Көлік халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Қазіргі таңда көліксіз экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес



бет3/33
Дата20.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#95596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
stud.kz-92076 (1)

1.2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметі


«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС Тараз қаласы 5 қала маршруты және үш арнайы маршруты бойынша жолаушыларды тасымалдайды сонымен қатар «Темір жол вокзалы - Құмшағал» бағыты бойынша жолаушыларды саябаққа (дачаларға) тасымалдаумен айналысады. Соңғы жылдарда автомобиль паркін жаңарту нашар жүргізілуіне байланысты ААҚ «№1 автобус паркі» жылжымалы құраманың техникалық жағдайы ауыр болып тұр. Нарықтық экономика заманы талаптары бойынша еңбекте арендалық қатынастардың өмірде батыл орын ала бастағанына байланысты автобустар жүргізушілергі арендалық төлемге берілген. Жүргізушілер салық комитетінде жолаушыларды тасымалдауға патент сатып алып күнделікті тасымалдау жұмыстарын жасап, автобустардың техникалық жағдайына қарап жүр. Жүргізушілер автобустарға 1-ТҚК, 2-ТҚК және жөндеу жұмыстарын жасағанда қосалқы бөлшектерді сатып алуға қажетті ақшаны өз қалталарынан төлеп жүр. Қазіргі кезде «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС жұмыс жасайтын жұмыскерлердің жалпы саны 133 және олар қызметкерлердің категориясы бойынша былай бөлінеді [2]:
1) жүргізушілер саны - 84 адам
2) жөндеу-көмекші жұмысшылар саны - 38 адам
3) басшы мамандар мен қызметкерлер саны - 6 адам
4) басқалар - 5 адам

«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС Тараз қаласы солтүстік-батыс жағында 3-ші автомобиль бұрылысында орналасқан. Кәсіпорын тегіс жерде орналасқан. Автобус паркіндегі автобустар мен жеңіл автомобиль жолаушыларды тасымалдауды қала аумағында және қала маңындағы қатты жабынды жолдармен, ал жүк автомобильдері қала сыртындағы қатты жабынды жолдармен жасайды. Автомобиль паркінің техникалық қызмет көрсету және қозғалмалы құрамды жөндеу ережесімен (Положение о техническом обслуживаний и ремонте подвижного состава автомобильного парка) АҚҚ «№1 автобус паркінің» жүк автомобильдері пайдалану жағдайының І категориясы бойынша, ал автобустар мен жеңіл автомобильдері ІІІ категория бойынша пайдаланылады. Мекеме Тараз қ. ыстық-құрғақты ауа райы болатын аймақта орналасқан.


Кәсіпорынның бас жоспары 1.1-суретте және басқару структурасы 1.2-суретте көрсетілген.
Кәсіпорынның басшысы - президент болып табылады. Президентке үлкен құқық берілген. Ол бұйрықтар шығара алады. Онда кәсіпорының жұмыс істеу тәртібі мен ережелері көрсетілген. Президент өз жұмысында кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымына сүйене отырып барлық қазіргі және болашақ жоспарын орындайды.
Президенттің үш орынбасары бар: вице-президент, кадрлар бөлімінің басшысы және бас бухгалтер. Орынбасарлардың әрқайсысына бекітілген салалары бар. Олар сол салалардың тиімді жұмыс істеуіне жауап береді.
Вице-президент кәсіпорының ең негізгі, яғни жол-көпір құру жұмыстарының орындалуына жауапты. Вице-президентке ПТО басшысы, бас инженер және бас прорабы қарайды.
ПТО басшысы барлық жылжымалы құрамдардың техникалық жағдайына жауапты. Ал бас инженері мен қызмет көрсету жұмыстарын сапасына қарай ұйымдастырып орындайды.

1- бақылап өткізу бекеті; 2 – диспетчер; 3 – медпункт; 4 - өндірістік, ТҚК-1, ТҚК-2 және жөндеу жұмыстарын атқаруға арналған аймақ; 5 – жанар-жағармай бекеті; 6 – күнделікті қызмет көрсету аймағы; 7,8 – ашық тұрақ алаңы; 9 – әкімшілік ғимарат; 10 – асхана;


11 – электростанция; 12 – күзет; 13 - жылыту аймағы (котельная).

Сурет 1.1- «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС кәсіпорынның бас жоспары



Сурет 1.2 - Басқару структурасы


Кадрлар бөлімінің басшысы кадрлар бөлімінің жұмыстарын бақылайды. Кадрлар бөлімі қызметкерлер мен жұмысшылардың біліктілігін арттыруға, жаңадан жұмысшыларды дайындауға, қызметкерлердің құжаттарына, түрлі кадрларға байланысты бұйрықтар шығаруға жауапты.
Бас бухгалтер - бухгалтерияның және қойма орталығының жұмысын ұйымдастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет