Комитетінде тіркеліп 24. 12



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата29.12.2016
өлшемі1,88 Mb.
#704
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

 

 

41

 



М.Әуезов  Абайдың  оқыған  кiтаптарындағы 

түрлi  ақыл-нақыл,  өсиет,  өнегенi  ой  жүгiртiп, 

толғанып, тұшынып барып қабылдайтынын көр-

сету үшiн осы материалды деталь ретiнде алған. 

"Абай жолындағы" осы шағын ғана деталь өсiп 

келе  жатқан  ұлы  тұлғаның  оқыған  кiтапта-

рындағы мәндi насихатты көз жұма қабылдамай 

ойланып-толғанып оның өмiрiмен қабаттасатын 

сәттерiн,  жiктерiн  iздейтiнiн  көрсету  үшiн 

алынған. 

Бұл  ойларға  Абай  аяқ  астынан  келiп  тұрған 

жоқ.  Қарқаралы  қаласында  дәл  осы  күндерде 

өтiп  жатқан  iрiлi-уақтылы  оқиғалар  мен  үл-

кендi-кiшiлi адамдар әрекетi мен құлшынысына 

ойлана  қараумен  келiп  отыр.  Байқап  отыр-

ғанымыздай,  бұл  ойлар  негiзiнен  Абайдың 17-

сөзiнiң  мазмұнына  жақын.  Өзгешелiгi  де  бар. 

Ол - жүректе. 17-шi  сөзiнде  Абай: "адам 

бойындағы  аталған  екi  қасиет  ақыл,  қайратты 

жүрекке  бағындыру  керек,  оның  бәрiн  танып 

қосатын  ғылым  болуы  керек" - дегенге  келедi. 

Ал  эпопеяда  Абай  "оның  бәрi  бiр  жерде,  бiр 

кеудеде,  бiр  адамның  iшiнде  болуы  керек" - 

деген  байламға  барады.  Бiр  қарағанда  мұнда 

айырма  аз,  тiптi  елеусiз  нәрсе  сияқты.  Алайда 

осы  елеусiздiң  өзiнен  М.Әуезов  қана  бойлай 

алған  тереңдiк  байқалады.  Ойлана  қарасақ, 

Абай  әлi  ақыл-қайратты  ұстап  тұратын,  бастап 

жүретiн  күштi  тауып  отырған  жоқ.  Бiрақ  сол 

жолға  шығып  тұр,  табалдырықтан  аттап  отыр. 

Бұл  әлi  есейе  қоймаған  бала  образының 

үйлесiмiне  сәйкес.  Әрi  талантты  баланың  бола-

шақ тынымсыз ойларын, iрiлiкке, ұлылыққа ба-

ғыт  алған  жолын,  аттаған  табалдырығын  көр-

сетедi. 

М.Әуезов  тектен  тек  "оның  бәрi  бiр  жерде, 

бiр  кеудеде,  бiр  адамның  iшiнде"  деп  отырған 

жоқ.  Әлi  де  өмiр  мен  адамдық  туралы  ойлары, 

өмiрлiк  тәжiрибесi  аздау  баланың  түйсiк 

арқылы  жан  дүниесi  ғана  сезiнiп  тұрған  жай-

күйдiң  толғаныстарын,  ойдың  сатыларын 

бейнелеу үшiн алып отыр. 

"Абай  жолының"  бiрiншi  кiтабы  соңындағы 

Тойғұлы  үйiндегi  құдалықтағы  әңгiмелерде 

Құнанбай  және  оның  қасындағылар  өткен 

заманды,  оның  адамдарын  мақтайды.  Сонда 

Абай  оған  қарсы  пiкiр  айтады: - "Бұрынғы 

заманның  жақсылығы  со  ма,  қатар  отырған  бiр 

туысқан  елдер  бiрiн-бiрi  шауып,  шаншып, 

сойқаннан  арылмаушы  едi.  Кемпiр-шал,  қатын-

бала  тыныштықпен  ұйқы  ұйықтап,  түгелiмен 

асын  iше  алмаушы  едi.  Осы  тұрған  Сыбан  мен 

Тобықты  арасында,  Тобықты  мен  Семей  ара-

сында  жалғыз  жарым  қатынаса  алмаушы  едi. 

Алып  кетедi,  жұлып  кетедi  деп  ылғи  ғана 

жасқанып жүрушi едiңдер... Сол заман да жақсы 

ме екен?..."[3-т., 404-6]. 

Бұл - Абайдың  оқу,  өнер  iздеп  Семей  қа-

ласына  бет  алған  кездегi  сөзi.  Алайда,  адамдар 

арасындағы  қатынастардан  түк  сезбейтiн,  бол-

маса  түсiнiгi  шамалы  балаң  жастың  ойы  емес. 

Өмiр көрген, түйгенi мен тоқтамы бар адамның, 

мiнездi  жастың  сөзi,  ендi  соны  өзге  ел, 

ғұламалар  iлiмiнен  iздеп  көрмек,  салыстырмақ. 

Абай  жаңа  заман  лебiн  сезiп,  соны  танып  бiлу 

жолында  өзiн  қоршаған  орта  мен  қоғамдағы 

қайшылықтарды  көре  бастаған.  Уақыт  тiлi  мен 

заман мiнезiндегi жаңалықтарды ұққысы келедi. 

Жақсысын алмақ, жарамсыз деп тапқандарымен 

күресу ойда бар. 

"Мен  желiк  iздеп  бара  жатқаным  жоқ. 

Адамдық  қасиетiн  iздеп  барам", - дейдi  ол 

Дiлдаға.  Бұл - Абайдың  ел  iшiндегi  түрлi  дау-

жанжалдарға  араласып,  билiк,  шешiм  айта 

бастаған,  есейген,  кемелiне  келген  кезi.  Абай 

жиырма  төрт  жаста.  Алдында  тұрған  оқу  да 

оңай  емес.  Артта  отбасы,  аналары,  балалары, 

бауырлары,  ағайын-тума,  ауыл  қалып  барады. 

Алда  беймәлiм, түсi суық қатал өмiр  тұр, Абай 

соның  мiнезiн  бiлмек.  Адамшылық,  әдiлдiк 

жолындағы  тартыста  езiне  күш  беретiн  жаңа 

жолға түспек. 

Жоғарыдағы  тайталастан  кейiн  "Қарттың 

бәрi  өздерiнiң  қатты  жеңiлгенiн  сездi", - деп 

тәмәмдайды М.Әуезов.  

Солардың  бiрi  Құнанбай  едi.  Ендi  ол  өзiне 

жат,  бiрақ  қуатты  әлемге  тоқтаусыз  бет  алған 

баласын  оңаша  шығарып  алып,  оның  бойынан 

тапқан үш iрi мiнiн айтады. 

Соның  үлкенi - Абайдың  орысшылдығы. 

"Орысшылсың, солай қарай ден қойып барасың. 

Дiн-мұсылман  жат  санайтынын  ескермейсiң", - 

дейдi Құнанбай. Бұл сөздерден оның орыстан ат 

-тонын  алып  қашып  отырмағаны  да  аңға-

рылады.  Әңгiме  дiн-мұсылман  жат  санайтын 

орысқа  ден  қоюда  болып  отыр.  Өйткенi,  заман 

лебiн  түсiнген,  ақылды  Құнанбай,  болашақ 

бағыттың,  күш  қайраттың  қайда  жатқанын 

аңғармайтын  қалыпта  бейнеленсе,  ол  характер 

қисынымен қайшылыққа келер едi. 

Орысқа  ден  қойып  барасың  дегенде,  ата-

салтын ескермей, көп алдында әкеге тiке сөйлей 

бастаған баласының "өрескел" әрекетiнен орыс-

шылдықты  көрген  шығар.  Бәлкiм,  оны  қаума-

лаған  ел  алдында  беделiн  түсiру  тәрiздi  қабыл-

дағандық  та  болар.  Алайда  елi  ығысатын 

Құнанбай  болашаққа  бет  алған  баласын  бұ-

рынғыша  тоқтата  алмасын  анық  бiлiп  отыр. 

Оның  бойындағы  өзiне  жат  көрiнген  мiнез-әре-

кеттi  айтумен  ғана  шектелiп  отырғаны  сондық-

тан.  Абайдың  әкесiне  қайтарған  жауабында 

М.Әуезов  Абай  қарасөздерiнде  айтылған  ойлар 

өзегiн  (өлеңдерiнде  де  бар)  пайдаланады. 

"Халқым  үшiн  де,  өзiм  үшiн  де  дүниенiң  ең 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

42

 



асылы - бiлiм, өнер. Сол өнер орыста. Мен бар-

лық тiрлiктен ала алмаған ақылды содан алатын 

болсам,  ондай  жер  жатым  бола  ма?  Жатырқап 

қашқақтауым  надандық  болса  болар,  бiрақ  қа-

сиет болмас..." [М.Әуезов. 3-т., 407-6]. - Бұл ой 

Абайдың  жиырма  бесiншi  қарасөзiнiң  өзегiнде 

бар: "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер 

де,  ғалым  да - бәрi  орыста  тұр.  Зарарынан 

қашық  болуға,  пайдасына  ортақ  болуға,  тiлiн, 

ғылымын  бiлмек  керек.  Оның  үшiн  олар  дүни-

енiң  тiлiн  бiлдi,  мұндай  болды.  Сен  оның  тiлiн 

бiлсең,  көкiрек  көзiң  ашылады...  Орыстың  ғы-

лымы, енерi - дүниенiң кiлтi, оны бiлгенге дүние 

арзанырақ  түседi" [Абай  Қүнанбаев.  Шығ. 2-т. 

толық жинағы. Алматы, 1977, 2-т., 162-6] - 

Құнанбай  тыңдап  болды  да  күрсiнiп  қойды. 

Шарасыздық  ашуы  бiлiндi.  Бiрақ,  үн  қатқан 

жоқ.  Сөз  осымен  бiткен  едi.  Абай  қоштасты  да 

жүрiп кеттi. 

"Абай  жолының"  бiрiншi  кiтабында  Абай 

қарасөздерi  түрлi  деңгейде  өзгертiле  алынады. 

Мұнда М.Әуезов орыс, Еувропа оқуына ендi ға-

на бет алған Абай характерiнiң қалыптасу үйле-

сiмiн  есте  үстаған  тәрiздi.  Өйткенi  Абай  қара-

сөздерi  оның  (Абайдың)  кемелденген  шағында, 

күрделi мәселелерге арналған ғой. 

 

*** 


М.Әуезов  эпопеясының  екiншi  томында 

Абай  қарасөздерiн  қолдануды  ақынның  Ақшо-

қыдағы  әңгiмелерiнен  бастайды.  Балаларының 

оқытушысы  Кiшкене  молдамен  пiкiрталасында 

қарасөздер  әуенi  Абайдың  өз  сөздерiнде 

келтiрiледi. 

Әңгiме  түйiнi  тағы  да  ғылым,  оқу  бағы-

тында,  Абай  орыс  тiлiнiң  қиын  өткелдерiн  өт-

кен,  тiптi  Пушкинмен  еркiн  сырласуға  мүм-

кiндiк  алған.  Дәл  осы  кезеңде  оның  өмiрiнде, 

жан дүниесінде өзге де қуаныштар көл көсiр едi. 

Ол салып жатқан үйiнiң құрылыс жұмыстарын, 

билiктi Әйгерiм, Ерболдарға тапсырып, алаңсыз 

"машақат"  үстiнде  отырған.  Үйге  кiрген  Әйге-

рiм  мен  Ербол  Кiшкене  молдаға  Абай  осы  қуа-

нышын айтады.  

Шығармада Кiшкене молданы таңдандырған 

екi  жайға  М.Әуезов  ерекше  тоқталады.  Бiрi - 

оның  болашақ  мекенi,  жаңа  үй-жайдың  iргесi 

қаланып жатқанда Абайдың үнемi үйде отыруы. 

Тiптi  осы  оқшауланудың  себебiндей  айтып 

отырған  қуанышы  исламиятқа  байланысы  жоқ, 

орыс  кiтаптарынан  алынған  ғибратта  екен. 

Кiшкене молда үшiн мұндай қуаныш мұсылман 

кiтаптарын  оқу  үстiнде  болуға  тиiс.  Ал  Абай 

мүлде басқа жайды айтып отыр. 

"Мұталаға  ашылды"  демек  Мантих,  Ғақай-

ыдты оқып жүрiп, "Кафия", "Шарх Ғабдолланы" 

өз  талабымен  халфесiз,  хазiретсiз,  дәрiссiз  фә-

һiмлейтiн  болса,  соған  айтса  ләзiм.  Болмаса, 

орыстың  әллә  нинди  "шитри-мытриын"  фәһiм-

ләiдiм  деп, "мұталағаны"  бұл  жерде  сөз  қылу 

мүмкiн  емес.  Оныңыз  һәм  хата,  Абай! - дейдi 

[М.Әуезов. 4-т., 120-6.]. 

Кiшкене молданың бұл кiнәларына Абай жа-

уаптарында  отыз  сегiзiншi  қарасөзде  айты-

латын  ойлар  әзегi  бар.  Алайда,  М.Әуезов  осы 

пiкiрталасты суреттеу барысында Абай қарасөз-

дерiн еркiн қолданады. "...Мұсылманшылық қа-

ғидасы  "ғылым  қайда  болса,  кiмде  болса  сонан 

ал" десе болар едi. Сiз айтқан өрiс менiң де бiраз 

шарлаған  жерлерiм.  Мен  ғылымның,  яғни  фән-

нiң,  көп  ғасырлар  бойы  адам  баласы  жиған  қа-

зынасына  қол  артамын  деп,  сапар  шектiм.  Сiз 

оқымаған  адам  болсаңыз  бiр  сiрә.  Өзiңiз  ұстаз 

саналасыз.  Бiрақ,  ғылымды  бiр-ақ  жолдан,  бiр-

ақ  тар  асудан  iзде  дейсiз.  Ғылым  демек,  шексiз 

кең дүние демек емес пе едi. Мұсылман ғұлама-

ларының  даналары  Сократ  хакимнен,  Афлатон-

нан,  Аристотельден  оқымап  па?" [М.Әуезов. 4/ 

т., 121-122-66].  

Демек  Абай  қарасөздерiнiң  талайларында 

қайталанатын  бiлiм,  ғылым  iздеудiң  қажетi  ту-

ралы ойлар қайталанады.  

Абай бұл кезеңде ақыл, ой, бiлiм арналары-

ның  әлемдiк  бағытына  көз  тiгiп  отыр. "Абай 

жолы"  эпопеясының  екiншi  томындағы  Абай 

мен  Михайлов  арасындағы  әңгiмелерде  Абай 

дүниетанымының  бiр  негiзi  ислам  тарихы, 

мәдениетi қозғалады. 

Бұл  жолы  Абай  дүниетанымына  тән  қара-

сөздерiнде айтылатын ойлар Михайлов аузынан 

шығады.  Әрине  бұл  қытымыр  заман  ахуалына 

қатысты  М.Әуезов  қолданған  тәсiлдердiң  бiрi 

екенi түсiнiктi. "Сол оқыған тарихымды (әңгiме 

шығыс,  ислам  тарихы  туралы  болып  отыр. - 

З.Б.) тұрақты бiлiмге санар-сенiмiм болмай тұр" 

- деген Абай пiкiрлерiне Михайлов былай жауап 

бередi: 

"Ендеше, мен сiзге айтайын, ислам тарихы - 

бiлiм,  ол - үлкен  бiлiм!  Тек  қандай  тарихшы 

жазғанын  талдау  керек...  Ислам,  араб  өнерi, 

жал-пы  дүние  жүзiнiң  ғылым,  сана  табысына 

көп ғасырлар бойында аса зор жемiстер берген. 

Ескi  антик  өнерi  мен  Европаның  берiде  келiп 

шық-қан  ояну  дәуiрiнiң  арасында  жатқан 

бiрнеше  жүз  жылдар  меңiреулiгi  бар.  Сондағы 

көп  ға-сырдың  қараңғылық  заманына  сәуле 

беретiн,  тек  араб  мәдениетi  екенiн  айтып  өттi" 

[М.Әуезов. 4-т., 203-204-66]. 

Абай  шығыс,  ислам  тарихы,  мәдениетi  мен 

әдебиетiн  аса  жетiк  бiлген,  оның  адамзат  бала-

сына  қажеттiлiгiне  күмәнданбағаны  да  белгiлi. 

Абай  атынан  айтылатын  мына  сөздерде  сол 

пiкiрлер  өзегi  бар: "шынында  ғаделет,  хақиқат, 

ахлақ  мәселелерiнде  қауымның  игiлiгiн  ойлау-



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

43

 



шылар  аз  ба?  Нәсiлдер  ырысын  ойлайтын  әр 

заманның,  әр  халықтың  ғұлама  ұстаздары  бар 

ғой" [Сонда, 204]. 

Кiшкене  молда  екеуiнiң  арасындағы  пiкiр 

таласының  бiр бағыты "мұталаға"  қатысты өте-

дi.  Кiшкене  молда  мұсылмандық  оқу,  қаты-

настарда  қолданылатын  терминдi  орыс  тiлi, 

батыс  туралы  әңгiмелерде  қолдануды  мүлде 

өрескел  қате  санайды.  Абай  үшiн  ол  адами 

танымдық  iзденiс  бағытындағы  бiр  саты, 

белестер үшiн орныққан терминдер ғана. 

Абайдың  шығыстық  ғылыми  терминдердi 

жақсы  бiлуi  және  оны  пайдалануы  осы  бiр 

елеусiз  детальдан  айқын  көрiнедi.  Абай  бей-

несiн  даралауда  М.Әуезов  оның  дүниетанымын 

суреттейдi.  Осы  үшiн  пайдаланып  отырған 

әдiстiң көркем мазмұннан бөлектенбей, ала құла 

көрiнбей  үйлесiмдi  үндесуi  авторлық  осындай 

көркем  идея  әсерiнен.  Оның  дүниетанымына 

негiз  болған  шығыстық  оқу,  бiлiм  жүйесiнiң 

эстетика,  этика,  мораль,  дiн  екенiн  түрлi  әдiс-

тәсiлдермен  жеткiзедi.  Абайдың  Шығыспен 

бай-ланысын  бейнелеу  барысында  суреткер 

осындай 


деталь-эпизодтарды 

ұтымды 


пайдаланады.  Бiлiм  жолындағы  iзденiстер 

үстiнде  Абай  тапқан  жаңалықтар  мен  тың 

ойларға 

қатысты 


барша 

нұрланыстарды 

(озарение)  суреттеуде  шығыс-тану  жүйесiнде 

орныққан әдiс, ойлау желiлерiн бейнелейдi.     

Бiрiншi  томдағы  жүрек,  ақыл,  қуат  туралы 

ойлары да осыны еске салады. 

Абайдың  әлемдiк  (орыс,  батыс)  мәдениет 

пен  әдебиетке  кеңiл  аударған,  бет  алған  ша-

ғында  оған  үлкен  әсер  еткен жеке адам ретiнде 

эпопеяда Михайлов образы алынады. 

Орыс  тiлiн  игерудегi  қиындықтарды  өткен 

Абай көркем кiтаптарды оқи келе үлкен бiр тү-

йiндi ойға шығады. Осы эпизодтарды М.Әуезов 

Абай  қарасөздерiн  пайдалану  арқылы  жазады. 

Михайлов  екеуiнiң  арасындағы  әңгiме,  кеңес-

терде  Абай  мынадай  түйiндi  ой  айтады: "Оның 

ойынша  [Абайдың - З.Б.]  қазақ  елiнің  алдында 

тұрған  бiр  жақсылық,  бiр  жамандық  бар.  Жа-

маншылықтан құтылу қиын, жақсылығына жету 

қиын.  Жаманшылық - бұл  өлкелердегi  ұлық, 

чиновниктер  жемнен,  шеннен  басқаны  аңғар-

майтын керең меңiреулер. Жақсылық - орыстың 

өнерi.  Бiрақ  оның  қазiргi  қазақ  қауымына  бар 

сыры,  бар  түрi  жұмбақ.  Бүгiнгi  қазақ  орыс 

дегенде - Селантий, Сергейлердi, Тентек Ояздай 

өгей  күштi  ғана  бiледi.  Бiрақ  Абай  танып-бiлiп 

келе  жатыр  ғой.  Орыстың  елдiгiнде  оның  ар 

жағында  жатқан  мүлде  бөлек  сыр  бар.  Ол 

ғажайып қадiрлi дүние. Орыста бұл күнде дүние 

есептесетiн  ғылым  бар.  Орыста  дүние  жүрты 

оқитын  кiтап  бар.  Халықтың  шын  қасиетiн 

танытқан, дүниеге танытқан асқар ойлы даналар 

бар".  Эпопеядағы  Абай  ойы  баяндалатын  бұл 

үзiндiде  Абайдың 25-қарасөзiнде  айтылатын 

гуманист  ойларының  негiзгi  мазмұны  бар.  Түрi 

сәл  ғана  езгертiлген.  Негiзгi  арна,  ой  бiреу - 

"орыстың  өнерi,  ғылымы - дүниенiң  кiлтi,  оны 

бiлгенге дүние арзанырақ түседi".                                              

Сөйтiп, "Абай жолының" екiншi томында да 

М.Әуезов  Абай  қарасөздерiнiң  мазмұнын  ғана 

сақтай, бiрақ сыртқы түрiн өзгерте қолданады. 

 

*** 



Эпопеяның үшiншi томында Абай өзi үшiн - 

өзге  де  қызықты  әлем,  орыс  әдебиетiнiң  та-

балдырығын  аттап,  оның  қайнарларынан  еркiн 

сусындар  деңгейге  жетедi.  Бiржола  шығарма-

шылық жолға бекiнуiнде де осы табыстың әсерi 

бар едi. 

Осы  бағытқа  алаңсыз  бет  бұрған  Абайдың 

арманы  мен  әрекетiне  қазақы  тiрлiктiң  ұсақ-

түйек  түйткiлдерi  араласып  оның  тыныштық 

тапқан  тәрiздi  жан-дүниесiн  тағы  астан-кестен 

қылады. 

Жатақтар  шөбiн  Әзiмбай  шауып  алып  елдi 

шулатқан сәтте Абай қатты қапа болады. Соның 

алдында  ғана  өзiн  қоршаған  ақын  шәкiрттерi 

арасында шалқып келген Абай, олардың ел, жер 

тарихы  туралы  тартысына  билiк  айтқан  Абай, 

ендi өз еркiнен тыс тағы бiр тартысқа килiгедi. 

Абай  тағы  жол  таңдау  айрығына  тiреледi. 

Амалсыз  тоқтайды,  ойланады.  Бiрi  ұсақ-тү-

йектен  басталайын  деп  тұрған  iрi  жанжалға 

жоламау  да,  екiншiсi  өзiн  пана  көрiп  келiп 

тұрған  Әбдiдей  ер  жiгiттер  бастаған  жатақтар 

дауына  араласу.  Дауды  әдiлдiк  жолына  бұру, 

жолсызға  тоқтау  салу.  Абай  осыны  қалайды. 

"...Тағы да өлең, өнер, тыныш еңбек бәрi қалады 

ғой,  содан  қорқам" - деген  Шұбар  сезiне: "Ой, 

өйтiп  жұрттың  көз  жасынан  тығылып  туған 

өлең  қалсын", - дейдi  Абай. "Ақын  болу  шарт 

емес,  азамат  болу  парызың"  деген  ұстаным 

осындай таңдауларда туған ба деп те қаласың. 

Әлдiнiң әлсiзге жасаған зорлығын көре тұра 

араласпаса,  адамдығына  сын,  араласса,  әдеби 

шығармашылықтан  алыстайды.  Еркiнен  тыс 

тағдырын  билеп  бара  жатқан  осы  бiр  тiршiлiк 

күйiнiшiндегi 

Абай 


ойларын 

бейнелеуде 

М.Әуезов  Абайдың  қарасөзiндегi  ойларды 

пайдаланады [9-сөз]. 

"Тағы  бiр  толқын  ойда  Абай  "Кетер  ме  едi 

осылардан", "бөгде  бiр  ел-жұрт,  дұрыс  орта 

iздеп кетер ме едi?" - деп ойланады да, өз ойына 

өзi  мысқылмен  қарады. "Жас  шағымда  соны 

етсем  едi"  деп  орыс  шаһарын,  орыс  қауымын 

еске  алды.  Бiрақ  жiгер  мол  жас  шақта  кету 

түгiл, осы елден артық ел, осыдан артық қызық 

орта бар дегендi ойлаппын да. Ал ендi ше? Ендi 

өмiрдiң, жастың осылай өзгеруi ме?! Ендi барды 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

44

 



жұлқып  тастап  басқаша  дүниеге  кiрiп,  кiрiсiп 

кетем  деуге  мезгiлiм  кеш  тартыпты.  Бiрақ  "не 

кетпей,  не  алыспай  тағы  отыра  алмайсың"  деп 

шұғыл  бiр  батыл  ойға  тақады  да  iшiндегi 

жақыныңнан  шыққан  жауыз  топтан  кету  керек 

те, ел iшiндегi жақынын - көптен дос табу керек. 

Осыған  жiгерiм,  жүрегiм  бастау  керек.  Менiң 

бекiнiп баруым керек деп ойлады" [5-т., 25-6].      

Осындағы өз тобыңнан кету мен көпке бару 

(әлеуметтiк,  таптық  астар)  М.Әуезовтiң  ресми 

идеология  үшiн  қосып  отырған  жайлары. 

Алайда,  ағайын  баласы  болма,  ата  баласы 

болма,  адам  баласы  бол"  деген  нақылдар  Абай 

шығармаларының  мазмұнында  ғана  емес, 

қарасөздерiнде  де  кездеседi "Әкенiң  баласы - 

адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың" 

[37-сөз]. 

Өзi  мен  халқы  үшiн  де  пайдалы,  маңызды 

iстермен  айналыса  алмай,  тiршiлiктiң  ұсақ 

түйегi  мен  ағайын  арасындағы  дау-дамайларға 

ерiксiз  араласқан  ақын  басындағы  ауыр 

ойларды  жеткiзу  барысында  да  М.Әуезов 

қарасөздердегi  ойларды  еркiн  қолданады, 

бiрнеше сөздердегi ойлар мазмұнын бiрiктiредi. 

Алайда  осы  сөздер  ақынның  сезiмтал 

жүрегiнiң  жетегiндегi  көңiлмен  айтылса  да, 

оның  жан-дүниесiнiң  мұңы  басқа  болатын. 

Ақын  қазақы  тiрлiктен  туған  ортада  алаңсыз 

творчестволық  еңбекпен  айналысу  мүмкiн 

еместiгiн аңғарғандай... Сонда, бұл тығырықтан 

шығар  жол  қайсы?  Не  iстеу  керек?  Елден  кету 

керек  пе?  Өмiрде  Абайдың  алдынан  талай 

шыққан  осы  бiр  қиын  түйiннен  туған  ойларды 

бейнелеуде  М.Әуезов  әдеби-тарихи  дерекке - 

қарасөздерге сүйенедi. 

Iшкi  монолог  үлгiсiнде  берiлетiн  сөздерде 

Абайдың  өз  ойлары  қолданылады: "...Қазақты 

жақсы  көрем  бе,  жек  көрем  бе?  Егер  жақсы 

көрсем,  қылықтарын  қостасам  керек  едi...  Егер 

жек  көрсем,  сөйлеспесем,  мәжiлiстес,  сырлас, 

кеңестес  болмасам  керек  едi,  тобына  бармай, 

"не қалды, не болды?" демей жату керек едi, ол 

мүмкiн  болмаса,  бұлардың  ортасынан  көшiп 

кету  керек  едi.  Бұларды  жөндеймiн  деуге,  жөн-

делер,  үйренер  деген  үмiтiм  де  жоқ.  Бұлардың 

бiрi  де  жоқ.  Бұл  қалай?...  Қайратты  күнiмде 

қазақты  қиып  бөтен  жаққа  кетпек  түгiл,  өзiн 

жақсы  көрiп,  үмiт  етiп  жүрiппiн.  Қашан  әбден 

бiлiп,  үмiтiмдi  үзген  кезде,  өзге  жаққа  барып, 

жатты  өз  қылып,  үйiр  боларлық  қайрат,  жалын 

сөнiп  те  қалған  екен.  Сол  себептен  бiр  жүрген 

қуыс кеудемiн. Тегiнде ойлаймын: бұ да жақсы, 

өлер  кезде  "әттеген-ай,  сондай,  сондай  қы-

зықтарым қалды-ау!" - деп қайғылы болмай, ал-

дыңғы тiлеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге" 

[9-сөз. Абай. 2-т., 141-14266]. 

М.Әуезов 

романындағы 

қолданылған 

қарасөздер  Абай  дүниетанымын  жан-жақты 

ашып  көрсетедi.  Жоғарыдағы  пiкiрдi (1885 

жылдар  шамасы)  Қарамолла  съезiнiң  маңында-

ғы  Абай  өмiрбаянының  мәлiметтерiмен  салыс-

тыра қарағанда бұл ақын басына жауатын жала, 

арыздардың әлi алды ғана. 

М.Әуезов 

романы 

жүйесiндегi 



Абай 

дұниетанымының қозғалысы, өсiп-жетiлуi елден 

кету  туралы  ойлардағыдай  қабаттасқан  арпа-

лысқа  әлi  ұласа  қойған  жоқ.  Әйтпесе  "Қазақты 

жақсы  көру,  жек  көру,  болмаса  алаң  болмай 

өлу"  туралы  ойларға  баруға  әлi  ертерек.  Сон-

дықтан  да  М.Әуезов  Абай  қарасөздерiн 

шығарма жүйесi мен характер қисынына қатыс-

ты  сәл  езгерте  алады.  Атап  айтар  болсақ,  Абай 

шығармашылық жұмысқа, ойлануға бой бермей, 

ырықсыз  иiрiмiне  алып  бара  жатқан  ортаға 

наразы.  Одан  қалай  құтылмақ?  Елден  кету  ме? 

Ақын  шынында  да  осы  сұрақтарға  таяп  түрған 

тәрiздi. 

Соның  өзiнде  де  Абайдың  елден  кетемiн 

деуi  тосындау  көрiнедi. "Абай  жолында"  бұл 

ойлардың  алғашқы  себептерi  ғана  суреттеледi 

де,  оның  өзге  себептерi,  ғұламаның  елiм  деп 

шырылдаған жан дүниесi назардан тыс. 

Бұл  алғашқы  ұшқын,(итмпульс)  қана.  Кету 

керек  пе  деп  ойлана  қалды  да,  сабасына  түстi. 

Ойланды - қайтты.  Елден  кете  алмайды  екен. 

Сонда  оны  бүлдiрiп  жатқан  зорлықшыл  топқа 

не iстеуге болады, одан қалай құтылмақ? 

Осы  ойларының  қағазға  түсер  тұсы - ақын 

өмiрiнiң  соңғы  жылдары.  Ал  М.Әуезов  эпо-

пеясындағы  уақыт 1880-1885 жылдар.  Қара-

сөздердiң  мазмұнын,  өмiрдiн,  ыстық-суығын 

көрген  үлкен  жүректi  жанның  зар-мұңы,  тiптi 

ашынуы ретiнде де қарастыруға болар едi. 

М.Әуезов  эпопеясындағы  Абай  монологы - 

iрi  шайқастарға  шыға  бастаған  үлкен  жүректi 

азаматтың тебiренiсi. Мұнда Абай елден кетпек 

емес,  өзiне  тыныштық  бермеген  зорлықшыл 

әлеуметтiк  топтардан  ғана  құтылмақ,  әдiлдiк 

iздемек,  тыныштық  таппақ.  Осы  жолға  өлеңдi 

де қиып келiп тұр. Бiрақ шығармашылық жолы 

мен  азаматтық  абыройы  таразыға  түскен  кезде 

Абай  қашанда  азаматтық  жолды  таңдайды. 

Азаматтық,  адамгершiлiктi  ақындықтан  да 

жоғары  бағалайды.  Абай  адамгершiлiк  жолын-

дағы  арпалыстарда  осындай  үлкен  құрбан-

дықтарға да барған. 

Бұл  тартыстардың  салмағы  ойланбаған  оқу-

шыға онша iрi деңгейде көрiнбеуi мүмкiн. Ұсақ-

түйек айқастар мен тартыстар ру басылары мен 

атқамiнерлер  арасындағы  кикiлжiңдер  тәрiздi 

ғана т.б. Алайда адамдық жолда әдiлдiктi, шын-

дықты  аттап  кетуге  болмайтынын  ұлы  Абай 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет