Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам ҒҰмарбек дәукеев атындағЫ



бет3/7
Дата28.04.2023
өлшемі66,1 Kb.
#88213
1   2   3   4   5   6   7
Ғылымдардың топқа жіктелуі—ғылымдардың өзара байланысы, олардың ғылыми білімдер жүйесәндегі,ең алдымен, әртүрлі ғылымдардың зертелеттін белгілі бір принциптерге байланысты туындайтын өзара орналасу тәртібі, сондай-ақ олардың зерттеу әдісі. Ғылымдардың топңа жіктелуі формальды (үйлестіру принципіне негізделген) немесе диалектикалық мазмұны (субординация принципіне негізделген) болады. Энгельс « Табиғат диалектикасында» бұрынғы топқа жіктеудің (Сен-Симонның, Канттың және Гегельдің) бір жақтылығынан арылған ғылымдардың топңа жіктелуін жасады. Энгельс ғылымдардың топңа жіктелуін жекеленген ғылымдар зерттейтін материя қозғалысыныңформаларының өзінің және оолардың материалдық негіздернің (материалды дискретті түрлерінің) байланысы мен алмасуының бейнесі деп түсінеді. Ол бірқатар ғылымдарды механиканы , физиканы,химияны биологияны анықтады.Кейінен (биологиядан) Энгельс жасаған антропогенездің еңбек теориясы арқылы табиғаттан адамға тарихқа, жаратылыстанудан қоғамдық ғылымдарға және ойлау туралы ғылымдарға ойысы ашылды. Механикадан математикаға көшу жүзеге асырылды. Энгельс жекелеген ғылымдардың арасындағы ( қозғалыс формалары арсындағы (қозғалыс формалары арасындағы ) ойысуға баса назар назар аударды, бұл орайда қозғалыстың неғұрлым жоғары формасының мәні бұл формалардан оның төменгі формаларымен байланысын тану тану арқылы ашылатыны басшылықа алынды, ол генетика жағынан туындайды және олар бағынышты формаларретінде көрінеді. Ғылымдарда бұдан былайғы саралау олардың барған сайын күшейе түскен интеграциялануын, бұрынғы бытырынқы ғылымдар мен қалған арқау болып тартылып жатқан неғұрлым жалпы сипаттағы ғылымдардың арасындағы өтпелі (аралық) ғылымдардың туу жолымен біртұтас болып бірігуіне жағдай жасады. Жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдардың арасында техникалық ғылымдардың арасында техникалық ғылымдар, ал жаратылыстану мен тұр. Психологияның негізгі салалары: зоопсихология мен жоғары нерв қызмет туралы ілім арқылы жаратылыстанумен, тіл білімі, педагогика, әлеуметтік психология т.т. арқылы қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Басқа ғылымдарға терең тамыр тартып жатқан және матиматикалық бөлімнің өкілі болып табылатын кибернетиканың алатын орны ерекше. Жүйелі талдау моделдеу және басқалар сияқты ғылыми әдістер онымен өзара байланысты. Ғылымның қазіргі дамуы Энгельстің ғылымдардың топқа жіктелуінің алғашқы схемасына түбегейлі өзгерістер енгізді: Микродүние туралы жаңа ғылым (ядролық—субатомдық физика, кванттық механика,) аралық ғылымдар пайда болды (биохимия, биофизика, геохимия ) барлық жерде ғылымдардың өзінің ерекше маткериалдық қолданушысы бар неғұрлым ортақ абстрактілі және нақты ғылымдарға бөліне отырып, күрделі тарамдану іске асады. Барлық жеке ғылымдар жалпы ғылым ретінде диалектикалық- материалистік философияда қамтылды.
Философия- ғылым әлде өнер ме?Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым -қатынасы жөніндегі ақыл-ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.Осы тұрғыдан алғанда, « Философия—ақыл –оймен қаланған тарихи дәуір» деген Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса керек.
Әрине, дін де философия сияқты сияқты шынайы ең биік рухани құндылықтардың, адамның өмір жолының адалдығын уағыздайды, бірақ олардың қайнар көзін «о Дүниеден»табады . Философияны алсақ, Көне Грециядағы алғашқы пайда болған « Милет мектктебі» өкілдерінің қойған: «Дүниенің негізі не жатыр?» —деген сұрағынан бастап, ос күнгі ойшылдардың: «Адамзаттың болашағы барма, ия болмаса ол өз-өз экологиялық апатқа, дүниежүзілік ядролық соғысға әкеліп өлтіреді ме?»—деген сұрағына дейін, бұлардың бәрі де ақыл –ой таразысына салынып, парсат шеңберінде талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет