Коммерциялық емес акционерлік қоғамы


  дәріс.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің  ұлттық



Pdf көрінісі
бет11/30
Дата09.05.2022
өлшемі0,87 Mb.
#33494
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
7uUpPsNxBvcAtQTOnYC8ELJGXzribM

6  дәріс.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің  ұлттық 

негіздері 

 

1. Ұлттық  менталитеттің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті 



қалыптастырудағы ерекшеліктері. 

2. Қазақстан қоғамының  ұлттық  мәдениетінде  сыбайлас  жемқорлыққа 

төзбеушілік. 

3. Тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет аясында тәрбиелеу. 

      

Дәрістің  мақсаты:  мемлекеттік    қызметте    сыбайлас    жемқорлыққа  

қарсы  тәртіпті  ынталандыру тетіктері анықталады. 



  

Дәрістің  мазмұны:  сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    мәдениетті  

қалыптастыруда  ұлттық  менталитеттің рөлі қарастырылады. 



 

1. Ұлттық  менталитеттің  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті 

қалыптастырудағы ерекшеліктері. Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  саясаттың  

табысын ғалымдар да, практиктер де  әлеуметтік  мәдениет  пен  азаматтардың  

ділінен  көреді. З. Туфан әлем картинасын  жасайтын  және  мәдени  дәстүрдің  

бірлігін  бекітетін  ойлар  мен  сенімдердің  жиынтығы  ретінде  ділдік 

анықтамасын береді. 

Қазақстанда    сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    мәдениетті    қалыптас-

тырудағы  этностық  ерекшеліктерді  анықтау  үшін  осы  параграфта  белгілі  бір 

этностық  топтарды  aйқын  aжыратпай-ақ,  азaматтылық  тұрғысынан  елдің  

біртұтас    халқының    мәдениеті    мен    ділдігі    қарастырылды.    Бұл  тәсіл  




30 

 

біртұтас  ұлт  –  Қазaқстанның  біртұтас  халқын  қалыптастыруға бағытталған  



елдің  стратегиялық  міндеттеріне  жауап  береді.  Алайда, Қазaқстан  cияқты  

көп  этносты  және  көп  конфессиялы  қоғамда этносаралық  ықпалдасу  және  

саралау  ретінде  құндылықтар  мен нормалар  жүйесі  қалыптаса  алады.  Осы  

айырмашылықтар    бейбітшілік  пен    этносаралық    келісімнің    қазақстандық  

үлгісінде  сақталатын  әр алуандықты айқындайды.  

Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы 

ұлттық    идеясының    құндылықтары    қазақстандық    қоғамды    біріктіруші 

ретінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  құруда  негізін қалаушы 

болып  табылады.  Бұл  –  азаматтық  теңдік,  еңбекқорлық,  ғалым  мен  білім 

ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылық-тар. 

Азаматтық    теңдік    әркімнің    еңбекке,    білімге,    денсаулықты    қорғау, 

әлеуметтік  теңдікке  құқығын  бекітетін  ел  Конституциясымен  қамтамасыз 

етіледі.  Бұл  қағидаттар  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік 

және білім беру саясатын іске асыруға негізделген.  

Еңбекқорлық,  ғылым  мен  білім,  толеранттылық  құндылықтар ретінде  

нормативтік құжаттарда ғана  емес,  халықтың  салт-дәстүрінде, мәдениетінде, 

әлеуметтік ойында, ділінде қаланған.  

Елдің  кең-байтақ  аумағында  орналасқан  халықтың  ділі  қонақжайлық 

пен  толеранттылық, өзара  түсіністік пен өзара көмек,  дәстүрлерді құрметтеу,  

әділдік,  білімге  талпыну  мен  еңбексүйгіштік  сияқты  қасиеттерден  

қалыптасқан.    Аталған    қасиеттер    сол    немесе    өзге    де  дәрежеде  әлемнің 

басқа да халықтарынa тән. Халықтың ділі дәстүрлер, сенімдер,  өмір  салты,   

шаруашылық    және      материалдық    мәдениетіне  негізделген    нормалар    мен  

ережелердің    қиылысуы    болып    табылатын  оның  күнделікті  тәжірибесінде 

көрініс табады.  

Ұлттық    негіздер    aдaмдардың    рационалды,    иррационалды,    құн-

дылықты,    әлеуметтік    тәртібінің    санаттары    туралы    негізгі    ұғымдарды 

қалыптастырады.  

Ұлттық  негіздер   әртүрлі  халықтардың   осы  белгілері   қалай  сезілуі 

мен    іске    асырылуынан    көрінеді.    Бұл    айырмашылықтар    әр    халықтың 

сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    мәдениетіндегі    айырмашылықтарды 

болжайды,  себебі  қалыптасқан  мінез-құлық  нормалары  мен  дәстүрлері 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетке  ауысады.  Л.  В.  Савинов  атап 

көрсеткендей,  «осында  [әртүрлі  этностық  топтар]  өзге  нысандары  ғана  емес,  

сонымен  қатар  өзге  түсінік  пен  cыбайлac  жемқорлықты  өзгеше қабылдау 

бар. 


Халық  дәстүрінде  көп  уақыт  өтуіне  және  осы  практиканың  күнделікті 

қайталануына  байланысты  иррационалдық  деңгейде  жаңғыратын, ұтымды  

тәртіп  нысандары  орныққан. Олардағы рационалды өзекті анықтауға  тырысу  

қоғамның    материалдық    және    рухани    мәдениеті  негіздеріне  тереңдеп  ену 

қажеттігіне  әкеледі.  Әрине,  еңбек,  білім,  теңдік  пен  толеранттылық 

құндылықтары  бейәлеуметтік,  жағымсыз  тәртіп,  біз  оған  сыбайлас  

жемқорлықты  жатқызатын,   нысандарына  қарсы  тұрады .  



31 

 

Бұрын  көмегін  көрсеткен  адамға  көмек  көрсету  бірқатар  дәстүрлі 



мінез-құлық нормаларына жатқызылады  –«асар» және басқалар, олар достық  

немесе    туысқандық    қатынастар    негізінде    өзара    қолдау    мен  көмекті 

көрсетеді.  Бұл  –  жеке  бас  пайдасы  үшін  емес,  қиын  жағдайда  көмектесу 

негізделген адамның мінез-құлқының әлеуметтік құндылығы.  



2. Сыбайлас    жемқорлыққа    қарсы    мәдениеттің    ұлттық    негіздері 

қоғамның    жалқаулық,      парақорлық,    ұрлық,    әділетсіздік    және    басқалар 

сияқты    кеселдерін    айыптау    нормаларында    көрінеді.    Мысалы,    әртүрлі 

этностардың  мақал-мәтелдерінде  халықтың  алақол  адамдарға  деген теріс 

көзқарасы көрінеді: «Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры», «Ұрлық 

жасасаң,  жазадан  қашып  құтылмaйcың»,  «Ұрымен  дос  болсаң,  ұяласың,  өзің 

де ұрлық жасайсың», «Ұры  ұрлық  жасауын  қойсa  да,  «ұры»  атауы  оның  

қыр    соңынан  қалмайды»,  «Арамдықпен  еңбек  ету,  тамақты  ұрлықпен 

тапқанға  тең»,  «Оңай  жолмен  келген  табыс,  құт  болмайды»,  «Қайыршының 

қарны  тоймас,  ұры  бай  болмас»  (қазақ  мақалдары);  «Арам  жолмен  келген 

игілік,  пайдалы  болмас»  (күрд  мaқалы);  «Қасқырды  көк  бөрі  болғаны  үшін 

емес, қойды жегені үшін соғады» (орыс мақалы). 

Бұл  ретте  «ұрлық»  тура  және  жанама   мағынасында  да  түсініледі.  

«Ұрлық    жасау»    осы    байлықтың    шынайы    иесіне    айтпастан    еңбек  

етпей  баю  дегенді  білдірмей  ме?  Әлеуметтік    нормалар,    ар-ождан    мен  

абырой    ұғымдары.    Әлеуметтік  тіршілік  иесі  мен  санaлы  адам  оны 

айналасындағылар  қалай  қaбылдайды  деп    ойланады.    Оның    тәртібі    қоғам  

белгілейтін  және  оның  тәртібін бақылау  функциясын  атқаратын  әлеуметтік  

нормалармен  реттеледі.  

Қоғам    мен    адамның    мұндай    рухани    байланысы    ар-намыс    пен  

абырой ұғымдарында білінеді.  

Ар-намыс    пен    aбыройды    сақтау    мәселелері    қоғамдық    және    жеке 

сананың    әрдайым    ерекше    бақылауындa    болды.    Ар-намыс    пен    адами 

абыройын    сақтау    –    көптеген    халықтың    шынайы    өмір    сүру    мәні.    Бұл 

қағидаттар    сақталып    және    ұрпақтан    ұрпaққа    беріліп,    оcы    күнге    дейін 

өзінің    әлеуметтік    мәнін    жоғалтпаған    халық    нақылдарынан    көрінеді. 

Мысалы,  «Ар-намыс  құлы  және  күш-жігердің  қожайыны  бол»,  «Су  бәрін 

жуады,  бірақ  жан  кірін  жуа  алмайды»  (әзірбайжан  мақалы);  «Кінәлі  адам 

ұйықтай алмайды» (башқұрт мақалы); «Кедей болсаң да, арың таза болсын», 

«Түйені жүгі, адамды ар-намысы қинайды» (қарақалпақ мақалдары); «Байлық 

мақсат емес, кедейшілік масқара емес» (қырғыз мақалы); «Өмірде бір күн өмір 

сүрсең  де  нағыз  адам  бол»,  «Адамның  байлығы  жарты  бола  берсін,  абырой 

толық  болса  болғаны»  (күрд  мақалы);  «Көйлекті    жаңадан,    арыңды    жас  

кезіңнен  сақта»,  «Абыройсыздық өлімнен  де  бетер»,  рақымды  сый-құрмет  

байлықтан    қымбат»    (орыс  мақалдары).  Ар,    намыс,    ұят  –  честь,  

достоинство,  совесть  –  қазақ  жігіттері  мен қыздарының жақсы қасиеттері 

болды. Қаншалықты бағалы екені халық нақылында көрінеді: «байлықты өмір 

үшін,  өмірді  абырой  үшін  құрбан  етемін».  Осы  қарама-қарсы  қою  жас 

ұрпақты және халықтың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің 



32 

 

дәнін  егеді.  «Орталық    Азия    мен    Қазақстан    жағдайындағы    еңбек      ең  



алдымен, мал  шаруашылығымен,  мақта  өсірумен,  жер  өңдеу,  бақша  өсіру, 

жібек  шаруашылығы,  халық  қолөнеріне  байланысты.  Ұлы  ойшыл  Абай  

еңбекті    өз    игілігі    үшін    барлық    әлеуметтік    мәнінен  айырылған    еңбек  

ретінде    қарастырады.    Басқаның    игілігі    үшін    еңбек  ету    –    адамның  

борышы:  «өз  пайдасы  үшін  еңбек  ететін  адам  өзі  үшін жайылып  жүрген  

малмен    тең;    адамдық    борышын    орындай    отырып,  еңбек  ететін  адамды 

Құдай өзінің махаббатына бөлейді». 

Халық  адал  еңбек  идеясын  адамға  табиғаттың  берген  бағалы  сыйы 

ретінде дәріптейді. Бұл ой халық даналығында көрініс табады: «Іскерге –нан, 

жалқауға  –  ұйқы»,  «Ағаш  жемісімен,  aдaм  ісімен  жақсы»,  «тер  төгіп  еңбек 

етсең,  дәмді  тағам  ішесің»  (башқұрт  мақалы);  «Адалдық    пен    еңбек    сый-

құрметке  жетелейді,  айла  мен  өтірік масқараға  жеткізеді»,  «Жақсы  еңбек  

етсең  жаның  да  тыныш  болады», «Жұмыста  туғаның  болмайды»,  «Адал  

еңбек    игілікке    әкеледі»    (қазақ  мақалдары);  «Жас  кезіңде  –  еңбек, 

қартайғанда  –  зейнеті»  (қырғыз  мақалы);  «Еңбек  етпесең  қоянды  да  ұстай 

алмайсың» (татар мақалы); «Өзенге  суды  көктем  құяды,  адамның  бағасын  

еңбек  арттырады» (өзбек мақалы); «Еңбек етпесең зейнетін көрмейсің» (күрд 

мақалы); «Ақ саусақ адам бөтеннің  еңбегін  жақсы  көреді»,  «Шеберлік  пен  

еңбек    бәріне    қол  жеткізеді»,  «Пеш  емес,  кең  дала  тойдырады»  (орыс 

мақалдары).  

Білім    мен    ілім    көп    этносты    қазақстандық    қоғамның    әлеуметтік 

құндылықтар  жүйесінде  ерекше  орын  aлды.  Білім  аға  ұрпақтан  өскелең 

ұрпаққа  халықтың  тыныс-тіршілігі  үшін  қажетті  тетік  ретінде  әлеуметтік 

тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, беріледі.  

Білім  адaм  мен  қоғамның  тaбысты  даму  тәжірибесін  көрсете  отырып, 

маңызды  ақпарат  береді,  ақырында  оның  дамуына  белсенді  ықпал  етіп, 

қайтадан практикаға қайтып келеді.  

Халық  ділінде  білім  әл-ауқат  пен  байлықтың  факторы  ретінде  ерекше 

орын  алады.  Білім  мен  еңбек  ажырамайды:  еңбекпен  білімге  қол жеткізіп, 

байытамыз,  өз  еңбегіміздің  жемістілігін  арттырамыз.  Сондықтан  Қазақстан  

этностарының  дүниетанымында  білім  байлық,  әлеуметтік капитал ретінде 

қабылданады:  «Білім  байлықтан  жақсы»,  «Алтынды  іздеме,  білім  алуға 

тырыс» (қазақ мақалдары); «Әлем күнмен, адам біліммен жарықтанады», «Құс 

қанатымен,  адам  білімімен    күшті»,    «ілім    тамыры    ащы,    ал    жемісі    тәтті  

(орыс    мақалдары);  «Байлық    таусылады,    білім    азаймайды»,    «Ақыл-ойдан  

артық    байлық  жоқ»  (өзбек  мақалдары);  «Ілім    –    алтын:    шірімейді,    ал  

байлық  –  қоқыс:  шіріп  кетеді»  (күрд мақалы). 

Парақорлықты,  сатып  алу,  ұрлық  жасау  мен  сатқындықты  айыптау 

жазушылар    мен    ақындардың    шығармаларынан    табуға    болады.    Оның 

жарқын мысалы халық ақыны Абайдың «Қара сөздері» болып табылады. 

Үшінші  қара  сөзінде   Абай  былай  дейді:  «...  әрі-беріден  соң  сырты-

мызға    шықты,    жауластық,    дауластық,    партияластық.    Осындай    қастарға 




33 

 

сөзім  өтімді  болсын  және  де  ептеп  мал  жиюға  күшім  жетімді  болсын  деп, 



қызметке болыстық, билікке таластық». 

3. Бұл  жерде  бір  ғана  жол  бар – білім  мен  еңбек:  «Ғылымсыз ахирет 

те  жоқ,  дүние  де  жоқ.  Ғылымсыз  оқыған  намаз,  тұтқан  ораза,  қылған 

хаж,    ешбір    ғибадат    орнына    бармайды.    Ешбір    қазақ    көрмедім,    малды 

иттікпен    тапса    да,    адамшылықпен    жұмсаған.    Бәрі   де    иттікпен    табады, 

иттікпен  айрылады.  Бейнет,  күйігі,  ызасы  –сол  үшеуінен  басқа  ешнәрсе 

бойында    қалмайды»    (оныншы    сөз).  Отыз    жетінші  сөзінде  ол  осы  екі 

қасиеттің  –  еңбек  пен  білімнің  қаншалықты  жоғары  бағалатынын  нақты 

айқындап  береді:  «Бaқпен  acқан  патшадан,  Мимен  асқан    қара    артық; 

Сақалын    сатқан    кәріден,    Еңбегін    сатқан    бала    артық.    Ашкөздік    пен  

еңбексіз  баюды  айыптау,  еңбек  пен  оқу-білімге  шақыру  алыс  және  көрші  

халықтардың  батырлары  туралы тарихты  кеңінен  тарату  арқылы  даладан  

далаға  берілетін.  Ұлы  Абай Шығыстың  көптеген  халқына  танылған  және  

халық    ауыз    әдебиетінде  ойып    тұрып    орын    алған    грек    қаһарманы  

Александр    Македонскийге  арнаған  «Ескендір»  поэмасында  былай  деп 

жазады: 

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен, 

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?  

Ұятың мен арыңды малға сатып, 

Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.  

Өзінің    басқа    «Масғұт»    поэмасында    Абай    былай    дейді:    «Еңбексіз 

мал  дәметпек  –  қайыршылық,  Ақылды  ерге  ар  болар  ондай  қылық.».  

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениеттің  элементтерін  халықтың 

өзі  шығарған  шығармаларда  –  халық  ертегілерінен  табуға  болады.  

Ертегі    –    халықтың    aрманы,    оның    керемет    қоғам    туралы    елесі.  

Ертегілердің    көпшілігінде    халыққа    тән    адамгершілік    белгілері:    отанына 

деген  сүйіспеншілік  және  оның  қорғау,  батырлық,  зұлымдықпен  күресу,  

еңбексүйгіштік және әділдік, адалдық пен достық,  білім  мен шығармашылық 

жинақталған.  Ертегілер  халықтың  мінезін,  оның  психологиясын,  өмірлік 

ұстанымдарын білдіреді.  

«Сондай-ақ  халық  ертегілерінде  басты  персонаж  ретінде  жануарлар 

–  жылқылар,  түйелер,  ешкілер,  қойлар,  бүркіттер  алынады,  қоғамның  

материалдық  өмір  жағдайларына  байланысты.  Үй  жануарлары образында  

әдеттегідей,  адам  сияқты  сөйлейді,  халық  аллегориялық нысанда адамның 

кеселі мен кемістігін күлкі етеді және айыптайды». 

Қасқыр  персонажы  көптеген  ертегілерде  дөрекі,  қатал  адаммен, қоян 

– қорқақ, аю – қолапайсыз, түлкі – айлакер және сараң адаммен ұқсастырады.  

Мысалы,  «Қаңбақ  шал  мен  түлкі»  қазақ  ертегісіндегі шалдан  күн  сайын  

балығын    тартып    алатын    және    біреудің    еңбегімен  күн    көретін    түлкі  

айлакерлік  пен  сараңдықты  сипаттайды.  Аралар  мен құмырсқалар  (кейбір  

ертегілерде    есектер    мен    түйелер)    еңбекқор  адамның    прототипі    және  

оқырман  немесе  тыңдаушының  нақты өмірде  еңбекке  және  еңбекшілерге  

құрметін  тәрбиелеп,  жaлқaулық, ақымақтық пен көргенсіздікті мазақтайды.  




34 

 

Көріп    отырғанымыздай,    ұлттық    мәдениет    адамдарды    адамгершілік  



тазалығы 

мен 


арына, 

әділдікке, 

адалдыққа, 

парасаттылыққа, 

сатылмаушылыққа  шақырады.  Ол  әрқашан  да  парақорлықты,  ашкөздікті 

әдепсіз    құбылыс,    әділдікті,    моральдық    адамгершілік    нормаларын    бұзу 

ретінде    айыптайды.    Бұған    дәлелді    Абайдың    «қара    сөздерінен»    табуға 

болады,    ол    өз    халқынa    қызмет    етудің    маңыздылығын    атап    өтеді.    Бұл 

ретте    қызмет    адал,    риясыз    болуы    тиіс.    Адал,    әділ,    алдамайтын  еңбек,  

жоғары  идеалға  қызмет  ету – діншіл іс. Ар-ождан, адалдық, сатылмаушылық  

–  aдaмшылықтың,  ізгіліктің  негізі,  ол  қазіргі  зaманғы aдамды тәрбиелеудің 

негізі болып табылады.  

Ар-ождан,  ар-намыс,  әділдік  адамгершілік  құндылықтары,  қоғамның 

рухани  кемелденуі  мен  жетілуінің  негізі  ретінде  қазіргі  қоғамда сұранысқа 

ие болуы тиіс. Бұл құндылықтарды мемлекет, азаматтық қоғам, әрбір  азамат   

тұлғаның  сыбайлac  жемқорлыққа  қарсы  тәртібінің  негізі  ретінде 

қалыптастырып, жандандыруы тиіс.  

Қазір    мемлекеттік    қызметте    қарапайым    орындаушылық,    кәсіби 

құзыреттілік    жеткіліксіз.    Барған    сайын    ар-ұяттылық,    әдептіліk,    адалдық 

сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызы артуда. 



 

Бақылау сұрақтары: 

1)  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қандай? 

Ол неден көрінеді? 

2)    Ұлттың  салт-дәстүрлері  сыбайлас  жемқорлықтың  таралуына  қарсы 

тұра алады ма, бұл үшін не істеу қажет? 

3) Сыбайлас  жемқорлықтың  этностық  тамыры,  мәдени  алғышарттары 

бар ма? 


4) Біздің қоғамда ар-ұяттылық пен әдептілік қалай бағаланады? 

5)  Халықтың    дәстүрлеріне    құрметтеу    сыбайлас    жемқорлық    көрінісі 

болып табыла ма? 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет