Көкшетау. 2023 мазмұНЫ


Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні



бет6/12
Дата13.03.2023
өлшемі91,76 Kb.
#73876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
АРУНА ПЕДАГОГИКА

Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні.Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаналық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Мәселен, қазақтың жаугершілік заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ қой сойып, қанына найзаларын малып, «өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын» деп төс түйістіріп анттау немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау қанына малғызып, «қаны бір бауырмыз» деп ант ішкізіп, құшақтастырып сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған ақ шашты қариялардың алтын-күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты орын алды. Халық: « Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тоғызы бар», «Әдет-әдет емес, жөн әдет» деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген.
Ақыл-ой тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. Халықтық педагогикада дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Халықтық педагогикада аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болдыХалықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, қазіргі кезеңнің өзінде педагогика ғылымының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Халық педагогикасындағы озық идеялар қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Ғасырлар бойы әдет-ғұрып дәстүрге айналып, ұрпаққа ақыл-сана беретін, атадан–балаға тұрмыс-тіршілігіне өнеге болып, ауызша жалғасып келе жатқан қазақтың қанына сіңген тәрбиелік қағидасын халықтық педагогика дейміз. Халықтық педагогика жас ұрпаққа өмір тәжірибесінен халықтың сенім, наным-танымынан жинақтап, әдеп пен өнеге беру үшін атадан-балаға ауызша жалғасып келе жатқан қағида, оны жасаушы – халық. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен мақал-мәтелдерде, аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік – имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет