Коммуникация



Pdf көрінісі
бет138/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

Е.М.  Верещагин,
В.Г.  Костомаров.
  Язы к и 
культура.  М.,  1990,  25  б.
«Біздің тіл!  -  Оқып  отырған  әжемізден  көзімізді  ала  бере,  қа- 
рындасым  екеуміз  жаңалық  ашқандай  бір-бірімізге  таңдана 
қарадық, -  сендер үшін жат тіл емес». Атлантидамыздың есігін 
ашар кілт қайда жатыр десек!
-  Тіл -  тылсым дүние,  көзге көрінбейді, алайда кезбейтін жері 
жоқ,  -  дегенде,  оның жағымды  үні  біздің санамызға  жетсем, 
танысам деген әлемнің кез келген бурышын дөп басып тауып, 
жете  қоятын.  Бул  тіл  түрлі  адамды  кескіндеп,  турлі  затты  ке- 
сіп-пішетін,  бірде  өлең боп  өріліп,  бірде  көшедегі  әлдекімнің 
көз  жасы  боп  төгілетін,  кейде  тіпті  әлемнің  келесі  бір  буры- 
шындағы  патшайымның  езуіне  күлкі  үйіретін...  Бастысы,  ол 
біздіңжүрегімізге кішкентай дәнек боптүсіп, жапырақжайыл, 
гүлдеп, тутас бір өркениеттің жемісін  берді. Сол  кішкентай дә- 
нек  -  француз тілі болатын.
2  A. 
Макіпе.
  Le testam ent 
fran?ais.  [Paris],  M ercure
de  France,  1997,  p.  56.
167


Жоғарыда  тіл  қызметін  пассив,  бейнелеуші  және  актив  қа- 
лыптастырушы  деп  бөлу  мүмкін  емес  екенін,  бұл  тек  зерттеу  жүр- 
гізуде  қолданылатын  шартты  эвристикалық  тәсіл  екенін  бірнеше 
қайтара  айтқанбыз.  Десек  те  осы  шартты  тәсілді  қолдана  отырып, 
орыс  және  ағылшын  тіліндегі  материалдар  негізінде  тіл  шебердің 
тулғаны  қалай  «жасайтынын»,  ол  үшін  шеберханасындағы  қандай 
қурал-саймандарын  пайдаланатынын қарастырайық.  Көп жағдайда 
адам  мінезін,  әрекетін,  өмірге, адамдарға деген  қатынасын  қалып- 
тастырудағы тілдің рөлін саналы түрде түсіне бермейміз.
Сонымен,  тіл  сол  тілде  сөйлеушілерді  қалыптастырады.  Әрбір 
ұлттық  тіл  сол  ұлттың  улттык,  мінезін  бейнелеп  қана  қоймай,  оны 
қалыптастыруға  да  атсалысады.  Басқаша  айтқанда,  тіл  улт  өкілін, 
яғни  сол  тілде  сөйлеушіні  қалыптастырса,  онда  оны  тұлға  ретінде 
де  қалыптастырады.  Сондықтан  тілдің улттық  мінез  қалыптастыру- 
да  конструктивті  рөл  ойнайтыны  сөзсіз.
Мәселеге  терең  бойламай  турып,  алдымен  улттык,  мінез  ұғы- 
мын  жан-жақты қарастырып алайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет