралы өлеңмен сұрақтар қойып, оған өлеңмен жауап алып, бір- бірін сынаған, сөйтіп ой- өрісін, білімін сарапқа салған. Көп оқу, білу керек екенін жастарға танытып, өнер- ғылымға бағыттап, сөз шеберлігіне тәрбиелеп отырған. Бұлар халықтың салт- дәстүріне байланысты мерекелерде ұйымдастырылатын, ойын- сауық кештерінде іске асырылып, жастардың ой- өрісін жетілдіріп, тапқырлыққа, шешендікке, өткірлікке , ой- қиялын дамытуға мүкіндік беретін. Халқымыз “Өнер алды- қызыл тіл”, “Шешеннің сөзі - мерген, шебердің көзі- мерген”, “Қаһарлы сөз- қамал бұзар”,- деп жастарға сөз құдіретін , оның мәнін түсіндіріп келген.
Н.Менчинская өз еңбегінде "Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді" деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің рөлін анықтайды. Тасымалдауға қабілеттілік те ақыл-ойдың дамуыңда өте маңызды болып табылады. Тасымалдау немесе генерализациялау ғылымы ақпарат қауырт есіп отырған қазіргі кезде ерекше маңызға ие, себебі, жаңа білімдерді неғұрлым тез де үнемді игеру үшін негізгі құрал бола алады.
Құбылыстардың түпкі нәтижелерін немесе келіп жетуін алдын ала көре білу қабілеті, ой мен қорытынды шығару негізінде, ең алдымен, табиғат пен ғылымдағы заңдылықтардың рөлі мен маңызы туралы жалпы ұғымдарды игеруге негізделеді, әрі бақылау, талдау, салыстыру, құбылыстар арасындағы ерекшеліктерді табу, ұқсастықтарына қарай ой қорытындыларын жасауды, сондай-ақ индуктивтік және дедуктивтік ойлау әдістерін игере білуді қамтиды.
Абай Құнанбаев ақыл-тәрбиесі туралы. Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Әр түрлі құбылыстардың, сан алуан көріністердің себептерін, мәнісін дұрыс түсіну үшін, олардың ақыл таразысына салып, әбден өлшеу керек, - деген.
«Ақыл енбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз...
Ақыл-мизам, өлшеу қыл», - дей келе, Ақыл адамға ғана тән жоғарғы қасиет деп сипаттайды
Халқымыз.«Ақылдылар шымыр келер, ақымақтар қыңыр келер», «Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тындырмас», «Ақымақтың ақылы білегінде, ақылдының ақылы жүрегінде», «Ақылды адам баптан – ақ, ақылсыз адам – сасқалақ» деп баға берген. Ақыл ерен еңбектің жемісі. Ақылды адам болу үшін көп үйреніп, көп білу керек. «Ақыл – дария, алсаң да таусылмас», « Есті ірілік көрсетпес» – деп ақылды, есті адамдарды халыққа үлгі етіп көрсетіп отырған.
Әл – Фараби. Әл–Фараби еңбектерінен ақыл – ой тәрбиесі туралы көптеген құнды пікірлерді кездестіруге болады. Оның мына бір ойын алып қаралық. «Әлемдегі жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана ажыратады. Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет. Осы жолда өмір бойы еңбектеніп әрекеттенген абзал, мұның өзі адамға зор бақыт» деп тұжырымдаған.
В.В.Радлов: «Қазақтың ақыл – ой қабілетінің зор екенділігі соншалық, айтқысы келгеннің бәрін дәл түсіндіріп, тіпті қарсыласының да сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Балаларының ақыл – есі де адам таңғаларлық өте тез жетіледі» – деп баға берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет