to a personal recollection: the unpleasant experience had happened to
Pushkin himself at a dinner given by Strekalov, the military governer
of Tiflis, during a journey made by the poet to the Caucasus in 1829,
therefore a year before he wrote «The Stationmaster». The incident is
mentioned in «Путешествие в Арзрум». СҺ.2 [Осы фразаның қа-
лыптасуының өзіндік естеліктері бар: «Ақын Пушкин бұл келеңсіз
жағдайға Тифлистің әскери губернаторы Стрекаловпен түскі ас
кезінде тап болған, ақынның 1829 жылы Кавказ еліне саяхаты кезін-
де және «Станционный смотритель» шығармасының жазылуына
бір жыл цалғанға дейін болған оқиға. Бұл оқиға туралы «Путешес
твие в Арзрум» естелігінде айтылады].11
6.
«Белгілі бір кезеңмен, уақытпен байланыстың үзілуіне»
қатысты фактілер.
Кейбір кезде пушкиндік кезеңге тән мәдениет пен қазіргі за-
манға тән мәдениеттің арасындағы айырмашылықтың айтарлықтай
елеулі болатыны соншалық, белгілі бір фактіге түсініктеме бере ал-
майсың. Жоғарыдағы «Евгений Онегин» шығармасының алғашцы
жазбасынан «жаңғақтары түсіп жатқан, өздері театрда сыра ішіп
жүрген отбасының қызына үйленуден бастартқаны» туралы дерек
келтірген болатынбыз. Мұндағы мәдени ақпарат жұмбақ күйінде
қалады, өйткені үйге келген қонақтарға жаңғақ ұсыну, театрда сыра
ішу ңазіргі кезде жағымсыз коннотацияны иеленбейді.
«Борис Годунов» шығармасынан тағы бір мысал келтірейік. Вар-
лаамның әкесі Гриша Отрепьев туралы былай дейді:
«Сам же к нам навязался в товарищества, неведомо кто, неведемо
откуда еще спесивится; может быть кобылу нюхал..»
(Өзі ғой жол-
дастыққа сұранған, кім екені белгісіз, менмендігі қайдан шығары да
белгісіз, мүмкін «кобыланы» иіскеген шығар).
Комментарийде берілген ұғым-түсініктіңтілдегі тұрпайы, дөрекі
ұғымдар саналатыны айтылады. Осы ұғымның білдіретін мағына-
сына түсінік берілмеуі Пушкиннің ертедегі сыншылары тарапынан
наразылың тудырды.12 «Кобылу нюхал» фразалық тіркесіндегі ко
была лексемасының білдіретін мағынасы «ғасырлардың қойнауын-
да» жатыр: сот үкімі бойынша қамшымен жазалау «кобыла» атала-
тын тақтайдың үстінде орындалатын.13
Достарыңызбен бөлісу: