ҚОРЫТЫНДЫ
Мен Бақтыбаев М, менің курстық жобамның тақырыбы: «Көлденең цилиндрлік резервуарларды құру, пайдалану және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу». Курстық жоба төрт бөлімнен тұрады.
Техникалық бөлімде мұнай кәсіпшілігінде қолданылатын көлденең цилиндрлік резервуарлар туралы жалпы мәлімет беріліп, түрлері мен техникалық сипаттамасын жаздым. Пайдаланылған көлденең цилиндрлік резервуарларды жөндеуге дайындық жұмыстарын жүргізу ережесін, сонымен қатар жөндеудің жоспарлы ескертулі жүйесі мен техникалық ақаулықты анықтау жолдары жазылды.
Есептеу-технологиялық бөлімінде көлденең цилиндрлік резервуарларды пайдалану барысында жұмыстарының технологиясы, жұмыс істеу принципі, кездесетін ақауларды анықтап, жөндеуге дайындау әдістерін қарастырдым. Жұмыс жасап тұрған резервуарға техникалық бақылау жүргізу түрлерін саралап, резервуардың қабырғасы мен түбіне есептеу жүргізілген.
Қауіпсіздік техникасы бөлімінде жөндеу жұмыстарын жүргізудегі қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өнеркәсіптік қауіпсіздік шаралары қарастырылды.
Курстық жобаны орындау барысында 1 сызба тұрғызылды.
1. Көлденең цилиндрлік резервуардың бөлшектерінің жұмыстық сызбасы
Әдебиеттер
1. Г.А.Аубeкeрοва, Г.А.Хайруллина, Ж.Р.Кереева, Ο.Л. Джумабаeв. «Мұнай өнімдерін тасымалдау, сақтау және үлестіру обьектілерін салу, пайдалану және жөңдеу» Оқу құралы, Астана:«Кәсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 2018 ж.
2. Мендебаев.Т, Габдуллина А. «Машина жасау өндірісінің технологиясы» «Фолиант» баспасы-2009ж
3. Тлеужан Б.Б, Анетов Д.Е «Мұнай айдайтын станциялардың механикалық технологиялық жабдықтарын пайдалану және жөндеу бойынша» оқу құралы
4. М.Д. Аязбай «Мұнай-газ кәсіпшілігіндегі жабдықтарды монтаждау және жөндеу» Алматы – 2016;
5. Бухаленко Е.И., Абдуллаев «Монтаж, обслуживание и ремонт нефтепромыслового оборудования», М. «Недра», 1985ж.
6. Ведерников М.И. Компрессорные и насосные установки химической промышленности. М.Высшая школа,1994ж.
7. Сақтағанова М. «Мұнай кәсіпшілік машиналары мен механизмдері», «Фолиант» баспасы, Астана-2011ж.
Достарыңызбен бөлісу: |