Коммуникация



Pdf көрінісі
бет141/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   246
Д.Б.  Парыгин.
  О бщ ес­
твен но е   настроение.  М., 
1966,  74 б.

Н. Джандильдин. 
Природа  национальной 
психологии.  Алма-Ата, 
1 9 7 1 ,1 2 2   б.

С.М.  Арутюнян.
  Указ, 
соч.,  31  б.
8Н.А. 
Ерофеев.
  Указ, 
соч.,  16 б.

Ю.В.  Бромлей.
  Этнос 
и  этнограф ия.  М.,  1975, 
94 6.
169


10 
Н.А.  Ерофеев.
  Указ, 
соч.,  12  б.
11 См .: 
В.И.  Козлов,
Г.В.  Шепелев.
  Н ацио­
нальны й  хар актер   и 
проблем ы   его  и ссле ­
дования // Советская 
этно гр аф ия,  1973,  №  2, 
6 9 -8 3   бб.
12 
Г.  Бёлль.
  В  плену  пред­
рассуд ков / / Л и т е р а т у р ­
ная  газета,  6.09.1966. 
Цит.  по  кн.:  Н.  А.  Ер о ф е­
ев.  Указ,  соч.,  18  б.
беті,  іс-әрекеті  сіздікінен  мүлде  басқа  екенін  байқағаныңызда, 
тұжырымыңыз  беки  түседі.  Еріксіз  бүл  ерекшеліктер  мен  айыр- 
машылықтардың  туындауы  кездейсоқтық  па,  әлде  олар  ортақ,  те- 
рең  бір  негізден  бастау алып,  осы  халықтың айрықша  болмысына, 
ұлттык, мінезіне кеп қүйыла ма деген сұрақтарға жауап іздей бастай- 
сыз.  Бәлкім  сол  халықтың мінезін  түсіну арқылы  бүкіл  ерекшелігін, 
болмысын  үғатын  дәрежеге  жетерміз.  Сондықтан  ұлттык,  мінезді 
сол  халыңтың  бүкіл  өмірін,  болмысын,  тіпті  тарихын  ашып  беретін 
кілт деуге болады».10
Кейбір  зерттеушілер  ұлттық  мінез  тек  тұрмыстық  санаға  ғана 
тән, ғылыми  санада  болмайды, халықтың «типтік» мінез-құлқы де- 
гендердің барлығы  шартты  нәрсе деп есептейді.11
Осы  туралы  «Санкт-Петербургские  ведомости»  газетінің  1859 
жылғы  11  қаңтардағы  санында  былай  делінген:  «Әр  ұлтқа  тән  ұлт- 
тық  мінез  болады,  француздарды  -   жеңілтек,  ағылшындарды  -  
өзімшіл,  орыстарды  -   шыдамды  дейді.  Құдай-ау,  сонда  әрқайсы- 
мыз  кездестірген  терең  ойлы  француздарды,  өзгелер  үшін  жанын 
пида  қылған  ағылшындарды,  шыдамсыз орыстарды  қайтпекпіз?»
Ұлттык, мінез жайында қатты сын айтқан көрнекті неміс жазушысы 
Генрих  Бёлл  болды. «Орыстар -  міндетті түрде қауға сақалды, сезімге 
берілгіш,  қияли,  голландиялықтар  -   епсіз,  аңғал,  ағылшындар  -   өр- 
көкірек  не  оқу  соқцан,  француздар  -   тым  сезімтал  не  тым  ақылды, 
немістер  -   музыкадан  басқаға  мойын  бұрмайтын  не  тұздалған  қы- 
рықңабаттан  бас  алмайтын,  венгрлер  -   өр  көңілді,  жұмбак,,  шырпы- 
дай  тез  тұтанатын  қызба»  деп  әр  халыққа  таңылған  ұлттық  мінезді 
әжуа  қыла  отырып, оны  «беллетристік наным» деп атайды.12
Өз  басымнан  өткен  бір  оқиға  есіме түсіп  отыр. Лондон  универ- 
ситетіне тағылымдамаға  барған бір жылы  ағылшын  журналисі  Беат 
Бишоптың «I regret to say that a  typical English man  does not exist» / 
Өкінішке  қарай,  типтік  ағылшын  адамы  болмайды/ деп  айтңанына 
байланысты типтік орыс адамы туралы  эссе жазуым керек болды:
Ұлттық  типті  сипаттауға  келгенде,  иіексіз  қиындықтарға 
man  боласың.  Ондаған  (бәлкім  жүздеген)  орыс  танысымды  көз 
алдымнан  өткіздім,  алайда  олардың  ешқайсысына  типтік  орыс 
адамы деген мәртебе  бере алмадым.  Вірінің  «типтілігі» жоғары 
болса, енді бірінікі төмен. Мәселен, кейбір типтік адамға жатқыз- 
ғандарым улты нагыз орыс еместер боп шықты. Керісінше, нағыз 
орыстар  типтік адамға жатқызуға  келмеді.  Сондықтан  үлгі бо- 
ларлық орыс адамын сипаттаудан бас тартуыма тура келді.
Сонымен,  мәселе  қарама-қайшылыққа  толы.  Ұлттык,  мінез  де- 
геніміз  бар  нәрсе  ме?  Оның  бар  екенін  дәйектейтін  қандай  объек- 
тивті,  ғылыми  дәлелдер  бар?  Ұлттық  мінезді  қайдан  көреміз?  Ұлт- 
тык, мінез туралы  қандай  нақты  мәлімет көздері  бар?
170


Мәлімет көздерін  анықтап  көрейік.  Белгілі  бір халықтың ұлттык, 
мінезі дегенде ойымызға алдымен сол халықпен байланыстыратын 
стереотиптер жиынтығы  келеді.  Стереотиптер туралы  жазылған ең- 
бектер  көп,  казір  де  бұл  тақырып  ғалымдармен  қатар  көпшілік  қа- 
уымның да  назарын  бұрып, жан-жақты  қарастырылуда.13
Стереотип -  «әдетте эмоциялык, реңкі бар, тұрақталған әлеумет- 
тік құбылыс не нысан туралы  нобайы жасалған, стандартталған бей- 
не  не  көрініс.  Белгілі  бір  әлеуметтік  жағдай,  тәжірибе  ықпалымен 
туындаған  құбылысқа адамның әдеттегі  қатынасын білдіреді».14
Ағылшын сөздіктері де осы тәріздес анықтама береді: stereotype: 
«fixed  mental  impretion»  (белгіленген  ақыл-ой  көрінісі)  (COD),  «а 
fixed  pattern  with  is  believed  to  represent  a  type  of person  or  event 
(адам  не  оқиға  типі  туралы  көрініс  ретіне  саналуы  тиіс  белгіленген 
үлгі)»  (LDCE).
Стереотип, стереотиптік сөздері орыс тілінде де, ағылшын тілін- 
де  де  қалыпқа  түскен  (шаблонный)  деген  сөзбен  анықталатын- 
дықтан,  таптауырын  болған,  бірегейлігі,  бейнелілігі  жоқ  деген 
мағынада  жағымсыз  реңкке  ие.  Бұл  стереотип  сөзіне,  әсіресе  мә- 
дениетаралык,  коммуникация  контексі  тұрғысынан  алғанда  әділет- 
сіздік  жасағанмен  тең.  Басқа  халықтар  мен  басқа  мәдениеттер ту­
ралы  стереотип  пікірлер  өзге  мәдениетпен  келіспеушілікке  алдын 
ала дайындап, жағымсыз мәдени эсер алуды жеңілдетеді. «Стерео­
типтер  адамның  тар  шеңбердегі  әлеуметтік,  географиялық,  саяси 
әлемінен  шығып, дүние туралы тұтас,  кең ауқымды  көзқарасын  қа- 
лыптастыруына  көмектеседі».іг
Ұлттық  мінез  туралы  стереотип  пікірлерді  халықаралық  анек- 
доттардан көптеп кездестіруге болады. Шаблон сюжетпен құрылған 
мұндай  анекдоттарда әртүрлі ұлт өкілдері  бір уақытта бір  жағдайға 
тап  болып,  әрқайсысы  басына  түскен  қиындықты  анекдот  отанын- 
да  стереотип  ретінде  қалыптасқан ұлттық мінезінің қырларына  сай 
қабылдайды.
Мысалы,  орыс  анекдоттарында  ағылшындар  әдетте  уақыт- 
қа  қатаң  бағынатын  (пунктуаль),  көп  сөйлемейтін,  прагматик, 
ұстамды,  темекіні,  вискиді,  ат  спортын  жақсы  көретін  болып  су- 
реттеледі.  Немістер  -   істің  өзіне  оңтайлы  жағын  тапқыш,  тәртіп- 
ке  бағынатын,  жинақы,  тәртіпсүйгіштігінен  өзін  көп  шектейтін,  ал 
француздар  жеңілтек,  әйелқұмар,  сайран  салып,  көңіл  көтеріп, 
ішіп-жеуді  ғана  ойлайтындар  ретінде  көрсетіледі.  Америкалықтар 
бай,  жомарт,  өз-өзіне  сенімді,  әрқашан  қымбат  көлік  мініп  жүре- 
ді  деп  қабылданады.  Орыстар  күй  талғамайтын,  аңғал,  маскүнем, 
төбелескіш,  содыр,  ішіп  алып,  шатақ  іздеп  жүретіндер  ретінде 
бейнеленеді.
Мысал  ретінде  бір  анекдотты  келтірейік:  түрлі  улт  өкілдерінің
13Осы тур.  қараңы з, мыс., 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет