Комитетінде тіркеліп 24. 12



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата29.12.2016
өлшемі1,88 Mb.
#704
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

 

 

28



 

интерсубъективті  табиғаты  жаңа  бір  қырынан 

ашылады. 

 

Өзі - шошқа, өзгені ит деп ойлар!



 [2, 249] - 

 

секілді  дара  тармақтың,  бір  тамшы  сөздің 



өзімен  де  ақын  көл-көсір  шындықты,  телегей-

теңіз  маз-мұнның  сырын  танытады.  Тұтасып 

тұрған мета-фора. Бір ғана тармақ. Мұнда да екі 

тұлға  арасындағы  қатынастың  сыры  ашылған: 

«өзі»  және  «өзге» (А - Б).  Бұл  жерде  де 

жалқының  жалпыға  қатынасының  ерекшелігі 

көрініс  тап-қан. «Сегіз  аяқтағы»  күрделі,  көп 

қатпарлы,  тізбектелген  метаобраздан  туатын 

жұмбақ  мағына  бір  басқа  болғанда,  одан  гөрі 

қара-пайым,  жалаң  метафоралық  қатынастағы 

мына 

тілдік 


бірліктердің 

жасырынулы 

поэтикалық  мағынасы  бір  басқа.  Соған 

қарамастан  өлеңнің  осы  бір  жолында  тұтас  бір 

типтік  образ  жасалған.  Адамның  образы.  Абай 

заманындағы. Ал қандай адамның образы екені 

жұмбақ  күйінде  қалған.  Оны  шешу  жолында 

ізденген адам түрлі ойға түседі, түрлі болжамға 

барады.  Тиісті  әдебиеттерде  шошқа  іспетті 

хайуан-дардың  сипаты  мынадай  белгілері 

арқылы  ашылады:  тойымсыздық;  лас  пен 

тазаны, арам мен адалды айырмай, жалмап жұта 

беру;  тазаға  баспау,  ластан  шықпау,  т.б. 

Ақынның 


«шош-қасы» 

осындай 


түр-

тұрпатымен  елес  береді.  Сөйте  тұра  ол, 

автордың  суреттеуіне  қарағанда,  өзгені  ит 

тұтып, одан өзін артық көрген сыңай танытады. 

Ұғым, 

түсінік, 



баға. 

Олардың 


өзара 

байланыстары  мен  сабақтастығынан  адамның 

ішкі  болмысы  белгілі  болады.  Сыртқы  тұрпат-

тан  ішкі  мән  сыры  ашылады.  Нәтижесінде 

адамның  іші  мен  тысы  бірдей  танылып,  нақты 

образ жасалады. Бір тармақ өлең жолымен ақын 

осындай  толық  образ  жасап,  оған  осындай 

толымды  мағына  сыйдырады.  Сөздің  көп 

мағыналылығы,  ойдың  тереңдігі,  мазмұн  мен 

мәннің  байлығы  бұл  жерде  де  үлкен  эстети-

калық жүк көтеріп тұр.  

Негізінде,  метафораның  жұмбақ  сияқты 

екені рас. Бұл туралы кезінде Аристотель сипат-

тама  берген.  Бірінші  ұстаз  белгілі  бір  құбы-

лысты  атауда  мағынасы  жағынан  бір-бірімен 

тең  түсіп  жатқан  сөздердің  бірін  екіншісінің 

орнына қолданудың ешқандай ағаттығы жоқты-

ғы  жайында  айтылған  ойларға  қарсылығын 

білдіре  отырып,  маңызды  теориялық  тұжырым 

жасайды. Ғұламаның ойынша, белгілі бір құбы-

лысты  бір  сөз  басқа  бір  сөзге  қарағанда  неғұр-

лым толымды, ажарлы ашады. Осы ретте белгілі 

бір  құбылысты,  ұғымды  білдіретін  бір  сөз 

екінші  бір  сөзден  көрікті  не  көріксіз,  шырайлы 

не  шырайсыз,  күшті  не  әлсіз  болып  келеді [4, 

232-233]. Абайдың белгілі бір құбылысты таны-

ту  үшін  метафоралық  қатынаста  таңдап  алып 

отырған  сөздерін,  Аристотельдің  қағидасы  ше-

гінде  байымдағанда,  көрікті  деп  те,  шырайлы 

деп те, күшті деп те қабылдауға болады. Алайда 

бұл сөздердің көріктілігінде, шырайлылығында, 

күштілігінде  әдеттегіден  басқа  мән  бар. 

Біреудің  өзі  «шошқа»  болса,  онда  оның 

болмысын  ашып  тұрған  осы  сөзде  көрік  те, 

шырай  да,  күш  те  жоқ  дерлік.  Қайта  бұл 

мінездеу-сөз  мінезделіп  отырған  құбылыстың 

мейлінше  «көріксіз», «көргенсіз»,  шырайсыз», 

«жексұрын»  бол-мысын  білдіреді,  басқаша 

айтқанда,  құбы-лыстың  тиісті  мәнін  мейлінше 

терең,  айқын  ашады.  Өлеңдегі  сөздің  қасиеті 

белгілі  құбы-лыстың  мәнін  осылайша  терең  де 

айқын 


ашу 

мүмкіншілігінде. 

Ақынның 

метафоралық 

қаты-наста 

таңдап 


алған 

сөздерінің  көріктілігі,  шырайлылығы,  күштілігі 

туралы  ойды  осы  тұрғыда  қабылдаған  дұрыс 

болмақ. 


Сурет-телініп 

отырған 


шындық 

құбылысты тұтасқан образға айналдыруға, оның 

мәнін  терең  ашуға  келгенде,  ақын  таңдап 

қолданған  осы  сөздерден  артық  асыл  сөз, 

олардан  туындайтын  мағынадан  асқан  терең 

мағына болмақ емес.  

 

Ішім өлген, сыртым сау, 



Көрінгенге деймін-ау: 

Бүгінгі дос - ертең жау, 

Мен не қылдым, япырмау?!

 [3, 104] 

                немесе 

Жүрегім, ойбай, соқпа енді! 

Бола берме тым күлкі. 

Көрмейсің бе, тоқта енді - 

Кімге сенсең, сол шикі!

 [3, 183] 



 

Адам  бойындағы  оңбағандық  пен  опа-

сыздықты осынша терең көрсету, осынша көңілі 

қалып  суреттеу  адамның  сыртындағы,  сөзі  мен 

ісіндегі  алалықты  ғана  емес,  ішіндегі  аланы  да 

дұрыс  байқап,  толық  таныған  жанның  қолынан 

келмек.  Ал  адамның  ішіндегі  аланы,  арам 

тілекті  кісі  өзгенің  айтуынан  емес,  оның  өз 

басына  түскен  ауыртпалығы  арқылы  ғана  тани 

алады. Абай бұл жерде өз жанының шындығын, 

өз  жүрегін  күйдіріп,  күйіндіріп  өткен  өмір 

құбылыстарын баян етеді, күйіп, күйзеліп емес, 

тоқтаған,  дүниенің  қуанышына  да,  қайғысына 

да  салқын  тартқан  көңілдің  берік  төзімімен 

жырлайды.  Тіпті  ең  бір  күйзелулі  күйін  жыр 

еткенде  де  ақын  осы  ұлы  сабырынан  бір 

таймайды. 

Адамдар арасындағы қатынас тағы да жалқы 

мен 

жалпы 


арасын 

қамтиды: 

ақынның 

лирикалық «мені» және басқалар. Әр шумақтың 

бастапқы  екі  тармағында - «мен»,  кейінгі  екі 

тармағында - «ол». «Ол»  жасаған,  көрсеткен 

жаулықтың күйігін тартушы - ақынның «мені». 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          

 

 

29



 

Берілген  шумақтарда  күйіну,  күйзелу  сарын-

дары болғанмен, көңілдің күйінгені мен жанның 

күйзелісі  белгілі  бір  мезгіл  аясында  тікелей, 

процесс  күйінде  беріліп  тұрған  жоқ.  Бұл  жерде 

көңілден күйінішті сәт өткеннен кейін, жанның 

күйзелісі  басылған  соң  орныққан  жай-күй 

көрініс  тапқан.  Сезімнің  отты  қызуымен 

алабұртып,  алқына  толқуы  өткеннен  кейінгі 

көңіл-күй  суреттелген  мұндай  шығармаларда 

парасат пен пайым, ақылдың билігі басым түсіп 

жатыр.  Оның  үстіне  «іштің  өлгені», «сырттың 

саулығы»  секілді  сөз  тіркестерінен  туатын 

мазмұнды ұғу оңай емес. Е, оның не қиындығы 

бар  деп,  батылдық,  білгірлік  танытқанның 

өзінде, «іштің  өлгенін»  немесе  «сырттың 

саулығын»  саралап  сипаттап,  жете  түсіндіріп 

беру  екінің  бірінің  қолынан  келмейді.  Бұл 

тіркестерде 

өзара 


сабақтасып, 

астасып, 

жанасып,  бірінің  сарынынан  екіншісі  оянып 

жатқан  бірнеше  ұғымдар  бар  және  сол 

ұғымдардың бәрі де дерексіз, нақты, затты емес. 

Олар  жеке  тұрып  та,  бәрі  жиналып  келіп  те 

ақын  ойының  мағынасын  дұрыс  ашып  бере 

алмайды.  Оны  ашу,  түсіну  қабылдаушының 

рухани  кемелдігінің  деңгейіне  тәуелді.  Осы 

тұрғыдан  келгенде,  ақынның  ойы  мен  сөзінің 

қуатын 

психопоэтикалық, 



психогерменев-

тикалық  зерттеу  тәсілдері  аясында  пайымдау 

қажеттігі туады.  

Абай  қырық  жасқа  толып,  қырық  бірге 

қараған  шағында: «Қартайдық,  қайғы  ойладық, 

ұйқы  сергек», - дейді.  Бұл  шақта  ақынның 

дүние,  әлем  туралы  танымы  шығыстық  рухани 

қазынамен  байыған,  кемеліне  келіп,  толысқан 

еді.  Рухани  кемел  деңгейге  көтерілген  ақын 

заман сырын, адам құлқын терең философиялық 

таныммен  таразылайды,  адам  сыры  мен  заман 

сипатын  жете  танып,  адамнан  да,  заманнан  да 

көңілі  қалғанда,  өз  жанына  үңіліп,  өз  жүрегіне 

бойлайды, алданышты да, жұбанышты да содан 

табады.  Қайғы  ойлау,  көзден  ұйқы  қашып, 

ойдың  кермек  тартуы - мұның  бәрі  қартай-

ғандықтың белгісі емес. Заманынан, заманының 

адамынан  озған,  ақылымен,  парасатымен  асқан 

ақын  өзі  жеткен  рухани  биіктен  мұңдасарға, 

ойласарға  сөз  ұғарлық  кісі  таппай  толғанады. 

Толғана  отырып,  заман,  адам  туралы  ойларын 

жақсы  мен  жаман,  адал  мен  арам,  ақыл  мен 

қайрат  жайындағы  адамгершілік  нысана-

тұрғысы биігінен баяндайды, адал мен арамның, 

жақсы  мен  жаманның  парқын  ақыл  ғана  айыра 

алатындығын  андатады.  Осылайша  адам  мен 

заман  туралы  толғаныстар  жақсы  мен  жаман, 

адал  мен  арам,  жан  мен  тән,  ақыл  мен  қайрат 

туралы терең пайымдауларға ұласады. 

«Қартайдық,  қайғы  ойладық,  ұйқы  сергек» 

(1886) өлеңіндегі әр шумақ негізгі тақырып пен 

идеяны  әр  қырынан  ашып,  тұтаса  келе  күрделі 

көркемдік  құбылысқа  айналады.  Алғашқы  екі 

шумақ ақынның адам мен заман туралы жалпы 

ойларынан  түзілген  болса,  кейінгі  шумақтарда 

бұл  ойлар  бейнеге  айналып,  нақты  да  затты 

реңкке  иеленеді.  Ақын  ұстанған  талап  пен 

талғам 


өлшемдеріне 

қарағанда, 

бойдың 

салғырттығын жеңіп, ой қуып, ақылға еру ердің 



ісі  болғанда,  ез  қашанда  ездігін  жасап, еріншек 

тартпақ,  ортасынан  шыға  алмай,  шығандап 

қылық  та  қыла  алмай,  қыр  аспас  қалпында 

көпке көніп қала бермек. 

Ер  мен  ез,  олардың  бір-бірінен  айыр-

машылығы  хақындағы  осы  ойлар  біртіндеп 

жақсы  мен  жаман,  олардың  бір-бірінен  өзге-

шеліктері  туралы  тұтасқан  ұғымдар  жүйесіне 

жалғасады.  Ақын  танымы  аясында  жаман  мен 

надан  екі  түрлі  ұғым, екі  басқа категория емес, 

бір ғана нәрсе. Жаманның жамандығы да білім-

сіздіктен,  ақылдың  кемдігінен.  Білімсіз  надан 

білімді  адам  айтқан  ақылды  құлағына  ілмек 

емес,  ақ  пен  адалды,  шынды  танымай,  жоққа 

иланып,  жалғанға  сенбек.  Көпті  көрген,  ақылы 

асқан  ақсақалдың,  білімдінің  сөзінен  сырдаң 

тартып, қылған ұрлығын, қуған қулығын мақтан 

етуден  арыға  бара  алмайтын  да  сол.  Сонымен 

қатар  оның  кісіге  сырты  күліп,  ішіне  жаулық 

сақтайтын,  тіріде  жан-бауыр  жақынына  да 

сезікпен қарап, басқан ізін аңдып, бәле іздейтін, 

ал  сол  жақыны  өле  қалса,  кілт  өзгеріп,  өгіздей 

өкіріп жылайтын қасиеті де бар. Жамандығына, 

надандығына  қарамастан,  мұндай  пенделер 

мақтан  үшін  болыс  болмақшы,  адамдық  пен 

арамдықты  бір-бірінен  айыра  алмаса  да,  ел 

билеп,  жұрт  меңгермекші.  Осының  бәрі  Абай 

заманындағы  білімсіз  наданның,  ақылсыз  жа-

манның  бейнесін,  оның  жаман  шындығын 

танытады. 

«Қартайдық,  қайғы  ойладық,  ұйқы  сергек» 

өлеңі  тақырыбы  мен  идеясы,  проблематикасы 

жағынан ақынның «Қартайдық, қайғы ойладық, 

ұлғайды  арман», «Білімдіден  шыққан  сөз», 

«Мен  жазбаймын  өлеңді  ермек  үшін», «Сегіз 

аяқ», «Әсетке», «Өлең - сөздің  патшасы,  сөз 

сарасы», «Біреудің  кісісі  өлсе,  қаралы  ол» 

секілді  өлеңдерімен  сабақтас,  өзектес.  Аталған 

шығармаларда  ақыл  мен  ақылсыздық,  жақсы 

мен  жаман,  білімді  мен  білімсіз  арасындағы 

айырмашылық  анық,  айқын  әрі  көркем 

суреттеледі. «Білімдіден  шыққан  сөзде» (1889) 

ақын білімдіден шыққан ақыл сөз көкірегі бітеу, 

көңілі  қараңғы  тасыр  адамға  емес,  көкірегінде 

көзі бар талапты адамға кез болғанда ғана одан 

пайда  болатынын  толғай  отырып,  жақсы  мен 

жаманның  бойына,  мінез-құлқына  тән  басты-

басты  бірнеше  белгілерді  көрсетеді.  Ақын 

жаманға  тән  мынадай  ерекшеліктерді  атайды: 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          

 

 

30



 

кісіге  бір  күні  дос,  бір  күні  жау;  түзу  сөзге 

сенбеу;  тыңдауға,  ұғуға  құлықсыз,  ынтасыз, 

бойкүйез,  бірақ  тыңдауға  құмарсып,  ұққыш 

жансып  бекер  шабыну;  ақыл-ойында  байлам 

жоқ,  айтшыл  да  тойшыл,  қызшыл  да 

қызықшыл; біресе ыржаң, біресе қылжаң қағу... 

Мұндай жан үшін ақыл да бір, денедегі арам без 

де бір. Қулық, сұмдық не өсек, ия болмаса сұлу 

қыз  бен  ұрыс-соғыс  салған  батыр  мен 

барымташы  жайы  айтылған  қысыр,  қыңыр  сөз 

болмаса,  жаманның  жабық  көкірегіне  білімнің, 

ақылдың сөзі ене алмайтыны суретті де, бейнелі 

баяндалады  әрі  осының  бәрінен  ақынның 

телегей  теңіздей  даналық  ойының  міз  бақпас 

құз-жартасқа  соғылып,  кері  серпілгендей 

күркіреп  барып  басылған  ауыр  күрсінісі 

сезіледі.  

«Жаратылыстан  біткен  қайырымдылыққа 

немесе  кемшілікке  деген  жаратылысынан  бар 

күй  мен  бейімділікке  соларға  ұқсас  адамгер-

шілік  сапалары  қосылып,  олар  әдет  түрінде 

орнықса,  онда  ол  адам  сол  бағытта  жетіледі 

және  жақсы  болсын,  жаман  болсын,  онда  ор-

ныққан  ондай  күйлердің  жойылуы  қиын» 

[5,198-199].  Әл-Фараби  осындай  қорытынды 

жасайды.  Ақынның  түзетпек,  жақсартпақ  бола-

тыны адам бойында жаман әдет түрінде орнық-

қан  осындай  мінез  күйлері  еді.  Ондай  мінез 

күйлерін  жою  мүмкін  болмады.  Не  сөз 

дарымайтын,  не  ақыл  қонбайтын,  сөйте  тұра 

өзін  адамның  асылындай,  кісінің  жақсысындай 

көретін  доңыздай  тоңмойындыққа,  ит  мінезге 

ақын  сөз  парқын  білетін  талапты  адамның 

қасиеттерін  қарама-қарсы  қояды.  Жақсы  деген 

жанның  көкірегінде  білімдіден  шыққан  сөздің 

нұрын  көріп,  сырын  тани  алатын  көз 

болатынын, жүрегі сезімді, көңілі сергек келеті-

нін бірде бейнелеп, бірде пернелеп айту арқылы 

ұлы  ақын  өз  шығармасына  екінің  бірі  бойыны 

сіңіре  алмайтын  бай  да  құнарлы  мазмұн 

дарытады,  адамгершілік  мұратының  биіктігін, 

эстетикалық  нысанасының  асылдығын  таны-

тады.  Абайдың  ақындық-азаматтық  талабы, 

эстетикалық  нысанасы  тұрғысынан  келгенде, 

терең айтылған білім сөзін көңілінің көзі ашық, 

ойы  сергек  жақсының  шын  көңіл  беріп,  жаны 

еріп ұғуы ғибратты іс қана емес, үлкен ғанибет 

болып табылады. Айналасын түгел танып, алыс-

жақынның  бәрін  көріп,  бәрінен  көңілі  қайт-

қандай  болғанда,  ақынның  ілгері  үмітінің  отын 

сөндірмей,  өзін  алға  жетелейтін - адам  бойын-

дағы  ақыл  мен  қайрат,  рақым  мен  шапағат  се-

кілді  асыл  қасиеттер.  Кісінің  басынан  мұндай 

қасиеттер  табылмаған  жағдайда,  оған  ақылдың 

сөзін,  жүректің  үнін  жеткізу  мүмкін  емес. 

Ақынның: 

 

Бойда қайрат, ойда көз 



Болмаған соң, айтпа сөз!

 [3, 117] 

              немесе 

Қайран сөзім қор болды, 

Тобықтының езіне!

 [3, 63]- 

 

деуінің  негізінде  осындай  тыңдаушысыз  сөз 



асылының  қара  бақырлық  құны  жоқ  қадірсіз 

жайын,  ұғушысы  жоқ  қуатты  ойдың  көштен 

«адасқан  күшік  секілді  ұлып  жұртқа  қайтқан» 

мүсәпір  халін  көзімен  көрген,  ақылмен  танып, 

жүрекпен  сезген  жанның  терең  толғаныстары 

бар. 


Ақын кең толғап, ерекше мән беріп отырған 

ойлар,  адам  мен  заман  болмысы,  олардың 

адамгершілік  келбеті  жайындағы  шығарма-

шылық  тұрғы  оның  заманының  да,  заман-

дасының  да  шындығын  барынша  шынайы 

суреттеуді қамтамасыз еткен. «Күлембайға (Бо-

лыс болдым, мінеки)», «Мәз болады болысың», 

«Қалың  елім,  қазағым,  қайран  жұртым», «Бай-

лар  жүр  жиған  малын  қорғалатып», «Көңілім 

қайтты  достан  да,  дұшпаннан  да», «Сабырсыз, 

арсыз,  еріншек», «Сегіз  аяқ», «Бойы  бұлғаң» 

секілді шығармалар ақынның өз заманын, зама-

нының  адамын  қоғамдық  құбылыс  ретінде  жіті 

қадағалап,  жете  танып  қана  қоймай,  оларды 

жан-жақты  талдап,  саралап  әрі  даралап  бейне-

леген  кемел,  келісті  талантын  танытады.  Заман 

мен  адам  шындығын  мұншалық  ыстық  қайрат, 

нұрлы  ақылмен,  әділет,  шапқатқа  толып  мөл-

діреп тұрған сырлы жүрекпен жырлау ақынның 

ақынының ғана, адамның Абайының ғана қолы-

нан келсе керек. 

«Күлембайға  (Болыс  болдым,  мінеки)» 

(1889) - мазмұны  да,  мағынасы  да  келісті  шы-

ғарма.  Онда  малын  шашып,  болыс  болған 

пенденің  психологиялық,  әлеуметтік-психо-

логиялық кескінін жасайды, адам, пенде туралы 

ұғымы  мен  эстетикалық  мұрат-тұрғысын  жаңа 

бір  қырынан  ашады.  Өлеңнің  мағыналық 

құрылымында  бірнеше  тұлға  бар:  а)  болыс;  ә) 

ояз;  б)  ел.  Бұл  үш  тұлғаның  бастысы - болыс. 

Шығарманың алғашқы бөлігінде жаңадан болыс 

болған адамның болыстық мансапқа жету жолы 

мен  көңіл-күйі  көрсетіледі.  Малын  шашып, 

шығынға батса да, оның бар тілегі - болыс болу. 

Болыстыққа  қолы  жеткен  соң  да  оның  көңілі 

орнықпайды:  өзінен  күштілерге  құлдық  ұрып, 

өзінен  әлсіздерге  ыңғай  бермей,  қырын 

қарайды.  Сыртқы  жұртқа  сыр  бермей,  сырбаз 

жүргенмен,  сияз  бар  деген  хабарды  құлағы 

шалса-ақ,  жүрегі  суылдап,  мазасы  қашады. 

Өйткені  сияз  болса,  елге  ояз  келеді.  Елге  ояз 

келсе, болыстан тыныштық кетеді: ылау дайын-

дау,  үй  тігу,  сый-сияпат  жасау,  бағып-күту - 

бәрі  де  болыстың  не  өзі  жасайтын,  не  елге 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          

 

 

31



 

жасататын  ісі;  егер  оязға  не  ісі,  не  өзі  ұнамай 

қалса,  онда  болыстықтан  түсіп  қалуы  да  қиын 

емес.  Өлеңнің  екінші  мағыналық  бөлігінде 

болыстың  сияз  үстіндегі  іс-әрекеттері  мен  ой-

толғаныстары баяндалады. Оязбен оңаша қалған 

болыс  елін  мақтарға  сөз  таппай,  ықылас  та 

танытпай, елдің ел болып отырғаны өзінің, қала 

берді - ояздың  арқасы  екендігі  туралы  ойды 

шиырлай  беретін  болса,  елімен,  жұртымен 

бетпе-бет келгенде, оязға өзі сенімді, сөзі өтімді 

кісімсіп,  ел  мүддесін  қорғап  жүрген  адамға 

ұқсап  маңызданып,  сыртқы  жүнін  қампитып 

шыға келеді. Алайда сияз үстінде болыс та, ояз 

да 

ел 


ішіндегі 

дау-шардың 

бірқатарын 

халықтың,  халық  билерінің  қатал  талабы 

бойынша  әділ  шешуге  мәжбүр  болады.  Соның 

нәтижесінде болыстың өз малым, өз мүлкім деп 

иеленіп  қалған  мал-мүлік  иелеріне  қайтарылып 

беріледі.  Сөйтіп  болыстың  арты  шөмейіп,  ерні 

кезеріп, тамағы құрғайды. 

Өлеңнің 


келесі 

мағыналық 

бөлігінде 

болыстың сияз бітіп, ояз кеткеннен кейінгі халі 

бейнеленеді.  Әуелден  артының  қуыстығын 

білген  болыс  сияз  бітсе  де,  елінің  ұрысы  мен 

қарысын  тыйып,  телі  мен  тентегін  жөнге 

саларлық ірі іске бара алмайды. Ел алдында ояз 

барда  жасаған  қылығын  ояз  кеткеннен  соң 

жасай  алмай,  жасып,  кәкір-шүкір,  көр-жерді 

пайда  көріп  қала  береді,  келесі  сайлауда  бұл 

күніне де зар болып қалардай қиналады. 

Ақын  болыстың  өз  күйін  өзіне  баяндатып 

қоймайды,  оның  ел  туралы  ойларын  сарқа 

ақтарады. Болыс өзі билеп отырған еліне көңілі 

толмайтынын 

айтудан 

да 


тайынбайды. 

Табанынан  тозып,  жүгіріп  жүруі,  ел  ішіндегі 

істерге  ояздың  разы  болмай,  шартылдап  ашу 

білдіріп  жатуы - бәрі  де,  оның  ойынша,  өзінің 

көрбалалығынан,  өз  айналасының  рақымсыз-

дығынан  емес,  елінің  бұзықтығынан. «Қайтіп 

көмек  болады? (Антұрған  өңкей  ұры-қар)», - 

деп  күйіне  отырып,  болыс  өзінің  бұл  елді 

ұстарлық  кісі  еместігін  де  айтып  салады,  өзін 

бұл  азапты,  рақатсыз  істен  құтқарушы  іздейді. 

Сөйте  отырып,  келер  сайлауда  қайта  болыс 

болудан  дәме  етеді.  Бұл  ретте  болыс  бейнесі 

қайшылықты, тіпті аянышты болып шығады. 

Өлеңде  болыс  болып,  ел  басқарған  кісінің 

образы  жасалған,  оның  ісі  мен  ойының  барша 

маңызы  мен  мәні  толық  ашылған.  Іс,  оқиға 

желісі  мен  ой  жүйесін  болыс  болған  кісінің  өз 

ойы,  өз  түсінігі,  өз  бағасы  ретінде  баяндауда 

іргелі  эстетикалық  ұстаным  бар.  Адамның 

өзгелер  мен  өзін-өзі  тануы,  білуі,  түсінуі  және 

бағалауы өте күрделі, қиын, ақыл-ой қызметінің 

биік деңгейінде ғана жүзеге асатын үдерістердің 

қатарына  жатады.  Ол  үдерістердің  негізінде 

адамның  ішкі  және  сыртқы  әлем  құбылыс-

тарымен 

қатынастары 

жатады. 

Абайдың 


болысы бірінші кезекте өзімен өзі болады: а) ой-

арманы;  ә)  билігі;  б)  мал-жаны;  в)  қорқынышы 

мен  қуанышы;  г)  іс-әрекеті,  т.б.  Екінші  кезекте 

өзі  мен  қоршаған  әлеуметтік  орта  арасындағы 

қатынастың  сипатына  үңіледі.  Бұл  қатынастың 

өзі  бірнеше  деңгейден  тұрады:  а)  өзі  және  өзі 

секілділер;  ә)  өзі  және  өкімет-билік  иелері;  б) 

өзі  және  байлық  иелері;  в)  өзі  және  ұры-

қарылар; г) өзі және қулар мен пысықтар; д) өзі 

және  қарапайым  халық;  е)  өзі  және  қоғам,  т.б. 

«Болыс  болғандар  өзі  қулық, «адамдықпенен» 

болыстыққа  жеткен  соң,  момынды  қадір-

лемейді,  өзіндей  арам,  қуларды  қадірлейді, 

өзіме  дос  болып,  жәрдемі  тиеді  деп,  егер  қас 

болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан 

келеді деп» [2, 132]. Адамның іші мен тысының 

қыры  мен  сырын,  олардың  өзара  қырым-

қатынастарын, байланыстарын мұншалық анық, 

толық  ашып  көрсету  көркемдік  шеберліктің 

үздік  үлгісі  болып  табылады.  Онда  суреткерлік 

кемелдіктің  ғана  емес,  өмір  құбылыстарының 

шындығын,  адамның  ниеті  мен  тілегінің 

төркінін,  псхологиясын, «ішін»  анық  көріп,  то-

лық  таныған  даналықтың  жарығы  да  мол. 

Адамның  ішкі  болмысының  қалың  қатпарлары 

мен  қолма-қол  ісі,  олардың  алғышарттары  мен 

нәтижелері, өзара қарым-қатынастары ақынның 

шығармашылық  ойлауының  тереңдігі  мен 

кемелдігі деңгейінде пайымдалады.  

«Мәз  болады  болысың» (1889) мазмұны, 

мәні  жағынан  «Күлембайға  (Болыс  болдым, 

мінеки)»  өлеңін  толықтырып,  байыта  түсумен 

бірге көркем түр жағынан тың, дара сипатымен 

ерекшеленеді.  Өлеңде  болыс  болған  қазақтың 

мінез-құлқы  үшінші  жақтан  суреттеледі.  Ақын 

болыстың  қолымен  жасаған  нақты  ісін  ғана 

емес,  сонымен  қатар  оның  көп  сырын  бүгіп, 

бүркеп  жатқан  ішін  де  ашып  көрсете  отырып, 

адам  мінезін  даралаудың  ұтқыр  да  ұтымды 

үлгісін жасайды. Ұлық арқаға қақса, мәз болып, 

иығына  шекпен  жапса,  шат  болып,  әр  жерде 

жоқты-барды 

шатып, 

күпініп, 



қампайып 

шалқып  жүрген  болыс  әлдебір  қуанышы  үшін 

үй-ішін,  ауыл-аймағын  түгел  әурелеп,  әбігерге 

түсіреді.  Ол  ісі  оңға  басса,  күлмеңдеп,  бір 

бұлғақ,  бір  елең  қағып,  көзін  аспанға  еліртіп 

әуреленіп-ақ  қалады,  қасқайып,  мақтанға 

салынады,  бас  пайдасы,  құлқын  қамы  үшін 

біреулерді  қақпанға  түсіруді  ойлайды,  оның 

жөні  келіп  ел  ішінен  бір  дәмдіні  татып,  өңеші 

майлана  қалса,  қолын  шапалақтап  жас  баладай 

қуанады.  Болыстың  ісі  әлгіндей  болып  сурет-

телгенде,  оның  қуанышының  түрі  осындай 

түрде  айшықталады.  Психопоэтика  жүйесінің 

мүмкіншіліктері  мейлінше  кең  ашылады.  Ақын 

болыстың ісі мен ішін бірде жарыстырып, бірде 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет