2 Дәріс. Күрделі техникалық жүйелерді нақты уақытта басқару
2.1 Нақты уақытты ақпараттық-басқару жүйелер
Дәрiстiң мақсаты: нақты уақыттың ұғымы және қазiргi автоматтандырылған жүйелердiң негiзгi басқару функциялары ашу.
Өндірісте екі түрлі уақыт негізін пайдаланады: нақты және өндірістік уақыттар [1]. Нақты уақыт астрономиялық уақытқа байланыстырылған, сондықтан оны жиілігі күн айналымына байланысқан деп айтады. Өндірістік уақыт белгілі өндірістің кезеңдеріне байланысты, ал оның жиілігі адамның ой қабілетіне байланысты деп айтады.
Өндірісті техникалық элементердің байланысы түрінде көрсетсек (3 суретті қара): ДПС (датчиков производственных сигналов) өндірістік сигналдардың датчиктері, УСО (устройств сопряжения с объектами) нысанға байланыстыру құрылғысы, УВМ (управляющих вычислительных машин) басқаратын есептеу машинасы, СОИ (систем отображения информации) ақпаратты көрсету жүйесі, ИМУ (исполнительного механизма управления) нысанның басқарылатын орындаушы механизмдері. Осы құрылғылардың барлығы өндіріс уақытқа таймер арқылы сәйкестірілген. Аналогты А және дискретті ДС сигналдары сәйкестіруді талап етеді.
Өндірістік процестің орташа уақыты Тср келесі уақыттардан турады: еегізу уақыты Твв, түрлендіру уақыты Тпр, шығару уақыты Твв. Жүйе нақты уақытта әсер беру үшін оның мәліметтер қоры нақты уақытта өңделетін болу керек. Нақты уақытты мәліметтер қоры SCADA пакеттің құрамына кіреді, және архив түрінде сақталады, ал ол қорды толтыру архив тренділері арқылы орындалады.
Нақты уақытты программалық кешендер келесі түрлерге бөлінеді:
- аспаптық - стандартты программалық аспаптарда негізделген;
- басқаратын - нақты уақытты модулдер және басты программамен бірге сол мезгілде орындалатын режим модулдер түрінде болады;
- қамтамасыз ету - өңделген сигналдарды бейнелеуге арналған.
3 сурет - Өндірістегі автоматтандыру элементтерінің байланысы
Достарыңызбен бөлісу: |