37
саладағы ұзақ жылғы зерттеуден туған ойларын
қорыту, келешек зерттеулерге адастырмас бағыт
берер тезистiк ой-пiкiрлер желiсiн ұсынумен
шектелдi». [Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов
және Абайтану проблемалары. – Алматы, 1982.
– 176]
Қаламгер дүниетанымының шығармашы-
лыққа қатысын мойындар болсақ, өмiр фило-
софиясына терендеп, заман шындығын iздеген
Абайдың шығармаларында дiн тақырыбының
кездесуi тiптi де кездейсоқтық емес. Онда аса
күрделi тақырыптарға тереңдеу, жүйелi сипат
бар.
Философиямен арнайы айналыспаса да Абай
шығармаларында оған қатысты терең пiкiрлер
дін туралы толғамдарында мол. Мұның үлкен
бiр қайнары - Абайдың қарасөздерi. Сондықтан
да М.Әуезов оның өзегiндегi iрi философиялық
ойларды, толғаныс үстiндегi Ұлы Гуманист
толқуларын айқын көрсете алатын Абай қара-
сөздерiн өзiнiң эпопеясында асқан шеберлiкпен
пайдаланады. Астарлай да қолданады. Оған сол
кездегi ресми идеология мәжбүр еткен.
М.Әуезовтiң зерттеулерi мен эпопеясында
шығармашылық
процесс
үстiндегi
ақын
толғамдары қарасөздер мәтніндегі ойларға
сүйене отыра деректі негізде көрсетiледi. Батыл
байымдауларға негіз болатын қарасөздер
өзегiндегi Абай ойлары толқулар мен жұм-
бақтау сырларға иек артатын байсалды пiкiр-
лерге бастайды.
Қарасөздерде Абайдың ғылыми, діни,
шығыстық терминдердi жете түсiнiп, еркiн қол-
данған бірден көрінеді. «Абай жолы» эпо-
пеясында М.Әуезов алдымен осыны шебер
суреттейдi. Ақынның жеке ой-толғаныстарында
ғана емес, адамдар арасындағы қарым-қаты-
настарында да оны ұтымды пайдаланғанын
бейнелейді.
Қаламгердің алдына қойған бірнеше мақ-
саттары аңғарылады. Ақын iзденiстерiн көркем
шығарма тiліне көшiру барысында дiни түсiнiк
пен шығыстық әдебиетте жиі қолданылатын
сөздердi көбіне кейiпкер тiлiнде аударады. Бір
қарағанда оларды даралау үшiн әдейі пайдала-
натын тәрізді. Алайда мұнда ұлы ой-шылдың
көңілін аударған күрделі мәселелер де көрінеді.
Бұл бiр болса, екiншiден, Абайдың дүние-
танымдық ізденістеріндегі мәнді идеяларды
оның замандастарының сауатты оқырманына
жақсы таныс, зиялы қауымға түсінікті, үрдісті
тiлге көшiрмесе шығармадағы мәндi мәселелер
бойынша өрбитін тартыс, қайшылық күңгiрт
тартып, көркемдiк деңгейi сұйылып көрiнер едi.
Елге, көпке түсініксіз тілдегі тартыста қандай
мағына болуға тиіс.
Абайдың өмiрбаяны мен өскен ортасын,
дүниетанымы мен саяси-әлеуметтiк көзқарасын,
азаматтық, эстетикалық пiкiрлерiн, шығарма-
шылығы мен шығармаларын жете бiлетiн
М.Әуезов, оның дiн исламиятқа қатысын Абай
жолы эпопеясында ашық айта алмады. Жақын-
жорасы мен дос-құрбылары күйбең өмiрдiң
күйкi тiрлiгi кезiнде айтқанын ұқпай, ұсақ-
түйекпен жаралаған сәтте Абайдың дiнге көңiл
қойғанын, қасіретке батқан көңiлiн қайғы тор-
лаған кезде қалтыраған-жанына жұбанышты
содан iздегенiн ол кезде М.Әуезов жаза алмай-
тын едi. Бұл социалистiк реализм мен совет
үкiметi идеологиясының қасаң қағидаларына
мүлде кереғар келер едi. Сондықтан
А
втордың
өзiне тиер «қырсығын былай қойғанда,
шығармашылығы
туралы
қилы-қилы
сөз
айтылып жүрген Абайға да кесiрiн тигiзетiн.
Мұны М.Әуезов жақсы бiлдi.
Қарасөздердi оқыған адам туған халқы үшiн
жүрер жол, ақиқат, шындық, әдiлет iздеген
Абайдың терең тебiренiстi ойларының иiрiм-
дерiнен қайшылықтары мол кереғар шешiм-
дерге де жолығар едi. Ұлы ойшыл ғұламаның
өзi де өмiрде бәрiн бiлдiм, iздегiнiмдi таптым
деп ешқашан айтқан емес. Оның шығармашы-
лығында, әсiресе, қара сөздерiнде жанына бат-
қан күрделi толғамдардың тарам-тарам толға-
ныстармен қабаттасып отыратыны сондықтан.
«Абай жолын» жазу барысында М.Әуезовтi
толғандырған талай жайлар болды. Құнанбай
мен Шәкәрiм бейнелерiне келгенде, қаламгер
қанша қиналса, Абайдың дiнге қатысын бейне-
леуде де сонша азап көрдi. Бұл қиын заманда
халқы үшiн жол iздеген, соған көмектеспек
болған ғұлама ойларының терендiгiн көрсету
үшiн ғана емес, Абайдың көркем бейнесiн жазу
үшiн де аса қуатты деректер едi.
Қарасөздер Абай өмiрiнiң соңғы, қиын
жылдарында жазылды, сондықтан да онда осы
психологиялық күй табының болатыны анық.
Абай халық басындағы шындықты айтты.
Соның ең iрiсi патша үкiметiнiң қазақты
шоқындыруды мақсат еткен пиғылы едi. Абай
оны жазбай таныды. Отаршыл Ресей үкiметтiң
қазақты өркениетке жеткiзейiн деген мақ-
сатының жоқтығыны бiлдi. «Ақылдың азабын»
тартып қиналған сәтте, калтыраған жанына дауа
iздеп шартарапқа үңiлген Абайдың қайта-қайта
дiн-исламиятқа, дiн философиясына келе беруi
сондықтан.
М.Әуезов Абайдың исламият туралы ойла-
рын жанды процесс тәрiздi қозғалыс, тебiренiс
үстiнде көркем мазмұнға көшiре көрсетедi.
Абай өмiрiнiң қайшылықтары мен соны мәлi-
меттерiн шығармаларында сақталған сезiм
табымен салыстыра, астарына үңiле отыра
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
38
бейнелейдi. Ресейдiң қол астындағы исi
мұсылман халықтар бiр мүптилiкке (муфтий)
қарауы қажет деген әңгiме шыққанда Абай
қатты толқиды. Маңайындағы зиялы қауым,
елмен әңгiме кезiнде де басты тақырып осы
төңiректен өрбидi.
Алқалы жиындағы Абай сөзiнде дiнге қар-
сылықтан гөрi (бұрынғы зерттеулерде осылай
талданған), осы негiзде топтасып өзгелерден,
басқа дiндегiлерден, оқшауланамыз, ислам
негiздерiне қарай бiржола бұрыламыз деушi-
лерге қарсылық анық сезiледi:
«Ең әуелi ислам дiнiнiң қауымы болмақ
дейдi. Дiн қарындас деп, мысырдың арабынан,
Үндiстанның мұсылмандарынан, Стамбулдың
халфе-сұлтанынан, Шайхұлысламнан Россияда,
Сибирде жатқан қазаққа қарындас тауып
бермек. Туысқан таппақ болысады. Ең алдымен
осының өзi жалған. Әр халықтың қалың қауы-
мын алсақ, күнделiк тiрлiгiнде сыбайлас көршi-
сiмен келiсiп күн кешедi. Бiздi Халифенiң мұ-
сылманымен жақындатам деушiлер ең алдымен
қасымыздағы көршiмiз орыс халқынан алыс-
татам дейтiн болады. Ал сол орыспен сен қай-
тып алыс боласың, қазақ халқы? Жеке адам да,
тұтас қауым халық та жанды тiрлiк етедi. Тiрлiк
дегенiмiз мынау - iшкен су, жеген тағам, киген
киiм, өмiр сүрген үй ортаң. Өзгенi қойып
Семейдiң қазағы сенi атайын; мынау Ертiс,
сенiң өзенiң емес, орыс халкының өзенi.
Ендеше, ең әуелi Семей қазағы сенiң iшiп
отырған суың орыс халқының суы. Екiншi, жеп
отырған наның өзiң егiн екпейтiн, еңбек
саумайтын елсiң, орыс мұжығының өсiрiп берiп,
тиiрменiне тартып әкеп берiп отырған ұны.
Одан қала берсе киген киiмiң, кiрген үйiң,
барша бұйымың мен жиының - бәрi-бәрi орыс
халқының қаласынан, өнерiнен келiп отырған
дүниең! Сен осыдан алыстамақсың ба? Алыс-
тасаң тырдай жалаңаш кетiп бар да қарындас
таба ғой! Екiншiден, қараңғыда жатқан, қалың
тұман басқан, соры басынан асқан қараңғы
елмiз. Бiзге ең алдымен не керек? Бiлiм жарығы
керек. Өзiмiз надан өтсек, ендiгi нәсiлiмiздi
болса да тез оқытып, дүниенi танытып, көзiн
ашуымыз керек, асығуымыз керек бұл жолда!
Сол жөнiнде де бар жарығын ала бiлсең, аямай
беретiн досымыз - орыстың өнерi, орыстың
үлгiлi қауымы» [М.Әуезов. 20 т. шығ. жинағы.,
6-т., 371-372]. Абайдың бұл сөзi «панис-ләмдiк»
идеяларға қарама-қарсы.
«Қазақтың қара заңынан, ата-баба надан-
дығынан алыса жүрiп құтылу оңай, ал «муфтиге
қарап, дiн-қарындас iздеймiз» деп қараңғы тү-
некке тағы апарып, өзi жабайы жұртты қамау,
ол бұл күнде адасқандық. Аяп айтсам - адас-
қандық, қажап айтсам - қастық». Абайдың бұл
сөзi Ресей мұсылмандарына ортақ «Мүфтиге
қазақ халқы қараудың қажетi жоқ» деген ойға
негiзделген. Туған халқына Абай iздеген жол,
Абай көз тiккен көкжиек өнер, оқу-бiлiмге
апаратын жол болуы керек. Оны үйренетiн жер
керек, сол арқылы өнерлi өркениетгi елдер
тобына қосылу. Бұл ой-идеяның Абай шығар-
машылығымен өзектес екенi дау туғызбаса ке-
рек. Әсiресе, Абайдың қарасөздерiнде айқын кө-
рiнедi.
Демек бiр қарағанда дiнге қарсы тәрiздi
көрiнетiн Абай сөзiнде, дiн атаулыға емес, осы
негiзде оқшаулануға, топтасуға, сепаратизмге
қарсылық бар. Әрбiр халық қалай болса да
қатар отырған көршiсiмен санасуға, тату болуға,
кере-гiн алуға, оның тәжiрибесiн үйренуге
қарым-қатынас жасауға тиiс дегенге саяды.
Ресейдiң орыстандыру саясатына қарсы
күресуде мұсылман, қазақ дiнбасылары Абай-
дан үлкен үмiт күтедi. Абай да үнемi ой үстiнде
болған. М.Әуезов осы толғаныстарды Абайдың
Павловпен
қарым-қатынастарын
бейнелеу
арқы-лы көрсетедi. Қазақстанда айламен де,
күшпен де жүргiзiле бастаған осы саясат туралы
кезiнде Абай неге Павловпен пiкiрлеседi? Осы
кейiп-кердi тандауда да М.Әуезов iзденiстерiнде
мақ-саттылық бар. Павлов - озық ойлы, оқыған
тұлға ғана емес, өзге дiндегi адам.
Ендi осы мәселеге қатысты уақиғаларға ой
жүгiртiп көрелiк. Маңындағылармен кейiнгi әң-
гiмелерде де Абай «қазақ ата-бабасынан берi
соншалық құдайшыл боп, дiншiл боп өскен ха-
лық емес...» сондықтан приговорды жасамасын
да, қол да қойып ырзалық бiлдiрмесiн! Бiз
муфтидi тiлемеймiз!» деген пiкiрлер айтады.
Өйткенi «... халықты көтеретiн шариғат емес,
өнер мен бiлiм». Ал өнер мен бiлiм шариғат жо-
лында емес, ол «... өнерлi елден үлгi алудың
жолында». Ақын ойлары қазақ елiнiң хал-жағ-
дайын өркениеттi елдердiң жай-күйiмен реалды
салыстырудан туындайды.
Абайдың дiн туралы пiкiрлерiнде мұндай
сөз жоқ. Алланы бар деп, пайғамбарларды оның
еркiн жеткiзушiлер деп бiлген жан үшiн ша-
риғат заң болуға тиiс. Алайда Абай шығарма-
ларын қадағалай оқыған адам, әсiресе, қара-
сөздерiнде, оның дiн туралы пкiрлерiнде талай
жаңа үн, ой толғамдардың да барлығын аңғарар
едi.
Жиырма сегiзiншi сөздегi Абай ойларына
бойлап көрелiк. «... Әрбiр ақылы бар кiсiге иман
парыз, әрбiр иманы бар кiсiге ғибадат парыз
екен. Және де әрбiр рас iс ақылдан қорықпаса
керек. Жә, ендi бiз ақылды еркiне жiбермесек,
құдай тағаланың ақылы бар кiсiге иманы парыз
дегенi қайда қалады? Дiнiмiздiң бiр жасырын
тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
39
дегенiмiзге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған
соң дiннiң өзi неден болады? Әуелi иманды
түзетпей жатып, жалған ғибадат не болады?»
[Абай. Шығармалары. 2 томдық толық жинағы.
Алматы, 1977. 170-171]. Ойлана қарайық, Абай
ойларының бағыты әуелi иман түзеуге
бастайды. Ал иман дегенiң мұсылман дiнiнiң
өзегi. Ол Алланың барлығына, Мұхаммедтiң
оның елшiсi, пайғамбары екенiне сенiм. Ол
сенiм болмайынша, оған ғибадат ету онша
сенiмдi де болмақ емес. Демек Абай адам сенуi
үшiн де зердемен ойланып барып тоқтаудың
қажеттiгiн айтады. Абай 38-сөзiнде бұл ойды
әрi өзгешелеу өрбiтедi. «Сен Алла тағалаға Алла
тағала үшiн иман келтiремiсiң? Я өзiң үшiн де
иман келтiремiсiң? Сен иман келтiрмесең де
Алла тағалаға келер ешбiр кемшiлiк жоқ едi. Я
өзiң үшiн иман келтiрсең, жә инандың. Ол
инанмақтығың құр ғана инанмақ бiрлан қылса,
саған пайда бермейдi. Оның үшiн сен өзiң
инанмақтығыңнан пайда ала алмадың: пайда-
ланамын десең, пайда бередi, кәмiл иман
болады. Пайданы қалайша алуды бiлмек керек».
Абай осы сөзiнде әр нәрсенiң анығын айы-
рып бiлу арқылы тану, сену керек, сонан кейiн
барып оған тоқтау керек деген ой айтады. Сол
тәрiздi, егер мұсылман атаулының бәрi тек
ахиреттi ойлаумен құлшылық жолына шықса,
онда «малды кiм бағады, дұшпанды кiм
тоқтатады, киiмдi кiм тоқиды, астықты кiм
егедi, дүниедегi алланың пенделерi үшiн жарат-
қан қазыналарын кiм iздейдi?» [2-т., 199]. «...
бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып
кету де хаупi бар. Уа, кәпiрлерге жем болып
кетуде... Адаспай тура iздеген хакiмдер бол-
маса дүние ойран болар едi. ... Әрбiр ғалым-
хакiм емес, әрбiр хакiм-ғалым» [202].
Абай адам қоғамын, елдi шаруашылық,
мәдениет, өнерге бастайтын хакiмдер ролiн жо-
ғары бағалайды. «Бұл хакiмдер ұйқы, тыныш-
тық, әуес-қылықтардың бәрiн қойып, адам бала-
сына пайдалы iс шығармағына, яғни электрдi
тауып аспаннан жайды бұрып алып дүниенiң
бiр шетiнен қазiр жауап алып тұрып (телефон -
З.Б.) мың адам қыла алмастай қызметтер iстетiп
қойып тұрғандығы, уа хусусан (әсiресе - З.Б)
адам баласының ақыл пiкiрiн ұстартып, хак
бiрлан батылдықты айырмақты үйреткендiгi -
баршасы нәфиғлық (пайда берушi - З.Б) болған
соң бiздiң оларға мiндеткерлерiмiзге дау жоқ.
Бұл заманның молдалары хакiм атына дұшпан
болады. Бұлары бiлiмсiздiк, бәлкiм бұзық
пиғыл...»[2-т., 2002-203].
Абай бақи дүниелiк iстердi тындырып,
шаруа, тiршiлiк жасап жатқан адамдар ролiн
жоғары бағалайды. Сондықтан да надан қараң-
ғы елдi артқа сүйреу «адасқандық, қадап айт-
қанда қастық болмақ», - деп жазады.
М.Әуезов «Абай жолының» төртiншi то-
мында Абайдың мүфтилiкке ой-пiкiрлерiн жет-
кiзу барысында Абай қарасөздерi астарында
жатқан терең ойларды шебер қолданады. Надан
молдалар уағыздап жатқан шариғат бабымен
жаңадан өмiр құрам дегеннен гөрi замана
қабағына, әрекетiне қарай кәсiп, өнер бағытына
көз тiгу, солай бақылау қажет деп есептейдi.
«Халықты көтерген шариғат емес, өнер мен
бiлiм шариғат жолында емес, ол өнерлi елден
үлгi алудың жолында өзге төрт тарапың келiсiп,
ендi тек муфтиге қарауың қалып па? Одан да
өнерiнен пайда тиетiн елдiң жақсылығын алып
пайдасын көрейiк. Ал дiн-қарындас боп қосы-
ламыз деген ұран бiздiн көкейiмiзге қонбайды...
Себебi ол өнерден, бiлiмнен қашқақтатпаса,
жақындатар жол емес! Муфти бiзге қол емес,
осы жүрген молдалардың өзi де жетедi»
[М.Әуезов. 6-т., 366-367].
М.Әуезовтiң «Абай жолында» қарасөздердi
мүлде жасырын, болмаса, ондағы әуендердi ғана
пайдаланатын тұстары да жоқ емес. Семей
қаласындағы оба ауруы кезiнде Абайдың халық
аралап, үгiт айтпақ болып жүргендегi ойларына,
iс-әрекетiне түрткi болған жайларды суреттеуде
Абайдын сегiзiншi сөзiнде айтылатын әуендердi
колданады: «Осы ақылды кiм үйренедi,
насихатга кiм тыңдайды?
Бiреу - болыс, бiреу - би. Олардың ақыл
үйренейiн, насихат тыңдайын деген ойы болса,
ол орынға сайланып та жүрмес едi. Олар өздерi
де озық кiсiмiз, өзiмiз бiреуге үлгi берiп, ақыл
айтамыз деп сайланды. Өздерi түзелiп жеткен,
ендi елдi түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тың-
дасын және тыңдайын десе де қолы тие
ме?...»[Абай. 2-т., 140].
М.Әуезов Абайдың иман туралы 13-сөзiнде
айтылатын ойлары қаз қалпында пайдаланумен
қатар, оны шығарма жүйесiне орай бiраз
кеңейте де еркiн қолданады.
Абайдың дiн туралы көзқарасына тоқтала
баяндаумен қатар, ел, халық қамын ойлаған
үлкен жүректiң лүпiлiн оқырман алдына жайып
салады. Осы мақсатта Абай қарасөздерiн шебер
пайдаланады. Мұнда көңiл аударарлық екi түрлi
мәселе бар. Қарасөздер Абай өмiрiнiң соңғы
жылдарында жазылған. Бұл Абайдың қазақ
өмiрi туралы қайшылықты ойларын айқындап,
тарата бастайтын тұсы.
Алайда қарасөздердi пайдалану барысында
М.Әуезов хронология сақтамайды. Әрi қара-
сөздер негiзiндегi арналы ойды сақтай отыра
шығарма жүйесi мен қаһарман тiрлiгiнiң
қисынына орай еркiн қолданады.
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
40
Абайдың хақиқатқа қатысты ойларын
бейнелеуде оны саяси-әлеуметтiк астармен көм-
кере келе, орыс халқының мәдениетi туралы өз
пiкiрлерiн де мол қолданады.
Төртiншi томда М.Әуезов Абай қарасөз-
дерiнiң жазылу тарихынан, шығармашылық
лабораториясынан хабар бередi. «Соңғы шақ-
тағы Абайдың iштей шеккен мұң, наласы осы
күзде әсiресе, ауырлап, коюлана түскен. Бұл
жайларын Абай осы айларда сыртқа шығарып
айтпағанмен, қалаға келгеннен берi күн сайын
қағазға қадалып, толғана ойланып жазып тас-
тайтын. Ендiгi iшкi сырларын өлең сөзiмен өнер
сазынан аңғартады. Соңғы жылдар жазу өнерiне
тыңнан қосқан бiр үлгiсi «қара сөз» едi. Сондай
кенеулi ой жемiстерiнен де жаңағы жайын жеңiл
танытатын [6-т., 138]. «Ендiгi бiразда Абай
жаңағы ызалы қалпын басып, шарасына түскен
шақта қағаз, қарындаш ұстай отырып:
- Осы жаңағыларға айтқан дауымның кей-
бiрiн мен қағазға түсiруiм керек! - деп биылғы
күз бойына өзi көп оралып жүрген еңбек жайын
айтып едi» [6-т., 142-143 бб.].
«Абай жазу үстiнде отырып қалған едi.
Күндiз ойлана жүрiп, бiрнеше кеш бойы осы-
лайша отырып жазу жазады. Күңгiрт көңiлден
кешiп өткен ойлар күздiң ақ сұрғылт бұл-
тындай. Сол реңсiз ойлар толқыны тудырған
жолдарын күйлейдi. Бiр сәтте өлең боп оралған
ойлар:
Құранды молда теріс оқыр
Дағарадай болып сәлдесi.
Өзiмшiл көңiлi бек соқыр,
Бүркiттен кем бе жем жесi!..
дегендей жайларға кұйылып оралады. Тағы бiр
сағаттарда Абай ишан, имам, халфе, хазiрет-
термен олардың өз тiлiнде сөйлеседi. Жер-
жебiрiне жете, ызалана соқтығысады. «Мол-
далар былай тұрсын, хусусән бұл заманның
ишандарынан да бек сақ болыңыз. Олар
Фитнән-ғалым, өздерiн аһли тариқат бiлiп,
басқаларды
жеткiзбек
дағуасын
iстейдi.
Олардың барлық қуаты басындағы сәлдесi,
қолындағы тасбиғы. Одан басқа түк те жоқ.
Наданның наданы, зорлықшыл жыртқышы,
топасы солардың өзi» - деген жолдарды жазып,
ызалы көңiлi шығып отыр едi» [6-т., 87-6.].
Шәрiпжан халфе, Юнусбек халфемен диа-
логтерiнде М.Әуезов Абайдың кара сөздерiнде
айтылатын көптеген ойларды қайталайды және
кейбiрiн қаз-қалпында да пайдаланады. Мыса-
лы, иман туралы әңгiмелерде.
М.Әуезов «Абай жолының» төртiншi то-
мында бiр тарау iшiнде, кейде бiр эпизодта да
қарасөздердiң әлде нешеуiн колданады. Мәсе-
лен, елден кету (9), хақиқат шындық (38), орыс
мәдениетi (25). Алайда оларды өз мақсат идеясы
мен көркем мазмұн жүйесiне, характер,
кейiпкер қисынына орай өзгертсе де пайдала-
нады. 4-томдағы иман туралы әңгiме-лерде
Абай мақал-мәтелдерiн, афоризмдерiн де қара-
сөздермен қатар қолданады: «қылыш үстiнде
серт тұрмайды», «құдай тағаланың кешпес
күнәсi жоқ» т.б.
Абай қарасөздерiнiң М.Әуезовтiң даңқты
эпопеясындағы қолданылу аясы негiзiнен осы
бағыттардан табылса да, өзге де көркемдiк-
идеялық қызметтерi толып жатыр. Алайда ол
арнайы зерттеудi қажет ететiн күрделi тақырып.
***
М.Әуезов "Абай жолы" эпопеясын Абай
дүниетанымына сүйене жазуға тиiстi болды.
Осы бағытта қаламгерге жәрдемi тиген және
Абай дүниетанымын жан-жақты аша суреттеуде
негiз болған Абай қарасөздерi едi. М. Әуезов
Абай сөздерiнiң арқауын, мазмұнын, әуендерiн
сақтай отырап еркiн қолданады.
Эпопеяның бiрiншi томында төңiрегiне сер-
гек көзбен қарап ой түйе бастаған Абайды су-
реттеуде бас қаһарманның рухани әлемiндегi
толғамдарды нақты оқиғалардан өрiстетедi.
Абай Қарқаралыда. Әкесiне iлесiп Құнанбай
салдырған мешiт құрлысының бiткен тойына
келiп отыр. Алшынбай Құнанбайды Бөжеймен
татуластырмақ. Сан-түрлi қарым-қатынастар
қызығына кiрiскен әлеуметтiк топтардың аң-
дысуы, тартыстары үдеп келедi. Абай онын, шет
жағасын, ызғарын сезiнгенмен әлi анығын бiл-
ген жоқ. Өзiнше дұрыс деген iстерiн, ойға ал-
ғандарын орындауда. Бөжейге сәлем берiп ба-
рып батасын алады. Шөженi көредi.
Осы бiрер күндегi қат-қабат уақиғалардың
қызуы мен қыртысы характерлердiң арасындағы
аңдысу өмiрдiң сан түрлi сұрақтарына жауап
iздеген зерек бала Абайды ойға қалдырады. Бұл
қатынастардың Абай жан-дүниесiне әсерiн су-
реттеу барысында М.Әуезов Абай қарасөздерiн
пайдаланады: "ақыл, қайрат...", "ақыл мен
бақыт, байлық" дегендердiң өзара дауы, таласы
деген "парсы, түрiк" тiлiндегi кiтаптардан
былтырлар бiр оқыған нақыл әңгiмелесі бар-ды.
Қазiрде Абай соны өмiрден тапқанына да
дән ырза... Өз ақылымен тапты... Тапты да:
«Осының бәрi бiр жерде, бiр кеудеде, бiр адам-
ның iшiнде болмаққа лазым...» деп өзгеше бiр
сезiммен байлау жасады» [М.Әуезов. 20-т. шығ.
жин., 3-т., 130].
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
Достарыңызбен бөлісу: |