Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 дәріс. Саяси партиялар мен БАҚ  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы



Pdf көрінісі
бет16/30
Дата09.05.2022
өлшемі0,87 Mb.
#33494
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
 8 дәріс. Саяси партиялар мен БАҚ  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде 

 


42 

 

1.  Саяси  партиялар  мен  қоғамдық  ұйымдар  сыбайлас  жемқорлыққа 



қарсы іс-қимыл институты ретінде. 

2.  Қазақстанның  саяси  партияларының  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

мәдениетті қалыптастыру саласындағы қызметі. 

3.  БАҚ–тың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру-

дағы рөлі.     

 

Дәрістің мақсаты: БАҚ-тың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестегі  

мақсаты  сыбайлас жемқорлықтың  қазіргі  қазақстандық  қоғамда  таралуына  

мүмкіндік  бермей    оның    жасырын    тетіктерін    қоғамға    түсіндіру    болып  

табылады.  

 

Дәрістің  мазмұны:  сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    күрес    және  

халыққа    сыбайлас  жемқорлықтың  қоғам  мен  мемлекет  дамуына  келеңсіз 

әсерін  түсіндіру  жөніндегі    ақпараттық-насихаттық    іс-шаралар    кешені  

қарастырылады.   

 

1. Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылда  және  сыбайлас  жемқор-

лыққа  қарсы  мәдениет  қалыптастыруда  саяси  партиялар  мен  партиялық 

ұйымдар белсенді қатысуда.  

Саяcи  партиялар  азaматтық  қоғам  институттарымен  ынтымақтастық 

орнатуға  және  қоғамдық  бақылауды  дамытуға  ерекше  көңіл  бөледі.  

Әріптестер ретіндегі осы институттардың оң әсері олардың тәуелсіздігін 

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мүдделілігін қамтиды.  

Олардың    әлеуетін    тиімді    пайдалану    қоғамның    осы    процеске  

қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.  

Мемлекет    басшысының    тaпcырмасы    бойынша    мақсаты    сыбайлас 

жемқорлықтың  кез  келген  көрінісіне  төзбеушілік  ахуалын  қалыптастыру 

болып  табылатын  «Нұр  Отан»  партиясы  2015  –  2025  жылдарға  арналған  

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  бағдарламасын әзірледі. 

Бағдарламаны қабылдау бірінші кезекте «сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  

тұрарлық мәдениетті  қалыптастыру,  қоғамдық  бақылауды күшейту,  сондай-

ақ  сыбайлас  жемқорлықты  туғызатын  себептер  мен шаттарды  жою» болып 

табылады. Осы  құжатқа  сәйкес  Қазақстанда қоғамдық  бақылау  институты  

енгізілуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық  мәдениетті қалыптастыру  

бойынша  шаралар  қабылдaнудa.  Бағдарлама  шеңберінде  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  қоғамдық  инфрақұрылымын  құру    және  

азаматтар  құқықтарын  қорғау,  олардың    лауазымына  қарамастан  тұлғаларды  

жауап-кершілікке  тарту,  сыбайлас  жемқорлықпен  проблемаларды  талқылау 

бойынша негізгі міндеттер шешілді.  

Қоғамда  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  қалыптастыру  үшін 

барлық  қолда  бар  әлеуетті,  бірінші  кезекте  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  

іс-қимыл жөніндегі республикaлық қоғaмдық жұмыс кеңесі және  «Нұр  Отан» 




43 

 

партиясының Партиялық  бақылау  комитеті  сияқты партиялық ұйымдардың 



қызметін күшейту қажет.  

«Нұр  Отан»  жанындағы  Сыбaйлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

жөніндегі  республикалық  қоғaмдық  жұмыс  кеңесі  –  сыбайлас  жемқорлыққа  

қарсы тиімді іс-қимыл, себептері мен  оның  пайда  болуының алғышарттарын  

жою  мәселелері  жөніндегі  консультациялық-кеңесші орган.  

Кеңес  сыбайлас  жемқорлыққа   қарсы  заңнаманы  бұзушылықтардың 

жолын    кесуге    жәрдемдесу,    мемлекеттік    билік,    жергілікті    мемлекеттік 

басқару  және  өзін  өзі басқару  органдарында   сыбайлас  жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл, сыбaйлас жемқорлықты  туғызатын  себептер  мен шарттарды  жою,  

лауазымдық жағдайын пайдaлaнумен  қасақана  және құқық бұзушылықтарды 

түп  тамырымен  жою,  қоғамда  сыбайлас  жемқорлыққа    атымен    төзбеушілік  

қатынасты қалыптастыру  бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру, бойынша 

жұмыс жасайды. 

Кеңестің міндеттері: 

-  партияның,  қоғамдық  ұйымдардың,  сондай-ақ  партияның  консуль-

тациялық-кеңесші    институттарының    сыбaйлас    жемқорлыққа    қарсы    іс 

қимыл  жөніндегі  бағдарламалық  құжаттарын  іске  асыруды  және  орындау 

мониторингін қамтамасыз ету;  

-    партияның    өңірлік    және    аумақтық    филиалдары    жанындағы 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  қоғамдық  кеңестерінің 

қызметін үйлестіру;  

-  сыбайлac жемқорлыққа қарсы қоғамда төзімділік қалыптастыру,  

-    сыбайлac  жемқорлық  жағдайына  партиялық  және  қоғамдық  ісер  ету 

тетігін  жетілдіру,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдың  әртүрлі 

инновациялық нысандарын, әдістерін және құралдарын қолдану;  

-  азаматтық қоғам құрылымдарымен сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-

қимыл мәселелері бойынша өзара әрекет жасасу;  

-  жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықтың  пайда болуы 

фактілері бойынша өтініштерімен жұмыс. 



2. Саяси партиялар  мен  үкіметтік  емес  ұйымдар  ынтымақтастығының 

негізгі бағыттары мыналар болып табылады:  

– мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және олардың лауазымдық 

тұлғаларының жұмысында ашықтыққа қол жеткізу;  

–  олардың    қызметіндегі    сыбайлас    жемқорлықты    туғызатын    кемші-

ліктерді анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бастамашылық ету;  

– әрбір сыбайлac жемқорлық фактісін қоғамдық талқылауға шығарып  

отыру;  


–  азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік  органдардың қызметі  

туралы  ақпаратты  пайдалануының  заңды  және  моральдық жауапкершілігі 

жағдайын қалыптастыру. 

Сыбайлac  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  республикалық 

қоғамдық    бірлестіктің,    өңірлік    және    аумақтық    қоғамдық    кеңестердің 

қызметі,  бұл  жұмыстарға барлық  деңгейдегі  депутаттардың,  ҮЕҰ  мен БАҰ 




44 

 

қатысуы  арқасында    мейлінше    сыбайлac    жемқорлыққа    бейім  салаларды  



қоғамдық  бақылау  арқылы  қамту  айтарлықтай  кеңейді.  

Қоғамдық  қабылдау  бөлмелері  азаматтардың  сенімін  ала  отырып,  кері 

байланыстың    маңызды    арнасы    және    халықтың    құқықтарын    қорғаудың 

пәрменді құралы болды.  

2014  жылы  «Нұр  Отан»  партиясының  жанындағы  сыбайлас  жемқор-

лыққа    қарсы    іс-қимыл    жөніндегі    қоғамдық    кеңестер    мәслихаттардағы  

депутаттық  фракциялармен,  прокуратура,  қаржы  полициясы органдарымен, 

мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  департаменттерімен  және    басқа    да  

мемлекеттер  органдармен  бірлесіп  халықтың  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  

дүниетанымын  қалыптастыруға,  азаматтардың  құқықтары  мен  заңды  

мүдделерін    қорғауға,    әлеуметтік    маңызды  мемлекеттік   бағдарламалардың  

іске    асырылуына    қоғамдық    бақылауды  дамытуға    бағытталған    сыбайлас  

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл саласындағы іс-шараларды іске асырды.  

Сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    қоғамдық    кеңестер    мен    партиялық 

бақылау    комиссияларының    отырыстарында    мемлекеттік    органдардың 

жұмысы    туралы    БАҚ-та    жарияланған    сыни    материалдар,    мемлекеттік 

органдардың 

мемлекеттік 

бағдарламаларды 

іске 


асыру 

жұмысын 


ұйымдастыру, 

құрылыс, 

тұрғын 

үй-коммуналдық 

шаруашылығы, 

кәсіпкерлердің    құқықтарын    қорғау    тағы    басқа    да    салаларда    сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылады.  

Жалпы  алғанда  сыбайлac  жемқорлыққа   қарсы  іс-қимыл  жөніндегі 

қоғамдық  кеңестер  мемлекет  пен  азaматтық  қоғам  арасындағы қатынасты 

байланыстыратын  пәрменді  құрал  болды,  олардың  жұмысы  бұқаралық  

ақпарат  құралдарында  кеңінен  көрсетіледі.  Қоғамдық  кеңестердің  

жұмысының    арқасында    мемлекеттік    органдардың    қызметі  қоғам  өкілдері 

үшін ашық, қол жетімді бола түсті. 

Жастар  арасында  нысаналы  жұмыс  жүргізілуде.  Патриоттық  тәрбие 

және  облыстық  бағдарламаларды  іске  асыру  мақсатында  жұмысқа  ҮЕҰ 

жастары  тартылады.  Жыл  сайын  көктемде  «Нұр  Отан»  партиясының «Жас 

Отан»  Жастар  қанаты  ұйымының  қaмқорлығымен  еліміздің  жоғары  оқу 

орындарында  студенттік  жастар  мен  «Студент  ЖОО-дағы  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы»  жастар  ұйымдарының  арасында  акция  өткізіледі.  Бұл  

акция    барысында    жоғары    оқу    орындарында    сенім    жәшігі  орнатылып,  

Қазақстан 

студенттері 

Альянсы 

республикалық 

штабының 

сенім 


телефондарының  нөмірлері  басылады,  студенттер  арасында  жоғары  оқу 

орындарындағы  сыбайлac  жемқорлық  құқық  бұзушылығының  алдын  алу 

бойынша парақшалар, плакаттар, стикерлер таратылады.  

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  және  халыққа  сыбайлас 

жемқорлықтың  қоғам  мен  мемлекет  дамуына  келеңсіз  әсерін  түсіндіру 

жөніндегі    ақпараттық-насихаттық    іс-шаралар    кешені    өткізіледі.    «Жас 

Отан» ЖҚ кеңесінің белсенділері «Қарсы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы  

қоғамдық  жастар  қозғалысын  құрды,  оның  мақсаты  әлеуметтік әрекеттің  

алдын  алу,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  болып табылады.  



45 

 

«Қарсы»  ЖҚ  өткізетін  іс-шаралар  («Парасыз  студенттік  сессия», 



«Жастар сыбайлас жемқорлықты жояды» және  т.б.)  қазақстандық  қоғамдағы 

сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырады. 

Барлық    мемлекеттік    органдарда    лауазымды    адамдардың    Мемле-

кеттік  қызметшілердің  ар-намыс  кодексін,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күрес    туралы    заңнаманы   бұзу    фактілері    туралы    хабарлау    үшін    жұмыс 

режимі сағат 9-дан 18-ге дейін белгіленген сенім телефоны орнатылады.  

Сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алуға,  оның  ішінде  насихаттау  және 

түсіндіру  жұмысына  айрықша  нaзaр  аударылады,  оның  шеңберінде алуан  

түрлі    акциялар,    «дөңгелек    үстелдер»,    семинарлар,    халықтың  әртүрлі  

топтарының  өкілдерімен  кездесулер  ғылыми  практикалық конференциялар  

және  сыбайлас  жемқорлыққа  арналған  басқа  да  іс-шаралар өткізіледі.  

3.  БАҚ-тың    сыбайлас    жемқорлық    дүниетанымы    мен    мәдениетін 

қалыптастырудағы рөлі Сыбайлac  жемқорлыққа  қарсы  жұмыс  тиімділігінің  

басты  қағидаттарының  бірі  жaриялылық  болып  табылады.  Сондықтан 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның  маңызды  міндеті  БАҚ-ты  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  дүниетaнымды  қалыптастыруға  және  сыбайлас 

жемқорлыққа    қарсы    қызметті    танымал    етуге    тарту,    БАҚ-та    өңірлерді, 

салаларды,  ірі  кәсіпорындарды,  мемлекеттік  органдардың  шешімдері мен 

олардың  өкілдерінің  нақты  қызметін  өзара  салыстыруға  мүмкіндік  беретін  

сыбайлас  жемқорлық  деңгейі  индексін  жариялау  болып табылады.  

БАҚ-тың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестегі  мақсаты  сыбайлас 

жемқорлықтың  қазіргі  қазақстандық  қоғамда  таралуына  мүмкіндік бермей  

оның  жасырын  тетіктерін  қоғамға  түсіндіру  болып  табылады.  

БАҚ-тың  мейлінше  пәрменді  әдісі  сыбайлac  жемқорлық  фактілеріне 

журналистік  тексеру  жүргізу  және  материалдар  мен  фактілерге  жария  сипат 

беру болып табылады, бұл қоғам мен жемқорларға қоғaмға қарсы әрекет үшін 

жазалаудың болмай қоймауын көрсетуі тиіс. 

Сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    іс-қимыл    мәселелерін    бұқаралық 

ақпарат    құралдарында    жүйелі    түрде    жариялау    проблемасы    әртүрлі 

деңгейде жүйелі түрде талқыланады. Баспа басылымы,  радио, телевидениенің  

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  үлкен  ықпал  ете  алуы  

БАҚ-тың  айрықша  рөлі  екені  сөзсіз.  «Нұр    Отан»    париясының  

жанындағы    сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы  іс-қимыл    жөніндегі    қоғамдық  

кеңес    отырысында    бұл    бағыттағы    БАҚ  басымдықтары  белгіленді,  атап 

айтқанда  БАҚ-ты  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыруға 

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал  етуге  тарту  мәселесі  

сыбайлас    жемқорлық    деңгейі  индексін    әзірлеу    және    БАҚ-та    жариялау,  

мемлекеттік  органдарда,  өңірлерде,  салаларда,  ұлттық  холдингтердегі  

сыбайлас  жемқорлық  деңгейіне  салыстыру  мүмкіндігін  қамтамасыз  ету 

арқылы  іске  асырылуға  тиіс.  Журналистік  қоғамдастыққа  кәсіби  этика  

қағидаларын әзірлеуіне және сақтауына,  журналистік  тексеру  стандарттарын  

енгізуіне  қолдау көрсету қажет.  



46 

 

Бұқаралық 



ақпарат 

құралдары 

қоғам 

мүдделерін 



көрсетеді, 

азаматтардың  толық  және  объективті  шынайы  ақпарат  алу  құқығын іске 

асырады. Бұл ретте БАҚ жарияланған материалдар мен деректердің анықтығы  

үшін    толық    жауапты    болады.    Қазақстан    Республикасында  мемлекеттің 

саяси,  экономикалық  стратегиясын,  оның  ішінде  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  мәдениетті  қалыптастыру  мәселелерін  жария  етудің  белсенді  құралы 

болатын БАҚ тәуелсіздігіне кепілдік беріледі.  

Ақпараттық    орган    мен    мемлекеттік    саясатты    көрсетуші    болатын 

газеттер,    журналдар,    сайттар    әртүрлі    проблемаларды    айқындап  және  

жария ете отырып, халықтың  үлкен  сеніміне  кіреді.  Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы  күрес  фактілерін  объективті  жариялау  басылымға  қызығушылықты  

арттырады,  бұл  өз  кезегінде  бacылымның  тиражына әсер  етеді.  Халыққа  

құқықтық    және    сыбайлас    жемқорлыққa    қарсы  білім  беру  саласындағы 

әртүрлі  ақпараттық  іс-шаралар  өткізіледі,  кейбір  ақпараттық  басылымдар 

сыбайлас  жемқорлықтың  алдын  алу  және  оның  салдарына  қарсы  күрес 

аспектілеріне  назар  аударады.  БАҚ-тың  сыбайлас  жемқорлық    деңгейін  

төмендету бойынша басты  мақсаты ол  бойынша ақпарат  берушілік  деңгейін  

жақсарту  және  қазіргі    заманғы    келеңсіз  құбылыс    ретінде    сыбайлас  

жемқорлыққа  қоғамдық  қатынасты  өзгерту болып  табылады.   Бұл  салада  

жұмыс    істейтін    журналистер    сыбайлас  жемқорлыққа    қарсы    мәдениетті  

қалыптастыру  мәселесіне  баса  көңіл бөледі.  

Тәуелсіз  және  экономикалық  ашық  кәсіби  БАҚ  тұтастай  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  тұрудың  да  жекелей  алғанда  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы мәдениетті қалыптастыруда да қоғамның тиімді құралы бола алады.  



БАҚ-тың    сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    іс-қимыл    және    сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру  саласындағы  қызметінің 

тиімділігін арттыру мақсатында:  

–  мемлекеттік  органдар  қызметінің  ақпараттық  ашықтығын  және  оған 

азаматтар  мен  қоғамдық  бақылау  институттарының  еркін  қол  жеткізуін 

қамтамасыз ету; 

– қоғам мен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілетін іс-

шаралар туралы хабардар болушылық деңгейін арттыру; 

–    БАҚ-тың    сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    қызметтегі,    сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  мәдениет  мәселелерін  көрсетудегі  рөлі  мен  олардың 

қатысуын жоғарылату; 

–    қазақстандық    қоғамның    қоғамдық    бақылау    органдарының 

мемлекеттік  органдардың  жария  есептерінде  көрсетілетін  мәліметтердің, 

тікелей жұмсалатын бюджеттік  қaрaжаттың  анықтығы  үшін жауапкершілігін 

арттыру; 

–  сыбайлас  жемқорлық  бойынша  және  бюджеттік  қаражатты  талан-

таражға    салуға    кінәлі    адамдарды    жазалай    отырып,    тергеп-тексеру 

нәтижелерін    міндетті    түрде    БАҚ-та    жариялау    арқылы    жүйелі    тергеп-

тексеру жүргізу қажет. 



47 

 

Бұқаралық    ақпарат    құралдарының    сыбайлас    жемқорлыққа    және 



сыбайлас  жемқорлық  қатынacтарына  қарсы  тиімді  іс-қимылдың  негізгі 

шарттары: 

–  барлық    деңгейдегі    басшылардың    сыбайлас    жемқорлықтың    әрбір 

жарияланған фактісі бойынша дереу ден қоюы (3 күн ішінде) және қатал тыю 

шараларын қабылдауы; 

–    сыбайлас    жемқорлықтың    қазіргі    шынайы    болмысының    жіті 

мәселелері  мен  проблемалары  және  сыбайлас  жемқорлықсыз  өмір  сүру 

тәсілдерін іздеуге жәрдем көрсету бойынша қоғамдық пікірталас өткізу және 

оны ұйымдастыруға жәрдемдесу; 

–  мемлекеттік  басқару  органдары  мен  бизнестің  қоғам  мен  қоғамдық 

бақылау үшін ашықтық деңгейін жақcaртуға және ұлғайтуға жәрдемдесу; 

–  тиісті  мемлекеттік  қорғау  арқылы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-

қимыл мәселелерін жазатын кәсіби журналистерді оқыту және олардың пулын 

қалыптастыру. 

Осылайша    мемлекеттік    органдардың    қоғаммен    нақты    өзара    іс-

қимылы  және  ынтымақтастығы  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жұмысы 

тиімділігінің  басты  шарты  болып  табылады.  Ал  қоғамдық  бақылау  БАҚ-тың 

тиімді қызметінің негізгі талабы екені анық. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1)  Саяси партиялардың сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру 

мәселелерін шешудегі рөлі қандай? 

2)    Саяси    партиялар    мен    бұқаралық    ақпарат    құралдары    сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді құралы бола ала ма? 

3)  БАҚ-тың  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  және  сыбайлас 

жемқорлыққа    қарсы    мәдениетті    қалыптастыру    саласындағы    тиімді 

қызметін арттыру үшін қандай шаралар орындалуы қажет? 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет