Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар


Жұмысшы машиналардың электржетегі және



бет23/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
11.2 Жұмысшы машиналардың электржетегі және
электроқозғалтқыштардың өздігінен қосылуы 
Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштар (АҚ) неғұрлым кеңінен қолданыс тапты. Бір және қосжылдамдылықты АҚ қолданылады. Негізгі кемшілігі айналу жылдамдылығын икемді реттеу мүмкіндігі жоқ, алайда көптеген жағдайларда бұл талап орындалмайды. Синхронды электрқозғалтқыштарда (СҚ) аралық құрылғыларды қолданусыз
айналу жилігін реттеу мүмкіндігі жоқ, бірақ олардың П.Ә.К., реактивті қуатты өндіру қабілеті неғұрлым жоғары болады, жоғары қуатқа дайындалады және қуатты аз жүрісті шарлы диірменді (шаровые мельницаны) қоректендіру үшін қолданылады.
Ө.м. жүйесінде Қ.Т. болса және қозғалтқыштар қорегін жұмысшы трансформатордан резервке автоматты түрде ауыстырғанда кернеу деңгейінің өте төмендеуі қысқа уақытта жоғалуы мүмкін. Бұл кезде қозғалтқыштар моменті, механизмдердің кедергі моментінен аз болады соған байланысты қозғалтқыштардың тежелуі болып, кей кезде толық тоқтауы мүмкін. Қоректендірудің қалыпты шарты қалыптасқан кезде айналу жилігінің қалыптасу процесі басталады. Бөліктеп тежелген немесе толық тоқтап қалған электрқозғалтқыштардың, жұмысшы немесе резервті қорегі қалыптасқаннан кейін, олардың айналу жилігінің, алдынғы жұмысшы айналу жилігіне дейін , қолданыс персоналының араласуынсыз арту процессі­ өздігінен қосылу деп аталады . Өздігінен қосылу процесін келесі өрнек арқылы жазуға болады
.
Осылайша өздігінен қосылу (яғни  > 0) тең болады егер өздігінен қосылу процесі келесі шартта болса  оң
.
Өздігінен қосылу сәттілігі қозалтқыш моменті мен механизмнің қатынасын және қозғалтқыш қысқышындағы кернеу деңгейін дұрыс таңдауға тәуелді болады.
11.4 ЖЭО және КЭС өзіндік мұқтаждық қондырғыларын электржабдықтау
Ө.м. электрмен жабдықтау сұлбасында 12.1. суретінде көрсетілгендей үзіліссіз қоректі қамтамасыз ететін ре­зервтеу болады, ол резервтік қоректің автоматты қосылу (АРҚ) жолымен іске асырылады.



12.1 Сурет - ЖЭО ө.м. генератор кернеуіндегі шинадан қоректенуінің принциптік сұлбасы (айқын емес көрсетілген резервтеу)

Қоректі резевтеу айқын көрсетілген болуы мүмкін. Мұндай жағдайда өзіндік мұқтаждық үшін бір резервтік трансформатор ӨМРТ қарастырылады.



Сурет 12.2 - 6 кВ-тық КЭС ө.м.қоректендірудің сұлба нұсқалары

Блок типіндегі КЭС-ның ө.м. жұмысшы және резервті трансформаторларын қоректендіру 12.2. суретке сәйкес екі түрлі әдіспен іске асырылуы мүмкін.
Ө.м. жұмысшы трансформаторларды ауыстыру үшін бір немесе бірнеше торапқа қосылмаған ре­зервті трансформаторлар қарастырылады.
Ө.м. жұмысшы блок трансформаторлардың қуатын таңдау ө.м. секциясындағы шынайы жүктеме есебіне (ө.м. блогының шиналарына қосылған жалпы станциялық) негізделеді.
Төменгі кернеуі 6кв ө.м. жұмысшы трансформаторлардың тұтынатын қуаты

мұнда  — 6кВ электрқозғалтқыштармен барлық орнатылған механизмдердің резервті және қалыпты жұмыс істейтіндерді қосқандағы есептік қуаттар қосындысы;
 — 6/0,4 кВ барлық қосылған трансформатор қуатының, резервті және қалыпты жұмыс істейтіндерін қосқандағы қосындысы .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет