2.2 Жабдықта кездесетін ақаулар, оларды жою
Жартылай көмілген резервуарларды жергілікті жағдайларға қатысты, жобалар мен тиісті стандарттарды ескерумен пайдалану ісін бақылауды негізгі техникалық талаптары, оларды тексерудің мерзімділігі, мазмұны мен әдістері резервуарларды пайдалану мен жөндеу ережелерінде қарастырылған. Ауысым аралық күтім әрбір ауысым сайын жүргізілсе, резервуарлардың ағымдағы жөндеуі кем дегенде алты айда бір рет, орташа жөндеуі – кем дегенде екі жылда бір рет орындалуы тиіс.
Әрбір ауысымда аға қызметкерлер резервуарларды қарап шығады. Анықталған ақаулар, мысалы резервуардың тұрқынан немесе оның түбінен жылыстаудың пайда болуы, сұйықтың асып құйылуы сияқты ақаулар туралы ақпаратты жедел түрде басшылыққа хабарлап резервуарлардың негізгі жабдықтарымен арматурасын тексеру журналына жазба түрінде тіркейді. Әрбір резеруардың негізінің шөгуін жүйелі түрде бақылап отыру қажет. Ол үшін резевуарларды пайдаланудың алғашқы төрт жылында шөгуі тұрақталғанша, жыл сайын түбінің немесе төменгі белдеуінің жоғарғы бөлігінің абсолюттік белгілерінде кем дегенде сегіз нүктеде, әрі кеткенде әрбір 6м сайын нивелирлеу жұмыстарын жүргізеді. Одан кейінгі жылдары шөгуі тұрақталғаннан кейін, кем дегенде бес жылда бір рет, бақылаулық инвелирлеу жұмыстарын жүргізеді. Техникалық күтім кезінде негізінен сырттай тексеру жұмыстары жүргізіледі, оларға:
а) тоттанудан зақымдануды, сызаттардың, жарықшақтардың, күйген іздер мен балқытылған қатпарлардың, үзілулер мен қатпарланудың пайда болуын, қабырғасының, шатырының, понтонның техникалық күйін;
б) жергілікті пішімсізденулердің, оцыстардың және ісінулердің пайда болуын;
в) келте құбырлардың резервуырдың қабырғасына тік және көлденең пісірмелі қосылыстарға қатысты орналасуын;
г)резервуардың понтоны мен қабырғасының арасындағы тығыздаманың күйін сырттай тексереді.
Резервуарлардың понтондарына техникалық күтім жүргізу кезінде понтонның келесі бүлінулері мен ақауларын тексереді:
- понтоннын немесе қораптың қымтамасының бұзылуын;
- понтон элементтерінің тоттануы мен бүлінуін;
- күкірттік мұнай құйылған резервуалардың понтондарында пирофорлық шөгінділердің түзілуін;
- понтонның пісірілген қосылыстары қымтамасының бүлінуін;
- жерлендіру жүйесі кабельдерінің бүлінуін.
Ашық қуыстық болат понтондардың техникалық күтімі мен жөндеуі ашық қуыстық болат понтондарды пайдалану талаптарына сәйкес, синтетикалық понтондарды күтімге алу мен жөндеу әрекеті синтетикалық понтондардың конструкциясын әзірлеуші-кәсіпорынның ұсынған техникалық және пайдалану құжаттарына сәйкес орындалады.
Тексеру кезінде жоғарғы күйіндегі понтонды жарық люгі арқылы, төменгі жағдайында – резервуардың 3-ші белдеуіндегі өтпе-люк арқылы қарайды. Қарау кезінде понтонның қуыстарымен орталық бөлігінде мұнай немесе мұнай өнімдерінің, жерлендіру жүйесі кабельдерінің үзілген жерлерінің бар-жоғы, сондай-ақбағыттауыш тіректердің элементтерінің бүтіндігі және понтон мен резервуардың қабырғасының арасындағы сақиналық саңылаудың сақталуы тексеріледі. Понтонды қарау ісін жабдықтың негізгі резервуарын нормативтік тексеру мерзімінде орындайды. Понтонды алдын-ала қарау жұмыстары кем дегенде 2 жылда 1рет жүргізіледі. Алдын-ала қарау жұмыстары кезінде понтонды тіректерге қойып оның техникалық күйін негізгі тексеру және ақауын жою тізіміне сәйкес жүргізеді.
Қорытып қосып немесе пісіріп қалпына келтірілген резервуарларды тексеру кезінде тұрқының төменгі белдеулерінің пісірілген тік жіктерін, төменгі белдеудің түбін, пісіру және кертік бұрыштықтың жіктерін, түбінің жиектеріндегі жіктерді және негізгі металдың жанасып жатқан телімдерін бақылып қарайды. Түбінің кертік бұрыштығының жіктерінде немесе негізгі металында жарықшақтар пайда болған жағдайда әрекеттегі резервуар дереу босатылады. Боастылып тазартылғаннан кейін резервуарға жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Қабырғасының жіктерінде немесе негізгі металында жарықшақтар пайда болған жағдайда әрекетті резервуар оны жөндеу әдісіне қарай толығымен немесе жатрылай босатылады. Пісірілген қосылыстардың анықталған ақаулы бөліктері жөндеу карталарына сәйкес жөнделеді. Пайдалануда жүрген резервуарлардың шынайы техникалық күйін анықтау үшін оларға мерзімді түрде тексеру мен бақылау жұмыстарын жүргізеді.
Алғашқы кезектегі тексеруден апаттық күйде немесе апаттан кейін жөнделу күйінде тұрған резервуарлар; қайнаған болаттардан жасалған және мелдік жақпасы бар электродтармен пісірілген резервуарлар; 25 жыл және одан ұзақ уақыт бойы пайдалануда болған, сондай-ақ өздерінде металдың таттануын тудыратын өнімдер сақталатын резервуарлар өтуі тиіс.
Разервуалар бастапқы және мерзімді түрдегі тексеруге жатады. Резервуарларға арнап тексеру аралығы олардың атқаратын қызметіне байланысты түрде белгіленеді:есепке алу-есептек операциялары кезінде қолданылатын резервуарларға арнап, ары кеткенде 5 жыл, шұғыл бақылау мен сақтау кезінде қолданылатын резервуарларға арнап, ары кеткенде 10 жыл. Резервуарларды сынап тексеру ісі олардың сиымдылығын анықтауға негізделген, соңғысы толтырудың сол биіктігіне сәйкес келеді. Көлденең болат резервуарларды сынап тексеру ісі көлемдік немесе геометриялық әдіспен жүргізіледі. Көлемдік сынап тексеру әдісі екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады: үлгілік өлшеуіштер мен үлгілік деңгей өлшегішін қолданумен. Көлемдік сынап тексеру әдісі кезінде резервуарға берілген сұйықтың көлемімен әрбір немесе біршене дозадан кейінгі толу биіктігін өлшеп отырады. Геометриялық сынап тексеру әдісі резервуардың өлшемдерін өлшеумен есептеулерді жүргізуге негізделген.
Резервуарларды жалпы және ақауға тексеру кезіндегі бақылаудың көлемі резервуардың техникалық күйіне, оны пайдалану ұзақтығына байланысты белгіленедіРезервуардың техникалық күйіне баға беру әрекеті толықтай немесе ішінара тексерудің нәтижелері бойынша орындалады. Ішінара тексеру резервуарды технологиялық процестен шығарусыз, босатусыз және тазартусыз, олардың техникалық күйіне алдын-ала баға беру мақсатында жүргізіледі. Резервуарларды толықтай тексеру оларды пайдаланудан шығарудан кейін, газдан арылта және тазартудан кейін орындалады.
Ішінара тексеруге келесі жұмыстар жатады:
- техникалық құжаттармен танысу;
- резервуарды сырттай қарап тексеру;
- резервуар қабырғасының белдеулерінің қалыңдығын өлшеу;
- қабырғаларының геометриялық пішімін өлшеу және түбін тегістеу;
- негізі мен көпіршелерінің түбін тегістеу;
- тексерулердің нәтижелері бойынша техникалық қорытынды жасау.
Толықтай тексеру келесі түрдегі жұмыстардың орындалуын ескереді:
- техникалық құжаттармен танысу;
- резервуардың ішкі және сыртқы жағынан сырттай қарап тексеру, пантонмен қалқығыш шатырын (бар болса) сырттай қарап шығу;
- резервуардың шатырының, түбінің, пантонның(қалқығыш шатырдың) қабырғаларының белдеулерінің қалыңдығын өлшеу;
- пісіру немесе қорытып қосу қосылыстарын бұзбайтын әдістермен бақылау;
- негізгі металдың және пісіру қосылысының бастапқы механикалық қасиеттері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, тұрқының әрбір жеріне жарықшақтар пайда болған кезде және механикалық қасиеттерінің нашарлауы, айнымалы және таңбасы ауыспалы жүктемелердің әсері және т.б, көзделіп отырған жағдайлардың барлығында металды және пісіру қосылыстарын механикалық сынау және металлографиялық зерттеу;
- резервуардың понтоны мен қабырғасының арақашықтығын өлшеу;
- қабырғасының геометриялық пішімін қлшеу және түбін тегістеу;
- резервуардың понтоны мен қабырғасының арасындағы тығыздаманың күйін тексеру;
- негізі мен көпіршелер күйін тексеру;
- техникалық қорытынды жасау;
Бақылау және тексеру жұмыстарын негізінен бөлшектемейтін және бұзбайтын әдістермен жүргізеді, ондай әдістерген мыналар жатады:
- гамма немесе рентгенограмма;
- ультрадыбыстық бақылау;
- геометриялық көлемін өлшеу;
- әртүрлі ерітінділермен залалсыздандыру;
- магнит-ұнтақтық немесе түрлі-түсті әдістік бақылау;
- металды бақылаудың жаңа әдістері (металдың тагниттік жады әдісі т.б.).
Бұзумен жүргізілетін бақылау кезінде металды механикалық сынау, металлографиялық зерттеу және химиялық анализдеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін резервуардан бақылау үлгілері кесіліп алынады. Резервуардың геометриялық пішімін өлшеу кезінде түзгіш қабырғаның тігінен ауытқу шамалары және жергілікті пішімсізденулердің мөлшері анықталады. Түбінің көлденеңдігі нивелирлеу әдісімен тексеріледі. Бұл ретте түбінің жергілікті пішімсізденулері (шартылдақтар, ойыстар) және резервуардың шөгу шамасы өлшенеді.
Көпіршені тексеру кезінде түбінің негізге жанасу тығыздығы, негіздің шөгу шамасы, көпіршенің күйі, атмосфералық жауын-шашындардың бар-жоғы мен бұрмасы анықталады.
Понтондары бар резервуарлар қалқып жүретін қалпақшасы бар резервуарлармен салыстырғанда едәуір карапайым болып табылады. Понтондар металдан немесе пластмассадан жасалады. Понтондар, оның жүзбелігін қамтамасыз ететін қалқымалары бар дискті білдіреді. Понтон мен резервуар түрқы (корпусы) арасындағы саңылаулы тығындау үшін бензинге төзімді резинамен сіңірілген асбестік матадан немесе түсті металдардан жасалған арнайы тығыңдар жасалады, олар ішіне серпімді материал салынған иілте (петпя) тәріздес пішінге ие. Түрақты төбесі (шатыры) бар резервуарларда түрғызылатын понтондар атмосфералық жауын-шашынның түсуінен сақтандырылған, ол синтети» калық жүқа материалдардан жасалған жеңхлдеттлген конструкцияларды қолдануға мүмкіндік береді
Резервуар бөлшектерінде кездесетін ақауларды шартты түрде алты топқа бөлуге болады:
1- металлургиялық – илемді дайындау кезінде пайда болған (батпалар,қабаттанулар, біркелкі легірленбеу, кетіктер, ұсақ сызаттар, илем геометриясының бұзылуы жəне т.б.);
2- жобалық – жобаның жетілмеуі себепті пайда болған;
3- зауыттық – орамдық немесе басқа дайындамаларды дайындау сатысында пайда болған (пісіру мен құрастыру ақаулары);
4- тасымалдау – дайындамаларды жинақтау алаңына дейін тасымалдау үдерісінде пайда болған (жаншықтар, орамның бір бөлігінің жаншылуы, жергілікті тіліктер, кетіктер);
5- жинақтаулық – резервуарды жинақтау үдерісінде пайда болған (металл конструкцияларды пісіру мен жинақтау ақаулары, жинақтау жіктерінің бұдырлығы жəне т.б.);
6- пайдалану – резервуарды пайдалану үдерісінде пайда болған (шөгу,орнықтылықты жоғалту, тоттану, қағылмалар жəне т.б.).
Ақаудың қауіптілігі мен оның конструкция бөлшегінің пайдалану сенімділігіне немесе тұтастай резервуарға ететін əсеріне байланысты жөндеудің үш əдісін бөліп көрсетуге болады: - конструкция бөлшектерінің жобалық сипаттамаларын қалпына келтіру (ойықтардың, жергілікті тіліктердің үстінен балқыту, пісіру жəне т.б.жаншықтарды түзету, геометриялық қалыпты түзету жəне т.б.);
- қатаңдықтың қосымша бөлшектерін орнату ( түпте қатаңдық қабырғаларын, жамауларын орнату жəне т.б. );
- резервуар бөлшектерін ауыстыру ( түпті толық ауыстыру, қабырғаның бірінші белдеуінің бір бөлігін ауыстыру, жабынды ауыстыру жəне т.б. ).
Сыртқы ауаның есептік температурасы əр түрлі аудандарда пайдаланылатын резервуарлар қабырғасының, түп жиектерінің, жабынының жүк түсетін конструкциялары мен қатаңдық балдақтарының, шатырының,резервуарлардың понтондары мен жүзбелі шатырларының ақаулы учаскелерін жөндеу жəне ауыстыру үшін резервуар көлеміне байланысты резервуардың жобалық құжаттамасына сəйкес келетін болат таңбасын қолдану ұсынылады.
Резервуарларды жөндеу кезінде қолданылатын болаттардың сапасы мен таңбасы тиісті стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарына сəйкес келуге жəне жеткізуші зауыттардың сертификаттарымен расталуға тиіс. Понтондарда, жүзбелі шатырларда, бекітпелерде жəне резервуарлық жабдықтарда синтетикалық, резеңке техникалық жəне бұйымның əрбір нақты түріне арналған арнайы техникалық талаптарға (беріктілік, суыққа жəне жылуға төзімділік, су сіңіргіштік, материал диффузиясы) жауап беруге тиіс басқа да полимер материалдарды қолдауға жол беріледі. Бұл материалдар еңбек қорғау жəне өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын қанағаттандыруға тиіс.Резервуар конструкциясының ауыстырылатын бөлшектері мен жинақтаулық айлабұйымдарды əзірлеу үшін жөндеу кезінде: Пісіру жұмыстарын орындау алдында электродтарды электродтардың төлқұжатында көрсетілген режим бойынша қыздыру керек. Электродтарды қыздыруды екі реттен артық жүргізуге жол берілмейді.Қыздырылғаннан кейін электродтарды жұмыс орнына жарты ауысым бойында жұмыс істеуге қажетті мөлшерде береді. Жұмыс орнында электродтарды ылғалға жол берілмейтін жерде тығыз жабылатын ыдыста немесе жылытылатын пеналдарда
сақтау керек. Дайындаушы зауыттың сертификаты немесе додасында таңбасы жоқ сымдарды қолдануға сымға химиялық талдау жүргізіліп, оның таңбасы белгіленгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.Пісірме сымын қолдану алдында оны кірден, тоттан, технологиялық жəне тоқтатып қоюдағы майлаудың іздерінен тазарту керек. Тазартуды пісіру аппаратының кассетасына қайта орау мен салу кезінде жүргізу керек.
Күрделі жөндеу жүргізген кезде төмендегідей жабдықтар, айла бұйымдар мен құрал – саймандар қолданылуға тиіс: биіктікке жұмыс істеуге арналған құрылғылар мен айлабұйымдар (мұқаммалдық құрылыс ағаштары, төсеме тақталар, резервуар шатырында ілінетін жəне бекітілетін тік ағаштар, бесікшелер, тасымал сатылар жəне т.б.); металды, пісірме қосылыстарды кесуге арналған жабдықтар мен құрал–саймандар (қолмен электродоғалық пісіру, жартылай автоматтармен пісіру жəне т.б.); резервуарларды шөгінділерден тазарту, негіздер мен іргетастарды бекіту мен нығыздау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған құрылыс жабдықтары; қосалқы жинақтау айла бұйымдары жəне құрал – саймандары (сыналар,қапсырмалар, арқандар, тартпалар, талрептер, балғалар, шойын балғалар жəне т.б.); материалдар (швелерлер, бұрыштықтар, таврлы жəне екі таварлы арқалықтар жəне басқа да тұржиындық болат); беріктік пен саңылаусыздыққа сынақ жүргізуге арналған айла бұйымдар мен аспаптар (вакуум камералар, сораптар, манометрлер); өлшеу құралы (рулеткалар, штангенциркульдер, кронциркульдер,пісіруші қимаүлгілері жəне басқа);
жеке қорғаныс құралдары жəне арнацы киім (жинақтаулық каскалар,сақтық белбеулері).
Достарыңызбен бөлісу: |