69
1
N
i
i
S t
S t
(3.1)
Топтық сигнал арна сигналдарының
қосындысын беретін тарату
жүйелері аддитивті деп аталады.
Топтық сигналды құру кезінде басқа операциялар қолданылатын тарату
жүйелері комбинациялық деп аталады.
Топтық сигналды жеке арналық сигналдарға бөлу бастапқы сигналдарға
берілген бөлу белгілері негізінде Фі бөлетін құрылғылармен (Сүзгіш
құрылғылармен) жүзеге асырылады.
Фi құрылғыларының шығуында канал
сигналын байланыс желісі арқылы өтуіне байланысты кедергілер мен
бұрмаланулардың болуымен Si (t) сигналынан ерекшеленетін S'i (t) арна
сигналын аламыз.
Фі бөлгіш құрылғылар сызықтық және сызықты емес болуы мүмкін.
Егер тарату құрылғылары тұрақты немесе
айнымалы параметрлері бар
сызықты төртұштылар болса, тарату жүйесі сызықтық деп аталады. Егер
бөлгіш құрылғылар сызықты емес төртұштықтар болса,
онда мұндай тарату
жүйелері сызықты емес деп аталады.
Бұл сигналдар таратуда бастапқы сигналдардан тарату ортасымен
енгізілетін кедергілер мен бұрмалаулардың болуымен ерекшеленетін c 'i(t)
алғашқы сигналдарына s' i(t) арналық сигналдарды түрлендіру жүзеге
асырылатын Ді құрылғыларына келіп түседі.
Көп арналы тарату жүйелерінде сыртқы кедергілерден басқа,
арналық
сигналдарды бөлу құрылғыларының жұмыс істеу ерекшелігіне байланысты
арнайы кедергілер пайда болады. Бұл кедергілер арналар арасындағы өзара
өтпелі әсер ретінде көрінеді.
Қазіргі заманғы көп арналы тарату жүйелері
келесі негізгі бөліктерден
тұрады: арна құрушы жабдық (АҚЖ), жанасу жабдығы (ЖЖ), желілік тракт
(ЖТЖ) жабдығы, біріздендірілген генераторлық жабдық (БГЖ) және
сервистік жабдық (СЖ).
3.2 сурет – Көп арналы тарату жүйелерінің біріздендірілген жабдығы
70
Көп арналы тарату жүйелерін құру кезінде модуляцияның әртүрлі
түрлерінің негізінде арналарды уақытша және жиіліктік бөлу кеңінен
таралған.
Достарыңызбен бөлісу: