Көлденең цилиндрлік


Қоршаған ортаны қорғау шаралары



бет10/11
Дата20.03.2023
өлшемі0,65 Mb.
#75585
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3.2 Қоршаған ортаны қорғау шаралары
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасының халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. Мұнай айдау кәсіпорындарындағы жер қойнауларын және қоршаған ортаны қорғау мәселесі осы кәсіпорындарындың ауа кеңістігін, су қорын және жер қойнауын қорғауға бағыттылған қызметімен анықталады.
Резервуарлық парк аумағында қоршаған орта деп резервуарлар орналасқан аймақтағы барлық табиғи элементтер мен кешендердің жиынтығын айтамыз. Атмосфераның ластану қауіптілігі айдау барысында мұнай қалдықтарын тастаудан пайда болады. Мұнаймен және мұнайөнімдерімен ластану жер бетінің тау жынысы физико-химиялық қасиеттерін едәуір өзгертуге алып келеді. Жер қойнауларына және қоршаған ортаға зиян келуі мүмкін барлық факторлар мен ақуалдарды көрсету тәжірибеде мүмкін емес.
Табиғатты қорғау шараларына қоршаған ортаға кері антропогенді әсерді азайтуға және жоқ қылуға бағытталған шаруашылық салаларының барлық түрі жатады. Бұлар – тазалау және көзін жастын қондырғылар мен құралдарды эксплуатация және салу, қалдықсыз және азқалдықты технологиялық процестерді және өндірісті дамыту, кәсіпорындарды орналастыру, экологиялық қажеттіліктерді ескере отырып көлік ағынын жүйесін орналастыру, жерді рекультивациялау, топырақ эрозиясына қарсы күресу шаралары, флора мен фауналарды жаңғыртудағы қорғау, минералды қорлар тиімді қолдану және жер қойнауын қорғау және т.б.
Мұнай айдау станциясында жердің мұнаймен ластануы арматураның, фланецтік және муфталық қосылыстардың, пісірілген қосылыстардың герметикалығының бұзылуы, резервуарлардың коррозияға ұшырауынан ағындылар және резервуарды тазалаудан шыққан өнімдер себеп болады. Жердің мұнаймен ластануын алдын алу үшін резервуардан мұнай сынамаларын алу кезінде, жөндеулер кезінде мұнайды автоматикалық айдау арқылы тереңдік резервуарлардағы дренажды жауып қою керек.
Технологиялық қондырғылардың, сальниктік құрылғылардың, фланецтік қосылыстардың, алынбалы бөлшектердің, люктардың және т.б. герметикасы әрдайым қадағаланып отырылуы тиіс. Мұнай ағындыларын болдырмау мақсатында берілген деңгейге жеткен кезде немесе қосылыстарды герметизациясы бұзылуы кезінде мұнай айдауды тоқтатын сақтандырушы құрылғылар қолдану керек.
Резервуар паркінде авария болған жағдайда немесе оқыс төгілгенде мұнай өнімдерінің жер қабатына өтпеуі үшін қоршалған аймақ көлемінде қалыңдығы 0,5 м кесек араластырылған балшықтан өткізбейтін перде жасалады. Резервуарлар, биіктігі авария жағдайында төгілген мұнайдың бір резервуарға сыйатын көлемін (5000 м3) ұстайтын үйіндімен қоршалады. Резервуар паркінің айналасындағы алаңішілік жолдар төсеніші 0,3 м кем емес қарастырылған. Барлық алаңішілік жолдар және ғимараттар мен қондырғылар алаңы, мұнаймен операциялар жүргізетін технологиялық алаңдарды қатты жапқымен жабу қаралған.
Кездейсоқ ағып кетулердің жер қабатына өтуін болдырмау үшін резервуарлардың астына ағып кетулерді жинайтын және оларды бақылау құдығына ағызатын темір бетон табандар қарастырылған. Өндірістік-жаңбыр ағындыларын резервуар паркінің аймағынан, қоршау мен жол арасынан, ысырмалар торабы мен басқа технологиялық қондырғылардан тазарту қондырғыларына ағызу жабық жүйемін жүзеге асырылады. Уақытша алаңның өсімдік-жер қабатын сақтау үшін жерді қопсыту қарастырылу қажет.
Резервуарлық парктегі апат кезінде мұнай өнімінің алаңға және жақын жатқан территорияларға төгілуін болдырмау үшін жер үйіндісінің құрылғысы қарастырылған. Жобаланатын алаңның жоспарлық белгілері қолданыстағы территоркяны батыру жағдайларынан, жер қабатының эрозиясының мүмкіндігін болдырмайтын жылдамдықпен беткі суларды әкету жағдайларынан шыға тағайындалған. Тік жоспарлау шөгу және отыру процестерінің пайда болуы, жер асты суларының тәртіптерінің бұзылуы және территорияның батпаққа айналу мүмкіндігін болдырмайды. Тік жоспарлаумен, жобаланудағы мұнай базасының алаңынан рельеф бойымен жасыл аймаққа, мұнай өнімдерімен ластанбаған, жауын сулардың су құбыры қарастырылады.
Жердің табиғи қабатының ластануының алдын алу мақсатында жобамен келесі шаралар қарастырылған:
- апат кезінде территорияға Мұнай өнімдерінің төгілуін болдырмау үшін резервуарлық паркты қоршайтын, биіктігі 1 м-ден төмен емес жер үйіндінің құрылғысы қарастырылған;
- территорияның жоспарлық белгілері жер жабындысының табиғи рельефін ең көбі қысқарту жағдайынан, және де жер қабатының эрозиясының мүмкіндігін болдырмайтын жылдамдықпен беткі суларды әкету жағдайларынан шыға тағайындалған;
- тік жоспарлау шөгу және отыру процестерінің пайда болуы, жер асты суларының бұзылуы және территорияның батпаққа айналуы мүмкіндігін болдырмайды;
- құрылыстан бос участоктерді көгалдандыру;
- резервуарлық парктердің, теміржол эстакадасының басқа өндірістік алаңдардан өндірістік-жауын-су ағындыларын канализацияға және тазарту құрылыстарына әкетуді қамтамасыз ету, ал басқа территориядан алаң сыртындағы төмен орындарға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет