10.3 Екі жүйелі жұмысшы және жинақтаушы шиналарының айналма жүйесі бар сұлбасы 10.3 суретінде келтірілген сұлба, кез-келген ажыратқышқа және шина жүйесіне қосылыстар жұмысының үзіліссіз жағдайда тексеру мүмкіндігін береді, және де бұл қосылыстарды туынды қалпында топтауға мүмкіндік береді.
Ереже бойынша, екі шиналар жүйесіде сәйкесті бекітілген таралуындағы барлық қосылыстары жұмыс режімінде болады: W1, W3, W5 желілері және Т1 трансформаторы А1 бірінші шиналар жүйесіне қосылған, W2, W4, W6 желілері және Т2 трансформаторы А2 екінші шиналар жүйесіне қосылған, шина қосқыш ажыратқыш QA қосылған. Қосылыстардың мұндай таралуы сұлба сенімділігін арттырады, өйткені ҚТ-да шиналарда шина қосқыш ажыратқыш QA және тек қана қосылыстардың жартысы ғана ажыратылады. 110-220 кВ ТҚ-на қосалқы станцияның ЖК және ОК жағында қосылу саны 7—15 болғанда , және де электростанциясында - қосылу саны 12 –ге дейін болса қарастырылған сұлба ұсынылады.
47
а) негізгі сұлба; б), в) сұлбалар нұсқалары
10.3 Сурет - Екі жүйелі жұмысшы және жинақтаушы шинаның айналма жүйесі бар сұлбасы
10.4 Қосылыста екі ажыратқышы бар сұлбалар Тізбекте екі ажыратқышы бар сұлбалар екі жинақтаушы шиналар жүйесінің түрлерін ұсынады. Олар 10.4 суретінде келтірілген . Сенімділік пен жөндеуге қабілеттілікті арттыру үшін сұлбада әрбір айырғышпен қатар тізбекті түрде ажыратқыштар жол айырығы қарастырады .
Мұндай сұлбаның құндылықтарына кез-келген шиналар жүйесіне жөндеу жұмысын жеңіл әрі ыңғайлы жүргізілуін және айырғыш
операциясынсыз тоқ бар кезде ажыратқышты жөндеуге шығару мүмкіншілігін жатқызуға болады. Шинаның бұзылуы мұнда қосылыстардың ажыратылуына алып келмейді.