19
(әсіресе, орыстан) қазақ жағдайында өзінше
жасай білгендігін көріп отырмыз. Абай
өлеңдеріндегі өлшеудің көбі әлі әдебиеті-
мізде қолданбағандығын, тіпті, өзі де кей-
бір түрлерді жетілтпей кеткендігін көреміз.
16 өлең түрінің бастапқы екеуінен басқасы
- Абайдың кіргізген жаңалықтары. Абай
өлеңдерінің ең қиын, ең оңай мөлшер,
өлшеулері де қазақтың бұрынғы халық
әдебиетінде бар үлгі мен Шығыс, орыс
әдебиеттерінен алынған» [105-106-беттер].
Мұндай тұжырымдарының мәнділігін бай-
қамасқа болмайды.
Ал, «Абайдың көріктеу заңы» деген та-
рауда авторлар «Абай поэзиясының ең
басым, күшті жағы теңеуде» [107-бет] жат-
қандығын айтып, бейнелеу (метафора), ке-
йіптеу, айқындау, әсірелеу, түйдектеу, ар-
науға тоқтайды да, «Дауыс ырғағы туралы»
тарауда дыбыс қуалап отыру (аллитерация),
эпифора мен апафора сияқты бірқыдыру
көркемдік тәсілдерінен білгір байқаулар,
орынды түйіндер жасап отырады. Мәселен,
«Абайдың «Күз» деген өлеңінің дыбыстары
жаратылыстың кейбір құбылыстарын келті-
ріп тұрады. Күздің қоңыр салқын желінің
ысқырып, ызыңдап, дамыл алмай, құбылып
тұратындығын Абай бір жағынан дыбыс
естілуімен көрсеткен. Абайға «Күзді»
жазғанда «с», «з» дыбыстары келуінің өзі
де кездейсоқ емес. «Күзде» не бәрі 24 жол
бар. Сол жолдарда 38 «с», 8 «з» дыбысы
бар» сынды бақылаулар бұл еңбектің
эстетикалық талдауы жағынан бірқыдыру
биікке көтеріліп, Абай поэтикасының мәнді
арналарын дұрыс көре білгендігіне дәлел
бола алады. Абайдан үйренушілердің есінде
жүрсін деп бұл авторлар Абай өлеңдерінен
үш мін көреді: «Абайдың негізгі бір кем-
шілігі - көп өлеңнің ырғағы әнге келмейді»
[115-бет], - дейді. Оны 1932 жылы Ілияс та
айтқан болатын. Бұл жаңа пікір емес, ондай
ой 1914, 1926 жылдары А.Байтұрсынов
еңбегінде айтылған-ды. Осы жайға 3.
Ахметов әдейі назар аударып: «Халық
поэзиясының үлгісімен Абай өз өлеңдерін
әнмен сүйемелдеп айтуға әрқашан бағыш-
тай бермеген. Ол ол ма, қазақ, поэзиясында
тақпақтап айтылатын, оқылатын өлеңнің
дәстүрін жасауға саналы түрде талпынды,
ондағы көздеген мақсаты - осы өлең түрінің
жаңа мүмкіндіктерін бар қуатымен таныту
еді» [313-бет], - деген ғылыми пікір
тұжырымдаған.
Мұнымен қатар, авторлар Абайдың екін-
ші кемшілігі - «кейбір өлеңдерін бастап
қана қойып, аяқтамай кеткендігі бар,
үшінші - құрғақ, үгіт түрінде келетін ди-
дактикалық өлеңдері де кездеседі», - деп
білген, бірақ мұның ешқайсысы да Абайдан
үлгі-өнеге алуға кедергі жасай алмайды,
жаңа жағдайға лайықтап ала білу керек,
сондықтан одан «түрді, түрдің кестелерін,
образдарын өзінің идеясына бағындырып,
алған тақырыбын өрнектеп беретіндігін
үйрену керек. Өлеңнің ырғағы, сөз екпін-
дері, сыртқы құрылысы мағынасыз қалай
болса солай қолдана салатын нәрсе емес.
Онда да мағына, онда да идея, пікір бар.
Абай сияқты классик, мастер, шебер,
шешен, ұста ақын өз дәуірін қалай сурет-
теді, қалай көрсетті, соны көрсетуде тілді
қалай жұмсады, қалай пайдаланды, міне,
осы шеберлік жағынан үйреніп, дәуірімізді,
Отанымызды осылай суреттей білу керек»
[114-бет], - деген тұжырымдары өзінің
эстетикалық сауаттылығымен, ой ағынының
мәнділігімен көрінуі - қазақтың сыншыл-
дық ойының биік белге көтеріліп келе
жатқанын аңғартатын белгілер.
Абай творчествосының мән-маңызын
аңғару тобындағы көп еңбектің бірі - М. С.
Сильченконың «Абайдың реализмі» деген
мақаласы. Алайда осы мақалада «Абай
мәселесі», «Абайдың дүниеге көзқарасы»,
«Абай поэзиясы» деген тарау аттары аң-
ғартқандай, жалпылай ой топшылау басым.
Рас, автор сыншыл реализм деген терминді
қолданған, бірақ оның сыр-сипаты Абай
творчествосынан өрбімей, сырттай қисын-
далған. Абай реализмін зерттеу қажет деген
пікірді нақты дәлелдеп көрсетпеген. Осы
күрделі мәселе М. Әуезовтің «Орыс реа-
лизмінің дәстүрі және революцияға дейінгі
қазақ әдебиеті», «Абайдың халықтығы мен
реализмі» деген еңбектерінде ғылыми
шешімін тапқан.
Сонымен, М. Әуезов, I. Жансүгіров, Қ.
Жұбанов, Е. Ысмайылов пен 3. Шашкиннің,
М. Сильченконың «Әдебиет майданы» жур-
налында жарияланған еңбектері Абай ақын-
дығының қыры мен сырын ашуға, Абай
поэ-зиясының қазақ әдебиетіне қосқан
жаңа-лығын
саралауға,
көркемдік
шеберліктің биік сатысына көтерілерде
қандай
мәнді
арналардан
үлгі-өнеге
алғандығын танып-білуге мүмкіндік берді.
Екінші жағынан, ка-зақтың әдеби сынының
алымы молайып, тынысы кеңігендігін,
ғылыми арнамен өркендеуге мүмкіндігі мол
екендігін, жанр ретінде қалыптасып келе
жатқандығын танытты. Проблемалы сын
мақалалардың, ғылыми ізденістердің бәрі
де қазақ әдебиет-тануының өркен жаюына
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
20
қолайлы жағдай туғандығын, ал, сынды
өзінің
профессио-налдық
арнасына
айналдыратын білімді жас дарындар жасағы
бар екенін көрсетіп берді.
«Әдебиет майданы» журналының осы
арнайы санында жарияланған материал-
дардың енді бір мол саласы - Абай зама-
нын, ұлы ақынның дүниеге көзқарасын
анықтау мәселесіне арналған. Әзімбай
Лекеровтің «Абай және оның дәуірі»,
Әмина Мәметованың «Абай - кезеңнің дана
ақыны» деген мақалаларының идеялық-
творчестволық өрістері, негізінен алғанда,
бұдан да бұрын талай әңгіме, айтыс-тартыс
объектісі болған жайларға аударылғанмен,
әр автордың ой түйіндеуі, пікір қорытуы әр
алуан. Сондықтан олардың негізгі ой-
пікірлерін топтастыра қарастырған абзал.
Бұл авторлар ең негізгі мәселе - Абай өмір
сүрген заманның сыр-сипаты әлі зерттелген
жоқ. Абай жөніндегі дау-дамайдың барлы-
ғы да осы түбегейлі мәселеден өрбіп жатыр.
Абай заманын әркім әрқилы талдайды, сон-
дықтан өз заманының бел баласы болған
Абайды әркім өзінше бағалайды деген ойды
айтқан.
Ә.Лекеров
Абай
творчествосындағы
әлеуметтік сарындарды талдай келіп: «Абай
қай мәселе болсын, қоғам құрылысы, жұрт-
шылық, ел билеу, дін - бәрін әкеліп өзінің
негізгі көзқарасы - ағартушылыққа бағын-
дырады, барлық мәселеге сол көзбен
қарайды» [62-бет], - деп тауып, Абайдың
ағартушылығын үлкен ғылыми концепцияға
айналдырады, дәлелдей баяндайды. Бұл
пікір кейіннен толықтырылып, «Абай -
ағартушы-демократ»
деген
тұжырымды
Сәбит Мұқанов жасағаны әмбеге аян.
«Әдебиет майданы» журналында жария-
ланған материалдардың үшінші тобы –
Абайдың қоғамдық сананың әр саласы жа-
йында айтқан ой-пікірлерінің мәнін ашу.
Оған бір мысал - Шарафи Әлжановтың
«Абайдың педагогика туралы көзқарасы»
деген мақаласы. Кейін бұл салада көптеген
еңбектер жазылғаны белгілі. Ш. Әлжанов:
«Кейбіреулер айтады - Абай тек болғаны
жазушы, ақын, онда философия, психо-
логия, педагогика туралы көзқарас жоқ.
Осы соңғы пікір дұрыс па? Жоқ, дұрыс
емес» [23-бет]. Абай сегіз қырлы дегенімен,
автордың социологиялық қайшылыққа ұры-
на бергенін де байқаймыз. Мәселен: «Абай
ғылымды, мәдениетті, прогресті жаңа
көзбен көре алмады. Абайдың «ғылымы»
ескіліктен, дінмен, құдаймен шумақтасып,
шатасып жатыр» [25-бет], - дегендері
автордың ниетіне тұсау сала берген.
Сонымен, Абайды ғылыми тұрғыдан
танып, зерттеудің алғашқы қадамы осы
«Әдебиет майданы» журналының ақынға
арналған санынан басталды деп білуіміз ке-
рек. Мұнда Абайдың заманы, дүниетанымы,
творчествосы, өнеге алған арналары, жа-
ңашылдығы, поэтикасы арнайы әңгіме
арқауына айналып, алғашқы ғылыми мәнді
барлаулар жасалды, жаңа да соны концеп-
циялар тұжырымдалды. Ол материалдардың
басым
көшпілігі
Абайтану
проблема-
тикасын қайткенде де көбейте түсу үшін
емес, шешіп алынуы айрықша кажетті
түбегейлі мәселелерге арналды. Сыншылық
пікір мен ғылымдық ойлар ажыраспас
тұтастық тауып, қазақтың әдебиет сыны
жанр ретінде бірдыдыру эстетикалық-көр-
кемдік биіктерге көтерілуге даярлығы бар
екендігін айқын танытты. Бір ғана 1934
жылдың ішінде Абай жайында жиырмаға
тарта мақалалардың жазылуы, сентябрь
айында Абайдың мұрасына арналған дис-
куссияның сәтті өтуі, жалпы ынта-тілектің
Абай творчествосын жан-жақты біліп,
тануға аууы, сонымен қатар, эстетикалық
талдау жүйесіне кешегі күннің салқыны
тиіп, инерция бойынша айтылған ой-
пікірлердің кездесуі де қазақ әдебиет
сынының өсу, өркендеу процесінің құнарлы
екендігіне айқын дәлел бола алады.
Абайдың қайтыс болуына 30 жыл толу-
ын атап өту жөніндегі үкімет қаулысынан
қанаттанған
сыншылық-ғылымдық
ой-
пікір-лер көзі ашылған бұлақтай мөлдіреп
ақты. Кейінгі жылдарда ең аз дегенде он-он
бес-тен, ал, 1940 жылы 150-ге тарта мақала,
зерттеу, дәйектеме мен жарнамалар жазыл-
ғанын айтар болсақ, жаңадан іргесі қалана
бастаған Абайтану ілімі әдебиеттану ғылы-
мымен үзеңгі қағысып, «үрдіс өсіп келе
жатқан және қазақ әдебиетінің өзге тарау-
ларын тануымыздан гөрі, өнімдірек өске-
леңдеп келе жатқан ғылым тарауы екенін»
[М. Әуезов. Абай Құнанбаев. 1967, 275]
анық танытты. Сондықтан біз алғашқы ке-
зеңдей емес, енді Абай творчествосын иге-
ру мәселесіне өзіндік үлесін қосқан кесек
те күрделі еңбектерге қысқаша шолу
жасасақ та жеткілікті деп есептейміз.
Айтылар
ой,
дәлелденер
пікір,
әр
проблемадан
өрбіп
шығатын
ішкі
мәселелердің бәрін түгелдей, ішіне кіре
жазу бұл еңбектің міндетіне жатпайды.
Қалыптасу дәуірін өткеріп келе жатқан
казақ әдебиеттану ғылымында Ғаббас
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
21
Тоғжановтың «Абай» атты 1935 жылы шық-
қан зерттеуі бар. Абай творчествосының
бар проблематикасын әңгімелеген, көбіне
оңтайлы жауап берген ғылыми эстетикалық
еңбек емес, социологиялық арқауы басым
монографиялық очерк. Ол Абай лирикасына
тоқтаған уақытта: «Оның бір ұшы қазақтың
ескі әдебиетінде, енді бір ұшы орыстың
Пушкин, Лермонтовтарында жатыр. Абай
екеуін де қоса білді. Абай лирикасында же-
ке адамның мұңы мен әлеумет тілегі
араласып жатады. Абай қарабасын сол көп
үшін, жұрт үшін жылатады, өлеңмен өлер-
дегі сырын айтады. Абай сыры - жүрек,
сезім, сананы түгел аралайды. Адамның
ішіне кіреді, жанын қозғайды. Бұл жағынан
карағанда терең сырлы ішкі сырды қопара-
тын лирика қазақта Абайдан басталды
деуге болады» [136], - деген бақылаулар
жасайды.
Абай творчествосы жайында 30-жылдар-
дың бірінші жартысында жазылған зерт-
теулер мен мақалаларда бірқыдыру өнімді
ізденістер болды. Осы кезеңнің ерекшелігін
Сәбит Мұқанов 1937 жылғы «Әдебиет май-
даны» журналында жарияланған, кейіннен
Абай шығармаларының бірінші томына
1939 жылы алғы сөз ретінде жазылған
«Абай - халық ақыны» атты ғылыми-
эстети-калық жағынан айрықша мәнді
еңбегімен айқындап, Абайдың жеке басын,
оның
асыл
творчествосын
дау-дамай,
айтыс-тартыстың
додасынан
шығарып
алды.
Абайдың заманы, дүниетанымы, ақын-
дығы, жаңашылдығы сияқты күрделі де
мәнді мәселелердің бәрі де күн тәртібіне
қойылып, идеялық-көркемдік шешімін таба
бастаған уақытта, ендігі жазылар еңбектер
құр баяндауға негізделмей, түйінді жинақ-
тауларға көшуге тиісті еді. Міне, осыны С.
Мұқанов кезең талабын ескере отырып
жүзеге асырды. Абай творчествосын әңгі-
мелегенде,
бұрынғыдай
ұзақ
сонар
дәлелдер келтіріп, тарихи-әдеби шолу
жасау қажет-тігі анохронизмге айнала
бастады. С. Мұқанов «Абай - халық ақыны»
деген ең негізгі концепцияны жан-жақты
дәлелдеп шықты. «Абай ру қамын емес,
жалпы қазақ халқының қамын ойлаған,
бақытын көк-сеген, қазақ шаруасын мәдени
жолға
түсі-руді,
қазақтың
әлеуметтік
тұрмысындағы теңсіздікті жоюды, қазақтың
ұлт мәде-ниетін, ұлт әдебиетін өсіруді
арман еткен, ұлттың самосознаниесі күшті
қазақ хал-қының бірінші ұлы ақыны», -
деген ең не-гізгі пікірді тұжырымдауы
1937-1939 жыл-дарда үлкен ерлік қана
емес,
ғылыми-эстетикалық
жаңалық
болатын. Ал бұл қо-рытынды пікір Абайды
ғылыми жолмен тану бағытында жазылған
барлық еңбектер-ден, мақалалардан өнетін,
өсіп-шығатын, бірақ, сол уақытқа дейін
ешкім
тұжырым-дап
айтпаған
түйінді
қорытынды болды. Осындай концепция
жасау үшін С. Мұқанов өзінің 1937 жылы
«Әдебиет
майданы»
жур-налындағы
мақаласының
негізгі
арқауын
мүлде
өзгертіп,
жаңаша
баяндауына
тура
келгендігін көреміз.
Абай сынды халық ақыны қалай өсіп-
жетілді, ақындық дарыны қалай қалып-
тасты, кімнен үлгі-өнеге алды деген
мәселе-ні
осы
тұжырымға
тәуелдей
баяндады. Өйт-кені бұған дейінгі еңбектер
тарихи-әдеби деректерді баяндай отырып
қорытынды шығаруды көздесе, бұл еңбек
Абай төңіре-гінде осыған дейін айтылған
ой-пікірлердің бәрін ескере отырып, әуелі
негізгі қоры-тынды жасап алып, соны
социологиялық-эстетикалық
тұрғыдан
дәлелдеп көрсетуді мақсат еткен. Мұндай
синтездік еңбек зерт-теулер объектінің сыр-
құпиясы бірқыдыру ашылып, даңғыл түсе
бастаған шақта пайда болатын құбылыс.
С. Мұқанов Абайдың халық ақыны еке-
нін айқын дәлелдегеннен кейін, оның
дүниетанымы, көзқарасы жайында өнімді
ойға тізгін беріп, ағартушы-демократ деген
терминді алғаш ұсынды.
Абай революциялық ой-пікірге, яғни қо-
ғамды күрес жолымен жөнге салу, өзгерту
идеясын уағыздамағанымен, таптар қай-
шылығын көре білді, еңбектің мәнін ұқты,
саяси теңсіздікті көрді, болысты, стар-
шынды сынады, әйелдердің азаматтық пра-
восын қорғады, бірақ осының бәрін рево-
люциялық тұрғыдан емес, ағартушы-демо-
краттық позициядан көрді деп дұрыс ой
түйеді. Осы концепция әдебиеттанудан бе-
кем орын алып, өнімді (табысты) ізденістер
жасатуда.
Осы идеялық мәселелердің бәріне оң-
тайлы жауап тауып, үлкен тұжырымдар
жасағаннан
кейін,
автор
енді
творчестволық салаға, әсіресе, Абайдың
қазақ жазба әде-биетінің негізін қалаудағы
ерен жаңа-шылдығына барынша көп назар
аударады.
Абай қазақ поэзиясына 15 жаңа түр кір-
гізді деп, оны нақты-нақты мысалдармен
дәлелдейді. Е.Ысмайылов пеп 3.Шашкиннің
«Абай поэтикасы» деген еңбегінің мето-
дологиялық тәсілін сыртқа теппегенмен,
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
22
мүлде жаңаша ой толғайды. Абай жасаған
жаңа өлең өрнектерінің сырт құрылысына
емес, ішкі тынысына баса назар аударады.
Осыған байланысты үш түрлі ескерту жа-
сауды қажет деп тапты. «Бірінші, бұл
жаңалықтарды табарда Абай негізінде Ев-
ропа әдебиетіне сүйенгенмен, олардан
аударды деуге болмайды» [21-бет], оның
көп түрі қазақ поэзиясының бесігіне бөлен-
ген, екінші, орыс өлеңінің құрылысы тони-
калық болса, Абай силдабикалық өлеңнің
жүйесін қатты қолданады, үшінші, көп
өлеңін әнге лайықтап шығарған, өзінің
жаңа өрнегін қалыптастыру үшін әдейі 17
ән шығарады, жаңа әуенді музыканы поэзия
жаршысына айналдырады. Өз өлеңіне жаңа
мазмұн, жаңа ырғақ, жаңа үйлес, жаңа түр
ізденіп, оны көп еңбек сіңіру арқылы
тауып, қазақ поэзиясын бұрынғыдан жо-
ғары сатыға көтерген Абай осы ізденудің
арқасында өлеңдерінің көркемдігін жаңаша
құрып, көркемдіктің жаңа түрлерін, жаңа
образдарды, жаңа теңеулерді көп тапқан
ақын» [23-бет], - деген тұжырымды Абай-
дың көңіл-күй, табиғат лирикасына сабақ-
тастырып жібереді.
Табиғат лирикасы көбіне професси-
оналдық
поэзияның
мәнді
көрсеткіші
екенін ескерте отырып, қазақ поэзиясының
теңеу
объектісінің
өзгере
бастағанын
орынды байқаймыз. Абайға дейінгі өлең-
жырда поэ-тикалық теңеулер көбіне малға,
жануарға байланысты еді, енді табиғат сазы
ене бас-тады, табиғат құбылысымен көңіл-
күй сырын ашу заңды жүйеге айналды,
«Абай табиғаттың шын, ақиқат көркем
бейнесін
көз
алдыңа
алып
келеді.
Табиғаттың құбы-лыстарын Абай табиғат
үшін
ғана
емес,
адамның
өмірімен
байланыстыра,
адамға
бейне
қыла
жырлайды» [25-бет].
Сонымен, С. Мұқановтың «Абай - халық
ақыны» деген ғылыми-эстетикалық жағы-
нан толымды да дәлелді қорытындысы
біздің әдебиеттануда әбден қалыптасып,
Абайдың творчествосы туралы эстетикалық
жаңаша талдау жасауға бағыт сілтеді.
Абай жөніндегі ой-пікірлердің жетіле
толысуы, өрелі өркендеуі барысында Абай-
дың ғылыми ғұмырнамасын жасау мәселесі
күн тәртібіне нақты қойылды. Мұны
негізінен М. Әуезов атқарып шықты, ерен
еңбек сіңірді, ұлы Абайды әлемге танытты.
Абайдың өмірбаяны әлі толық емес,
қомақтандыру шарт, әсіресе, Абайдан қал-
ған қолжазбаның сақталмауы мүмкін емес,
талай көшірмелер болған, солардың соңына
жарық алып түсу, Абайдың орыс достары
туралы деректерді іздестіру, Семей, Омбы
архивтерін ақтару жайлы ойлар айтылды.
Міне, осы жай Абайдың екі томдығын 1939-
1940 жылдары шығару кезінде қатты еске-
рілді. Мұхтар Әуезов пен Өтебай Тұрман-
жанов екеуі Алматы, Семей архивтерін
ақтарып, Мүрсейіт қолжазбасының жаңа
варианттарын тапқан. Ірілі-уақты деректік
дүниелер, естеліктер жинаған. Осының
бәрі-бәрі Абайдың толық жинағының II
томдығында жарияланған. Сол материал-
дардың бәрі де М. Әуезовтің қолымен жа-
зылғанын Қазақ, ССР Ғылым акаде-
миясының
Орталық
ғылыми
кітапха-
насының сирек кітаптар қорында «1913»
деген рет санымен сақталып тұрған қол
жазба-кітаптан анық көреміз. Солай бола
тұрса да, М. Әуезов өзінің «Абай (Ибраһим
Қүнанбайұлы» атты классикалық моно-
графиясында әлі де болса: «Абайдың өмір-
баянын зерттеп, толықтырып жазу жұмысы
жетер өресіне жетіп, аяқталған жоқ», -
дегені әшейінгі кішіпейілдік қана емес. Де-
мек, Абайды ғылыми жолмен тануға үлкен
септігін тигізетін осындай еңбектердің ке-
зеңдік мәнін ғана емес, жалпы тарихтық
орнын айқындау шарт.
1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл
толуы бүкіл халықтық мерекеге айналды.
Мерекеге арналып шыққан Абай шығар-
маларының толық жинағына С. Мұқанов
«Абай - қазақ халқының данышпан ақыны»
деген алғы сөз жазуы, М. Әуезов пен Б.
Кенжебаевтың «Абай - қазақ халқының ұлы
ақыны» деген кітапша шығаруы, Қ.
Жұмалиев, Е. ЬІсмайылов, Ә. Қоңыратбаев,
Қ. Мұхаметханов, Т. Нұртазин, Т. Тәжібаев,
М. Сильченко, Ә. Тәжібаев сықылды
ғалымдардың,
қоғам
қайраткерлерінің,
ақын-жазушылардың 300-ден астам мақала
жариялауы Абайдың жазба әдебиет негізін
қалаудағы еңбегін ғана айтып қоймай,
бүкіл
қазақ
қоғамындағы,
мәдениет
тарихындағы орнын айқындап берді. Соның
арқасында қазақ әдебиеттану ғылымында
Абайтану ілімінің өз алдына отау тігуіне
жағдай жасалды.
Бұдан кейін, яғни қазақ әдебиеттануы-
ның қалыптасу дәуірінде бұл салада
ізденіс-барлаулардың барынша өркендей
түскені әмбеге аян. Өз алдына ілім сала-
сына айналғанда, оның тарихын, басып
өткен жолын М. Мырзахметов арнайы қа-
растырғанын ескеріп, Абайды ғылыми
жолмен зерттеудің өнікті де жемісті
арнамен дамыған шағын танимыз.
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
Достарыңызбен бөлісу: |