Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 дәріс. Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетігі



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата09.05.2022
өлшемі0,87 Mb.
#33494
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
10 дәріс. Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетігі 

 

1.  Мемлекеттік  қызметшінің    сыбайлас    жемқорлық    мінез-құлқының 



психологиясы. 

2.    Сыбайлас    жемқорлық    әрекеті    құрылымындағы    психологиялық 

тетікті  талдау.   

3.  Сыбайлас  жемқорлық  мінез-құлықты  диагностикалау    және    алдын  

алу әдістері. 

 

Дәрістің  мақсаты:  «сыбайлас  жемкорлық  әрекетінің  психологиялық 

тетiгiнің»  жүзеге  асырылуы,  бұл  әлеyметтiк  кұбылыс  негiзiнде  қандай 

психологиялық процестер, функциялар, феномендер жатқанын түсіну қажет. 



 

Дәрістің  мазмұны:  адамның  сыбайлас  жемқорлық  әрекетінің 

психологиялық  тетігін  сипаттау  мақсатында  адамның  әлеуметтік  әрекетінің 

қандай  да  бір  нысанын  қалыптастыратын  кұрылымдық  элементтер  мен 

олардың  өзара  байланыс  және  өзара  әрекет  схемаларын,  психикалық 

процестердің  журу  себептерін,  зaңдылығын,  серпінін  айқындайтын  моделін 

қарастыру. 

 

1. Сыбайлac жемқорлық әрекетінің психологиясы. Сыбайлac жемқорлық 

проблемасына арналған көптеген зерттеулер көлемі экономикалық, әлеуметтік 

және  заң  тұрғысынан  бағалауға  ұшырайды.  Алайда,  сыбайлac  жемқорлық 

әрекеттің психологиялық көзқарасы бойынша қазіргі кездегі түсінігі әртүрлі. 

Сыбайлac жемқорлық проблемасын психологиялық тілде  сипаттау үшін 

бірқатар негізгі ұғымдар мен олардың анықтамаларын енгізу қажет: 

а) сыбайлac жемқорлық  әрекет – бұл  лауазымды  адамның  қызметтік 

жағдайын    асыра    пайдалану    арқылы    жеке    пайда    табуға    бағытталған 

әрекеті;  

б) сыбайлac    жемқорлық    қысымы    –    лауазымды    адамға    бұл    жеке  

пайда табу үшін билік өкілеттіктерін асыра пайдалану немесе одан бас тарту 

арасында  таңдау  жасауға  әкелетін  ықпал  етудің  әлеуметтік  және 

психологиялық факторлары жиынтығы;  

в) сыбайлac  жемқорлыққа  қарсы  орнықтылық  –  бұл  сыбайлас 

жемқорлық  қысымына  қарсы  тұру  және  қылмыс  пен  заңға  мойынсұнатын 

әрекет  арасында  соңғысының  пайдасына  таңдау  жасауды  жүзеге  асыру 

қабілетімен көрінетін тұлғалық жүйелік қасиет;  

г) сыбайлас  жемқорлыққа  бейімделу  –   сыбайлас  жемқорлық  қысым 

жағдайында сыбайлас жемқорлық әрекетін таңдауға жеке бейімділік;  

д) сыбайлас    жемқорлығы    дендеген    адам    –    сыбайлас  жемқорлыққа 

жоғары бейімділік және төмен сыбайлас жемқорлыққа  қарсы орнықтылықты 

игерген белгілі бір әлеуметтік тип. 




55 

 

Сыбайлac  жемқорлық  әрекет  факторлaры  сыртқы    (сыбайлас 



жемқорлық   қысым)  және ішкі  (сыбайлас  жемқорлыққа  бейімділік, сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы орнықтылық) болып жіктеледі. 

Сонымен    қатар    ешқандай    сыртқы   жағдайлар,    егер   олар    сыбайлас 

жемқорлық  тұлғасының  ішкі  қасиеттерімен  келіспесе  құқыққа  қарсы 

әрекеттердің себептерін айқындай алмайды.  

Сыбайлac жемқорлық әрекетінің күрделі психологиялық тетігін және  

оның  әрбір  элементі  қажетті  өзара  бaйланыc  пен  өзара  тәуелділікте 

қаншалықты  болғанын  түсіну  үшін  қазіргі  заманғы  сыбайлас  жемқордың 

бейімі мен оның психологиялық портретін қарастыру керек.  

Сыбайлac  жемқорлық  үшін  сотталған  адамдар  арасында  жүргізілген 

психологиялық    зерттеу    психологиялық    бейімді    және    олардың    аз    ғана 

адамдар    тобымен   араласуға    ұмтылысы,    жақын    қарым-қатынастар орнату 

кезінде абай болу, сыбайлас жемқорлық құрбандарына қатысты аяушылықтың 

жоқтығы сияқты бірқатар қасиеттерді айқындап берді.  

Олар, әдетте өздерінің сыбайлac жемқорлық әрекеті үшін ешқашан жаза 

болмайды  деп  ойлайды.  Атап    айтқанда,    қазіргі    сыбайлас    жемқорлықтың  

ашықтық  және арсыздық  сияқты  сипаттамасы  анықталып  отыр.  Жасырын,  

«қауіпсіз» парақорлық үздіксіз дамитынын атап өту керек, өйткені  жемқорлар 

жасампаздығының жоғарылығы  күмән  тудырмайды.  Шетелдік зерттеулердің 

деректеріне  сәйкес  сыбайлас  жемқорлық  бойынша  айла-шарғыларда 

зияткерлігі  жоғары  және  мәселелерді  cтaндартты  түрде  емес  шешетін 

шығармашыл  адамдардың  мейлінше  жолы  болады.  Нәтижесінде  кейбір  

сыбайлас    жемқорлық    сұлбалары    мен    сыбайлас    жемқорлық  әрекетін  

ұйымдастыру  тәсілдері  әккілікпен  және  жетілгендігімен  таң қалдырады. 



Сыбайлас  жемқорлыққа  дендеген  тұлғаның  психологиялық  портреті: 

өмірді    материалдық    игіліктер    aлу    aрқылы    бағалау,    молшылық    өмірге 

ұмтылуды  бақыт  көрсеткіші  деп  санау,  рухани  әрекет  ұстанымдарын  ой 

елегінен  өткізбей  уәждеу  және  құрылымдау,  өмірге  қанағаттанушылықтың 

төмен    деңгейі,    өзі  -  өзін    барабар    бағаламау,    сыртқы    бақылау    фокусы 

(адамның өз өміріндегі оқиғалар  үшін  жауапкершілікті  сыртқы факторларға:  

басқа  адамдарға,  тағдырға,  кездейcоқтыққа,  қоршаған  ортаға  жабу 

бейімділігі),  әрекет  етудің  серпінді  типі  (сыртқы  әсерлерге  аяқ  асты 

эмоциональдық әрекет жасайтын мінезі бар адам). 

2. 

Сыбайлас  жемқорлық  әрекеті  құрылымындағы  психологиялық  

тетікті  талдау.  «Психологиялық  тетік»  деп  кейбір  функциональдық 

тұтастықты  сипаттау  түсініледі  және  қандай  себептерге  орай  қандай  да  бір  

феноменнің пайда болатыны  сипатталады.  «Сыбайлас  жемқорлық әрекетінің  

психологиялық    тетігін»    сипаттау    үшін    бұл    процес    қалай,  қандай    түрде  

жүзеге  асырылатын,  адамның  бұл  әлеуметтік  әрекетін қоғам мен өзі қалай 

реттейтінін,  бұл  әлеуметтік  құбылыс  негізінде  қандай  психологиялық 

процестер, функциялар,  феномендер  жатқанын  ұғыну қажет. 

Сыбайлас  жемқорлық  әрекетінің  психологиялық  тетігін  талдау 

ауытқитын  әрекеттің  психологиялық  тұжырымдарына  негізделген.  Оларға 



56 

 

фрустрация  теориясын  (Дж.  Доллард,  1939;  Э.  Фромм,  1994),  «үйретудің» 



бихевиористік теориясын (В. И. Полтавец, 1998) жатқызуға болады. 

Бірінші    теорияның    мәні    ауытқымалы    әрекеттің    өмірлік    маңызды 

жеке    қажеттіліктердің    фрустрация    (қол    жеткізудің    мүмкін    еместігі) 

нәтижесі  ретінде  сипатталатынын  білдіреді.  Осылайша  ол  пайда  болған 

кедергілерді еңсеруге және ұмтылған нәрсеге қол жеткізуге бағытталады.  



Екінші  теория  әрекеттегі  девиация  дегеніміз  адамның  тәрбие 

процесінде  алған  әрекеттік  қорғану  тәсіліне  еліктеу  нәтижесі  екенін  

байыптайды.  Алайда,    құндылық    ұстанымдарды    адам    көбіне    сезінбейді.  

Бұл    адам  өмірінің стил  тұтастығын айқындайтын және оның  ұстанымдарын 

ұзақ өмірлік бағдарлaмaлaрға қалыптастыратын базалық діни-философиялық, 

рухани, эстетикалық критерийлер және мұның бәрі тұлғалық әрекеттің нақты-

ахуалдық нормаларын тікелей айқындайды. Адамның  сыбайлас  жемқорлық  

әрекетінің  психологиялық  тетігін сипаттау  мақсатында  адамның  әлеуметтік  

әрекетінің  қандай  бар  бір  нысанын  қалыптастыратын  құрылымдық  

элементтерді    мен    олардың  өзара  байланыс  және  өзара  әрекет  сұлбаларын, 

психикалық 

процестердің 

жүру 

себептерін, 



заңдылығын, 

серпінін 

айқындайтын модель әзірленді.  

Бұл модель төменде сұлба түрінде ұсынылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет