А.В. Павловская.
Россия и
А м ерика. Проблем ы об
щ ения культур. М .,1998
“ Краткий политический
словарь. М, 1987, 447 б.
15А.е.
Павловская.
Көрсет. шығ. 17 б.
ішкелі отырған сырасының бетінде шыбын қалқып жүр екен. Неміс
(істің өзіне оңтайлы жағын тапңыш) шыбынды алып тастап, сырасын
іше береді. Француз (сезімге берілгіш) шыбынды алып, қанатынан
жайлап үрлеп, ұшырып жібереді де, сыраны ішпейді. Америкалық
(өз қүқығын білетін, өзіне сенімді) даяшыны шақырып, шу шығара-
ды, басқа сыра әкелуін талап етеді. Қытай (құрт-қүмырсқа жеумен
әйгілі) шыбынды алып, сырасын ішкен соң, оны тіскебасар ретінде
жеп қояды, еврей (жұмыртқадан жүн қырыққан, пайдакүнем) сы
расын ішіп, шыбынды қытайға сатады.
Тағы бір мысал. БҰ¥ комиссиясы әртүрлі ұлттардыңтіршілікке қа-
білеттілігін тексермек болып, эксперимент ретінде оларды екі еркек,
бір әйелден адам аяғы баспаған жеке-жеке аралдарға тастапты. Он
жылдан сон, комиссия оларды тексеруге келіпті. Ағылшынның ара-
лына келсе, екі еркек теннис ойнап жүр екен. «Жағдайымыз жақ-
сы, спортпен айналысамыз, ешқандай қиындық жоқ», - депті олар.
«Әйел қайда?» десе: «Біз ол жайында ештеңе білмейміз... », - депті.
Францияның бір аралында көңілді Мари былай дейді: «Бұл -
Пьер, ал мынау - Жак, бізде барлығы жақсы, үшеуміз де ризамыз».
Испаниядағы аралда Мария комиссия мүшелеріне эксперименттің
екінші күні Хосе Хуанды өлтіргенін, содан бері бақытты өмір сүріп
жатқанын айтты. Орыстың аралы екеу еді: төңкеріске дейінгі және
төңкерістен кейінгі. Төңкеріске дейінгі орыс аралында қасірет шек-
кен Ольга біреуді қүлай сүйгенін, алайда басқа жанға тұрмысқа
шыққанын және үшеуінің де бақытсыз екенін айтқан болатын. Ко
миссия келген кезде төңкерістен кейінгі орыс аралында екі мықты
еркек үйде карта ойнап отырады. «Бізде барлығы жақсы, - деді
біреуі. - Біз колхоз құрдық, мен - сол колхоздың төрағасы боламын,
бүл - парторг болады. - Ал сіздің әйеліңіз қайда? - деп сүрады ко
миссия мүшелері. - Халык, па? Халықтың бәрі егістікте», - деген жа-
уап берілді [Бүл жердегі «народ в поле» деген ұғым ауызекі сөйлеу
тілінде мәтел ретінде қалыптасқан].
Піл туралы үздік кітапқа жарияланған халықаралық байқаудың
өтүіне байланысты дүниежүзіне кеңінен таралған анекдоттың ре-
сейлік нұсқасы былайша беріледі: «Халықаралық байқауға немістер
арбамен «Введение к описанию жизни слов» (Сөз өмірі жазбасына
кіріспе) атты көп томды еңбегін тапсырады, ағылшындар бағалы
былғарымен қапталған «Торговля слоновой костью» (Піл сүйек-
терінің саудасы) кітабын алып келеді. Француздар әділ-қазылар
алқасына «Любовь у слона» (Піл махаббаты) атты әсем бейнелен-
ген иллюстрациялық басылымды ұсынады. Америкалықтар «Все о
слонах» (Бәрі де піл туралы) деп аталатын жұқаша келген, қалтаға
салып жүруге ыңғайлы кітапша шығарады. Орыстар «Россия - ро
дина слонов» (Ресей - пілдер отаны) атты қалың монография жа-
риялайды. Болгарлықтар болса «Болгарский слоненок - младший
брат русского слона» (Болгардағы піл баласы - орыс пілінің інісі)
атты брошюраны усынады. Осы анекдоттың норвегше нусқасын-
да халықаралык, байцауға немістер «150 способов использования
слонов в военных целях» (Әскери мақсатта пілді пайдаланудың 150
тәсілі), француздар «Сексуальная жизнь у слонов» (Пілдердің сексу-
алдык, өмірі), ал америкалықтар «Самый большой слон, которого я
когда-либо видел» (Мен көрген ең үлкен піл), шведтер «Политичес
кая и социальная организация общества слонов» (Пілдердің саяси
және әлеуметтік қоғамы), дат халқы «150 трапез из слона» (Пілден
жасалған 150 тамақ), норвегтер «Норвегия және біз, норвегтер»
деп аталатын еңбектерін усынады.
Анекдоттан тағы бір мысал. Ғалымдар қай ұлт өкілінің аязға
төзімді екенін тексеру үшін эксперимент жүргізеді. Тоңазытқыш ор-
натылған камераға өзімен бірге қалаған затын алып кіруге, шыдай
алмаған жағдайда есікті қағуға рүқсат беріледі. Ағылшын азаматы
темекі, бір бөтелке шарап және өзін-өзі жақсы ұстай алатын әйелді
алып кіреді. Бір сағаттан соң, есік қағылады. Камерадан қалтыраған
ағылшынды алып шығады. Келесі кезекте орыс өзімен бірге бөтел-
келес досын, бір шелек арак, пен екі шелек тұздалған қияр алып
кіреді. Үш сағат өткен соң, олардыңтірі қалғандарына күмәнданған
ғалымдар камераның есігін ашады. Арғы жақтан жуан жұдырық
шығып: «Ой, шошқа! Онсыз да суық, ал бұл есікті ашады», - деген
дауыс естіліп, есік таре жабылады.
Мундай әзілдерді көптеп келтіре беруге болады, бұдан әрбір
ұлттың мінез-құлқына байланысты қалыптасқан стереотип айқын
аңтарылады. Ағылшын анекдоттарында сараң шотландтар мен
араққұмар ирландиялыңтар туралы көп айтылады. Мына бір әзіл
әңгімеден еуропалықтар туралы қалыптасқан стереотип аңғары-
лады: Paradise is where cooks are French, mechanics are German,
policemen are British, lovers are Italian and it is all organized by the
Swiss. Hell is where cooks British, policemen are German, lovers are the
Swiss, mechanics are French, and it is all organized by Italians [Аспаз -
француз, механик - неміс, полиция сақшысы - ағылшын, көңілдес,
ашына - италиялық, барлығын ұйымдастыра білетін швейцариялық
болған жерде ғана жұмақ болады, ал тамұк, аспаз - ағылшын, поли
ция сақшысы - неміс, көңілдес, ашына - швейцариялық, механик -
француз, барлығын уйымдастыра білетін италиялық болған жерде
ғана болады].
Үлгілі еуропалықтың ерекше қасиетгері юморлык, тұрғыдан қа-
рама-қайшылыққа негізделгені берілген мәтіннен көрінеді: ол фин
сияқты әңгімешіл, бельгиялық сияқты қолжетімді, португал сияқты
техникалық жақтан қабілетті, испан сияқты ұялшақ, австриялык,
сияқты шыдамды, люксембургтіктер сияқты танымал, грек сияқты
жинақы, ирландиялык, тәрізді парасатты, даттар сияқты қарапай-
ым, италиялықтар тәрізді салмақты болуы тиіс, сондай-ак, француз
сияқты көлік айдап, ағылшын тәрізді тамақ дайындай алуы қажет.
Иса пайғамбардың қай ұлттың өкілі екеніне байланысты құ-
рылған әзіл әңгімеден әрбір мәдениетке және сол мәдениеттің
өкілдеріне тән стереотиптер көрініс тапқан:
Достарыңызбен бөлісу: |