Коммуникация



Pdf көрінісі
бет169/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   246
33 Материалдың кейбір 
бөлігі студент А.А.  Ахма- 
нованың курстық жұмы- 
сынан алынып отыр. 
«The Comparative 
Analysis of Semantic -  
Collocational Valency of 
the words «soul» and 
«душа»  (МГУ, факультет 
иностранных языков, 
1999).
Ресми  идеологиялық  қысымға  ұшырамаған  ағылшын  тілінің 
сөздіктеріндегі  soul сөзінің мағынасы  да  діни  термин ретінде  мо- 
йындалады:  «some people believe»  [кейбір  адамдар  сенеді],  «which 
is believed to continue existing» [олардың сенімі бойынша өмір сүруін 
жалғастыра  беретін].  Мүнда  идеологиялық  дінге  қарсы  қысым 
емес,  жан  мен  рухқа  емес,  ақылға  немесе  салауатты  ойға  та- 
бынатын  улттың  психологиясы  көрініс  табады:  муның  мәңгілік 
өлмейтін  материалдык, емес  рух  екенін  ешкім  көрмеді  және  ешкім 
сезінбеді  (ол  заттық  емес  қой),  әрі  оның  мәңгілік  екенін  дәлелдеу 
мүмкін  емес,  сол  себепті  де  тікелей  ойдан  жалтарып  сөйлегенді 
жөн  көреді:  «some  people  believe»  [кейбір  адамдар  сенеді],  «and 
some don't»  [кейбіреулері сенбейді] дегендей.
Мәселенің  өзі  осында. Душа  және  soul сөздерінің  арасындағы 
айырма  да  -   осы.  Ұлттык,  құндылығында  рух,  руханият  ақылдан, 
салауатты  ойдан,  парасаттан  жоғары  туратын  орыс  халқы  үшін 
«душа» -  негізгі ұғым. Ағылшынтілді  қоғамда,  керісінше өзінің өмір 
сүру  негізін  Ұлы  мәртебелі  салауатты  ойдан  іздейді,  сондықтан  да 
body  [дене]  жанға  (рухқа)  (soul)  қарсы  қойылмайды,  керісінше  па- 
расатқа  (mind)  негізделеді.  Орыс  тілінде  адамның  екі  негізгі  мәні 
бар  -   бул  тән  мен  жан  немесе  жан  мен  тән  деу дұрысырак,  болар, 
өйткені тұрақты  сөз тіркесі  сөздердің дәл  осындай  ретпен  берілуін 
талап етеді  (жан-тәнімен берілген).
Қоғамда  қалыптасқан  қағидаларға  қайшы  келетін  адамды  орыс 
тілінде душевно больной  (есі ауысқан, жынды) десе, ағылшын тілін- 
де  a  mentally-ill  person  [ақыл-ойы  кем]  дейді.  Басқаша  айтқанда, 
орыстардың  жаны  ауырса,  ағылшын  тілді  әлем  өкілдерінің  mind 
(ақыл-ойы) ауырады. Бул сөздер тіл иелерінің өмір туралы пікірлерін 
қалыптастырады. Әрине, олар мұны  сезінбейді де, байқамайды да.
Жан тыныштығы  (душевное спокойствие)  сөзі агылшын тілі- 
не peace of mind деп аударылса, жанның мазасыздануы (душевное 
расстройство) -  mental derangement (РАСС) деп аударылады.  Егер 
орыстарда  жанынан  (арцасынан)  ауыр  жук туссе  (камень  свалива­
ется  с  души),  ағылшын  тілінде  сөйлейтіндер  үшін  ацылынан  ауыр 
жүк түседі (груз сваливается с ума):  a load (weight) off one's mind.
Дж.  Голсуорсидің  «Форсайттар  дастаны»  кітабындағы  жас 
Джонның  үйленуі  жөнінде  «Is  it  a  marriage  of true  minds?»  тіркесі 
орыс тіліне өте дұрыс аударылған:  Бул адал жүректердің одағы  ма? 
(Это союз верных сердец?).
Орыс  мәдениеті  үшін  үйлену  секілді  киелі  дүниені  -   адалдар- 
дың/ақылдылардың одағы  ретінде  цабылдау мүмкін  емес.
Орыс  тіліндегі  душа  сөзі  қатысқан  фразеологизмдердің  бар- 
лығына  ағылшын  тілінде  soul сөзі  балама  бола  алмайды.  Матери- 
алды таныстырайық:33


1.  Душа моя!-m y  d e a r- жаным менің;
2.  жить  душа  в  душу  -   to  live  in  (perfect)  harmony  -   түсінісіп 
өмір сүру;
3.  быть душой чего-либо -  to be the life and soul ofsmth -  орта- 
ның гүлі  болу;
4.  в глубине души- in  one's heart of hearts -ж үрек түкпірінде;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет