51
Кіші мектеп
жасы
Сыбайлac жемқорлыққа
қарсы дүниетанымды
қалыптастыру
Сыбайлac жемқорлыққа қарсы
ағарту, сыбайлас жемқорлық
пен
оның
залалы
туралы
дүниетанымдық сипаттағы
ұғымдар мен түсініктерді
қалыптастыру
Орта мектеп
жасы
Құқықтық сана-сезімді
қалыптастыру
Құқықтық
құндылықтарды,
cенімдерді
құқықтық
әрекет
дағдыларын дамыту;
Жоғары
мектеп
жасы
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы құқықтық сананы
және құқықтық негізде
өмірлік міндеттерді
шешудің дағдыларын
қалыптастыру
Құқықтық және моральдық-эти-
калық нормаларға сәйкес әре-
кетті қамтамасыз ететін сыбайлас
жемқорлық жағдайларын туғызу;
сыбайлас жемқорлық көріністері-
не қатысты тиісті құқық нормала-
рын практикалық қолдану білігін
дамыту
Студенттік
жас
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы ұстанымды
қалыптастыру сыбайлас
жемқорлыққа қарсы
әрекеттен саналы түрде
бас тартуға мүмкіндік
беретін рухани құнды
негіз ретінде
Қазақстандық патриотизмді және
қоғамдағы сыбайлас жемқорлық-
тың кез келген көрінісіне қатынас
бойынша белсенді өмірлік
ұстанымды қалыптастыру
2. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшелігі.
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыруды құқықтық мәдени
тәрбиеден бастаған жөн. Құқықтық мәдени тәрбиелеу – Бала құқығы
туралы конвенцияны ратификациялаған мемлекеттің міндетті саяси бөлігі
болып табылады. БҰҰ негізгі құжат ретінде қабылдаған, әлемдік қоғамдастық
таныған «Бала құқығы туралы конвенция» баланы дербес құқық субъектісі
деп жариялайды.
Құқықтық тәрбие – баланың құқықтық тұрғыдан тәрбиесін қалып-
тастыру мақсатында баланың санасы мен әрекетіне мақсатты және жүйелі
әсер ету, яғни мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп жасындағылардың
терең және орнықты құқықтық білімдер мен сенімдердің болуы мен оларды
қалыптастыру дәрежесімен сипатталатын, тұлғаның кешенді сапасын
білдіреді, ал оны күнділікті тіршілікте іске асыру қоғам талаптарына сай
келеді.
52
Осылайша мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы
балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру
тиімділігі рухани тәрбиелеудің жалпы жүйесі аясында төмендегі жағдайларда
іске асыру мүмкін болады:
– балаларға aдам құқығының ізгілік мәнін, оның міндеттерін, әрекет
нормалар мен қағидаларын терең cезінуге мүмкіндік беретін тәрбиенің әртүрлі
құралдары мен әдістерінің кешенін пайдалану;
– балалар тобының ізгілік сезімдері мен сыйластық қатынастарын
көрсетуді ынталандыратын ахуал жасау;
– педагогтар мен ата-аналардың тәрбиелік ұмтылыстарының
сабақтастығын қамтамасыз ету.
Балалар өз-өзіне сенімді болу, өзін-өзі сыйлау және басқаларды
құрметтеу тұрғысынан тәрбиеленуі тиіс. Әрбір бала өзіне қажетті
жағдайда жеңіл қолдана алатын өз құқықтарын, міндетін білуге тиіс.
3. Орта және жоғары мектеп жасындaғы балалардың сыбайлac
жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері.
Жасөспірімдерді (орта мектеп жасындағы) сыбайлас жемқорлыққа
қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі оларға қажетті білім беру болып
табылады, олар балалардың:
– сыбайлас жемқорлықты танып-білуін үйренуіне (сондай-ақ оны
басқа қылмыс түрлерінен айыруға;
– сыбайлас жемқорлық неліктен жамандықтың көзі екенін білдіретін
уәжді ұғынуға;
– сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсетуге
көмектеседі.
Бұл жаста білім берудің этностық компоненті – рухани құндылықтың
мазмұны мен маңызын ашуға және жасөспірімдердің ізгілік рухани бағдарын
қалыптастыруға назар аудару қажет. Дәл осы ізгілік рухани бағдарлар,
егер олар рухани білім беру мен тәрбие жүйесінің бастапқы кезеңінде
жасақталса, ол орта сыныптарда құқықтық құбылыстарды, ілгерінді
құқықтық сезімдер мен ұстанымдарды әлеуметтік пайдалы бағалау бойынша
құқықтық білім беру процесінде қалыптастыру үшін іргетас болуға тиіс.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет үшін қаупі туралы білімі
бар азаматтың тұлғасы, сыбайлac жемқорлық көріністерін өз азаматтық
құқықтарының бұзылуы ретінде қабылдaйтын және бұл құқықтарды қорғауға
дайын тұлға жоғарыда аталған барлық әрекетердің нәтижесі бола алады.
4. Студенттік жастардың сыбайлac жемқорлыққа қарсы сана-сезімін
қалыптастыру ерекшеліктері.
Студенттік жастар – қоғамымыздың ең дамушы, серпінді, тез
қимылдаушы бөлігі. Нақ осылар келешекте өндіріс саласында да, басқару
саласында да орындарды иеленуші болмақ және оның белсенді қоғамдық
ұстанымы мен сыбайлас жемқорлық төзбеушілігіне еліміздің өсіп-өркендеуі
мен прогресивті дамуы байланысты болады. Жастардың сыбайлас
жемқорлықты проблема ретінде сезінуі және мықты қалыптасқан сыбайлас
53
жемқорлыққа қарсы әрекет тиісті cтандaрттар мен қоғамдық құндылықтарды
қалыптастыруға қабілетті, олар келешекте мемлекеттік басқару сапасына оң
әсер ете алады.
Құқықтық мемлекеттік құрудың міндеттеріне толық көлемде сай келетін
жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуындағы
негізгі рөл жоғары білім беру жүйесіне тиесілі.
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін
қалыптастыруда тәрбие процесіне үлкен орын беріледі.
Бүгінде азаматтық жастардың қоғамдық ұйымдарына үлкен маңыз
беріледі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жас Отан»
жастар қанатын құру бүкіл елдегі жастар қозғалысына қуатты серпін
берді. Олардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқандарды
өткізуге ерекше назар аударылады, онда студенттік ортада сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес әдістеріне негізгі сүйеніш
жасалады. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар еліміздің
барлық өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары
жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық
кеңестермен, Қазақстан Жастар конгресімен, «Қарсы» жалпы республикалық
жастар қозғалысымен, «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық
жастар қозғалысымен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, өткізіледі.
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары билік, бизнес
және азаматтық қоғам aрaсында дұрыс, өркениетті қарым-қатынастар құру
тұрғысынан маңызды. Сындарлы ұсыныстарға бастама білдіру, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жауапты және ілгерінді тәсілдеріне
бағдарлану сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен көзқарастарға
ие ауқымда жастар қоғамдастығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл
түптеп келгенде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлде
төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға, біздің азаматтарымыздың заңдылық,
адалдық және «адал өмір сүру – бұл тиімді және абыройлы» екеніне
тұрлаулы сенім қағидаттарына бейілдік деңгейін арттыруға жағдай жасайды.
Бақылау сұрақтары:
1) Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге
болама?
2)Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалай түсінесіз
және білім беру мекемесінде қалай қалыптастыруға болады?
3) Мектеп жасына дейінгі балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сана-сезімін қалыптастыруға бола ма?
4) Жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатынас. Не өзгерді?
5) Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу
үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?
|