Кейбір қылмыстар кінәнің қасақаналық нысанында жасалады (347,357,360 б.)
Көліктегі қылмыстардың жалпы субьектілерінен бөлек кейбір құрамдарда арнайы субьектілер орын алады (344-348,351,353,354,357,360 б.)
Көліктегі қылмыстарды 2 топқа бөлуге болады, бірінші көлік қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу қылмыстары (ҚК 344-348,351,353,360 б);
екінші көлік қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзумен байланыстыы емес қылмыстар (ҚК 350,352,354-357 баптар)
Оларға мыналар жатады:
Оларға мыналар жатады:
темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу;
кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі;
ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.
Темір жол көлігіне, оның ведомствалық тиесілігіне байланыссыз механикалық рельстік транспортты жатқызуға болады. Олар, локомотив, дрезина, вагон, платформа, цистерна, метрополитен поездары болуы мүмкін.
Темір жол көлігіне, оның ведомствалық тиесілігіне байланыссыз механикалық рельстік транспортты жатқызуға болады. Олар, локомотив, дрезина, вагон, платформа, цистерна, метрополитен поездары болуы мүмкін.
Су көліктеріне теңіз және өзен кемелері, сондай-ақ ауа үрленген көпшігінен немесе су асты қанатынан тұратын кемелер жатады. Қуаты жетпіс бес ат күшінен кем емес қозғалтқыштың болуы негізгі белгі болып саналады. Қозғалтқыштың қуатына байланыссыз өздігінен жүрмейтін кемелер, желкенді және ескекті қайықтар, байдаркалар мен үрілген кемешіктер де су көліктеріне жатады.
Әуе көліктері ретінде азаматтық авиация немесе ұшу кемелері танылады. Оларға ұшақтар, тік ұшақтар, гидроұшақтар, автожирлер, аэростаттар, дирижабльдер, планерлер және т.б. жатады.