Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 дәріс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата09.05.2022
өлшемі0,87 Mb.
#33494
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
 9 дәріс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие 

 

1. Ағарту  және  тәрбиелеу  жұмыстары.   



2. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас  

жемқорлыққа  қарсы  сана-сезімін  қалыптастыру ерекшелігі. 

3. Орта  және  жоғары  мектеп  жасындағы  балалардың  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері. 

4. Студенттік  жастардың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  сана-сезімін 

қалыптастыру ерекшеліктері. 

 

Дәрістің  мақсаты:  сыбайлас  жемқорлық  адамның  құқықтарын  бұзу 

факторы  ретінде,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тұру:  немен  күресеміз,  неге 

күресеміз дегенді анықтау. 

 



48 

 

Дәрістің  мазмұны:  тұлғаны  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тәрбиелеу 

мәні мен мазмұны баяндалады. 

 

1.  Ағарту    және    тәрбиелеу    жұмыстары.   Жас    ұрпақтың   сыбайлас 

жемқорлыққа    қарсы    сана-сезімін    қалыптастыру    жөніндегі    ағарту  және  

тәрбиелеу  жұмыстары  қазақстандық  қоғамдық  өмірдің  әртүрлі салаларында  

сыбайлас    жемқорлықты    туғызатын    және    соған    себеп  болатын    себептер  

мен    шарттарды    жою    (барынша    азайту)    жөніндегі  мемлекеттік    сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы  саясаттың  бір бөлігі  болып табылады.  

Бұл  тұрғыдан  алғанда  білім  берудің  аса  маңызды  бағыты  сыбайлас 

жемқорлық    көріністерін    қабылдамайтын    білім    беру    ортасын    құру, 

сыбайлас    жемқорлықты    қабылдамайтын    моральдық    деңгейі    жоғары, 

адамгершілігі мүліксіз азаматтарды тәрбиелеу болуға тиіс. 

Сыбайлас    жемқорлыққа    қaрcы    білім    беру    мен    тәрбиенің    мәні 

интериоразацияны  білдіреді,  яғни  қоғамның  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы 

талаптарын  ішкі  құндылық  ұстанымдарына  айналдыру  және  әрбір  білім 

алушының соған көзін жеткізу.  

Бұл  іске  асқан  жағдайда,  ол  оның  кейінгі  өміріндегі  бет  түзер  бағыты 

болады. Бұл тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие жөнінде 

олардың  біртұтас  процесс  екенін  айтуға  болады.  Бір  жағынан  білім 

алушыларға  қажетті  білім  көлемін  және  тиісті  моральдық  идеалы  туралы,  

рухани  және  адамгершіліксіз  әрекет,  моральдық  қағидаттар мен  нормалар  

туралы  ұғымдарды  қалыптастыруды  болжайды.  Екінші жағынан, сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы тәрбие aдaмның рухани caна-cезімнің  қабылданған  және  

игерілген    элементтеріне    сәйкес    әрекет  етуінің  терең  ішкі  қажеттілігін 

қалыптастыруды білдіреді.  



Тұлғаның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  сана-сезімін  қалыптастыру  – 

бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары:  

1) cыбайлac жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру;  

2) тиісті моральдық cенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру

3)  қажетті  моральдық  қажеттіліктер  мен  әдеттерді    дамыту.    Бұл  

бағыттар  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тәрбие міндеттерін білдіреді.  

Бүгінде    білім    беру    мекемелерінде    сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы 

тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі: 

–    білім    беру    мекемелерінде    сыбайлас    жемқорлық    әрекеттері 

жағдайларының болмауы; 

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі; 

–  білім  беру  субъектілерінің  өзара  іс-қимылы  негізіндегі  өмір-тіршілігі 

проблемаларын шешу тәжірибесін алу; 

–  білім    алушылардың    сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    сана-сезімін 

қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет. 

Бұл    жүйеде    әртүрлі    жас    кезеңінде    қалыптacуы    мүмкін    бірқатар 

тұлғалық құрылымдарды бөліп көрсетуге болады. 




49 

 

Мәселен,  мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  жұмыста  (3-6  жас  – 



әлеуметтік    маңызды    тәжірибені    қарқынды    жинақтау    және    әлеуметтік 

кеңістікте    бағдар    алу    кезеңі)    балaлaрға    Отанға    деген    махаббат,    туған 

табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар  мен  

қазақстандық 

халықты 

құрметтеу, 

тәртіптілік, 

адалдық 


сияқты 

құндылықтарды    сіңіруге    айрықша    көңіл    бөлу    керек.    Мектеп    жасына 

дейінгі    балалармен    тәрбие    жұмысының    негізгі    бағыттылығы    –    бұл 

олардың  рухaни-адaмгершілік  және  әлеуметтік-мәдени  құндылықтарды, 

қоғамда    қабылданған    жүріс-тұрыс    қағидалары    мен    нормаларын 

қалыптастыру. 



Кіші  мектеп  жасында  (7-10  жас  –  кемел  балалық  шақ,  дене  және 

рухани    күш    жинақтау    уақыты)    біршама    өзгермеген    түрде    өмір    бойы 

сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге  

асырылады.  Сондықтан  бұл  жаста  рухaни  мәдениеттің  қалыптасуының  

маңызы зор.  Ар-ождан,  абырой,  ұят,  қaйрымдылық, жанашырлық,  адалдық,  

әділдік, жауапкершілік және  т.с.с.  рухани қасиеттердің қалыптасуына ерекше 

назар салған жөн. Бұл  кезеңде  балалардың  сыбайлac  жемқорлық  пен  оның  

залалы туралы  дүниетаным  сипатындағы  түсінік  пен  ұғымның  қалыптасуы 

маңызды. Негізгі дүниетаным идеясы  қоғамды  тану  заңдарымен байланысты 

болуға  тиіс.  Бұл  ретте  баланың  ұғымды  салмақтау  білуіне,  өз  көзқарасын 

айтуына үйрету, оны қиын жағдайға қойып көру қажет.  

Орта  мектеп  жасы    –    (10-14  жас  –  жасөспірім  кезеңі,  балалардың 

өміріндегі  күрделі  кез)  –  бұл  балалық  шақта  сіңірген  рухани-эстетикалық 

қорын    бекемдеу,    оны    салмақтап,    байыту    кезеңі.    Бұл    өмірлік    кезеңнің 

нақты  қиындығы  әлеуметтік  қатынастар  жүйесіндегі,  рухани-эстетикалық 

пайымдауды    дамытудағы    өзіндік    түйсіктің,    өзін-өзі    танудың,    өзін-өзі 

бағалаудың  бірте-бірте  өспелі  толқынын  білдіреді.  Бұл  жаста  патриотизм, 

интернационализм,  өз  Отанын  мақтан  ету,  елдің  қоғамдық  құрылымын 

құрметтеу,    еңбек    сүйгіштік,    жауапкершілік,    тәртіп,    адамның    азаматтық 

құқықтарын  білу  және  құрметтеу  сияқты  тұлғалық  қасиеттерді  сіңірудің 

маңызы зор.  

Бұл  осы  жас  тобында  құқықтық  сана-сезімді  қалыптастыру  сияқты 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тәрбиенің  негізгі  міндетін  айқындайды.  

Біздің    көзқарасымызша    бұл    сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    тәрбие 

жүйесінің негізгі міндеті.  

Жасөспірім    жасында    білім    алушылардың    өмірлік    проблемаларды 

шешу  қағидаларын  саналы  түрде  қабылдау  білу  даңдысын  қалыптастыру 

маңызды. Бұл үшін олар билікпен қарым-қатынacта өз проблемаларын тиімді  

шешу  тәжірибесін  жинайтын  практикалық  жағдай  туғызу  керек.  

Бұл  тұста,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  ақпараттық-ағарту  бөлігінен 

басқа  жеке  таңдау  негізінде  өмірлік  проблемаларды  шешу  жағдайларын 

туғызған жөн.  

Жоғары  мектеп  жасы  (14-18  жас  –  жастық    шақ)  –  бұл  дене  және 

психологиялық  кемелденудің  аяқталатын,  қоғамдық  пайдалы  өндірістік 




50 

 

еңбекке  және азаматтық жауапкершілікке  әлеуметтік  дайын  болатын кезең.  



Жоғары  сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

тәрбие  жүйесінің  басты  міндеті  білім  алушылардың  сыбайлас    жемқорлыққа  

қарсы    құқықтық    сана-сезімін    қалыптастыру  болуға  тиіс,  ол  сыбайлас 

жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға мүмкіндік береді.  



Студенттік  кезеңді  тұлғаның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  құқық-

тық    сана-сезімін    қалыптастырудың    сенситивтік    кезеңі    деп    санаған  жөн,  

оның    барысында    кәсіби    білім    беру,    сыбайлас    жемқорлық  проблемасын  

сезінуге  мүмкіндік  беретін  еңбек  қатынастарына  бірте-бірте кірігу жүзеге 

асырылады.  Бұл  ретте  Қазақстанда  соңғы  жылдары  қалыптасқан    біршама  

күрделі    қоғамдық-экономикалық    жaғдай    жас  ұрпақ  үшін  бірсыпыра  ауыр 

болды. Қоғамдық құндылықтар тұлғаға өз ықпалын жоғалта бастады және бұл 

жас  азаматтардың  ілгерінді  құнды  бағдарларының  қалыптасуына  әсер  етеді. 

Бұл  жағдайда  жастар  көбіне  өз  таңдауының  дұрыстығына  сенімділігін  

жоғалта  бастайды,  оған қоса сыбайлас  жемқорлықтың  әртүрлі  көріністеріне  

бейім  бола  бастайды.  

Осының салдарынан сыбайлac жемқорлық әрекеттеріне қатысты дұрыс 

таңдау  қажеттігі  кезінде  қиындық  пайда  болады.  Осы  орайда  тұлғаның 

сыбайлас жемқорлық ұстанымын қалыптастыру маңызды шарт болмақ. 

Тұлғаның  сыбайлас  жемқорлық  нұсқамасын  қалыптастыру  қажеттігі  

өзін-өзі  тануын, ішкі еркіндікті, өз таңдауы мен әрекеті үшін жауапкершілікті  

сезінуін    білдіреді.    Бұл    ретте,    студенттер    сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы  

идеялардың    маңыздылығын    сезініп    қана    қоймай,  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  әрекет  үшін  практикалық  біліктілікті  игеру  қызметіне  қатысуы  қажет, 

бұл  олардың  күрделі  жағдайлардa  ойдағыдай  бейімделуінің  маңызды 

алғышарты болуы мүмкін. 

Осылайша,    әртүрлі    жас    топтарындағы    балалар    мен    жастардың 

сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    тәрбиелеу    жүйесінің    мақсаты    білім 

алушылардың    сыбайлас    жемқорлыққа    қатысты    орнықты    азаматтық 

ұстанымын    сіңіру    арқылы    тәрбиеленушілердің    сыбайлac    жемқорлыққа 

қарсы  құқықтық  санасын  қалыптастыру  қажеттігі  болып  табылады.  

Төменде  бұл  жүйе  алдында  тұрған  негізгі  міндеттер,  сондай-ақ  тиісті 

жас топтарымен тәрбие жұмыстарының бағыттары көрсетілген. 



Әртүрлі  жас  топтарындағы  балалар  мен  жастарды  сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесі 

Жас топтары  Жетекші тәрбиелеу 

міндеті 

Тәрбиелеу жұмысының негізгі 

бағыттары 

Мектепке  

дейінгі жас 

Рухани-адамгершілік  

және әлеуметтік –  

мәдени құндылықтарды  

қоғaмда қaбылданған  

жүріс-тұрыс әрекеттері  

мен 

нормаларын 



қалыптастыру  

Моральдық және адамгершілік  

құндылықтарды қоса алғанда,  

қоғамда  қабылданған  норамлар 

мен құндылықтарды игеруге  

бағытталған рухани сезімдерді,  

көзқарастар мен сенімді дамыту 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет