Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет20/30
Дата09.05.2022
өлшемі0,87 Mb.
#33494
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
7uUpPsNxBvcAtQTOnYC8ELJGXzribM

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Адам әрекеті қалыптасуының психологиялық тетігі. 

Бұл  модель  адамның  ілгерінді  және  теріс  сипаттағы,  атап  айтқанда 

тұлғаның  сыбайлас  жемқорлыққа  бейім  де,  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы 

да әрекеті сияқты психологиялық тетігін айқындайды.  

Психологиялық    тетіктің    құрылымдық    элементтерінің    әрқайсысы 

сыбайлас  жемқорлық  әрекетіне  қатысты  өз  сипаттық  ерекшелігі  болады. 



Мейлінше  елеулі  элементтерге  тaлдау  жүргіземіз.  Қалаушылық    адамның  

әлеуметтік    әрекетінен    көрінетін    адам  табиғатының    ажырамас    өзіндік  

элементі  болып  табылады.   

Қалау


 

Келешекті 

түйсіну

 

Қызмет



 

Психология –

лық доминант 

Қажеттілік 

 

Дүниетаным



 

Әрекет стилі 

 

Бағыттылық 



 

Тұлғалық  

ұмтылушылық 

 

Бастапқы 



нақты уәж 

 

Cенім 



Қызығушы-

лық


 

Мақсаттар 

 

Құндық 


бағдарлар 

Міндеттер

 

Ұсынымдар



 

Қорғаныс уәжі

 

Психология – 



лық қорғаныс  

Дайындық


 

Қанағаттану

 



57 

 

Сыбайлac  жемқорлық  әрекетінің  психологиялық  тетігінің  құрылымына 



кіретін    бастапқы    буындардың    бірі    мүдде.    Мұнда    сыбайлас    жемқорлық 

қатынастарының  бастамашысы  кім  болатының  айырмасы  жоқ:  басшы  

тұлғаның бастамашысы  бойынша  пaрa  cұрау  (бопсалаушы)  не сұраушының  

бастамасы  бойынша  парамен  сатып  алу.  Нақ  осы  тұста  мүдделер,  

қалаушылық  перспективаларды  (жеңіл  баю,  әлеуметтік мәртебені  арттыру  

және т.б. мүмкіндігі) және өз мүмкіндіктері мен біліктігін  (иеленген  лауазым,  

мүмкіндік  және т.б.)  барабар бағалау негізінде пайда болады. Бұл ретте, өзін  

басқалардан  ерекше  етіп  көрсету  (барынша  жоғары  әлеуметтік жағдайға  

ұмтылу,  қамқоршы,  «керек  байланыстар»  жүйесі, жеке оңай олжаны көксеу, 

молшылық  өмірге  ұмтылу,  салынған    қаражаттың  «қайтарушылығын»  күту 

және т.б.) ол үшін аса маңызды.  

С. Л. Рубинштейннің пайымдауынша қажеттілікте адамды мұқтаждықты 

қанағаттандыру  мақсатында  жағдайды  өзгертуге  бағыттайтын  белсенді 

қатынасын (ұмтылысын)  қамтиды.  Демек,  қажеттілік  адам  өз  белсенділігін 

көрсету үшін қайдан энергия алатынын түсіндіреді. 

Серпінді  білім  және  тіршілік  иесінің  танып-білу  процесі:  қиял  мен 

әрекетті ұйымдастыратын және бағыттайтын белсенділігінің бастапқы нысаны 

қажеттілік болып табылады.  

К. Левин берген анықтама қызығушылық  тудырады:  «Серпінді  жағдай 

ретіндегі  қажеттілік  –  бұл  белгілі  бір  ахуалда  пайда  болатын  қандай  да  бір  

шиеленісті  жағдай  (ниет),  ол  адам  әрекетін  қамтамасыз  етеді  және 

қанағаттанушылыққа ұмтылдырады». 

Әрекеттің  кез  келген  нұсқасы  ішкі  қажеттілік  пен  оларға  қол  жеткізу 

тәсілдерінің  шиеленісі  нәтижесі.  Қалыптасқан  мүдделер  мен  нұсқамалар 

сыбайлас    жемқордың    қажеттілігі    ретінде    көрінеді    және    оның    белсенді 

сыбайлас жемқорлық мүдделерінің  қайнар көзі болмақ. Таңдау  сәті мейлінше 

маңызды қажеттілік ретінде де және оған қол жеткізу тәсілі  ретінде  де  бұл  

процестің  негізгі  қозғаушы  күші    болады.    «Табысты»  лауазым  «жеңіл 

ақшаға» қол жеткізу тәсілі болып табылады. 

Саналы  психологиялық  әрекет  ретінде  жүзеге  асырылатын «керекті  

байланыс»  деп  аталатын  сыбайлас  жемқорлар  арасында өзара  қатынастар  

аса  маңызды рөл  атқарады.  Олардың  өзара  қарым-қатынастары  процесінде  

қалыптасатын    сыбайлас    жемқорлардың  нақты    байланыстарының    артында  

сыбайлас    жемқордың    күтуінің,  өзара    мүдделерінің,    жеке    мүдделерінің  

күрделі  жүйесін,  тұлға  аралық ұстанымнан  көрінетін  әртүрлі  рөлдік  және  

мәртебелік    жағдайларды  көруге  болады.  Сыбайлac  жемқорлар  өзара 

қатынастарға  түсе  отырып,  сыбайлac  жемқорлық  әрекетін  жасайды  және 

көбіне  олардың  әрекетінің  нақты  мазмұны  болады.  Бұл  құбылыстар  бізге 

бәлкім теріс аударылған түрде  көрініс  беріп,  өзін  басқа  жағынан  көрсетеді,  

нәтижесінде  өзара қатынастар мен өзара іс-қимылдардың сипаты өзгереді. 

 Ұстанымның дамуы білімді иелену  және  жүйелеу  жолымен, сондай-ақ 

орнықты, дәйекті және мақсатты сипатта болатын ішкі дайын болушылықтың  

қалыптасуы  арқылы  қол  жеткізіледі.  Егер  ұстанымдар әрекет стратегиясын 



58 

 

айқындаса,уәждер  әрбір  нақты  жағдайда  тактиканы  айқындайды.  Бұл  тұста 



уәж  осы  тұлғаға  сыбайлac  жемқорлық  әрекетін  жасау  мүмкіндігін  беретін 

мақсаттар  мен  бағдарламалардың  вербалдануы  ретінде    көрінеді.    Нақты  

уәждеме    әлеуметтік-психологиялық    тұрғыдан  бастапқы  барабар  мақсаттың 

(«жеңіл табыс») болуын болжайды. 

Адамда  қоғам  белгілейтін  жалпы  қағидалар  мен  әрекет  нормаларына 

тәуелді  болу  жоғала  бастайды.  Әрекеттің  сыртқы  ынтадан  босануы іске 

асады.  Сонымен  бір  мезетте  өзі  үшін  қоғамға  қарсы  әрекет  жасау  мәнін 

жоғалтудан  көрінетін  тұлғаның  дербестік  деңгейі  өсе  түседі.  Адам,  оның  

қоршаған ортаға  ұнайтыны-ұнамайтынына  қарамастан  сыбайлас жемқорлық  

әрекетін  жасауға  барады.  Ұстанымның  бұзылуы,  яғни  бағыттылықтың 

жойылуы байқалады.  

Қалыптасқан    әрекет    стилінен    бас    тартуды    қаламайтын    сыбайлас 

жемқор  көбіне  ақталуға  мәжбүр  болады.  Мәселен,  нақты  уәждермен қатар 

қорғаныс уәждемесі пайда болады, яғни бұрынғы тұлғаны шеттетіп, бүлдірген  

басқа тұлға туады. Сонымен  бір  мезетте  психологиялық қолайлылық  сезімін  

сақтайтын    қорғаныс  тетігі  іске  қосылады.  Олар үшін    теріске    шығару    мен  

өтемақы,  сыбайлас  жемқорлық  қылмысы құрбандарының өздері де осындай 

қылмыстар  жасағаны  туралы  cенім  cияқты  психологиялық  қорғаныс  түрлері 

тән болады. 

3.  Қорғау  тетіктерінің  пайда  болуы  сыбайлас  жемқордың  әрекеті 

уәждемесінің    сапалы    жағынан    өзгергенін    көрсетеді.    Сандық    қатынас 

жағынан  бұл  К.  Морган  бойынша  «орталық  уәждеме  жағдайының» пайда 

болуынан көрінеді, ол мынадай қасиеттермен сипатталады:  

- ол бір рет пайда болса сенсорлық қоздырғыштар тарапынан қолдаусыз 

әрі қарай  созыла  береді;   

-  салдар  тобының  ұлғаюынан  көрінетін  жалпы белсенділікпен  ілесе  

жүреді;   

-  ұмтылыстардың    кей    түріне    ден    қоюға,  екінші    түріне    көңіл  

бөлмеуге  бейімділік,  бұл  әрекетті  бұзуға  жоғары дайындығынан  көрінеді. 

Орталық    уәждемелі    жай-күй    негіз    болып  табылады,  онда  сыбайлас 

жемқорлық әрекетке дайын болушылық өркен жаяды.  Нәтижесінде  сыбайлас  

жемқорлық  әрекеті  жетекші  уәж  болып қалыптасады. Оған қоса тұлғаның 

дербестігі  қанат  жаяды.  Бұл  сыбайлас  жемқордың    «қолайлы»    ортамен  

араласуына    ықпал    етіп,    әлеуметтік  бақылау    мүмкіндігін    азайтады    және  

сыбайлас  жемқорлық  әрекетінің  одан  әрі  күшеюіне  және  осы  дертпен 

шалдыға  түсуіне  ықпал  етеді.  Егер  әрекет    нормаларынан    ауытқудың  

бастапқы  көріністерінде  тұлғаның психологиялық  негізін  бұзбайтын  және  

рухани-этностық  құндылыққа бастайтын қандай да бір деңгей туралы айтуға 

болатын  болса,  одaн  әрі  нормадан  жүйелі  түрде  ауытқу  кезінде  сыбайлас 

жемқорлық  тән  әрекет  стилі  қaлыптaсaды,  ол  кезде  осы  ауытқушылық 

жетекші  мағына  құраушы  қажеттілік    ретінде    көрінеді.    Нәтижесінде  

сыбайлас  жемқорлық  әрекеті басты уәждемелі күшке, өмірдің негізгі мәніне 

айналады.  




59 

 

Осы  кезеңде  сыбайлас  жемқорлық  әрекетінің  сипаты  мен  мазмұны 



өзгереді. Сыбайлас  жемқорлық  әрекеті  эмоционалдық  салада оқшауланатын  

құбылыс    болып,    зияткерлік    функцияны    да    қамтитын  тұтастай  қолайлы 

жай-күйге дейін кеңейеді. Нәтижесінде «жеңіл табыс табу» мүмкіндігі әрекет 

стиліне айналады. 

Әзірленген тетікті егжей-тегжейлі талдау өзінің  күрделі  ой-пайымымен 

ерекшеленетін  сыбайлас  жемқор  тұлғасы  деструктивті  тұлға  екенін  ұғынуға 

мүмкіндік  берді,  оның  әрекеті  кез  келген  мемлекет  үшін  бүлдіргіш    сипатта  

болады. Әр замандағыдай сыбайлас жемқорлықты түпкі мақсаты бұрынғыдай 

қала  береді,  ол  –  адамның  заңсыз  жолмен  алатын  жеке  пайдасы  немесе  өзге 

сыйақы. 


Мұндай    тұлға    сана-сезімге    тиісті    таптаурынды    ой    қалыптастыра 

отырып,    сыбайлас    жемқорлықтың    дұрыстығы    мен    перспективалығы 

жөнінде келешек ұрпаққа нұсқама беруімен қауіпті. 

Осылайша,  сыбайлac  жемқорлық  әрекеті  үрдісі  әуелгіде  көңіл-күй, 

қызығушылық,  пікір,  жекелеген  адамның  нұсқамасы  ретінде  көрініп, одан 

соң нақты әрекеттен көрінетін әрекеттер мен іс-қимылға айналады. 

Сыбайлac  жемқорлық  әрекетінің  диагностикасы  мен  профилактикасы 

әдісіне: 

–  әлеуметтік  –  коммуникативтік  процестер  мен  нормсативтік 

құжаттардың психологиялық мониторингі; 

–  әртүрлі    жүріс-тұрыс    моделдерінде    субъект-субъекті    қатынастары 

(пара беруші – делдал – пара алушы) профилизациялау; 

– алдын алу шараларының мазмұнын түзету және сараптау; 

– әлеуметтік нормалар мен таптаурын мәселелерді өзгерту; 

–    психологиялық-диагностикалық    әдістерді    (полиграф,    тестілеу, 

вербальды  және  вербальды  емес  бақылау  және  т.б.) қолдану  жатады. 

Сыбайлac  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылды  осы  құбылысқа  (сыбайлас 

жемқорлық әрекетінің сыртқы факторлары)  әлеуметтің  қатынасын өзгертуге,  

сонымен  қатар  қалыпты  мінез-құлықтық  бейінге  және олардың әлеуметтік 

стереотиптерін  қалыптастырушыларға  түрлендіруге  де  бағдарлау  қажет 

(сыбайлас жемқорлықтың ішкі факторлары). 

 

Бақылау сұрақтары: 



1)  Психологиялық  фактордың  сыбайлас  жемқорлыққа  әсер  ету  шарасы 

қандай? 


2)  Сыбайлас    жемқорлықтың    негізгі    психологиялық    құрамдастарын 

сипаттаңыз. 

3) Қазіргі заманғы сыбайлас жемқор адамның психологиялық портретін 

жасаңыз. 

 

 

 




60 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет