1.2 Ақпараттық-басқарушы жүйелер қызметінің математикалық үлгісі
Өндірісті талдау нәтижесінде өндірістің нақты үлгісі ретінде 2 деңгейлік иерархиялық үлгі болып танылды. Мұнда төменгі деңгейде – жергілікті басқару қызметтері және жоғарғы деңгейде – орталықтандырылған басқару қызметтері орын алады.
Артықшылығы:
1) төменгі деңгейде ақпарат анық және толық болып келеді, ал оны жоғарғы деңгей арқылы басқару ақпаратты тиімді қолдануға мүмкіндік береді;
2) әрбір жергілікті ақпарат өзіне белгіленген орында сақталады және де процеске қатысушылардың бәріне қол жетімді болады;
3) ақпараттың өту қабілеті өте жоғары болғанымен, бүкіл жүйенің сенімділігі нақты бір ақпараттың сеніміділігіне тәуелді емес.
4) жергілікті ақпараттың сенімділігі жоғары, өйткені оның сенімділігі жергілікті жабдықтардың сенімділігіне байланысты және байланыстар сенімділігіне тәуелсіз.
2 сурет - Автономды басқаруы бар орталықтандырылған құрылым
Суреттегі белгілер:
Co – басқару жүйесінің жоғарғы деңгейі;
Сn – басқару жүйесінің төменгі деңгейі;
рPn – басқарылатын поцестер;
mMn – басқару сигналдары;
ΩΩn – әсер етуші сигналдар;
rRn – 1-ші деңгейдің ақпараттары;
sSn – түзетуші сигнал;
уУn – шығыс сигналдар;
кКn – 2-ші деңгейдің ақпараттары;
Сонда ақпараттық-басқару жүйесінің қызметін көрсететін үлгі төмендегідей өрнектеледі.
Басқару процесі қызметінің үлгісі:
P: M ´W®U . (1)
Әсер етуші факторларды ескере отырып басқару М сигналының әрекеті шығыс У сигналының өзгеруіне әкеледі.
1-ші жергілікті деңгейді басқару процесі қызметінің үлгісі:
Ci: S´Ri® Mi ; R = R1´R2´ … ´Rn . (2)
1-ші деңгейдің ақпараттық ағынының түзетуші сигналдарының есебінен М басқару сигналы қалыптасады. Ақпараттық ағын әр процесс бойынша қалыптасады.
Түзету қызметінің үлгісі:
C0: K ® S. (3)
Түзету сигналы S 2-ші деңгейдің ақпараттар ағынының есебінен қалыптасады.
1-ші және 2-ші ақпараттық жүйелердің қызметі:
fi: Mi ´ W ´ U ® Ri ; i = 1…n ; (4)
fo: S ´ R ´ M ® K . (5)
(4) және (5) функциялар ақпараттық жүйенің қызметін формалды түрде көрсетеді. Басқарушы, түзету, әсер етуші сигналдардың өзгерісі ақпараттар ағынының өзгеруіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |