Коммуникация



Pdf көрінісі
бет103/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

name  of square  in  Moscow  [Мәскеудегі  алаң  атауы]».  Оксфордтық 
нақтыланған  мәліметтер  бойынша  бұған  берілетін  түсініктеме 
(қазіргі  Мәскеудегідей алаңемес,  Пушкин заманынан бергі Мәскеу- 
дегі  кварталды  меңзеп  отыр) -  «а  quarter in  Moscow»,  «close  to  the 
Basmannaya  where  Adrian  used  to  live  [Басманнаяға  жацын,  бұрын 
Адриан өмір сүрген мекен]» деген ұғымды  береді.
«Гробовщик»  повесінің  алғашқы  жолдарындағы  нақты  дерек- 
тердің түсініктемесінде («Последние пожитки  гробовщика Адриана 
Прохорова  были  взвалены  на  похоронные  дроги,  и  тощая  пара  в 
четвертый  раз  потащилась с  Басманной  на  Никитскую»),  оқырман- 
ның  Басманная  жэне  Никитская  көшелерінің  (кейін  Герцен,  қазір


Үлкен  Никитская)  арасындағы  3  милые  тең 
арақашықтықты  (мәскеулік  түсініктеме)  білуі 
маңызды  емес,  бұл  екі  көшенің  сол  кездері 
Мәскеудің  ең  шеткі  нүктелері  болғаны  -   бірі 
солтүстік  шығыста,  екіншісі  оңтүстік  батыста 
орналасқаны маңызды  болып  отыр. Демек, та- 
быттың  Мәскеудің  бір  шетінен  екінші  шетіне 
(оксфордтық  түсініктеме)  жөнелтілуі  меңзел- 
ген.  Қазіргі  Мәскеу үшін  ол  Бусиноводан  Буто- 
воға дейінгі  қашықтық.
Автор  «пошташы  Погорельскиймен»  са- 
лыстыратын  Юрко  полицейдің  («Гробовщик») 
характерін  толығырак,  та ни  түсу  үшін  бұның 
жазушы  Антоний  Погорельскийдің  (Алексей 
Перовскийдің  псевдонимі,  1787-1836)  «Лафер- 
товская  маковница»  (1824)  повесінің кейіпкері  екенін  білу ғана  емес, 
энциклопедиялык,  сипаттағы  мәліметтер  бойынша,  бұл  сенімді  қыз- 
метшінің бейнесін беретінін  (мәскеуліктүсініктеме) білуде маңызды.
Бригадир  сөзіне  берілетін  түсініктеме  нақты  энциклопедиялык, 
мәліметтердің барлық түсініктемесіне сәйкес келеді:  I  Павел  патша- 
ныңтұсында  (1796-1801)  жойылған  полковник  пен  генерал-майор 
арасындағы әскери шен, алайда бұл мәліметке қоса көркем туынды 
мәтінімен  байланыстыратын  Мәскеу түсініктемесі қажетәрі  маңыз- 
ды: «сондықтан бұл хикаяттағы оқиға  кезінде тек қана отставкадағы 
бригадирлер болған еді».
Төмендегі  «Барышня-крестьянка»  повесінің үзіндісінде  реалий- 
ді  (шынайылыцты)  абстракт-энциклопедиялык,  (дерексіз  энцикло­
педиялык,)  және  контекстуалды  бағытта  түсіндіру  тәсілі  қызықты 
берілген: «В молодости своей  служил он  в гвардии, вышел  в отстав­
ку  в  начале  1797  года,  уехал  в  свою деревню,  и  с тех  пор  оттуда  не 
выезжал»  (Ол  жас  шағында  гвардияда  қызмет  етті,  1797  жылдың 
басында  отставкаға  шығып,  деревнясына  кетті.  Ол  содан  бері  де- 
ревнядан  шыққан жок,).
Мәскеулік  комментарий  оқырманға  1797  жылдың  шынайы  та- 
рихи  оқиғалары жайында энциклопедиялык, мәліметтердің біразын 
ұсынып  отыр.  Бірақ  бұл  мәліметтер  повесть  мазмұнымен  мүлдем 
сәйкес келмейді:  «resigned his commission in early 1797,  i.  e.  after the 
death  of  Catherine  II  and  the  accession  of  Paul  I,  who  took  a  hostile 
attitude to Catherine's Guard and started reorganising the Russian army 
in the Prussian manner [1797 жылдың басында, яғни  II  Екатеринаның 
қазасынан  кейін  және  Екатеринаның  гвардиясына  өшпенділікпен 
қарап, орыс армиясына Пруссия мәнерінде өзгерістер енгізуді қолға 
алған  I  Павел таққа  отырған  кезінде отставкаға  кетті].
118


Оксфордтык,  комментарий  керісінше,  оқырманға  шынайы  та- 
рихи  мәселелер  жөнінде  жеткілікті  деңгейде  мәлімет  бермейді, 
онда  Иван  Петрович  Берестовтың мінез-құлқы  мен  сипатын  түсін- 
діруге  басты  назар  аударылады:  «Berestov,  therefore,  belonged 
to  those  officers,  fairly  large  number,  who  did  not  hold  with  the 
reorganisation  of  the  army  undertaken  by  Paul  I  and  had  left  the 
service  in  1797  [Берестов  I  Павел  қолға  алған  армиядағы  өзгеріс- 
терге  ңарсы  көптеген  офицердің  бірі  болды,  сол  себепті  де  1797 
жылы  қызметтен  кетті]».
Егер  оксфордтық  комментарий  Иван  Петрович  Берестовті  -   өз 
принципі  бар,  орыс  армиясындағы  өзгерістерді  қабылдамаған 
(мәскеулік  комментарий  бойынша,  пруссиялык,  мәнерде),  патри­
от,  әскери  мансабын  құрбандыққа  шалушы  ретінде  сипаттаса,  ка- 
лифорниялык,  комментарий  мүлдем  басқа  образды  бейнелейді: 
«After the  death  of Catherine II in  November,  1796,  her successor Paul 
I  dismissed many  of the people,  especially  officers  of the  Guards  who 
had surrounded her [II  Екатеринаның қазасынан кейін,  1796 жылдың 
ңарашасында  оның  мұрагері  I  Павел  көптеген  адамды  қызметінен 
шеттетті,  әсіресе  оның  (II  Екатеринаның)  айналасындағы  гвардия- 
лык,  офицерлер  лауазымдарынан  айрылды]».  Калифорниялык, 
комментарийдің  түсініктемесінде  Берестов  наразылык,  ретінде 
қызметінен  өзі  кеткен  жоқ,  керісінше,  Екатеринаны  жақтаушы- 
лардан  құтылуды  мандат  еткен  I  Павел  оны  жұмыстан  шығарып 
жіберді.
Осы  үш  комментарий:  уақыт,  мекен,  оқиға  барысы  немесе  а- 
тауы жайында объективті мәліметтер беретін нақты энциклопедия- 
лық  және  шынайылық  пен  автордың  идеялық-көркемдік  ойымен 
арадағы  байланысты тереңдете,  әрі  аша түсетін  контекстуалды-ба- 
ғыттық қос  мезеттің өзара  сәйкесуі  қаншалықты  маңызды  екенінің 
көрнекі мысалы.
Демек,  классикалыңтуындының комментаторы жоғары білімді, 
өзі  сипаттап  отырған  дәуірдің  мәдениеті,  тұрмысы,  салт-санасы, 
ырым-жоралғылары  жайында  мейлінше  мол  мағлұматты  білетін, 
автордың  өмірбаянын  бүге-шігесіне  дейін  оқыған,  ол  туралы  сыни 
әдебиетті, оныңхаттары мен күнделіктерін,  шимай-шатпағына дей- 
ін  зерттеген  т.с.с  адам  болуы  тиіс.  Сонда  ғана  ол  «сөйлемдер  ара- 
сынан»  автордың  нені  меңзегенін,  аллюзиялар,  реминисценция- 
ларды  көре  алады және оқырманға жеткізе алады.
Көркем  туындыда  берілмеген  нақты  деректерге  түсінік  беру 
өте  қиын  және бұл  комментатордың эрудициясы мен  абыройын да 
ерекше танытады.
119




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет