Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы энергетика және байланыс институты Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы электр станциялары және қосалқы станциялар


Екі қосылыстағы үш ажыратқышы бар және басқа сұлбалар



бет22/28
Дата19.12.2022
өлшемі1,3 Mb.
#58128
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
дарис жинагы

10.5 Екі қосылыстағы үш ажыратқышы бар және басқа сұлбалар
10.5 а суретінде келтірілген екі қосылыстағы үш ажыратқышы бар сұлбалар, кез-келген ажыратқышты немесе шиналар жүйесін қосылыстар жұмысын бұзбай тексеруге және бұл элементтерді жөндеуге шығарғанда минималды операция санын қолдануға мүмкіндік береді. Бұл кезде айырғыштар тек көрнекі ажырату үшін ғана қолданылады. Екі қосылыстағы үш ажыратқышы бар сұлба жинақтаушы шиналар сұлбаларымен сенімді болады көпбұрыш сұлбасымен иілгішті болады. Бұл сұлбаның кемшіліктеріне қосылыстағы релелік қорғаныс күрделілігін ажыратқыш және қалған қондырғыларды екі еселенген номиналды тоққа таңдауды жатқызуға болады .
4/3 сұлбасы, 10.5 б суретінде көрсетілгендей екі қосылыстағы үш ажыратқышы бар сұлбаға ұқсас , бірақ неғұрлым үнемді, өйткені , екі
жүйелі жинақтаушы шиналы жүйеге қарағанда тізбекте 1/2 ажыратқыш, ал тек қана 1/3 көп.

а)  б)


10.5 Сурет - Сұлбалар: а жартылай; б—4/3
11 дәріс. Электрстанцияның және қосалқы станцияның өзіндік мұқтаждықтары
Дәрістің мазмұны:
- өзіндік мұқтаждық тұтынушылары, электр жетектер түрлері, типтері және электрқамтамассыздандыру жүйесі.
Дәрістің мақсаты:
- өзіндік мұқтаждық тұтынушыларының және олардың электрқамтамасыздандыру жүйе жұмысының ерекшеліктерін меңгерту.
11.1 Тұтынушылар және өзіндік мұқтаждардың жұмысшы машиналары
ЖЭС-да өзіндік мұқтаждарға (ө.м.) жататындар: отын тасымалдау механизмдері; отын дайындау; тартым үрлегіш механизмдері; турбин­алық бөлімше механизмдері; химсутазалау; генераторларды майлау және салқындату жүйелері механизмдері; газ және май шаруашылығы механизмдері; трансформаторларды үрлеу желдеткіштері; май қыздыру жүйесі және бірқатар басқалары. Электрэнергияның кейбір бөлігі жылытуға, қыздыруға және жарықтандыруға шығындалады.
Электростанцияның ө.м. жүйесінің тұтынушылары 1-санатқа (категорияға) жатады. Әсіресе қоректену үзілісі персоналдың өміріне қауіп
туғызатын немесе негізгі күштік қондырғының істен шығуына әкеліп соқтыратын электрқондырғылардың тобы ерекшеленеді. Бұл тұтынушылар тобына үштен кем емес тәуелсіз – жұмысшы және екі резервті қорек көзі қажет.
Ерекше жауапты тұтынушылар үшін дизель немесе газдық трубина
және синхронды генераторлар, ав­тономды агрегаттар, қосымша генераторлар,
статикалық түзеткішті аккумуля­торлық батареялары сияқты тәуелсіз
энергия көздерін қарастырады
Электростанцияның ө.м. жүйесінде кеңінен қолданыс тапқан қалақты сорғылар және желдеткіштер. Қалақты машиналар қозғалтқыштан энергияны ығысатын сұйықтықты (газды) қалақшалы жұмысшы дөңгелек арқылы береді және эксплуатациялық сапасы екпін , біліктегі қуат  және толық ПӘК  тасымалдану (өнімділіктен) Q тәуелділігінен анықталатын ортағатартқыш және осьтік болып бөлінеді.
ЖЭС-да ө.м. жүйесінде шаңкөмірлі отында жұмыс істейтін, отынды дайындап тасымалдайтын жұмысшы айналу жиілігінен тәуелсіз механикалық сипаттамасы бар машина (үгіткіш, диірмендер, қоректендіргіштер, крандар, конвейерлер, транспортерлер, шнектер және т.б.) топтары бар. 1585879
Орта тартқыш типті машинаның өнімділігін реттеу үшін дроссельді реттеуді қолданады, яғни сырғымамен, айналу жилігімен, қалақшалы бұрып әкету (отвод) (бағыттауыш аппараттың) арқылы, құрама реттеу түрлері. Ортатартқыш типті машинаны дроссельді реттеу үнемді емес. Алайда қарапайымдылығына байланысты кеңінен қолданыс тапты.
Осьтік типті машина үшін реттеуді айналу жилігін өзгерту жұмысшы дөңгелектің қалақшаларын өзгерту және қалақшалы бұрып әкету (бағыттауыш аппараттың) арқылы іске асырады. Жүру айналма қалақша құрылғысы бар осьтік машиналар, неғұрлым күрделі құрастырылған және салыстырмалы түрде қымбат.
Айналу жиілігін реттеу немесе айналу жилігін өзгертуге қабілетті электрқозғалтқыштар арқылы немесе гидромуфта, электромагнитті сырғыту муфтасы және т. б. көмегімен іске асырылады. Гидромуфтаны айналу жилігі жоғары және өнімділігін азырақ реттейтін, жоғары қуатты жұмысшы машиналарға қолданған мақсатты тиімдірек болады, өйткені гидромуфта құны жоғары, ал олардың ПӘК-ті жұмысшы машинаның айналу жилігімен қатар төмендейді .
Құраманы реттеу үшін айналу жиілігін сатылы реттеуге болатын қос жылдамдылықты асинхронды қозғалтқышты пайдаланады, ал жоспарлы реттеуді салыстырмалы үлкен емес шамада ысырмалар (задвижкалар ) немесе бағыттаушы аппарат арқылы іске асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет