32
даралап әрі саралап көрсетіп алған соң, оны өз
тарапынан бағалауға ауысады. Болыстың жаман
қылықтарын оқырмандарының көз алдына
көлденең тартады да, ойлы жанға болыстан да,
оның ықпалынан да алыс болуға кеңес береді.
«Миың болса, жолама (Бос желігіп шапқанға)»,
- дей келіп, жамандықтан қашқанның жаман
болмайтынына мегзейді. Өлеңнің соңында
өзіне-өзі мәз болып, өз буына өзі піскен надан
болыстың өзге түгіл, өзінің табан жолына да
жарығын түсіре алмайтын қараңғылығына,
оның ісінің де, өзінің де баянсыз, опасыздығына
білім нұры, ғылым жарығы қарама-қарсы
қойылады.
Абай «Сегізінші сөзінде» ақылды кімнің
үйрететіні, насихатты қандай жанның тыңдай-
тыны туралы ой толғайды. Өзін елден озық
санап, өзгеге үлгі беріп, ақыл айтпақ болып
жүрген кісі көп болғанмен, солардың ішінен екі
түрлі билік дәрежеге жеткен кісілер дара
көрсетіледі. Оның бірі - болыс, екіншісі - би.
Бірақ бұл екеуі де ақылдың көрсеткенін білейін,
айтқанын тыңдайын деп жүрген кісі емес.
Екеуінің де «басында өзіндік жұмысы бар:
ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, яки
елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба,
яки өзіміз шығындап, шығынымызды толтыра
алмай қаламыз ба деген ебіне қарай біреуді
жетілтейін, біреуді құтылтайын деген бейнеті-
нің бәрі басында, қолы тимейді». Дүниенің буы
басында, дәулет құсы қасында тұрған байлар да
ақыл үйренейін, насихат тыңдайын дейтін емес.
«Көңілдері көкте, көз-дері аспанда, адалдық,
адамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан
қымбат емес дейді. Мал болса, құдай тағаланы
да паралап алса болады дейді. Оның діні,
құдайы, халқы, жұрты, білім-ұяты, ары,
жақыны, бәрі - мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын
десе қолы тие ме?» [2, 140-141].
Сөз арқауы болып отырған шығармалардың
оқиғалық желісін түзген шындық құбылыстар
адам мен заманның өзегінен өріліп шығады.
Автор өз заманының табиғатын, өз заманының
адамының болмысын дананың көзімен көріп,
ойшылдың ақылымен саралайды. Ал сол құбы-
лыстарды саралаудың, бағалаудың негізінде бір
заманның емес, жалпы адамзат қоғамына бірдей
бағалы құндылықтар жүйесі жатады. Кісі таби-
ғаты, кісіге ақыл айтып жол көрсететін болыс
пен бидің әлеуметтік болмыс-бітімі, олардың
замана алдындағы, әлеуметтік орта алдындағы
еркіндігі мен құлдық құлқы дәл көрсетілумен
бірге жалпыландырылып, бір заман емес, барша
дәуірге, барша тіршілік өзегіне, бір адам емес,
барша жанға, жалпы тағдырға тән шындық
құбылыс деңгейінде жинақталады. Заман мен
адам туралы образды ойлардың тереңінен
адамзат үшін маңызы мен мәні мәңгі бақи
өзекті, көкейкесті болып қала беретін мазмұн
мен мағынаның жарығы таралады. Ақынның
болыс пен бидің түпкі мақсаты, мал мен
байлыққа ұмтылған ынсапсыз құлқы туралы
ойларын өз заманының шындығын терең
парықтау нәтижесінде негіздеп отырғанында
сөз
жоқ. Сонымен бірге осы ойлардың өткен заман
кемеңгерлерінің қағидаларымен үндесіп жатқа-
нын да айтқан дұрыс. Бұл үндестіктің терең
тамыры Аристотельден басталады. Байлыққа
қол жеткізген адам, Аристотельдің пікірінше,
дүниенің тұтқасы өзінің қолында тұрғандай
менмен, өркөкірек келеді, олар бар игіліктің
басы байлықта деп есептейді, байлық болса,
қалған нәрселердің бәрін сатып алуға болады
деп ойлайды [4, 188]. Аристотель мен Абайдың
байлық туралы, байлыққа қолы жеткен адам
туралы ойлары бір бастаудан, бір арнадан
шыққандай тектес, мәндес. Ақын ойы беріде әл-
Фарабидің қағидаларымен шектеседі. «Мем-
лекеттік қайраткердің нақыл сөздерінде» әл-
Фараби өмірінің басты мақсатын байлықпен,
баюмен байланыстыратын би-болыстардың
(әкімдердің) типін сипаттайды. Олар билік
құрудағы мақсат баю деп біледі. Қандай да бір
іс жасауды орынды көрсе, оны тек байлық табу
үшін жасайды, қалған қызықтарға (құрметке
бөлену, мақтанға салыну, даңқын шығару,
өзгелерді билеп-төстеу, ләззат алу, т.б.),
мақсаттарына олар «озбырлық әрекеттермен
жетеді. Ерте замандардағы адамдар олардың
бірде-біреуін «әкім» деп атамаған» [5, 216-217].
«Байлыққа жету бұлардың күллі өмірінің
мақсаты» екенін ғұлама өзінің философиялық
трактаттарында да көрсетеді [6, 340-341]. Би-
болыстардың, әкімдердің байлыққа жетуге
жанын салып, озбырлықпен ұмтылуының
мақсаттары Абай мен әл-Фарабидің пайым-
дауларында бірдей.
Абайдың әдеби мұрасының басты мазмұн-
дық желілері қазақ халқының дүниеәлем, бақи
мен жалған туралы байырғы ұғым-түсінік-
терімен, дәстүрлі дүниетанымының негізгі
категорияларымен тығыз байланысты. Ақын
адамгершілік туралы ойларын қайрат, ақыл,
әділет, шапқат секілді адам бойындағы асыл
қасиеттер негізінде ашады. Аталған қасиеттер
Шығыс халықтарының дәстүрлі дүниетаны-
мында ерекше орын алған, Абайдың бір өлеңіне
ғана емес, барша шығармашылық өнеріне тән
сапалық мән-мағынаны белгілейтін айрықша
бағалы көркемдік-эстетикалық құбылыстардың
қатарына жатады. Ақынның «Ғылым таппай,
мақтанба» (1886) өлеңінде айтылатын талап,
еңбек, қанағат, рақым, «Әуелде бір суық мұз -
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
33
ақыл зерек» (1889) өлеңіндегі ақыл, қайрат,
жүрек, сондай-ақ «Әсемпаз болма әрнеге»
(1894), «Малға достың мұңы жоқ» (1896),
«Жүректе қайрат болмаса» (1898) өлеңдеріндегі
жүрек, қайрат, ақыл жайындағы толғаныс-
тардың өзегін де осындай биік адамгершілік
нысана-тұрғы құрайды. Адамгершілік негізі,
кісінің адамгершілік кемелдігі туралы мұндай
философиялық ойлар - ақынның қара сөздерінің
де басты желісі.
Абайдың адамдық негізі, ақыл мен қайрат,
шапағат пен рақым туралы ойлары ежелгі
шығыс ойшылдарының тұжырымдарымен де,
көне дәуір мен орта ғасырлық түркі кемең-
герлерінің өсиет-ғибратнамаларымен де сабақ-
тас бола тұра, олардың бәрінен де кемел, толық.
Ақын туындыларына арқау болған өмір
құбылыстарының мәні мен мағынасын шы-
ғармашылықпен саралау мен бағалаудағы бұл
секілді тереңдік пен биіктік, кеңдік пен кемелдік
- оның адамдық кемел келбетін, ақындық дара-
лығы мен даналығын танытатын басты өлшем-
дер. Ал мұндай даралық пен даналықтың кемел
келбеті түркі халықтарының тарихында тек
Абайда ғана болды.
«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі бірінші
мағыналық бөлімде адам алдына нақты міндет
қойылады, оған белгілі бір игі іс атқару парызы
жүктеледі (бірінші шумақ). Екінші мағыналық
бөлімде сол міндетті орындауға, істі атқаруға
қажетті адамгершілік ізгі қасиеттер көрсетіледі:
қайрат, ақыл, әділет, шапқат (екінші шумақ).
Осы бөлім құрамына кіретін келесі шумақта кісі
басында қайрат пен ақыл болып, әділет пен
шапқат шет қалса, онда оның адамгершілік
негізі кемелденбей, өмірі бағдарсыз, баянсыз
өтетіндігі туралы ой тұжырымдалады. Бұл
ақынның жоғарыда аталған және басқа
өлеңдерінде әр қырынан ашылып, әр бағытта
дамытылған. Ал «Он жетінші сөзде» қайрат,
ақыл, жүрек үшеуінің негізгі сапалық белгілері
мен қасиеттері мейлінше толық көрсетіледі.
Онда әділет пен шапқат жүрекке тән қасиеттер
ретінде ұсынылады. «Әсемпаз болма әрнеге»
өлеңінде айтылған «әділет пен шапқаттың шет
қалуы» жүректің шет қалуымен пара-пар ұғым-
да айтылып отыр. Бұл арада ақын «Әуелде бір
суық мұз - ақыл зерек» өлеңіндегі:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек
[3, 128], -
деген ойды басқа аяда, басқа ұғымдар мен
түсініктер арнасында жаңаша тұжырған. «То-
лық болуда», «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұс-
тауда» астарлы, бүркеулі мағына бар.
Өлеңнің үшінші мағыналық құрамын төртін-
ші және бесінші шумақтар түзеді. Онда адам-
гершілік кемелдікке жетуге ниет қылған кісінің
қандай жаман қылықтардан бойын аулақ салуы
парыз екендігі көрсетіледі. Төртінші мағыналық
бөлім адамгершілік кемелдікке жетуге ниет
қылған кісінің қандай жақсы қылықтарды әдет
етуі қажеттігі туралы ақылмен аяқталады. Бұл
бөлімдегі ақындық ой алдыңғы мағыналық
бөлімдерде баяндалған мазмұнның қоры-
тындысы, түйіні қызметін атқарады.
«Әсемпаз болма әрнеге» секілді «Сенбе
жұртқа, тұрса да қанша мақтап» (1897) өлеңі де
белгілі дәуірдің жалпы жұртына емес, көкірегі
ояу, көзі ашық ойлы жанға арналған. Өзгені
қанша мақтағанмен, ішіне қулық сақтап, сол өзі
өлердей мақтап тұрған кісісін тіпті әуре етіп,
көз ала бере жалт етіп тайып шыға келетін
алдампаз туралы тақырыпты ақын әр жылдарда
әр тұрғыда көтеріп отырған. Мына өлең –
ақынның осы саладағы өзгеше бір туындысы.
Өйткені бұл шығарманың негізгі мазмұны
алдампаз бен алдамшы уақыт жағдайында туып
өскен ақ жүрек азаматқа арналған ғақылдан
тұрады. Ақын ұсынып отырған ғақылға сай-
ғанда, кісіні биік мұратқа бастайтын, сол биік
мұратқа жеткізетін ұлы күш оның өз бойында,
сондықтан да кісі жұрттың мақтау сөзіне ермей,
өзіне, өзінің адал еңбегі мен ақылына сенуі
керек. Мұрат биігіне адамды оның еңбегі мен
ақылы ғана екі жақтап алып шығады. Сенгіштік,
құмарпаздық, уайым-шылдық, қызықшылдық –
бұлардың қай-қай-сысы да кісі серік қылатын
қасиет емес. Шын асыл жүректің түбінде
жатады. Шын асылды таңдаған адам жүрегінің
түбіне терең бойлап, іздегенін тек содан ғана
табады, оның өмірі үшін содан басқа баянды,
содан басқа мәнді нәрсе болмақ емес.
Өлең мазмұнын ашып тұрған өзекті ой
ақынның кемел адам келбеті туралы концеп-
туалды ұстанымдары жүйесінде әрқай-сысы
жеке-дара әлеуметтік-эстетикалық кате-гория
биігіне дейін көтерілген еңбек, ақыл, жүрек
секілді ұғымдармен ұштасады. Бұл жерде ақын
ақыл мен қайратты жүректен бөліп алып,
олардың қадір-қасиеттерін жеке дара мадақ-
тамай, бәрін бір арнада, бір бағытта, өзара
бірлік пен тұтастықта алып суреттейді.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап
[3, 267], -
дегенде, ақын халық даналығына, елдің
аузында жүрген ақыл сөзге емес, өз басынан
өткен, өзі сезіп, таныған өмір құбылыстары
негізінде көңіліне түйген пікірлеріне сүйенеді.
Өмірдің сан алуан құбылыстары арасында қилы
ой, түрлі жол іздеп шарқ ұрып жүрген, ыстық-
суығы басылып болмаған кісі үшін өзіне, өзінің
еңбегі мен ақылына сенуден гөрі өзгеге, жұрт-
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
тың айтқанына сену әлдеқайда жеңіл әрі
ыңғайлы. Өмірде алыс пен жақынды, жақсы мен
жаманды көп көріп, көптің өзінен де, сөзінен де
көңілі қалған, көп сеніп, көп алданған жан ғана,
ақыр аяғында өзіне, өзінің еңбегі мен ақылына
ғана ден қойып, не нәрседе де соларға сүйенеді.
Абайдың дәл осындай шешімге келіп, осындай
тұжырым жасауының түп негізінде сан рет
сеніп, сан рет алданған, сан рет сүйініп, сан рет
күйінген, сөйтіп көңілі - нала, жүрегі жара
болған жанның шындығы жатыр. Ақынның
ақыл мен еңбекке жүгіне отырып, жүректі,
жүректегі
әділет
пен
шапқатты
қатар
құрметтеуі де сондықтан.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме
[3, 267],
- деп айту, жүрегіне сүңгіп, оның тереңіне
бойламақ түгіл, жүрегінің қай жерде екенін
біліп болмаған, жүрегінің үнін естімек түгіл,
оның лүпілін сезіп көрмеген адамның қолынан
келетін іс емес. Бұлайша сыр айту, сыр ғана
емес, зар-шындығын айту өмірдің ащы-
тұщысын түгел татқан, сан тасып, сан басылған,
сөйтіп сабаға түскен, қайғыға да, қызыққа да
бірдей берік, ұлы сабыр биігіне көтерілген
нағыз дананың ғана қолынан келеді.
Ақынның лирикалық кейіпкері мен дүние-
әлем арасындағы қатынас көп деңгейлі. Сол
деңгейлердің ең бір қазыналысы оның өзі мен
өзі арасында ашылады: а - а. Бұл деңгейде
тұлғаның адамдық табиғатына сәйкес ішкі
әлемі, жан дүниесі, сезім сыры, оның өзін өзі
тануының, өзімен өзі сырласуының мазмұны
ашылады, психопоэтика өрнектері аясында сана
ағыны, «жан диалектикасы» ақындық идеяның
өзекті желісіне айналады. Лирикалық кейіп-
кердің өзгеден бөлек, өзіне ғана тән әлеуметтік-
психологиялық болмысы, кісілік келбеті осы
қатарда көрініс табады. Екінші деңгейдің мәні
ақын шығармасындағы тұлғаның өзі мен өзге (а
- в) арсындағы қатынаста белгілі болады. Ол өзі
мен өзгенің арасындағы жақындық пен алшақ-
тықты, келісім мен қайшылықты терең сезініп,
көргенін, сезгені мен білгенін адамгершілік
ұстанымы мен талаптарының тұрғысынан баға-
лайды. Үшінші деңгей (а - с) ақын және оның
әлеуметтік ортасы аясында дараланады. Ақын-
ның лирикалық кейіпкері мен қоршаған әлеу-
меттік топтар (әкімдер, болыстар, атқамінерлер,
байлар, ұрылар, арызқойлар, жалақорлар, пәле-
қорлар, залымдар, жамандар, надандар, т.б.),
орта (халық, қоғам, мемлекет) арасындағы қа-
рым-қатынас сипаты, ақынның әлеуметтік-эти-
калық ойлары, көзқарастары осы деңгейде сара-
ланады.
Бұған
қоса
ақынның
мәдени-
әлеуметтік, рухани, әдеби ортасы, қоршаған
табиғи ортасы туралы айтқан дұрыс. Бұлардың
әрқайсысы ақынның дүние, әлем, жаратылыс
туралы
философиялық,
антропологиялық
ойларының негізі, алтын бесігі, асыл өзегі
қызметін атқа-рады.
Ақын
танымында
сәулеленген
заман
болмысы мен адам келбеті, ақынның адам мен
заман хақында түйген ойлары, ұсынған қағи-
далары белгілі бір дәуір сипатын, сол дәуірдің
адамдарының құлқын танып, бағалау негізінде
туған. Дәуір сипатының, адам құлқының мез-
гілдік және мекендік шегі мен шеті нақты,
өлшемді, мөлшерлі. Ал ақынның осы нақты,
өлшемді, мөлшерлі болмыс шегінде айтып
отырған ойы, насихаттары, қағидалары мен
тұжырымдары нақты бір заман үшін, сол
заманның нақты адамы үшін ғана емес, барша
заман, барша адам үшін маңызды, ғибратты
жалпы адамзаттық рухани құндылықтар қата-
рына жатады. Ақын шығармаларында негіз-
делген қағидалардың, құндылықтардың әлеу-
меттік, көркемдік-эстетикалық мәні адамзаттың
бәріне бірдей маңызды.
Абайдың әдеби мұрасының бүгінгі қоғам
үшін маңызы мен мәні ондағы адам келбеті,
заман сипаты туралы әлеуметтік, адамгершілік
ұстанымдар мен тұжырымдардың өміршең-
дігінде, өмірлік өзектілігінде. Ақынның жақсы
мен жаман, надандық пен адамдық, махаббат
пен ғадауат туралы әр ұстанымы, әр тұжырымы
өткен өмірдің, бүгінгі күн мен келер шақтың
рухани келбетінің кемелдік деңгейін дәл анық-
тайтын айрықша өлшемдер көрсеткіші болып
табылады.
ӘДЕБИЕТ
1.
Аль-Газали,
Абу
Хамид.
Исследование
сокровенных тайн сердца / Пер. с арабского. - М., 2008.
2. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі
томдық толық жинағы. - Том ІІ. - Алматы, 1977.
3. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі
томдық толық жинағы. - Том І. - Алматы, 1977.
4. Аристотель. Поэтика. Риторика. О душе. - М.,
2009.
5. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар.
- Алматы, 1975.
6. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. -
Алматы, 1973.
* * *
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
35
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ
МЕЗГІЛДІК ЖӘНЕ МЕКЕНДІК ПАРАДИГМАСЫ
З.Бисенғали
АБАЙ ЖӘНЕ ӘУЕЗОВ
Аннотация. Мақалада қарастырылған мәселелер. Абай қара сөздерінің табиғаты. Қара сөздердің
«Абай жолы» эпопеясында қолданылуы. М.Әуезовтің Абай қара сөздерінің зерттелуіне қосқан үлесі.
Абайдың қара сөздеріндегі діни-философиялық ойлардың эпопеяда бейнеленуі. Абайдың иман мен
шариғат туралы көзқарастары.
Тірек сөздер. Абай, Әуезов, қара сөз, дін, философия, иман, шариғат.
З.Бисенгали
АБАЙ И АУЭЗОВ
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Природа слов назиданий Абая.
Использование слов назиданий в эпопеи «Путь Абая». Заслуги М. Ауэзова в исследовании слов
назиданий Абая. Религиозно-философские размышлении Абая в эпопеи. Взгляд Абая о
совести и шариате.
Ключевые слова: Абай, Ауэзов, слова назидания, религия, философия, совесть, шариат.
Z.Bisengali
ABAI AND AUEZOV
Abstract. The issues dealt in this article.
The nature of Abai’s words edification.
Usage of the words
of edification in the epic "The way of Abai".
M.
Auezov’s contribution in the study of words
edification.
Keywords: Abai.
Religious and philosophical thinking of Abai in the epic. View’s of Abai on
conscience and shariat.
А
бай
қарасөздерiнiң
«Абай
жолы»
эпопеясында қолданылуы әуезовтанудағы ірі
проблемаларды деректі негізде қозғауға және
даңқты эпопеясын жазу жолындағы М.Әуезов-
тің шығармашылық лабораториясына енуге,
оның әлi белгісiздеу жатқан астарларына көз
жiберуге мүмкiндiк бередi.
Абай қарасөздерi мен «Абай жолы» ара-
сындағы байланыстарды анықтау үшiн эпопея-
да байқалған мазмұндық сәйкестiк пен
өзгешелiктердi салыстыра қарастырғанда біраз
жайлар айқындалады.
Қаламгер романда қарасөздерi қаз-қал-
пында да, мазмұн мен мағына, ой әуендерiн
сақтай өзгерте де колданылады. Әр әрекеттің
астарынан ұлы жазушының көркем мазмұнға
артатын алуан түрлі ой, тұспалдары байқалады.
Қарасөздер - ұлы гуманистiң болмыс пен
тiршiлiк, табиғат пен адам өмiрі, қоғам мен
заман, сенім мен сезік, дін туралы фило-
софиялық ойлары мен толғаныстарының нәти-
жесi. Бұл шығармаларды ұлы ақын белгiлi бiр
жанр қалыптарын сақтамай, толғаныс, тебіре-
ністерінің үндестігін көздемей, тақырыптарды
топтастырмай еркiн жазған. Сонықтан да
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы әр зерт-
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
36
теушi одан өзiне қажет мәндi белгiлердi,
ойларды тауып жатады.
Қарасөздер табиғаты - күрделi. Онда көркем
прозаның шағын жанрларының талайы кез-
деседi. Мысалы, Абайдың нақыл сөздерi мен
мақал-мәтелдер, шешендiк сөз үлгiлерi, этика,
эстетикалық толғаныстар көркем шығарма таби-
ғатын танытса, замана тынысы мен ел тіршілігі
туралы байсалды байымдаулары көркем көсем-
сөз үлгісінде кестеленген. Қиын заманда
тұрмыс кешіп жатқан халық тәжiрибесi туралы
өз байламдарын, толғаныстар түйiнін сөз
маржан-дары
арқылы
көркем
туындыға
айналдырады. Дiн, исламият негiздерi мен
таным мәселелерi туралы шығармалары -
тастих,
трактат,
эссе,
ғылыми
мақала,
публицистика түрлерiне жақын келедi. Дiни
аңыз, ертегi сюжеттерiне жазылған шығармалар
халық прозасының стилiн сақ-тайды. Қазақ
қоғамының келелi мәселелерiн көтеру: ел
басқару, кәсiп үйрену, өнер-бiлiмге, өркениетке
шақыру, келеңсiз құбылыстарды сынау т.б.
тақырыптағы сөздердi публицистика жанрына
жатқызуға да болады. Оқу, бiлiм, таным туралы
насихат, өсиет, кеңестерi ди-дактикалық мақала
т.б. үлгiлерiн сақтайды.
Ұлы Абай бейнесiн сомдауда бұл мате-
риалдар М.Әуезов тәрiздi талантты қаламгер
үшiн аса бағалы қазына болатын. Туған халқы-
ның тіршілігі мен болашағы туралы Абайдың
дүниетанымын, ой-армандары, сезiм сырларын
деректі негізде бейнелеуде қарасөздерде жазу-
шының шығармашылық лабораториясына енуге
кiлт болатын негiз бар. Мәселен, бiрiншi сөзiнде
Абай былай жазады: «...осы ойыма келген нәр-
селердi ақ қағазға жаза берейiн, ақ қағаз бен
қара сияны ермек қылайын, кiмде-кiм iшiнен
керекгi сөз тапса, жазып алсын, я оқысын,
керегi жоқ десе, өз сөзiм өзiмдiкi дедiм де,
ақыры осыған байладым, ендi бұдан басқа
ешбiр жұмысым жоқ». [Абай Құнанбаев. Шығ.
2 томдық жинағы. 2-т., - Алматы, 1977. – 128
*Қарасөздер туралы барлық сілтемелер осы
басылым бойынша беріледі].
Бiр ғажабы нақыл сөздер мен мақал-мәтел-
дерден өзге қарасөздерде Абай өз ойларын
ақиқат түрiнде ұсынбай, өзiнің ішкі ойларымен
сырласу, ойлану, толғаныс үлгiсiнде жазады.
Онда ұлы ақынның өз ойларының дұрыстығына
күмәнданудан туындайтын толғаныс, терең те-
біреніс т.б. бар. Замана қазақ қоғамы алдына
тартқан мәселелер туралы сөздерiнде ұлы гума-
нист әркез толқиды, тебiренедi... Ал осының бә-
рi М.Әуезов тәрiздi талантты қаламгер қолында
қандай көркемдiк қуатқа ие болатынын бол-
жауға болады. Солай болған да.
Абай қара сөздерi М.Әуезовтың көңіл қоя
зерттеген тақырыптарының бiрi. Оны Абай шы-
ғармаларының 1933 жылғы басылымына тұң-
ғыш енгiзушi де М.Әуезов. Алайда қара сөз-
дердiң бұдан кейiнгi тағдыры, зерттелуi мен
қоғамдық санаға жолы оңай бола қойған жоқ.
Жарияланған күннен бастап 1950 жылдар орта-
сына дейiн түрлi күдiк пен күмәннiң, дау-
дамайдың себебiне айналды. Оның Абайдың
шығармалары екендiгiне күдiктенушiлер де аз
болмаған. Оған Абай қара сөздерiнде негiз де
бар едi. Мысалы, өлеңдерiн таза қазақ тiлiнде
жазған, «бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол
ақынның ...бейшарасы» деушi қаламгер қара
сөздерiнде бөтен сөздердi көптеу қолданады.
Тiптi оның бүгiнгi оқушыға түсiнiксiздеу көрi-
нетiнi де бар. Мәселен, отыз сегiзiншi сөз. Екiн-
шiден, қара сөздерде Абайдың дiн туралы ойла-
ры да көп козғалады т.б.
Бұлардың дүниетанымдық, философиялық
мәнi бүгiнде даусыз. Ал ол жылдарда (отызын-
шы-елуiншi) Абайдың кара сөздерiнде, өлең-
дерiнде айтатын дiн туралы ойларды идеоло-
гияға байланған сыншылар қауiптi пiкiр тәрiздi
көрсеттi. Кеңес империясы кезiнде Абай шығар-
маларын зерттеушiлердi осы пікірлер қатты
үркiтті.
Ақынның дiнге қатысы әсiресе, оның қара
сөздерiнде жүйелi сипат алып, жан-жақты, те-
реңдей қозғалады. Сондықтан оған соқпай өту
ақынның дүниетанымын, шығармашылық iзде-
нiстерiн зерттеушiлер үшiн қиын түйiнге
айналды. Мұны көптеген ғалымдар бiлдi. Ком-
мунистiк идеологияға симайтын Абай ойларына
тереңдеуден, оған «зиян» тигiзуден қауiптенiп
бұл тақырыпты сөз арасында, жеңiл-желпi
қозғаумен ғана шектелiп жазылған жұмыстар
баршылық. Осы еңбектер арасында М.Әуезов
зерттеулерiнiң орны мүлде бөлек. «Абай дiнi -
сыншыл ойдың дiнi» деген пiкiрдi алға тарта
отыра оның дiнге қатысы туралы ресми иде-
ология мүмкiндiк берген деңгейде талай терең
ойларын астарлап айтты.
М.Әуезовтiң шығармашылығындағы Абай-
дың дiн туралы айтқандарын жүйелей келе,
профессор М.Мырзахметов талай нәрселердiң
бетiн ашады. «М.Әуезов Абай шығармашы-
лығындағы ақын дүниетанымына сүйене оты-
рып, Абайтану саласында ұзақ жылдар бойы
iздену, ой қорыту арқылы Абайдың исламиятқа
қатысын анықтауға, ол жайлы танымдардың
негiзiн бiлуге ұмтылып келдi. Өйткені Абайтану
саласында бұл тақырып шешiмiн таппады,
арнайы нақты зерттеулер бой көтермедi.
М.Әуезовтың өзi де сол кезең жағдайына
байланысты Абайдың исламиятқа қатысын
арнайы зерттеулер арқылы ашпайды; осы
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
Достарыңызбен бөлісу: |