Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар


Трансформаторлардың кернеуін реттеу



бет10/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
дарис жинагы

5.2 Трансформаторлардың кернеуін реттеу 
Трансформаторлардың кернеуін реттеу трансформация коэффициентін өзгерту арқылы іске асырылады, яғни орам санын өзгерту, сол үшін де оның арнайы тармағы қарастырылған. Тармақтарды ауыстыру қоздырусыз (ҚАҚ- ПБВ) және кернеулі (ЖҮР- РПН) іске асырылады. Тармақтарды қоздырусыз ауыстыру аз қуатты трансформаторларда жүргізіледі.
Жүктеме үстінде реттеу (ЖҮР) тармақ орамдарын тізбекті ажыратпай ауыстыру арқылы іске асырылады. Трансформатордың қуаты мен кернеуіне байланысты реттеу ±10% дан ±16% аралығында жасалынады. Реттеу сатысы ЖК жағынан басталады , өйткені бұл жақтық орамдарындағы ток ТК орамдырының тоғынан төмен болады. 5.2 суретінде келтірілген резисторлы сұлба кеңінен қолданыс тапты .



5.2 Сурет - Резисторлы ЖҮР сұлбасы

Бастапқы жағдайда 0, ТР 5 -ші тармаққа жұмыс жасайды және тоқ К1 түйіспесі арқылы өтеді. 4-ші тармаққа өткен кезде алдымен тоғы жоқ
таңдаушы И2 ,4-ші жағдайға ауыстырылады, содан К1 ажыратылады, бұл кезде жүктеме тоғы R1 және арқылы қысқауақыттық өтеді. Содан кейін К3 тұйықталады, сол сәтте жүктеме тоғының жартысы R1 және К2 арқылы ал жартысы – R2 және К3 арқылы өтеді, 5-4 реттеуші орам тармақтары R1 және R2 арқылы тұйықталып қалады және олар арқылы циркуляциялық тоқ өтеді. Ары қарай К2 және К4 тұйықталады, бұл кезде тоқ реттеуші орама
бойынша 4-ші тармаққа барады, таңдаушы И2, түйіспелер К4 шықпаға 0.
ЖҮР басқару қалқанынан қашықтықта, қолмен немесе автоматты түрде басқарылады.
Автотрансформаторларда тармақтарды бейтараптама нүктеде орындайды, ол ауыстырғыш құрылғының оқшауламасын жеңілдетеді және оны аз тоққа есептеу мүмкіндігін туғызады . Мұндай реттеу байланысқан деп аталады, яғни тармақтарды ауыстырғанда біруақытта ЖК және ОК тармақтарының саны өзгереді. Кернеуді реттеуді арнайы реттеуші
трансформаторлар көмегімен іске асырауға болады, ол қосымша Э.Қ.К. енгізетін әсіресе трансформатордың негізгі орамын тізбекті трансформатордан, және осы Э.Қ.К. өзгертетін реттеуші трансформатордан, және желілік реттеушілерден тұрады. Ондағы реттеу ОК жағында ЖҮР құрылғысы арқылы, ал ТК жағынан реттеуші автоматты кернеу реттегіші жабдықталған трансформатор орналастырылып іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет