45
осылай дәлелдейдi. М.Әуезов осы басты желiнi
жаңылыспай тауып, шеберлiкпен таратып отыр.
Абай маңындағы шәкiрттер арасындағы шы-
ғармашылыққа қатысты пiкiрлер үнемi ақиқат
туралы толғаныстарға ұласады. Осы дауларды
бейнелеу барысында М.Әуезов Абай қарасөз-
дерiн мейлiнше толық әр түрлi әдiс-тәсiлдер
арқылы қолданады. Қарасөздердiң талайында
бар ақиқатқа қатысты ойларды оның шәкiрттерi
арқылы айтқызады. Олардың толғаныстарын
бейнелейдi. Диалогтар мен iшкi сөздердi сәттi
қолдану арқылы ақиқат iздеудiң азапты жолын
көрсетедi.
Мағаш үйiнде талқыға түсетiн сұрақтар сал-
мағы ауыр. Оның шешiмiн iздеп отырған Абай
шәкiрттерiнiң де рухани қуаты қаншалықты!
Сұрақтар төркiнi көркем шығармадағы өмiр
шындығы дегеннен бастап өмiрлiк, моральдiк,
этикалық категориялар философиясына дейiн
ұзайды: "Әуелi осы хақиқат дегенiмiз өзi не?
Мәңгi бақи һәр заман, һәр ғалым, һәр бiр
қауымға түгел ортақ айнымай тұратын хақиқат
бар ма өзi, жоқ па?! Сол сияқты ғадалет,
шафғат, зұлмат деген жайлардың барлығы бар
заманға ортақ боп, өзгерместей боп шешiлгенi
бар ма, сiрә?!"[5-т., 29-6].
"Абай жолының" үшiншi томында Ақылбай,
Мағаш, Кәкiтай, Дәрмен, Абай арасындағы
шындық туралы дауларда қарасөздердегi талай
ойлар қолданылады.
"Әуелi шындық дегеннiң өзi не? Көпшiлiк
бас шұлғып, құптап жүрген жайды шындық
дей-мiз бе? Солай деп бiлсек Кеңгiрбайдың
жолына шырақ жағып, түнегеннен басқа жоқ".
Жалпы "Хақиқат" деген көптiң айтқанын ға-
на қостаушы болмаса керек. Қайта сол көптiң
адасқанын ашып, тыңға бастайтын болса керек.
Жә, сол хақиқат осы тұста шеменде" [М.Әуезов.
5-т., 29-6].
Осы эпизодта М.Әуезов 23-сөзде айтылатын
ойларды сәл еркiндеу қолданады: "Ғылым көпке
келiп пе? Бiреуден тарап па? Хикмет көптен
тарай ма? Бiрден тарай ма? Жер бiлмеген көп
адам адасып жүрсе, бiр жер бiлетұғын кiсiнiң
керегi жоқ па екен?" [Абай, 2-т., 160-6].
Абай 37-сөзiнде: "Сократқа у iшкiзген,
Иоанна Арктi отқа өртеген, Ғайсаны дарға ас-
қан, пайғамбарымызды түйенiң жемтiгiне көм-
ген кiм? Ол - көп, ендеше, ақыл жоқ. Ебiн тап
та, жөнге сал" [Абай. 2-т., 183].
Абайдың мұсылман дiнi өзегiндегi түсiнiк-
сiздеу, күмәндi жайларды ұқпақ болатын
талпынысы оның қарасөздерiнде, өлеңдерiнде
анық көрiнедi. Соның бiрiн ғана алар болсақ,
"бәрi Алладан болар болса адамның сырқат
болуы мен рухани ауру болуы да содан емес
пе?". Ойлана келе Абай өзге жауап табады.
Ауруды, кедейлiктi т.б. жаратқан Алла, алайда
нақты адамды сырқат қылған да, кедейшiлiкке
ұшыратқан да Алла емес. Ол адамның ез
басына, өмiр жолына қатысты.
Ендi осы сұрақтарға М. Әуезовтiң "Абай
жолындағы" жауаптарға келелiк: Әйгерiм ау-
лындағы күзгi әңгiмелерде М. Әуезов Ақылбай
аузына ғаламат сөз салады: "Заман өзгерiп,
қағида ауысып отырса да Алланы тану, яғни
тағрифолла мәңгi бақи ауыспайды деп бiлемiз".
Алланы тану - Абайдың ұқпақ болған үлкен
мәселесi. Мұндағы сауалдар да осыған тiрелiп
отыр. Айқындай түссек, әр заманда Алланы
тану үздiксiз жалғаспақ. Ислам қағидалары
бойынша шындық Алланы танудан басталады.
Алланы тану негiзгi - Құран-кәрiмде - иманда.
Осы түйiндi сұрақ туралы Абай не айтпақ. Дiн
философиясы өзегiндегi этикеттер мен қағи-
далар өзгерiп отырса да Алланы тану өзгер-
меуге тиiс деген пiкiрдi М. Әуезов Ақылбай
аузына салады. Бұл Абай баласының да
қаншалықты деңгейге көтерiлгенiн көрсетедi.
М. Әуезов осы тұста Абайды нағыз рацио-
налист философ ретiнде суреттейдi. Орыс оқуы
мен мәдениетi арқылы әлемдiк ақыл-ой арна-
сынан сусындаған Абай Құран-Кәрiмдегi өзi
байқаған қайшылықтарды сынға алады. Онда
айтылған космология, өмiр туралы ойлардың
кейбiр философтар еңбегiндегi пiкiрлерден та-
йыздығын айтады: "Хақиқаттың шешуi: Жара-
тушы кiм? Ғалам дегенiмiз не? Жан не нәрсе?
Және адамның хақиқатты бiлуiндегi керегi не?
Осыларға шешу айтса керек. Әлбетте, ең үлкен,
ен, дұрыс шешудi Құраннан күтсе керек. Ал
дұрыстығына келгенде, осы жайларға Құран
беретiн жауап, бұрынғы-соңғы ойшылдар айт-
қан жауаптардан кем соққаны қалай?". Бұл ой-
лардың төркiнiн қарасөздерден және өлең-
дерiнен табуға болады [М. Әуезов. 5 т., 36].
Абай Құрандағы кейбiр пiкiрлер негiзiне
ғана күмән келтiретiндей.
Ал шындық, хақиқат, исламиятта Құранда
жазылған. Ал оны оқып отырсаң шындық бол-
маса т.б.мәселелер туралы ақылға сыймайтын
аңыздарды жазады. Ал жаратушы, тән т.б.
туралы арғы, бергi ойшылдар айтқан ойлардан
әлсiз пiкiрлер айтады, - дейдi. Бұл арада Абай-
дың Құранды да талғаммен, таразыдай зейiн қоя
оқығанын аңғартады.
Абайдың 28, 38 қарасөздерiнде мұндай ой-
лар жиi қайталанады. Ақын еңбегiндегi шындық
туралы сұраққа Абай: "Шындық әр заман емес,
тiптi бiр заманның әр қауымның өзiнде де әр
алуан танылады. Сондықтан заман мiнезiндегi
шындығын ашып, сынап айтыңыз" деп жауап
бередi. [5-т., 37].
***
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
46
Эпопеяның төртiншi томындағы Абай -
ұсақ-түйек тартыстан бастап ел iшiндегi дау-
жанжалдарға билiк айтып, ел басқару iсiнде
патша үкiметi чиновниктерi санасатын үлкен
тұлға. XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы
қазақ қоғамдык, санасының үлкен орталығы
Семей қаласындағы iрi уақиғаларға, халықтық,
елдiк мәселелерге араласады. Қоғамдық санада-
ғы iрi күштермен, оның басты өкiлдерiмен тар-
тысқа түседi.
М. Әуезов том соңында Абайдың дiн туралы
ойларын, көзқарасын заман ахуалына орай өз-
гертiп те жiбередi.
Жазушы бұл тақырыпты Абайдың дiн
фанатигi болмағанын суреттеуден бастайды. Се-
мей қаласындағы 1892 жылғы оба iндетi кезiнде
ол Сармолла арқылы халықты жаназаға, қаза
болған адам шыққан жерге көп жиналмауға
шақырады. Бiр қарағанда Абай мұсылман дiнi
рәсiмi бойынша "өлiк шығаруға" өзге пiкiр ай-
тып, қаладағы дiн басыларға қарсы күресiп
жүрген тәрiздi. Алайда М. Әуезов суреттеуiнде
ол жаназаға, т.б. дiни рәсiмдерге қарсы келiп
отырған жоқ. Абай нақты жағдайға байланысты
жұрт көп жиылған жерден дерт жұқтырудың
мүмкiндiгiнiң молдығын ғана айтып отыр.
Сол тәрiздi М. Әуезов суреттеуiнде қари-
имам, қариялар Абайды дiн негiздерiне соқтық-
ты, күпiр сөз айтты деп шошынып жүрген жоқ,
олар адам өлiмiне байланысты қалтаға түсетiн
қаржы, қораға кiретiн мал-пайдадан қағылдық
деп өшiгiп жүрген тәрiздi.
Абай сөздерiн жұртқа жеткiзген Сармолла
да "өзiндiк iшкi есебiмен" әрекет жасайды:
"Олар бұған не iстемеген? Жетекке ергiш қарт
ишан, имам болса осылардан, Шәрiпжан
халфеден ары аспайды. Сонымен бәрi бiрiгiп,
Сармолланы бiрде бiр жаназаға, фiдия, хатiмге
шақыртпауға тырысады. Ол былай тұрсын,
соңғы бiр жарым жыл бойында хазiрет пен осы
мәзiн, қари, халфелер махалла байларының ме-
шiт-медресеге жiберген зекет малынан, хайыр-
уәзифасынан да құр қалдырып келедi. Ал, анық
ғұламалыққа келсе, Сармолла бер жақ қана
емес, ар жақтағы мешiттiң де имам, халфелерi-
нен өзiн артық молла санайды. Өйткенi бұл "Бү-
харай шәрiфте", "Мирғарап" медресесiнде оқы-
ған. Кейiн Қазан шәһәрiнде, Мысырдан жиырма
жыл оқып қайтқан, соңғы ұстазынан "Шарх
Ғабдолланы" да оқып, ғылым тамам еткен.
Сондай Сармолланы бұның өз ойынша осы
махалланың имамы ету керек едi...
Үйге келген соң да Сармолла өзiнiң өш-
қастарына зақым келтiргенiн сүйсiнiп ойлады.
Сан рет жымия түсiп, қабағын жыбырлатып
қояды" [М.Әуезов. 6-т., 30-31].
М. Әуезов Сармолланы ондай-мұндай ұсақ
мiнез-құлқымен бiрге, дiн негiздерiн бiршама
оқыған, оған қосымша шығыс ақындарын
жақсы бiлетiн адам ретiнде бейнелейдi. Оның
жинаған көптеген кiтаптарын Абай ұнатушы едi
деп суреттейдi. Абай Сармолланың өзге имам,
хазiреттерден, қарилерден дүниеге көзқарасын
кеңiрек көретiн. Сондықтан да iндет кезiндегi
маңызды iстi - жұқпалы аурудан сақтануды елге
түсiндiрудi соған сенiп тапсырады. Әуелi
Сармолла арқылы, кейiн өзi де араласып халық
арасына барып үгiт айтуы осыған мегзейдi.
Жөн сөздi тыңдамаған көпшiлiктiң әрекетiн
баяндау барысында қала аралап ақыл айтатын,
сөз тыңдайтын адам таба алмай жүрген Абай
ойларын суреттеуде М. Әуезов қарасөздерге (8
сөз) барады.
Абайдың дiн туралы көзқарастары оның
қарасөздерiнде егжей-тегжейлi айтылатыны
белгiлi. М. Әуезов те қарасөздердi осы бағытта
пайдаланумен қатар, олардың кейбiрiнiң дүние-
ге келу, жазылу әуендерiне дейiн суреттеп бай-
қайды. Мәселен, жоғарыдағы үгiт кезiнде Абай
сөзiндегi: "Ауруды жаратқан Алла, ауыртқан
Алла емес" деген ұғымды түсiндiредi. Қараңыз:
"...әр пәлекеттi жаңа хазiрет айтқандай, қадiр
алла өзi жiберетiнi рас. Және де сонымен бiрге
құдiрет иемiздiң әр пәле пәлекеттен Мұхаммет
үмметiн сақтармын, қүтқарамын дегенi де бар.
Сүре "Ясин", өздерiңiз бiлесiз, алхамду лиллахи,
бұған куә. Хатта пәледен сақтармын және
сақтансаң сақтармын деген. Сол себептi тәңiр
Ием әр дертiн жiберумен бiрге шипасын да
жаратқан. Оның үшiн, ей, жамағат, сiздiң өз
қамыңыз үшiн, осындай хал-ахуалымыз апатта
тұрғанда мен бiр мәслихат айтамын" [6-т., 33] -
Абай мен Сармолланың әрекетi қала халқы-
ның көңiлiнен шығады. Алайда, дiн негiзiне
бағытталған қарсылық, күнә ретiнде айтыла
бастайды. Осы мақсаттарына орай олар дiн
фанатиктерiне "пәледен құтылу үшiн халық
қандай да болса құрбандыққа шыдау керек"
дегендi уағыздап Сармолланы "құрбандыққа"
ұшыратады. Әрi осы қылмыстың соңына түскен
патша мекемелерiне де түрлi әдiс-тәсiлдер
арқылы әсер етедi. Бұл iстi солардың сөзiмен
былай бередi: "Сармолланы магометан шари-
хаты бойынша дiн тұтқан халық дұрыс құрбан
еткен. Соның шипа болғанын мiне ендi көр-
дiңiздер".
Романдағы Сармолла қазасына қатысты
уақиғалар тұсында Абайдың жан-дүниесiнде
үлкен өзгерiстер өтедi. Ол ендi қазақ даласында
тарыдай шашылған ауылдардағы молдалар
надандығын, ашкөздiгiн ғана емес, дiн ұясы,
ордасына айналған үлкен мешiт маңына
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
47
топтасқан үлкендi-кiшiлi оқуы, қызметi бар дiн
иелерiне де өзге көзқараспен қарайды.
М. Әуезов осы уақиға кезiнде Абайдың дiн
иелерiне деген көзқарасының өзгеруiн ой,
толғаныстарын баяндау арқылы шебер, жүйелi
түрде бейнелейдi. "...Қала халқының ұстазы деп
жүрген имам, хазiрет, молла, қожаларды өте
жақыннан көрдi. Бәрiнiң шек қарындарына
шейiн тығып жүргендерiн анықтап танып бiлдi
де қатты жиренiп шықты. Өмiрде аса бiр былға-
ныш, қараңғы лас жерде жыбырлап, құжынаған
соқыр құрттар әрекетiн көргендей. Шiрудiң,
тозудың тiрлiкке қарсы алысушы қүрттары. Тек
қана iшудiң, сiмiре семiрудiң қүлдары. Амал-
сыздық, айласыздық, дiңкенi құртқан тәрiздi.
Қырдағы сорақы жыртқыштық бiр алуан болса,
қаланы қаптаған қараңғы надандық, қыңыр дү-
лей зорлық күштiң меңiреулiгi де өзгеше"
[М.Әуезов. 6-т., 86-87].
"Молдадар былай тұрсын, хусуән бұл
заманның ишандарынан да бек сақ болыңыз.
Олар фитнә - ғалым, өздерiн аһли тариқат бiлiп,
басқаларды жеткiзбек, дағуасын iстейдi. Олар-
дың барлық қуаты басындағы сәлдесi, қолын-
дағы тасбиғы. Одан басқа түк те жоқ. Наданның
наданы, зорлықшыл жыртқышы, топасы солар-
дың өзi" [Сонда 87 б].
Абай дүниетанымындағы осындай бiр
өзгерiстi ұлы гуманистiң 38-сөзiнен оқимыз:
"Молдалар тұра тұрсын, хұсусан бұл заманның
ишандарына бек сақ болыңдар. Олар - фитнә
ғалым, бүлардан залалдан басқа ешнәрсе
шықпайды. Өздерi хүкiм шариғатты таза бiл-
мейдi, көбi надан болады. Онан асып өзiн әһіл
тарихат бiлiп және бiреудi жеткiзбек дағуасын
қылады. Бүл iс олардың сыбағасы емес, бұлар-
дың жеткiзбегi мүхал, бұлар адам аздырушылар,
хаттә дiнге де зарары дүр. Бұлардың сүйенгенi -
надандар, сөйлегенi - жалған, дәлелдерi тасбиғы
менен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ"
[Абай. 2-т., 205].
Абай бұл сөздердi жазғанда өзi бiр кездерi
зор санайтын дiн иелерiмен қақтығыс, тартыс
үстiнде туған ойларын, байқағандарын, ызасын
пайдаланып отыр.
Жоғарыда үзiндiде келтiргенiмiздей дiнба-
сыларға байланысты осындай ойларға Абай
Семей мешiт, медреселерiндегi имам, хазiрет,
қарилармен түрлi жағдайлардағы, кездесу,
әңгiме, пiкiр таласы, дау-дамайлар кезiнде
келген. Өйткенi ауыл арасындағы дүмшелерге
қатысты Абай бұлай толқып, тебiренбес те едi.
М. Әуезовтiң "Абай жолы" эпопеясында бұл
өзгерiстер белгiлi жүйеде қолданылады. Сон-
дықтан да олар табиғи, көркем көрiнiс тапқан.
Мысалға Мәкен мен Дәрмен дауы тұсында,
олардың бас бостандығын алып беру үшiн кү-
рескен Абайға Семей қаласындағы мұсыл-
мандар атынан ата-баба, шариғат жолын айта
келген Юнусбек қалфе мен олардың арасын-
дағы диалогта осы мәселе көрсетiледi: "Абай
мырза, мұсылман қауымның қай заманда, қай
мекенде болса да, тетiгi мен тиегi иманы едi.
Халық-надан, заман-иман, ынсаптың азған
заманы. Сiздей қауым, халық ұстазы болатын
адам ислам жолынан закон жолын, яғни дiнi жат
қауымның жолын артық санаса, сiздiң соңы-
ңызға ерген қауым мен нәсiлдерде қандай иман,
еғтиқат қалады? Қандай қылмыс алдында ұж-
дан, инсаф таразысы болады? Бiз сiзден сол
мұсылманшылық иманы үшiн, осы iс уақы-
тында езгеше ойлануды күткен едiк! Бiздi сiзге
жiберген ишан мен хазiреттер..." - дедi [М.
Әуезов. 6-т., 139-140].
Олар жастардың бас бостандығын орыс заң-
дарына иек арта қорғап отырған Абайды күнә-
лайды. Ата-баба салтын алға тарта, Абайдан со-
ны қорғауды талап етедi.
Бұған Абай жауабында М. Әуезов қара-
сөздерде айтылған ойларды пайдаланады: "Екi
түрлi иман бар едi, - яқини иман, тақлиди иман.
Жұртқа сол иман атымен өсиет, хүкiм айтпақ
боласыздар. Осы отырған екеуiне мен не дейiн?!
Яқини иманы бар деуге сiздерде ғылым жоқ,
тақлиди иманы бар деуге әуелi өздерiңiзде
берiктiк жоқ, яғни, я алдағанға, я азғырғанға, я
бiр пайдаңызға қарай дархал осы сағаттың
өзiнде "ақты - қара" деуге, "қараны - ақ" деуге,
"өтiрiктi - шын" деуге әзiрсiздер. Сол терiстiк-
тердiң бәрiне ант етуге әзiр отырған сiздердi не
деймiз? Жоқ бүгiн мынандай дау мен пәле
шығып тұрған шақта "қылыш үстiнде серт тұр-
майды" десеңiздер, "құдай тағаланың кешпес
күнәсi жок," десеңiздер, сiздерден не күтейiк.
Патша әкiмiне кiргенде тағзым ете жалынасыз,
жалған айтасыз" [М.Әуезов. 6-т., 142 б].
Ендi осы жолдарға негiз болған Абай қара-
сөздерiн қаралық: "Әуел не нәрсеге иман кел-
тiрсе, соның хақтығына ақылы бiрлан дәлел
жүргiзерлiк болып ақылы дәлел сипат қыларға
жараса, мұны якини иман десек керек. Екiншi -
кiтаптан оқу бiрлән, яки молдалардан есту
бiрлән иман келтiрiп, сол иман келтiрген нәрсе-
сiне соншалық берiктiк керек. Бiреу өлтi-ремiн
деп қорқытса да, мың кiсi мың түрлi iс керсетсе
де, соған айнып көңiлi қозғалмастай берiктiк
керек. Бүл иманды иман таклиди деймiз" [Абай
13-сөз].
"Ендi мұндай иман сақтауға қорықпас
жүрек, айнымас көңiл, босанбас буын керек
екен. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, так-
лиди иманы бар деуге берiктiгi жоқ, я алдағанға,
я азғырғанға, я бiр пайдаланғанға қарап, ақты
қара деп, я қараны ақ деп, я өтiрiктi шын деп
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
48
ант ететұғын кiсiнi не деймiз? Құдай тағала өзi
сақтасын" [Абай. 2-т., 147-148 бб].
Абай қарасөздерiнiң бiразында дiн, иман-
дылық тақырыбы негiзгi арнаға айналады.
Мысалы, 12, 13, 16, 27, 28, 34, 35, 36, 38, 43 -
сөздер. Өзге сөздерде де бүл бағыттағы ойлар
кездесiп отырады. Абайдың бұл тақырыпқа жйi
оралып отыруының бiр себебi қазақ қоғамдық
санасына тiкелей қатысы бар жаңағыдай тар-
тыстарға байланысты болса керек.
Әбiш екеуi арасындағы диалогте:
- "Жаңағы иман яқини, иман тақлиди, қазақ
баласының тiлiн сындыратын сөздер, сол
себептен келiп жатыр екен ғой [қарасөздер
адресаттары бар. З.Қ-] Бiрақ бұл олармен жүз
көрiсiп дауласқан жерде жаңағыдай тұста
айтылса да, өзiңiз жазған сезге, еңбекте аз
көрiнетiн шығар, солай емес пе?
- Ол кейде менiң жазатын сөзiм мен жырыма
да кiредi.
-Сiздiң тыңдаушы, оқушыңыз көпшiлiк
түсiнбейдi ғой.
-Олардың керегiне түсiнер, бiрақ мен бүгiн
өзiм жағаласып отырған мынау топқа айтар
сөзiмдi бұлардың өзiнiң тiлiмен айтпасам бол-
майды..." [М.Әуезов. 2-т].
М.Әуезов осы диалогте қарасөздерге қатыс-
ты аса қажеттi бiр ойды сырғыта айтып, астар-
латып бередi. Ол қарасөздердiң Абайдың өзге
де
шығармаларына
[дiни
лексика
мен
мазмұнның] енетiнi және оның тек қана
дiншiлдерге арнал-мағаны.
- "Олар керегiне түсiнер..." - деген
жолдарда қарасөздердiң Абай үшiн қажетi мен
мәнi бiрден байқалады. Әрине ондағы тiл мен
көркемдiк жүйенiң мүлде басқ
алығы белгілі.
* * *
Ө.Әбдиманұлы
АБАЙ ЖӘНЕ АЛАШ
Аннотация. Мақалада қарастырылған мәселелер. Алаш зиялылары танымындағы Абай. Алаш
зиялылары - Абайтанудың бастамашылары. А.Байтұрсынов және Абай. Кәкітай Абайдың ақындық
лабороториясы туралы. М.Дулатов, Н.Құлжанова, Ә.Бөкейханов Абай туралы. ХХ ғасырдың
басындағы қазақ поэзиясындағы Абай дәстүрі. Абай шәкірттері. Абай және Шәкәрім.
Тірек сөздер. Алаш, абайтану, Байтұрсынов, Кәкітай, Шәкәрім, Мағжан.
О.Абдиманулы
АБАЙ И АЛАШ
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Абай в понятии интелегентов Алаша.
Интелегенты Алаша – инициаторы Абаеведения. Абай и А.Байтурсынов. Какитай о
поэтической лаборатории Абая. М.Дулатов, Н.Кулжанов, А.Бокейханов о Абае. Традиция
Абая в казахской поэзии в начале ХХ века. Последователи Абая. Абай и Шакарим.
Ключевые слова: Алаш, абаеведение, Байтурсынов, Какитай, Шакарим, Магжан.
O.Abdimanuly
ABAI AND ALASH
Abstract. The issues dealt in this article Abai in the concept of of Alash intellects. Alash intelects –
starting of Abai study. Abai and A.Baitursynov. Kakitay on Abai’s poetic laboratory. M., Dulatov
N. Kulzhanov, A. Bokeyhanov about Abai. Abai’s tradition in kazakh poetry in the early twentieth
century. of Abai. Followers of Abai and Shakarim.
Keywords: Alash, Abay studies, Baitursynov, Kakitay, Shakarim, Magzhan.
Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи
кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени
болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп, кейінгі
өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Ендеше
біздің қазақ халқының тарихында да сондай
кезеңдердің бар екендігі шындық. Қазақ хал-
қының руханияттық дамуында
осындай толағай
өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге
айрықша шалынар сәті - ХІХ ғасырдың аяғы
мен ХХ ғасырдың басы.
Қос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды
іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы
Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар
амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер
үйрену жолы еді. Замананың тұрпатын, ұлт
тұрмысының кемшілікті тұстарын Абайдай көре
білген, ұлы ақындай таныған жан кемде-кем.
Абай жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің
өрістілігі осында жатса керек. ХІХ ғасырдың
аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Абай феномені –
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
49
қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы
орны айтып болмас ұлы құбылыс!
Алаш зиялылары танымындағы Абай
Әрине, Абай ұлылығын, шығармашылық
тұлға ретіндегі болмысын тап басып тануға
біраз уақыт қажет болды. Ал абайтануды алғаш
ж‰зеге асырғандар –
ХХ ғасырдың басындағы
қазақ зиялылары. Олар өздері міндет етіп алған
ұлт үшін атқарылар ұланғайыр істердің бастау
көзі ұлы Абайды тану мен танытуда деп біліп,
ең алдымен, сол ұлы ұстаздың ұлылық қасиетін
ардақтауға ұмтылды. Абайды өздері ғана қадір
тұтып қоймай, оның ұлт абызы ретіндегі кемең-
герлік тұлғасын өздері айтпақшы «жұртқа»,
яғни көпке танытуды мақсат тұтты.
Қазақ зиялылары ә, дегенде-ақ, Абай туралы
туралы келелі ойларын сол кездегі түрлі басы-
лымдарда жариялай бастады. Оның ішіндегі
елді елең еткізер, оқушылары тұшынып оқыр,
рухани азығы молы да, кеңге қанат жайғаны да,
әрине, «Қазақ» газеті болды. «Қазақ» халыққа
қызмет көрсетуге жарарлық, халықтың көкей-
кесті ой-арманын көрсете алатын материал-
дарды ғана жариялап, озық үлгідегі дүниелерге
ғана орын берді. Және әрбір жарияланымдағы
ұлттық сипаттың айқындылығына көңіл бөлді.
Соның бірі қазақ зиялыларының әдебиетке,
әдеби тұлғларға қатысты пікірлері. Ал, енді
газеттегі әдебиетке қатысты мақалардың негізгі
авторлары А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә.
Бөкейханов екендігі тағы шындық.
Алаш ардақтаған басылым өзінің алғашқы
сандарының бірінде «Қазақ тарихы» деген
мақала жариялап, онда мынадай ой айтылды:
«Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ,
осы ғасырдың ғылыми жарығында қазақ көзін
ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын
жоғалтпағандай және өзіміздің әдет-ғұрыпқа
сай «қазақ мәдениетін» құрып, бір жағынан
«қазақ әдебиетін» тұрғызып, қазақшылығын
сақтамақшы» [1]. Бұдан біз газеттің негізгі
мақсаттарының бірі қазақ әдебиетін өркендету
болған айқын аңғарамыз.
Қазақ әдебиетінің сол дәуірдегі шығарма-
шылық мәселелерін мүмкін қадарынша сарапқа
салып, жұрттың эстетикалық талап-талғамын
қалыптастыруға алғаш қадам жасаған» Айқап»
журналы болса, оның артынша «Қазақ» бұл істі
жандандыра түсіп, оны биік деңгейге көтере
алды.
Осы тұрғыдан алғанда, «Қазақ» әдебие-
тіміздің озық үлгілерін насихаттауда ерекше
қызмет атқарды. Кемел ой мен келісті сыр
тоғысқан, сұлу сезім мен мұңлы шер шарпысқан
көрікті де көркем жырдың шебері Абай шығар-
маларына айырықша назар аударуы осының бір
айғағы. Әрине, газеттегі қайбір мәселе бол-
масын іргелі ойға қозғау салушы – бас жазушы
Ахмет Байтұрсынов екендігі белгілі. Соның ең
‰лкен мысалы Абай сияқты ұлы тұлғаны
кеңінен насихаттап, оның шығармашылығына
айрықша назар аударып, терең талдау жасап,
әділ бағасын беруге көшбасшы болуы.
Қазақ сөз өнерінің «патшасы» Абай арқылы
қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы сөз
қозғап, өлең сөздің қадір-қасиеті жайлы
толғаулы ой қозғаған алғашқы мақала Ахмет
Байтұрсынов қаламынан шықты. Абай туралы
“Қазақ” газетінің 1913 жылғы 39-41– санда-
рында газет редакторы Ахмет Байтұрсыновтың
“А. Б.” деп қол қойған “Қазақтың бас ақыны”
атты көлемді мақаласы жарияланды. Мұнда
қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев туралы
алғаш тереңнен тартып ой айтылған. Абай
өлеңінің асыл қасиетін терең т‰сінген, өлең
өнерінің озығы екеніне көз жеткізген А.Байтұр-
сынов: “Одан асқан бұрынғы-соңды заманда
қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ”
деген тың да т‰йінді тұжырым жасайды.
Жалпы Ахмет Байтұрсыновтың өзі басқарып
отырған газетінің бетінде жарияланған өлең-
дерден Абай ‰лгісін көргісі келетіні, ақын-
дардан сол деңгейдегі талап-талпынысты
танығысы, оларды сол бағытта баптап, тәрбие-
леуді мақсат тұтатыны анық сезіледі.
Ахметтің Абай шығармаларын өте жоғары
қоятыны әуелден-ақ, әр кезде, әр жағдайда
жарияланып ж‰рген т‰рлі мақала, жазба-
ларынан белгі беріп қалатын. Ал мына мақала
сол бір Абай жайлы толғамды ойларының т‰гел
к‰йде жарыққа шығып, оның өз талап-тілегінің
негізсіз еместігін дәлелдей алғанының нақты
көрінісі еді.
Автор өз мақаласында б‰гінгі зерт-
теушілеріміз көтеріп ж‰рген көптеген өзекті
мәселелерді тілге тиек еткен. Ол Абай шығар-
маларының тілінің ауырлығы, мазмұнының
қабылдауға қиын екендігін айтар ойға азық етіп,
оны шеберлік қыры ретінде көрсете алған.
“1903 жылы қолыма Абай сөздері жазылған
дәптер т‰сті. Оқып қарасам, басқа ақындардың
сөзіндей емес. Олардың сөзінен басқалығы
сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін
тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп,
терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып
шықсаң, азына т‰сініп, көбінің мағынасына
жете алмай қаласың. Кей сөздерін ойлап
дағдыланған адамдар болмаса, біреу баяндап
ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай
сөздері жалпы адамның т‰сінуіне ауыр екені
рас», - деген жолдар жоғарыдағы сөзімізге
нақты дәлел бола алады.
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
Достарыңызбен бөлісу: |