Коммерциялық емес акционерлік қоғам Ғумарбек даукеев атындағы алматы энергетика


 Арналардың негізгі параметрлері және сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет19/40
Дата30.11.2022
өлшемі3,44 Mb.
#54031
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
2.2 Арналардың негізгі параметрлері және сипаттамалары 
Тональды жиілік арнасы бастапқы желінің негізі болып табылады. 
Ол 
сигнал тарату сыйымдылығын анықтауда қондырғы ретінде қызмет етеді және 
бастапқы байланыс желісінің станциялары мен тораптары арасында телефон, 
телеграф, факсимильді сигналдар мен деректертерді таратуға арналған. Бұл 
жүйелердің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, олар құрған тоналды жиілік 
арналарының кейбір параметрлері де әртүрлі. Тональды жиіліктің арнасын 
ұйымдастырудың жеңілдетілген диаграммасы 2.3-суретте көрсетілген. 
Телефон арнасы екі сымды аяқтау және төрт сымды трактіні қамтиды. 
Дифжүйе төрт сымды трактіден екі сымды аяқтауға өту үшін қызмет етеді. 
Екі сымды аяқтау кезінде ұзартқыштар 3.5 дБ өшуге ие болады және олар 
транзиттік деп аталады. 
Тональды жиілік арнасының сипаттамалары МСЭ-Т 
M-сериясының ұсыныстарымен нормаланады. 
Тональды жиілік арнасының стандартты нүктелеріндегі нормаланған 
(номиналды) өлшеу деңгейлері: арнаның кірісінде 0 дБм, транзитті ұзартқыш 
арнаның шығысында -3,5 дБм, төрт сымды жол кірісінде -13 дБм, төрт сымды 
жол шығысында 4.3 дБм, транзитті ұзартқыш арнаның кірісінде 3.5 дБм және 
800 Гц жиіліктегі арнаның шығысында -7дБм
(DSP құрған арналар үшін 1020 
Гц) ие.


43 
2.3 сурет - Тональды жиілік арнаның жеңілдетілген сұлбасы 
Арналардың жиілігі мен уақытты бөлуі бар көпарналы тарату 
жүйелері – бұл соңғы пунктерде техникалық құралдардың күрделі 
жиынтығы, соның ішінде терминалдарда орнатылған соңғы жабдықтар, 
қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетусіз күшейту пункттерінде 
орналасқан аралық жабдықтар, сондай-ақ байланыс желілері қамтитын 
техникалық құралдардың күрделі кешені. (2.4 сурет). 
2.4 сурет - Тарату жүйелерін құрудың құрылымдық сұлбасы 
Уақытша (сандық) жүйелердің аналогтық жүйелерден айырмашылығы 
- қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін пункттерінде 
сызықтық 
трактінің импульстік сигналдарын қалпына келтіруге (регенерациялауға) 
арналған аппаратура орнатылады. Осы жүйелерде қызмет көрсетілетін және 
қызмет көрсетілмейтін пункттер регенерациялық деп аталады. 
Күшейткіш және регенерациялық пункттердің не үшін қажет екенін 
түсіндірейік. Физикалық тізбектер (орта) бойымен сигналдардың берілу 
қашықтығы, ең алдымен, берілетін сигнал энергиясының бір бөлігі тізбекте 
жоғалып кетуіне байланысты сигналдың өшуі (әлсіреуі) арқылы 
анықталады. Электр тізбегінің нақты параметрлері және қабылдау 
құрылғының сезімталдығы рұқсат етілген байланыс қашықтығын 
анықтайды.
Мысалы, 
сөйлеу 
кезінде 
телефон 
аппаратының 
микрофон 
шығысындағы сигналдың қуаты 
мВт
P
ПЕР
1

, ал қабылдаушы аппараттың 
телефон сезімталдығы 
мВт
P
ПР
001
,
0

. Осылайша, тізбектің максималды 


44 
өшуі көп болмауы тиіс, яғни
дБ
Р
P
a
ПР
ПЕР
30
)
001
.
0
/
1
(
lg
10
/
(
lg
10
max





. Өшу
max
a
мен шақырымдық өшу коэффициентін a біле отырып, тарату 
қашықтығын
a
a
/
1
max

анықтауға болады. 
Тарату жүйелерінде бірнеше бірқалыпты орналасқан тракт 
нүктелерінде сигнал қуатын арттыру мен сигналдардың өшуін өтеу тәсілі 
қолданылады. Көршілес аралық күшейткіштер арасындағы байланыс 
арнасының бір бөлігі күшейткіш аймақ деп аталады. Магистраль бойындағы 
сигнал деңгейінің өзгеруі 2.5-суретте келтірілген деңгей диаграммасымен 
сипатталады.
Қызмет көрсетілетін күшейткіш пункттер жене қызмет көрсетілмейтін
күшейткіш пункттер аналогтық сигналды күшейтуге ғана емес, сонымен 
қатар сызықтық жолдың амплитудалы-жиіліктік және фаза-жиіліктік 
сипаттамаларын түзетуге (теңестіруге) қызмет етеді. Қызмет көрсетілмейтін 
регенерациялық пункттер аппаратурасы және қызмет көрсетілетін 
регенерациялық пункттер аппаратурасы 
сандық жүйенің сигнал 
импульстарының арасындағы амплитудасын, ұзақтығын және уақыт 
аралығын қалпына келтіруге арналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет